1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



жүктеу 233,12 Kb.
бет14/52
Дата29.10.2022
өлшемі233,12 Kb.
#39901
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
1. дебиет теориясы ылымыны діснамалы а идалары дебиет тео

20. Сюжет пен композиция
Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты : сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне – бірі кшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет – сюжет болу үшін оның барлық кезең – кезеңі түп – түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік.Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірліген түсіне тұра олардың бір – бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн.
Қандай өзгешелік ?
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді.
Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық :
Өзіңдей ұяңсың сен ар – ұяттың
Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автогрф.
(С. Мауленов).
Шабытты жыр, сұлу сыр!…. Осы өлеңде сюжет бар ма ?Жоқ, сюжет жоқ. Композиция бар ма ? Бар болғанда қандай!…. Бәрінен бұрын ақынның көңіл күйіне, жан тебіренісінде, іштей тұтануы мен ұшқындауында бір түрлі бір әсем ажар, төрт құбыласы тегіс табиғи бүтіндік бар. Тек осындай ішкі әсемдіктен ғана мынадай саф таза сезім, шабыт пен сырға толы жыр туады. Содан соң ақынның ойы мен образында өзгеше үндестік бар : өзі өлеңге айналдырып отырған аяулы адамның ұяң мінезін кіршіксіз ар – ұятқа, болмыс – бітімін арман секілді табиғатқа теңеуі немесе одан ұққан сырды көкіректегі әсем ағысқа, ол дарытқан сезімді кеудеде лапылдаған жалынға теңеуі өзіңнің өзін биік әдемілікке, өнер туындысындағы шебер қиысқан мазмұн мен пішінге тән ішкі гармония мен сыртқы симметрияға көтеріп әкеткен. Ақыр аяғында ақынның шындықты суретке, суретті философиялық ұғымға айналдыру әрекетінде де рет – ретімен тартылған желі, өрілген арқау бар. Артық кеткен, шашау шыққан ештеңе жоқ. Өлең жұп – жұмыр. Осының бәрі – ұтымды тұтасқан композицияның әсері.
Бұл айтып отырғанымыз, чғни композицияның барлық шығармаларда түгел болатыны – оның сюжеттен бір өзгешелігі десек, екіншіден, композицииия сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.
Сюжеттің басталуы (латынша exspositio – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті ; мұнда әдеби қаһармандар өзара өарым – қатынасқа көшпес бұрынғы хал – жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады.
Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттің басы ; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым – қатынасынан, қимыл — әрекетінен туған түрліше жағдайларда (французша situs), шиелістерге (латынша intrigart) байланысты. Шығарманың фабуласы да бірінен – бірі туатын әр алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық оқиға да жоқ. Ал шебер өрбіп, өріле өрістеп бара жатқан сюжет оқырманды да қызықтыра тартып, үйіріп, жетелеп отырады.
Шарықтау шегі (латынша calmen — шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы ; адамдар арасындағы қимыл — әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері ; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Бұл тұста образдар да айырықша анық танылып, адам мінездері жан – жақты ашылады. Шығарма сюжетін күллі кезең – кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.
Шешім (орысша развяска) – шығарма сюжетінің де шешуіші кезеңдерінің бірі ; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған “үкімі”; адамдар арасындағы қарама – қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі ; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже ; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал – күйі ; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы.

жүктеу 233,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау