Жоспар
Әлеуметтік психологияның пәні мен міндеттері
Әлеуметтік психологияның қалыптасуы
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері
Әлеуметтік психологияның пәні екі бӛлек ғылымның оциология (әлеуметтану) және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан ӛз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.Сондықтан да, бір жағынан, социология ғылымы әлеуметтік психологияны ӛзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жа ғынан, ол психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық ӛмірдегі кӛптеген құбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс әрекеті, адамдардың мінезқұлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым- қатынасында, ісәрекетінің барысында ерекше байланыс, ӛзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.
Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.
Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.
Екеуінің де негізгі қарастыратыны — иңдивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жеке даралық механизмдері мен олардың бір бірінен ерекшеліктеріне кӛңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бірбірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы В.Макдугалдың (18711938)
―Әлеуметтік психологияға кіріспе еңбегі Еуропада басылып шықса, Америкада социолог Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі де жарық кӛрді. Дегенмен де 1897 ж Дж.Болдуиннің ―Әлеуметтік психологиядан зерттеулер‖ атты еңбегі де осы пәннен бірінші жүйелі басшы лық деп қарастыруға тұрарлықтай. Қазірдің ӛзінде әлеуметтік психологиялық құбылыстарға америкалық және еуропалық дәстүрлер сақталынуда.
Ӛз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда кӛптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер кӛбіне қоғамдық кӛпшіліктік психологияны зерттеуге кӛңіл бӛлсе (топтар, кӛп шіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртүрлі адамаралық қатынастарға үңіле
психикасының қалыптасу, даму және қызмет жасау жағдайы мен ерекшелігін зерттей отырып, жаратылыстану да, қоғамдық ғылымдарда адам санасында объективті шынайылықтың, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың бейнелену заңдылықтарын нақты талдауға жағдай жасайды.