1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



жүктеу 231,81 Kb.
бет11/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

Күрделі сөз

Жоспары:
1.Біріккен және кіріккен сөздер


2.Қос сөздер, оның мағыналық түрлері.

Тарихи тұрғыдан алып қарағанда күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен сөздердің еркін тіркесі болады. Осы грамматикалық категориялардан лексикалық категорияға жататын күрделі сөздің пайда болуы, әрине, кездейсоқ өзінен – өзі бола қалатын жас емес, күрделі және белгілі бір заңдылықтарға негізделетін, соның нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Осындай заңдылықтардың бірі тілдің дыбыс жүйесі, екінші лексикасы, үшінші грамматика келіп саяды.


Күрделі сөз деп екі я одан да артық сөз тізбегінен құралып, лексика лексика – грамматикалық мағыналары мен тұлға сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
Сөздерді лексика – грамматикалық аспектіде жүйелеу мәселесіне келсек, оларды әуелі жасалу тәсілі тұрғысынан ажыратып, синтетикалық тәсілден жасалғандарын жалаң, аналитикалық тәсілден пайда болғандарын күрделі деп білу керек. Күрделі сөздерді өз ішінде жүйелеу мәселесінде кіріккен сөз, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, құрамды сөз деп жүйелеуге болады.
Кіріккен сөздер
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, қонағасы, бүгін, биыл, сексен, тоқсан, өйткені, былтыр тәрізді сөздер жатады.
Кезінде тіл мамандары көрсеткендей, бұлар да күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді сөз тіркестерінен ажыраған.
М: қоян – қой сияқты аң, ол былтыр (бір жыл дүр) үш сөздің тіркесінен пайда болған.
Көптеген лингвистикалық әдебиеттерде кіріккен сөздерді әдетте, біріккен сөз есебінде қарайды. Кейбір жеке еңбектерде ғана олар біріккен сөздерден бөлініп алып, күрделі сөздің өз алдына жеке түрі есебінде қаралу керек деген пікір айтылады.
Тіл мамандарының қай – қайсысы болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр – тұрпатын өзгерткен сөздерді жатқызады.
Кіріккен сөздердің құрылымдық сипатының әуел бастағы қалпынан өзгеше болып қалыптасуына ұйтқы болған тілдік заңдылықтарға тоқталайық.
Тіл мамандарының көрсетулеріндей, мәселен бәйшешек, бәйтерек сөзінің құрамындағы бай деген элемент бай формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты дыбыстардың ықпалынан «а» формасы «ә» формасынаайналып, бүтін сөз бәйшешек, бәйтерек боп қалыптасты.
Қолғанат деген сөзге келсе, ол басында қол және қанат деген екі сөзден біріккен, бастапқы компонентінің ақыры «л» дыбысының ықпалынан соңғы соңғы компоненттің бастапқы «қ» дыбысы ұяңдалып «ғ» формасына көшкен де, бүтін сөз қолғанат боп қалыптасты. Демек, бұл тәрізді сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап, тұр – тұрпатын жаңартуға дыбыс дыбыс үндестігі ұйтқы болған. Ал түрегел, әуел баста тура кел деген сөздерден біріккен. Бұның қалыптасуына буын үндесуі де, дыбыс үндесуі де қалыптасқан.
Енді өлара сөзі, ол басында өлі және ара деген екі сөздің бірігуінен пайда болған: бастапқы компонент дауыстыға аяқталып, соңғы компонент дауысты фонемадан басталғандықтан, бастапқының соңғы дауысты дыбысы ығысып шығып қалып, бүтін сөз ықшамдалып, өлара болып қалыптасқан. Осы сияқты жалмауыз, қараспан, жанашыр тәрізді сөздер де жатады, басында ол қайындағы аға деген сөз тіркесінен пайда болып, бастапқы компоненттің дербес екенінен айрылып, екпіннің екінші компонентінің соңғы буынына түсуіне қайын сөзіндегі «ы» фонемасы мүлде түсіп қалып, соның нәтижесінде ол сөз дыбыстық өзгеріске ұшыраған. Бұл сияқты сөздер бір ритмикалық екпінмен айтылып, жазуда сол өзгермеген қалпында жазылады. Бұндай сөздерге жармес, қырқаяқ дегендерді жатқызуға болады.
Кіріккен сөздердің қатарында тұлғасын бүтіндей – өзгертіп, із – түзін мүлде жоғалтып жібергендері де жоқ емес, ондай кіріккен сөздердің бірқатарларының әуел басты қандай сөздерден құралғаны этимологиялық жолмен талдау жасалғаны қазақ тілі мамандарының әр кезде зерттеу еңбектерінен мәлім.
М: табалдырық – табан тұрық, шетік – ішкі етік.
Кіріккен сөздердің құрамында мағынасы түсініксіз сөздер де кездеседі. Осындай сөздердің кейде бір сыңары болмаса екі сыңары да бірдей түсініксіз болып келеді.
М. Шалап сөзі ол баста шала және аб дегеннен кіріккен, аб – су деген мағынаны білдірген. Сонда шалап – шала су деген мағынадағы сөз. Шонжар сөзі шоң деген сыңары қырғыз тілінде үлкен, төре деген сөз, осы жар деген сөзбен бірігіп, дыбыстық өзгеріске ұшырап, шонжар болып қалыптасқан.
Сайгүлік - сай қырғыз сөзі, онда өте, асқан дегенді білдіреді. ол гүлік қазақ тілінде - күлік, жүйрік деген мағынада жұмсалатын сөз.
Жиеншар – сөзінің екінші сыңары – шар кейбір түркі тілдерінде тұқым дегенді білдіреді, оған жиен сөзі қосылып, жиеннің тұқымы деген мағына туады. Мұрап деген кіріккен сөз, ол мұр және аб деген екі сөзден алынған. Мұр – арабтың мир, амир яғим әкім деген сөзі де, аб парсының су деген сөзі, сонда яғни су әкімі деген ұғымды білдіреді.
Келтірілген мысалдардан кіріккен сөздердің құрамында кездесетін басқа тілден енген сөздер де өзінің бастапқы тұлғасын үнемі сақтап отырмай, кірген тілдің дыбыс заңына лайық кейбір фонетикалық өзгеріске ұшырайды.
Кіріккен сөздердің құрамындағы компоненттердің түр – тұрпатының өзгеруі жеке дыбыс қана емес, осымен қабат кейде грамматикалық формалардың мүлде ығысып түсіп қалуымен де байланысты. М: қаптесер әуел баста қапты тесер, алжапқыш – алды жапқыш деген сөздерден біріккен. Редукцияға ұшырау салдарынан бастапқы компоненттің соңғы қосымшасы түсіп қалып, айырым интонациямен айтылатын сөз тіркесі ықшамдалып, енді бірұдай ритмикалық екпінмен айтылатын болып кіріккен.
Тілде кіріккен сөздерде орын алатын дыбыстық өзгерістердің барлығын бірдей үндестік заңы, ассимиляция, екпін буын алмасуымен байланысты түсіндіру кейде мүмкін емес.
М: қара ала құс – қарлығаш, білек жүзігі – білезік, сегіз – он – сексен дегендерді түсіндіру қиын.
Кіріккен сөздер компоненттерінің түр – тұрпатының өзгеруі нәтижесінде жасалатын құрылым- кездейсоқ емес. Тілдің дыбыс жүйесіне тән обьективтік сипаты бар заңдары негізіндепайда болған құрылым болады.
Кіріккен сөздерді күрделі сөздердің басқа түрлерінен ажыратуда, оны күрделі сөздердің өз алды бір түрі есебінде тануда, оларды әуел бастағы түр – тұрпаты тұрғысынан емес, яғни тарихи аспектіде алып қарамай, қазіргі қалыптасып қалған құрылымы, тұрғысынан алып қарау керек.
Кіріккен сөздердің мағына бірлігіне келсек, ол көпшілік жайда құрамындағы сөздердің нақтылы мағыналарына жалпылық сипат алуы, яғни дерексізденуі арқылы болады.
Кіріккен сөз біріккен сөздердей оны құрастырушы сыңарлардың жай ғана қосыла салуымен жасала салмаған, тілдің дыбыс жүйесіне тән заңдар негізінде ондағы компоненттер дыбыстық өзгеріске ұшырап барып, содан кірігу арқылы жасалған. Олай болса, оның бір тұтас тұлға болып қалыптасуына тек синтаксистік тәсіл ғана емес, оған қосымша фонетикалық тәсіл де өз үлесін қосқан.
Кіріккен сөз тілімізде шағын, ол тілдің көне заманында пайда болған, сөз естілуінше емес, түбірін сақтап жазу принціпіне құрылғанда, оның жасалуы мүмкін емес.

жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау