22. Көркем бейненің жасалу жолдары
Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.
Образдардың жасалу жолдары әр алуан: портрет, мінездеу, адамның күініш-сүйініштері суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу. Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде, келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің Бейнесін айқындап, олармен ерекше көзге түсерлік образ – тип – дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.
23. XVIIІ ғ. ағартушылық дәуір эстетикасы (Дидро, Лессинг т.б.)
Ағартушылық — қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды. Олар өз уағыздарын қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластик ой ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырда әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
ХУІІІ ғасыр басьшда Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция, Англия, Германия т.б) қоғамдық билік сипаты өзгере бастады, монархиялық ел билеу жүйесі әлсіреді. Қоғамда өнер, білім, ғылым дами бастады. Жаңа қоғам, жаңа қайраткерлер ілім, өнерге жаңа көзқараспен қарады. Ағартушылық дәуір осылай басталды. Францияда әйгілі энциклопедист ғалым, ағартушылар Вольтер, Ж.Жак Руссо, Монтескье т.б. осы дәуірде өмір сүрді. Олар әдебиет пен өнерге, білім, тәрбиеге қатысты еңбектер жазды. Классицизм эстетикасьшьщ шектеулілігі мен кертартпалығын сынады, озық өнер, озық прогресшіл идеялалардың жаршысы болды. Өнер қарапайым жандардың да тіршілігін қамтуы, көпке түсінікті, ортақ болуын кейіпкерді нақты ісімен көрсету т.б. мәселелерін көтерді. Бұл тұста фр. Қоғамында театр, баспасөз өркендеді, журналдар шықты. Өнер теориясы туындады. Реализм термині қолданылмаса да өнердің шынайылығы, к.бейненің нақтылығы мәселелері талап етілді.
Ағарту дәуірінің эстетеикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы француз энцеклопедистерінің басы - аса ірі философ-материалист Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп-білеміз. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро Буалоға керісінше, сарай аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |