2.8 Ұңғыманы игеру
1. Өнімді қабаттарды ашу және сынау
Өнімді қабаттарды ашу және сынау, бұрғылау жұмыстарының ең соңғы, негізгі, жауапты жұмыстарының бірі. өнімді қабаттарды сапалы ашу, ұңғымадан мұнай, газ алу, жоғарғы дебит ұңғыманы пайдалану ұзақтығыны атқарудың кепілі.
Ұңғыманың сынаудың мақсаты өнімді қабаттардағы мұнай-газдың мөлшерін анықтау. Өйткені геофизикалық зерттеулер, өнімді қабат туралы мәлімет аз болады.
Жобаланып отырған ұңғымамызда өнімді қабатты толық ашып, сағаға дейін цементтеу көзделген. Содан кейін цемент тасын перфорациялап, өнімді қабаттағы мұнай газды ұңғымаға шақырамыз.
Өнімді қабатты парфорациялау арқылы ашу тәсілі, бір қатар жағдайларды қанағаттандырады.
Ұңғымадан мұнай газдың ашық фонтанмен атқылауына жол бермейді.
Өнімді қабаттың коллекторлық қасиетін сақтайды.
Ұңғымаға мұнай газдың құйылуын барынша жеңілдету.
Тізбектің саңсаусыздығына зерттеулер жүргізіліп болғаннан кейін, өнімді қабатты ПКОТ89 ОҚ перфораторымен атуға кірісеміз. Бұл перфоратор 1 м құбыр бойына 20 тесік жасайды.
Ұңғымаға мұнай газдың құйылуын барынша байланысты, оны жер бетіне шығарудың бірнеше жолы бар.
1. Егер қабаттағы мұнай газдың қысымы үлкен болса, онда мұнай газ ұңғыма бетіне өздігінен көтеріледі.
2. Егер қабат қысымы төмен болса жақсы құйылыс алу үшін ұңғымадағы жуу сұйығын жеңілдетеміз.
3. Егер қабат қысымы өте аз болса онда ұңғымадағы жуу сұйығының деңгейін анықтаймыз.
Мұнайгаздың қабаттағы физика-химиялық қасиеттерін зерттеу үшін әр өнімді қабаттан, қабаттық сынама алады. Зерттеулер нәтижесінен құйылыс қисығын аламыз және өнімділік коэффициентін анықтаймыз.
Теңіздегі объектті сынаудың мақсаты – қабаттардағы мұнай газдың қорын есептеу.
Ұңғыманы өнімділікке сынау
Егер сынамаға зерттеудің нәтижесі, геофизикалық зерттеулер нәтижелері қанағаттандырылмаса өнімді қабаттардағы сынау қабат сынағыштың көмегімен жүргізіледі.
Бұрғылау кезінде төмендегі аралықтарды сынау көзделген: 2270-2-290 м, 2575-2590 м, 2590-2600 м, 2790-2810 м, 2900-2940 м, 3075-3100 м, 3300-3310м, 3360-3400 м, 3470-3480 м.
1-ші объекті 3480-3470 м сынау бұрғылау қондырғысының көмегімен 3 режимде жүргізу көзделген. Ұңғымаға мұнай газды шақыру үшін ұңғымадағы сұйық мөлшерін азайтамыз, жуу сұйығын сумен алмастырамыз және аэроциялаймыз. Ұңғымадағы сұйықтың жылдамдығы 0,03 м/с. Сынау уақытының ұзақтығы сметалық норма бойынша анықталады.
АРНАЙЫ
БӨЛІМ
3. АРНАЙЫ БӨЛІМ
Іздеу-барлау ұңғымаларын су негіздегі беттік активті зат (БАЗ) қолдану арқылы сынау
Терең іздеу-барлау ұңғымаларын сынаудың жаңа тәсілін алғаш «Маңғышлақмұнайгаз барлау» басқармасы ұсынды.
Бұл тәсілдің ерекшелігі ұңғымаға мұнай газ құйылысының қарқынын арттыру және ұңғыманың құрылысына кететін жалпы уақытты қысқарту.
1986-1988 жылдар барысында сынау жұмыстары «Қаратұрым, Комсомольская, Хайрулла, Тайсүрна, Тасым, Манаша іздеу барлау ұңғымаларында жүргізіледі. Осы жылдар арасында барлығы 62-объекті сынайды. Оның 12-сінде қабатты ашу кезінде БАЗбен өңделген хлоркальцийлі ерітінді қолданылды.
Ұңғымаға құйылыс шақыру жуу сұйығын су негіздегі 12% хлоркальций БАЗ (мл-80) алмастыру арқылы жүргізіледі.
Ұңғыма түбі маңайындағы қабаттарды деколаматациялау, уақытша қысым беру тәсілімен гидродинамикалық әсер ету арқылы жүзеге асырылады.
Ұңғыманы игеру БАЗ негіздегі екі фазалы көбікпен электро ЭЖГ-1 көмегімен жүргізіледі. Өндірістік тәжірибелер нәтижесінде біз ұңғымаға мұнай газды шақыру екі фазалы көбекті ерітіндінің көмегімен жүзеге асырған қауіпсіз және тиімді екенін көреміз. Бұл тәсіл технологиялық жағынан қарапайымдылық жағынан және қауіпсіздік жағынан ерекшеленеді.
Тәжірибелер нәтижесін салыстыру үшін көршілес жатқан екі алаңдардағы бір технологиялық жобамен қазылған екі ұңғыманы аламыз. Екі ұңғыманың да өнімді қабаттары Юра шөгіндісінде ашылған. №1 Тасым алаңда №2 Елемес алаңы №2 алаңда ұңғыманы сынау әдеттегі тәсілмен жүргізілген. Ал №1 алаңда (мл-80) БАЗ қолдану тәсілімен жүргізілген.
№2 Елемес алаңында перфарация 2680-2692 метр аралықтарында, жуу сұйығының тығыздығы 1800 кг/м3 болған. Жуу сұйығының тығыздығы 1020 кг/м3 техникалық суға алмастырғаннан кейін ұңғымаға құйылыс алу үшін оны CD-9-101 компрессорымен аэроцияланған.
Осыдан кейін ұңғымадағы мұнайдың орташа дебиті 12 м3/тәулік. Ұңғыма 24 тәулік бойы әр түрлі режимдерде сыналды, бірақ нәтиже өзгермеді.
№1 Тасым алаңында перфорация тығыздығы 1220 кг/м3 хлоркальцийлі ерітіндімен жүргізіледі. Перфорациялау алдында ұңғымаға хлоркальцийлі 0,2% БАЗ (мл-80) ерітінді айдалды.
13-ші кесте – Ұңғымаларды сынау нәтижелері
Жұмыс түрлері мен көрсеткіштері
|
№2Тасым
(қалыпты тәсіл)
|
№1 Тасым
(БАЗ -қолданғанда)
|
1. Сыналатын қабат
|
Юра
|
Юра
|
2. Ұңғыма түбі м
|
2800
|
3500
|
3. Жасанды туб. м
|
2800
|
3500
|
4. Перфорация аралығы
|
2080-2692
|
2691-2683
|
5. Тізбек диаметрі
|
140
|
140
|
6. Тіректер саны
|
240
|
160
|
7. Ұңғымаға СКҚ диаметрі
|
73
|
73
|
8. СКҚ ұзындығы мм
|
2670
|
2670
|
9. Сынауға кеткен уақыт
|
24
|
16
|
10. Ұңғыманың шектік дебиті
|
12
|
42
|
11. Қабат қысымы
|
30
|
40
|
Ұңғымаға құйылыс алу үшін, БАЗ өңделген екі фазалы көбік ерітіндісін айдаймыз. Осының нәтижесінде ұңғымаға орташа дебиті 4800 м3/тәулік газ фантаны келді. Ұңғыма 16 тәулік игеру үстінде болды.
Жоғарыда айтылған мысалдардан біз ұңғыманы су негізіндегі БАЗбан өңделіп ерітіндінің көмегімен игеру, игеру уақытын едәуір қысқартатынын көрдік.
«Маңғышлақмұнайгаз барлау» ұсынған осы тәсілдің экономикалық тиімділігі 1988 жылы 106 517 млн теңге болды.
Ұңғыманы сынаудың технологиялық тәсілі.
1. Технологиялық операциялар түрі:
- қабатты перфорациялаудың көмегімен ашу;
- қабаттан құйылыс шақыру;
- ұңғыманы зерттеу;
- құйылысты интенсивтендіру.
№2 суретте іздеу-барлау ұңғымаларын сынауға кететін жұмыс көлемінің схемасы берілген.
1. Қабаттан құйылыс шақыру.
Егер ұңғыма түбі таза болса:
Ұңғыманың түбіне таза екеніне көз жеткізу.
Ұңғымаға су кезіндегі БАЗ (мл-80, ОП-10) айдау.
Егер ұңғыма түбі ластанған болса:
2. Қабатты перфорациялаудың көмегімен ашу
өндірістік - геологиялық зерттеулер нәтижесінің перфорациялау аралықтарын таңдау;
бұрғылау ерітіндісінің қабат фильтрациясына зиянды әсері болмауы үшін ұңғыманы керекті тығыздықтағы хлоркальцийлі ерітіндімен толтыру;
оның үстіне 0,5% БАЗ мл-80, ОП-10 қосылған хлоркальцийлі ерітінді айдалады.
Ұңғыма перфациялауға дайындау щитті монтаждау, штурорала перфорациялық ысырма;
Өнімді қабатты ашу
Өнімді қабатты ашу ПКОГ-89, ПКОТ-73, ПКС-103 т, ПКС-80 т кумилетивті перофораторланған. Перфациялау тығыздығы 1 м/20 тесік.
Перфораторды әр көтерген сайын ұңғыманы сағаға дейін хлоркальцийлі ерітіндімен толтырамыз.
Перфорациялап біткеннен кейін ұңғыманың сағасын фонтанды арматурамен жабдықтаймыз.
Құйылыс шақыруға дайындық жұмыстары
Құйылыс шақыру алдында ұңғымадағы жуу сұйығының 0,2% БАЗ мл-80 қосылған құйылыс шақырудан алдында диаметрі 73 мм екі факельді желі жүйесі монтаждалады. Желі ұзындығы 800 м.
Трап желі жүйесімен технологиялық схема бойынша диматері 73 мм құбырлармен факель жүйесімен ұштастырады.
Өнімді қабылдауға дейінгі желі ұзындығы 50 м-ден кем болмауы керек.
Сынау кезіндегі өнімді қабылдау ыдыстары:
факель желісінің құйылатын жерінде 10 м3 ыдыс.
трап құрылғысынан өнімді құйып алатын 50 м3 ыдыс.
Құйылыс шақыру
Құйылыс шақыру алдында ұңғымадағы жуу сұйығын 0,2% БАЗ мл-80 қосылған хлоркальцийлі ерітінді алмастыруымыз керек. өнімді қабаттағы жарықтар, коллекторларды мұқият тазалау керек.
Ұңғымаға құйылыс шақыру, ұңғымадағы жуу сұйығының деңгейін азайту және жеңілдету арқылы жүзеге асырылады.
Айналымдағы жуу сұйығына компрессормен енгізу арқылы.
Ұңғымаға екі фазалы көбік айдау арқылы.
Ұңғымаға қақпақшалы поршень түсіріп жуу сұйығының деңгейін азайту.
Ұңғымаға құйылыс алғаннан кейін, оның тәуліктік дебитіне байланысты ұңғыманы пайдалануға өткізеді.
Су негізіндегі ерітіндіге БАЗ мл-80 қосып өнімді қабатты ашудың экономикалық және уақыт тиімділігіне есеп жүргізу.
Берілгені:
Сф – ұңғыманы игерудің іс жүзідегі құны.
Сф = 97950000
Тө - игерудің өндірістік уақыты Тө = 22556 сағ.
n – сыналған ұңғымалардың жалпы саны n = 26
K' – БАЗ мл-80 қолданып сыналған ұңғымалар саны n'=12.
Т'ө - БАЗ мл-80 қолданған ұңғымалардың игерудің өндірістік уақыты Т'ө = 12450 сағ.
Шешуі:
БАЗ мл-80 ұңғымаға айдау кезіндегі ЦА-ның 6 сағат жұмыс іздеу кезіндегі шығын
мұндағы: 9175,5-ЦА-ның 1 сағат ішіндегі шығыны 585-ЦА-ның 1000 м тереңдікке ерітінді айдауға кететін шығыны.
1. Ұңғымаға кететін БАЗ мл-80 құнының шығыны
тенге
мұндағы 724,2 – 1 т БАЗ мл-80 құны т.
1,137 – тасымалдауға кететін шығын т.
БАЗ-ды ұңғымаға айдауға кететін шығын т.
1. Ұңғыманы игеруге кететін орташа уақыт Ти = 32566:26 = 125 сағ.
Игерудегі 1 сағат өндірістік уақыттың құны
т.
сыналған 12 ұңғымаға экономикалық тиімділікті анықтаймыз.
Э = [(Тө-Тө')·-Ш)]·n' (62)
Э = [(1252-1037)·40,10-225] · 12 = 75387 т
Сыналған 1 ұңғыманың экономикалық тиімділігін анықтаймыз.
Э = [(Тө-Тө')·-з)] (63)
Э = [(1252-1037)·40,10-225] = 6282,25 т
Іздеу және барлау ұңғымаларын сынаудың технологиялық схемасы
Перфациялау аралығын анықтау
Қабат ішін өңдеу
Жуу сұйығының суға алмастыру үшін СКҚ түсіру
Құйылысты тексеру
Су негізіндегі Баз-ы CaCl2 ерітіндісіне
СКҚ- түсіру құйылысты зерттеу
СҚҚ көтеру перфор-рация дайындау
Қабатты қайта перфорациялау
Ұңғының сағасын фонтанды арматура жабдықтау
СКҚ-көтеру
CaCl2 ерітіндісін 0,2% су негіздегі Баз-бен алмастыру
Ұңғыға құбылыс шақыру үшін ұңғы түбін тазалау
Құйылысты зерттеу
Ұңғы түбі жағдайын тексеру
Ұңғыны CaCl2 ерітіндісін жуу
Құйылысты тексеру
Жоғарыдағы қабатқа көтеру
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
БӨЛІМІ
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
Терең ұңғымамаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғымаманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады.
Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады:
- мұнай-газ білінуін ескерту;
- мүмкін басқа шиеленістерді ескерту;
- ұңғымама тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау.
Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін мынадай түрлерге бөлуге болады:
Әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіп түрлері. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғымаға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады.
Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін.
Айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса.
Үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіп түрлері. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.
Дисперсті материалдармен, химиялық реагенттермен жұмыс істеу кезіндегі қауіп түрлері. Мысалы: цемент, саз, химиялық қоспалар ұнтақтары. Бұл шаңдар адамның тыныс алу жолдарына, бет дене терілеріне немесе көзіне түсетін болса ағзаға үлкен зиянын тигізеді (улану, тітіркену, күйю және т.б.). Бұндай қауіптерге бұрғылау кезінде ұңғымадан жуу сұйығы арқылы шығатын күкіртсутегі көміртегі газ тәрізді көмірсутектерін де жатқызуға болады. Уланудың тағы бір қауіпі болып қозғалтқыштардың жанған газы мен газ тәрізді көмірсутектермен ұзақ уақыт бойы тыныс алу салдарынан есеңіреу болып табылады.
Өрттің салдарынан болатын қауіп түрлері. Ұңғымадан мұнай-газ, газ тәрізді көмірсутек білінуі кезінде болатын жарылыстар мен өрттер.
Олардың ауадағы қоспасы нормадан асып кеткен жағдайда немесе техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда орасан зор адамдардың және материалдық шығынға әкеліп соқтырады.
Қауіптің тағы бір көзіне жоғары вольтті тоқ көздерін жатқызуға болады. Мысалы: электр қозғалтқыштары, трансформаторлар, электр желілері. Бұрғылау себептерден болуы мүмкін. Оларға мыналар жатады: мұнай өнімдері мен жуу сұйықтарының қондырғы еденіне, баспалдақ, көпірлерге төгілуінен болатын қауіптер. Жоғары температуралы сұйықтар мен тұрғын үйлерді жылыту қондырғыларымен болатын қауіптер, жұмыс орындарының жеткіліксіз жарықтандырылуы, қатты дыбыстардың үздіксіз шығып тұруы, қыстасыз салқын, жаздағы ыстық, жұмыс орнында алкогольді ішімдік пайдалану, өндірістік тәртіптің және техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы білімнің төмен болуы.
4.2 Қорғаныс шаралары
4.2.1 Жалпылама шаралар
Осы жобаның бірінші бөлімінде көрсетілгендей ауа райының жылулығы жазғытұрым және жаз айларында +40 0С-ге дейін көтеріледі, ал күзгі және қысқы айларында -30 0С-қа дейін төмендейді. Жел дауылы жиі болып, оның жылдамдығы 5 м/с-тан 15 м/с-қа дейін өзгеріп отырады.
Осы көрсетілген факторлардың адам денесіне тигізетін еңбек қорғау тұрғысынан қолайсыз әсерлерінің алдын алып оларды болдырмау үшін, біздің жобамыз бойынша мұнара мен діңгекті арқанмен, инженерлі-техникалық талаптарға сәйкес керіп бекіту қарастырылады.
Бұрғы қондырғысының, жұмыс алаңының биіктігі еденнен 6 метрден кем болмай қапталуы керек.
Жазғы кезеңде бұрғышының жұмыс орнына ыстықтан қорғау үшін арнайы қалқан қояды.
Жұмыскер адамның қауіпсіздікпен зияндылық талабына сәйкес жазғы және қысқы арнаулы киімдер және құрал, саймандармен қамтамасыз етіледі.
Ауданның географиясы бірінші бөлімде суреттелген. Ол шөл ауданында орналасқан жаздың, аласа төбелі болып келген.
Біздің жобамыз бойынша бұрғы қондырғысы жерге еніп, төмендеп кеткен қауіпті жағдай болдырмау үшін жалпақ құбырлар бөлігінен жасалған іргетас қойылып бекітіледі. Демонтаж кезінде іргетастар алынып басқа жерге тасымалданады.
Көктемге қардың тез еруі және күзгі жаңбырдың болуына байланысты су тасқындарынан жұмыс алаңы мен келетін шығатын жолдары сақтау үшін, алаңның айналасында, жолдардың қатарында арнаулы су жүретін арықтар жүргізіледі.
4.2.2 Өндірістік санитария
4.2.2.1 Жалпылама шаралар
Достарыңызбен бөлісу: |