1. Әлеуметтік психологияның пәні, міндеттері және құрылымы



жүктеу 73,15 Kb.
бет7/9
Дата28.02.2022
өлшемі73,15 Kb.
#37659
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9720218091 tapsyrma

Табыстылық постулаты: адамның барлық әрекеті адам қаншалықты мақұлданса, олардың қайта елестету мүмкіндігі соншалықты болады деген негізгі ережеге бағыныңқы.

  • Стимул постулаты: егер де стимул (немесе олардың жиынтығы) сәтті болған әрекетті тудырса, онда осы стимул қайталанған кезде адам сол сәтті реакцияларды қайта елестетуге ұмтылады.

  • Құндылық постулаты: әрекеттерінің нәтижесі адам үшін қаншалықты құнды болып кӛрінсе, ол барынша соған ұмтылатын болады.

  • Тойымдылықаштық постулаты: адамның әрекеті жиі мадақталған сайын, әрбір келесі мадақтау соғұрлым аз бағаланып отырылады.

  • Агрессияқұптау постулаты: егер де әрекет күткен мадақтау берілмесе, онда әрекет жасаушы субъект ашулы мінезқұлық танытады. Немесе керісінше, болжаған құптауға қол жеткізгенде немесе күткен жазасы болмаса мақұлданған мінезқұлық кӛрсетеді, ӛйткені адам үшін ол құнды болып саналады.

    Бихевиоризмнің әлеуметтікпсихологиялық мәселелерінің бірі – байқау мен қателер кӛмегімен индивидуалды тәжірибені меңгеру болды. Үйренудің 4 негізгі заңы құрастырылды: эффект, жаттығу, дайындық және ассоциациялық жылжыту.

    Эффект заңының мәні бір жағдайға барлық реакцияның ішінен жағдай жасау (стимулдау) немесе айналасындағылардың жағымды бекітуіне байланысты оң сезімдермен жүретін реакция ғана бекітіліп басымдырақ болуында.

    Жаттығу заңы реакцияның жағдайда қайталану жиілігіне, күшіне және ұзақтылығына пропорционалды түрде бекітілуін байқатады. Бұл заң адамның әлеуметтік әдістері мен оқытудың қайсыбір процестерінің қалыптасуының, сондайақ, индивидуалды және топтық деңгейде мінезқұлықтың әлеуметтік үлгілерін орнату және тұрақтандырудың негізінде жатыр.

    Дайындық заңы жаттығулар кӛмегімен ағзаның сәйкес жүйке жүйе импульстерін (психофизиологиялық деңгейдегі бейімделу) жүргізуге ағзаның белгілі бір реакцияларға бейімделуін ӛсіруді анықтайды.

    Ассоциациялық жылжыту заңы бойынша: бір мезгілдегі әрекет кезінде екі қоздырғыштың бірі жағымды (немесе теріс) реакция шақырса, онда екіншісі де осы реакцияны тудыру қабілетін игереді.

    Әлеуметтік психологияның дамуына З.Фрейдтің (18561939) психоанализі де елеулі үлес қосты.

    Бұл бағытта адам табиғатын зерттеудің екі жазықтығын талдау әрекеті

    кӛрсетілген: оның биологиялық элементтерін анықтау және психикалық құштарлықтарын, адам мінезқұлқының мәнін, жеке тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік құрылымдардың мәнін ашу.

    Бұл теория бойынша қоршаған орта, қоғам талаптары, тәрбиенің (нормалар жүйесі, мінезқұлықтың әлеуметтік құпталған эталондары, идеалдар, т.б.) әсерінің нәтижесі ретіндегі бейсаналы туа біткен инстинктер, құмарлық, импульс пен сана сияқты бірінбірі жоққа шығарушы, қарсы тұрушы бастамалар тартысының майданы бола отырып, әрқайсымыз «екі оттың арасында» жүреміз. Адамның ішкі жан күйі осы бастамалардың арақатынасымен анықталады. Олардың арасындағы күрес әркез драма сипатына ие, ал сана мен бейсананың шарасыз антогонизмі адамның қоғаммен шиеленісуіне әкеліп тірейді. Қылмыстық ісәрекет, анық байқалған ашуыза, жүйкежүйелік олқылықтар және мінезқұлықтың т.б. бұзылған (деструктивті) кӛрінулері осы қарамақарсы тұрудың салдарынан туындайды деп саналады. Бейсаналы процестердің біздің ӛмірімізде алатын рӛлін асыра бағалау мүмкін емес. Олар адамның санасына жүк артпау, оны адамгершілік ережелеріне қарамақарсы келетін адамның ӛзі және қоршаған орта туралы мәліметтің аймағына жібермеу сияқты бір ғана мақсатқа қызмет жасайды. Индивидтің психикалық ісәрекетінің кӛп бӛлігі бейсаналы процестер деңгейінде жүруіне қарамастан, ол шешім қабылдау мен адамның әрекеттеріне мәнді түрде әсер етеді.

    Бейсаналылықтың ерекше рӛлі жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділік кӛздерімен байланысты. Фрейдтің пікірінше, жыныстың құмарлық негізі болып келетін инстинктивті талаптанулар жиынтығы орталық қозғаушы күш болып табылады. Жеке тұлғаның психикалық құрылымының қалыптасуы бала ӛмірінің табиғи құштарлығы нормативті шектеулерге тірелген кездегі алғашқы жылдарында жүреді. Жеке тұлғаның тереңдегі бетбұрыстары (табиғаты бойынша биологиялық) сананың шегінен ығыстырылып шығарылады. Олар ассоциациялар, қате әрекеттер, жаңылыс айту, т.б. түрінде байқалуы мүмкін. Егер де бұл бетбұрыстар барабар жол таппаса, онда олар психика мен соматиканың түрлі бұзылыстарын шарттандырады.

    Кейінірек әлеуметтік психологиямен байланысы бар психоаналитикалық бағыттың кейбір мәселелері Фрейдтің шәкірттері К.Юнг пен А.Адлердің еңбектерінде дамытылды.

    Психоанализ екі әлеуметтікпсихологиялық мәселелерді сипаттайды: құмарлықтың әлеуметтік шектеулерге соқтығысуынан байқалатын адам мен қоғамның шиеленісі және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің қайнар кӛзі. Алайда бұл теория мінезқұлықтың кейбір түрлерін түсіндіре алмайды, ӛйткені қалыпты жағдайдағы адамға тек күштену күйін түсіне білу ғана емес, сондайақ, керісінше оған ұмтылу: алдына жаңа міндеттер қойып оны жаңа тәсілдермен шешу де тән. Адамның ісәрекеті күш жұмсауды қажет етеді, ал оның әрекеттері мақсатталынған. Жеке тұлғаның әлеуметтік мінезқұлқының кӛбін табысқа, жеңістікке жетуге ұмтылысы тұрғысынан түсіндіруге болады.

    Адамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар кӛзі жайлы мәселе ӛкілдері

    Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс сынды гуманистік психология аясында да қарастырылады. Бұл бағыт адамды ӛзінің әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға және ӛзінӛзі ӛзектендіруге қол жеткізуге ұмтылушы толыққанды дамушы жеке тұлға ретінде анықтайды. Біздің әрқайсымызда жеке тұрғыда ӛсу, ӛзін кӛрсету, сондайақ, айнадағыдай индивидуалды ерекшеліктеріміз бейнеленетіндей қайталанбас бір нәрсе жасау бетбұрысы болады, ӛйткені әрбір ісәрекет нәтижесінде сол субъектінің таңбасы жатады. Соған орай жоғарғы қажеттіліктер ӛсу қажеттілігі адамды алға итермелеп қиындықтарды жеңуге талпындырады.

    Сонымен индивид белсенділігінің қайнар кӛзі бір жағынан

    – күштенуді жоюға, екінші жағынан оны жоғарылатуға деген ұмтылыс болып келеді. Жеке тұлға әрқашан қоршаған ортадан бір нәрсе алып және оған бір нәрсе беріп отыратын ашық, ӛзінен ӛзі дамып отыратын белсенді жүйе ретінде қызмет жасайды. Жеке тұлға интенционалды, яғни қоршаған ортаға бағытталған. Ол бейімделудің бірнеше деңгейінде қызмет жасайды, біреуінде ол күштенуді бәсеңдетуге, ал басқасында керісінше кӛтеруге ұмтылады. Бұл бетбұрыстардың диалектикалық бірлігі әлеуметтік белсенділіктің негізін құраушы болып табылады. Оның тепетеңдігінің бұзылуы әдетте айтылған екі бейімділіктің біреуінің ерекше басымдау болуымен байланысты болады. Мәселен, сырқат адамда күштенуді жеңілдету бетбұрысы анық байқалады. Екінші жағынан, стрестердің кӛпшілігі жоғары белсенділігімен және денсаулыққа зиянын тигізетін шамадан тыс қозумен қосыла жүреді.

    Қазіргі уақытта әлеуметтік психологияда когнитивтік теориялар (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер, Ч.Осгуд, т.б.) кеңінен таралуда. Бихевиориалды бағытпен салыстырғанда когнитивизм психикалық процестердің кӛмегімен дүниені тану процесіне (ес, зейін, түйсік, т.б.), интеллектілік қызметтерге, бейнелер мен құндылықтар жүйесінің ӛзгеруіне екпін қоя отырып, адамның әлеуметтік мінезқұлқын түсіндіру барысында, менталитеттік құрылымдардың мәнін баса кӛрсетеді. Бейнелер, түсініктер, ойпікір мен менталитет адамның әлеуметтік мінезқұлқында ерекше рӛл атқарады. Ӛйткені осы феномендер негізінде когнитивизмнің әлеуметтікпсихологиялық жетекші мәселесі болып келетін шешім қабылдау процесі жүреді. Бұл жерде сӛз, қайсыбір жағдайдың ерекше кӛрінуіне байланысты қабылдаудың құрылымы жайында болып отыр. Психоанализбен салыстырғанда когнитивті психология негізінен саналы процестермен айналысады. Когнитивистер дүниеге деген ретті кӛзқарасты дамыту және құрылымдау адамдарға тән деп санайды. Егер де білімдер, сенімдер және шынайы әлемде болып жатқан нәрселер арасында үйлесімсіздік пайда болса, онда адам ішкі танымдық келісімділігіне қайта қол жеткізу үшін бұл қарамақайшылықтарды субъективті талдаулар арқылы шешуге тырысады. Когнитивтік ағым адам мінезқұлқындағы психикалық процестердің ішкі ұйымдастырылу мәнін жоққа шығарушы бихевиоризмге реакция ретінде пайда болды. Осыған орай когнитивтік мектептің ӛкілдері (Ж.Пиаже, Дж.Брунер, У.Кайсер, Р.Аткинсон, т.б.) сенсорлық мәліметтің қайта құрылуы, танымдық

    процестер құрылымдық блоктарының пайда болуы мен дамуы, субъектің есінде білімді ұйымдастыру, интеллектілі қызметтер, есте сақтау және ойлау процесінде бейнелі және вербалды сыңарлардың арақатынасы сияқты білімдердің қалыптасу тәсілдеріне аса зейін қойды. Бұл мәселені зерттеу адам кӛп жағдайларда шешімді жанама түрде қабылдайтынын және мұның оған тән ойлау ерекшеліктерімен байланысты екенін кӛрсетті.

    Соған байланысты әрбір субъектің оның әлеуметтік тәжірибиесімен ғана емес, сондайақ танымдық процестердің ерекшеліктерімен шарттанған әлем мен қоршаған орта құбылыстарына ӛзіндік түсіндірмесі болады. Ол белгілі бір жағдайды түсінуі бойынша, ӛзінің кӛзқарасы негізінде шешім қабылдайды. Соған сәйкес адамның танымдық құрылымын біле отырып белгілі бір шамада оның мінезқұлқын болжауға және түсіндіруге болады. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағытына символдық интеракционизм де жатады. Ол қалыптасуы 20сыншы жылдары басталған әлеуметтік теорияның американдық нұсқасы. Оның негізін қалаушы Дж.Г.Мид (18631931). Бұл бағыттың жағдайы Г.Блюмердің (19001987) еңбектерінде нақтырақ баяндалған: адамның ісәрекеті заттарға және жағдайларға беретін мәнмағына негізінде жүзеге асады, бұл мәнмағыналар индивидтер арасындағы ӛзара қатынастың (интеракция) жемісі, олар қоршаған белгілерді (символдарды) талдауының нәтижесі болып табылады.

    Интеракционизмнің негізгі ойпікірлерінің бірі – жеке тұлға әрқашан әлеуметтенілген және қоғамнан тыс қалыптаса алмайды деп санауында. Ішіндегі маңыздысы тіл болып келетін түрлі белгілер жүйесінен кӛрінетін белгілермен алмасу және біркелкі мағынаны жасау ретіндегі қатынас жолына ерекше рӛл беріледі. Символ (белгі) осы сӛздің кең мағынасындағы сӛз, ымишара, белгі деген түсінікті береді. Белгілік қарым-қатынас жолы, бұл адамды жануарлар әлемінен бӛліп тұратын адамның психикалық бастамасы. Жеке тұлғаның дамуы түрлі белгілік жүйелерді меңгеру арқылы қарастырылады.

    Сондайақ, осы бағыт аясында референттік топтар, жеке тұлғаның құрылымы мен қалыптасу динамикасы, рӛлдік теориялар, әлеуметтік ӛзара әрекеттердің шағын процестері, әлеуметтік ісәрекет ортасы мәселелері де қарастырылады. Жеке тұлға: албырттық мінезқұлықтан кӛрінуін бақылауға болатын автономды бірлік және айналадағы адамдар күтінулерімен байланысты шартталынған әрекеттерден кӛрінетін тәуелді әлеуметтік элемент ретінде екі аспектіден қарастырылды. Жеке тұлғаның белсенді бастамасы адамның ӛзінің ғана емес, сонымен бірге қоғамның ӛзгеруінің негізінде де жатыр. Бұл мағынада қоғамдық қарым-қатынастардың ӛзгерістерін заңдылықтарға бағынбайтын, кездейсоқтық түрінде қарастыруға болады. Ӛз ерекшеліктеріне орай интеракционизм ойпікірлері, алдымен қоғамды оның барлық кӛрінулерімен зерттеуші ғылым ретіндегі әлеуметтануға елеулі үлес қосты.

    Әлеуметтік психологияның дамуындағы тӛртінші кезең ХХ ғасырдың ортасынан басталып қазіргі күнге дейін жалғасуда. Ол негізінен әлеуметтік

    тапсырыс және тәжірибе міндеттерін шешумен байланысты. Ал іргелі теориялық зерттеулер екінші жоспарда. Қолданбалы әлеуметтік психология кеңінен таныла бастауда, оның құрылымында: этникалық және саяси психология, жарнама, басқару және бизнес психологиясы сияқты жаңа бағыттар пайда бола бастады.


    жүктеу 73,15 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау