Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915)
Басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын ашқан алғашқы мамандардың бірі - Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915) (американ инженері, менеджмент теориясы негізін салушы) болды.
Ол ғылыми басқару мектебін (1885-1920 жж.) құрды.
Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына
«Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
Ғылыми басқару мектебінде (1885-1920 жж.)
басқару көзқарастарының негізі – оның өз заңдары, ғылыми әдістері, формулалары, қағидаттары болуы тиіс, ол өлшеулерге, оңтайландыруға, жүйелі есепке алуға негізделуі керек.
Ол өндірістегі жұмысшылардың сапасыз еңбегінің себептерін:
– жұмысшылардың жоғары нәтижелерге жетуге ынталандырудың жоқтығы;
- басқаруды нашар ұйымдастыру;
- жұмысшылардың еңбектің тиімді әдістерімен қаруланбағандықтарын анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |