1 дәріс Тақырып: Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры. Халық ертегілерінің балаларға арналған түрлері. Халық өлеңдерінің балаларға арналған түрлері


Әдебиеттер: 1, 2, 3,4, 5, 6, 11, 27, 28, 35, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50 №7 дәріс



жүктеу 103,8 Kb.
бет7/25
Дата18.05.2022
өлшемі103,8 Kb.
#38639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Дәріс

Әдебиеттер: 1, 2, 3,4, 5, 6, 11, 27, 28, 35, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50
7 дәріс

Тақырып: Е.Ерботин, Е.Елубаев, М.Жаманбалинов Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, Ж.Кәрбозин, Е.Өтетілеуов, Қ.Мұқышев шығармашылығы
Мүбәрак Жаманбалинов 1924 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет деген ауылда туған. Оның алғашқы өлеңдері ұстаздық ете бастаған кезде туып, әр түрлі баспасөз беттерінде жариялана бастаған. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Айнабұлақ» деген атпен 1956 жылы жарық көрді. Жас ұрпақты тапқырлыққа, батылдыққа, жігерлілікке, ерлікке тәрбиелейтін «Сәлем» (1963), «Кішкене достарға» (1965), «Менің інім» (1970), Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткеновтің ерлік істері жайында баяндалатын «Батыр ұстаз» (1972) поэмалар жинағы, Иса Байзақовтың балалық шағы туралы «Ақын бала» (1983), «Ашық күн» т.б. өлең, жаңылтпаш, ертегі, жұмбақ топтамалары жарияланды.

Е.Елубаев 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУдің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды.

Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов 1928 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданында шаруа отбасында туған. Қ.Ыдырысов 1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Қазақ Абай атындағы мемлекеттік институтын бітірген. Тұңғыш өлеңдері 1947 жылдан жариялана бастады. «Өмір гүлі», «Саяхатта», «Ол кезде он үште едік», «Үйелмелі-сүйелмелі», «Жасырынбақ», «Әр қашан күн сөнбесін», «Аршында балақай» поэзиялық жинақтары жас жеткіншектерге арналды. «Әке жолы» поэмасы, «Шуақты күндер», «Жарқын жағалау» т.б. жыр кітаптары туған жерге деген пәк сезімді, совет адамдарының асыл мұратын толғаса, «Армысың, Арабстан» жинағы халықтар достығын жырлайды. «Ойлайық та ойлайық» пьесасы, «Ел жатса да, енекем жатпайды» әңгімелер жинақтары жарық көрді.

Қ.Мырзалиев 1935 жылы қазіргі Орал облысы, Жымпиты селосында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекетттік университетінің филология факультетін бітіреді. Қ.Мырзалиевтің тұңғыш кітабы – «Көктем» өлеңдер жинағы 1959 жылы шықты. Ақын шығармашылығын қоржынның екі басына теңесек, соның бір жағына ересектерге, екінші жағына балаларға арналған жыр жиһаздары теңделгенін көреміз. Оның өлеңдері ой-пікір анықтығы, жинақтылық, тапқырлық, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақтылығы жағынан әсерлі келеді.

Жәнібек Кәрбозин 1933 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. Ақын 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология фккультетін  бітірген. Ол өзінің шығармаларын балаларға арнап жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Драматургиялық шығармалары Қазақстан және Орта Азиялық республикалар сахнасында қойылды. «Кербақбай» - Орта Азия  мен   Қазақстан қуыршақ театрларының аймақтық фестивалінде жүлдеге ие болды.

Е.Өтетілеуов Ақмола қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Қорғалжын ауданында өтеді. Ауыл мектебінде мұғалім болып істейді. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік пединститутында қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітіреді. Мамандығы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғанымен, ана тілін аса қастерлейді, сол тілде алғаш әдебиетке келеді. Әуелі Қорғалжын аудандық газетінде, одан облыстық, кейіннен республикалық «Балдырған» журналында басылды. Ал 1965 жылы жеке суретті-кітапша болып «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Бұдан соң орыс тілінде – «Костер», украин тілінде – «Барвинок», болгар тілінде – «Дружинка» журналдарында жарияланды.

Қ.Мұқышев Қарағанды облысының Нұра ауданыныа қарасты Балықты деген жерде туып, балғын балалық шағын осы жерде өткізеді. 1931 жылы бастауыш білім алады да, 1932-38 жылдары Қарағанды, Петропавл қалаларындағы мектептерде, одан кейін Алматы облысына қарасты Қаракемер ауылындағы техникумда оқып, білімін көтереді. 1938-41 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетінің студенті болады. Өз мамандығы бойынша ол Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарының мектептерінде, Қарағанды қаласындағы оқытушылар институтында қазақ әдебиетінен дәріс береді. Облыстық радиохабарларын тарату комитетінде редактор, облыстық халық творчествосы үйінің директоры қызметін атқарады.


жүктеу 103,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау