1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет71/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
Косымшалар
 
 
4.3. «
Қылмыстық жаза тағайындау институтына сотталушылардың 
көзқарасы
» 
атты қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің
 
НӘТИЖЕЛЕРІ
 
 
Қылмыстылық  пен  құқық  бұзушы  адамдардың,  оның  ішінде 
қылмыскерлердің  әлеуметтік
-
құқықтық  мән
-
маңызы  бірқатар  құқықтық 
ғылымдардың,  мәселен,  криминология,  еңбекпен  түзеу  құқығы  ғылымы, 
еңбекпен  түзеу  педагогикасы  және  т.б.  зерттеу  объектісі  және  пәні  болып 
табылады.  Аталған  мәселелерді  қылмыстық  құқық  ғылымы  да  белгілі 
дәрежеде  оқып
-
зерттейді.  Дегенмен,  жоғарыда  аталған  ғылымдарға 
қарағанда, қылмыстық құқық ғылымының зерттеу тақырыбына адамдардың 
қылмысқа  дайындалуынан  бастап  қылмыстық  нәтиже  орын  алғанға  дейінгі 
қылмыстық іс
-
әрекеті кіреді. 
 
Сонымен  қатар,  қылмыстық  құқық  ғылымының  мүдделер  өрісі 
қылмыстық  іс
-
әрекеттердің  қылмыстық
-
құқықтық  зардаптарын  да  қамтиды 
(жаза  тағайындау  және  одан  босату).  Яғни,  қылмыстық  құқық  ғылымы 
қылмыстық  іс
-
әрекеттерді  жасаған  адамдарға  қатысты  қылмыстық 
жауапкершілікті  белгілеу  және  жүзеге  асыру  тәртібін  оқып
-
тануды  мақсат 
тұтады.  Сондықтан  да  қылмыстық  құқық  ғылымы  қылмысты  әлеуметтік 
құбылыс  ретінде,  оны  жасағаны  үшін  қылмыстық  жауаптылық  тұрғысында 
басты назарда ұстайды.
 
Сөйтіп,  сотталушылардың  қылмыстық  жауаптылығы  проблемасы 
қылмыстық  жауаптылықты  белгілеу  және  жүзеге  асыруды  құрайтын 
проблемалар  қатарына  жатады.  Соғай  сай,  жаза  мен  жазаны  орындаудың 
оңтайлылығы  және  тиімділігі  проблемасы  қылмыстық  жауаптылықтың 
тиімділігі проблемасымен өзара
 
тығыз байланысты болып келеді.
 


199 
Тағы  да  тереңдей  түссек,  басқаша  айтқанда,  сотталушылардың 
қылмыстық  жауаптылығы  проблемасының,  яғни  жаза  мен  жазаны 
орындаудың  оңтайлылығы  мен  тиімділігі  проблемасының  қажетті  бір 
элементі 
сотталушының
 
қылмыстық
-
құқықтық 
жауаптылықты 
(тағайындалған жазаны) әлеуметтік қабылдауының парапарлығы проблемасы 
болып табылады.
 
Жоғарыда айтылған мәселелер сотталушылардың қылмыстық
-
құқықтық 
жауаптылықты  (тағайындалған  жазаны)  әлеуметтік  қабылдауының  жай
-
жапсарын  жан
-
жақты  оқып
-
зерттеу  қажеттігінің  маңызын  арттыра  түседі. 
Мұндай  тұрғыдағы  әлеуметтік
-
құқықтық  зерттеулердің  зәрулігі  әлі  күнге 
дейін  қылмыстық
-
құқықтық  жауаптылықтың  құқық  бұзушылықтардың 
алдын алу міндеттерін шешуде, яғни жаза тағайындау және оны орындаудың 
тиімділігін талдау
-
барлау барысында қандай да бір нақылы, нәтижелі өлшеу 
әдістемесінің жоқтығымен де түсіндіріледі. 
 
Осыған  орай  қылмыстық
-
құқықтық  жауапкершіліктің  азаматтардың 
мінез
-
құлқына,  оның  ішінде  сотталғандарға  ықпалын  оқып
-
зерттеудің  рөлі 
арта түсуде.
 
Соңғысына  сотталушылардың  өздеріне  тағайындалған  жазаны  қалай 
бағалайтындығы жөніндегі сауалнаманың мәліметтері жатады.
 
Сотталушылардың 
қылмыстық
-
құқықтық 
жауапкершілікті 
(тағайындалған  жазаны)  әлеуметтік  қабылдауы  проблемасын  оқып
-
зерттеу 
мақсатында біз нақтылы әлеуметтік зерттеу 
– «
Жаза тағайындау институтына 
сотталушылардың көзқарасы
» 
атты анкеталық сауалнама жүргіздік.
 
Бірінші  кезекте  бізге  әлеуметтік  зерттеудің  нақтылы  бағдарламасын 
дайындап шығару қажет болды.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау