1 бөлім Оқу құралы Қостанай, 2014



жүктеу 1,02 Mb.
бет2/6
Дата01.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
#6523
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1.АӨК түсінігі, құрамы, қалыптастыру себебі, мақсаты. Ауыл шаруашылығы-

АӨК байланыс буыны ұғымдарын түсініктеме беріңіздер.

2. АӨК және ел экономикасындағы аграрлы өндірістің орны мен маңызын

ашыңыздар.

3. Аграрлы өндірістің спецификалық ерекшеліктері деген не?

4. АӨК және ауыл шаруашылығында инфра құрылымның мәні,мағынасы

және классификациясы деген не?

5. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі.

6.Өндірістік, нарықтық және әлеуметтік инфро құрылым,олардың құрамын

ашыңыз.

7. АӨК, ауыл шаруашылығындағы нарықты жіктеңдер



2 тақырып. Аграрлық өндірістің жер ресурстары және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары.

Мақсаты: Аграрлық өндірісте жерді өндіріс құралы еңбек заты және құралы

ретінде қарастыру



Жоспары:

1.Жер ресурстарының түсінігі оның мәні мен ерекшеліктері.

2.Ауыл шарушылық жерлерінің құрамы мен құрылымы.

3.Жер арендасы мен рыногы.



1.Жер ресурстарының түсінігі оның мәні мен ерекшеліктері. Ауыл шарушылық ресурстар жүйесінде негізгі орынды жер ресурстары алады. Жер ауыл шаруашылығында басты өндіріс құралы болып табылады. Өндіріс құралы ретінде жердің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар келесілер. 1. Жер табиғат байлығы тек жердің жоғарғы қабатының топырақтың құнарлығы аздап қана еңбек нәтижесіне ұштасады. 2. Жер таптырмайтын дүние оның өндірістің басқа құралымен ауыстыруға келмейді. Онсыз ауыл шаруашылығында әсіресе егіншілікте өндірістік үрдіс жүзеге асыра алмайды. Жерді өндіріс құралы ретінде пайдалану, орын тұрақтылығымен және жердің кеңістікте шектелгенімен байланысты болады. Сондықтан ауыл шаруашылық өндірісі бұл үшін лайықты жер қайда бар болса сол жерде жүзеге асырылады. Ал еңбектің өзге жарақтарын өндіріс орнына алып баруға болады.

Жер учаскілері құнарлылығы бедері орналасқан орны бойынша бір- бірінен ерекшеленеді. Мұны ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау мен орналастыру кезінде сондай – ақ жер бағасын жер салығын және аренда ақысын анықтаған кезде ескеру қажет. Жер қоры көздеген мақсаты бойынша жеті категорияға бөлінеді.

1. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер.

2. Тұрғын мекендер шекарасы шеңберінде тұрғын мекендерге қарасты жерлер.

3. Бұл өнеркәсіп көлік байланыс қорғаныс жерлермен өзге жерлер.

4.Табиғатты қорғау сауықтыру, тыңайту жөніндегі тарихи, мәдени мақсаттағы жерлер.

5. Орман қорының жерлері.

6. Су қорының жерлері.

7. Мемлекеттік қор жерлері.

2.Ауыл шарушылық жерлерінің құрамы мен құрылымы. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстанда 1995 ж бастап жер қатынастарын өзгерту мен жаңа жер пайдаланушыларды құру сондай-ақ жер рыногын қалыптастыру болып табылады. Үкімет шешіміне сәйкес қазіргі кезеңде жекешелендіруге жатпайтын ғылым мен білім жүйесіндегі ауыл шаруашылық кәсіп орындары мемлекеттік болып қалды. Жер қорын қайта бөліске салу өтті. Жерде шарушылық жүргізудің алуан түрін қалыптастырудың іргесі қаланды. Бұрынғы кең шаралармен ұзын шаралар жерге және өндіріс құралдарына ұжымдық үлестік меншік түріндегі кәсіп орындар қайта құрылды. Акционерлік қоғамда шаруашылық серіктестіктері коперативтер шағын кәсіп орындары шаруа қожалықтары және олардың ассоцациялары 2008 ж 1 қаңтар жағдайы бойынша облыстағы ыл шаруашылық тауар өндірудің құрылымын 24013 ауыл шаруашылық кәсіп орындары 7034 шаруа фермер қожалықтары және 3478 мың және қосалқы үй шаруашылықтары құрады. Жылдан жылға рынокқа сай ауыл шаруашылық өндірісінің үлгісі ретінде шаруа фермер қожалық үлесі арта түседі .

3.Жер арендасы мен рыногы. Ауыл шаруашылық кәсіп орындарының мемлекеттік емес түрлері 1999 жылдың аяғына қарай басым болды. Жекеменшік жерді иемденуге үлес салмағы бойынша 99 % ал жер пайдалану сандары бойынша 98 % жетті. Ауыл шарашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арнаоған жер ауыл шауашылығы мақсатындағы жерлер жер деп табылады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер құрамына ; ауыл шарушылығындағы алқаптары мен ауыл шаруашылық жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары коммуникациялар тұйық су айдындары, мелероциялық жүйе, қора жайлар мен ғимараттар орналасқан жер сондай-ақ басқа да алқаптар жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға тиіс ауыл шаруашылығы алқаптарына: егістіктер тыңайған жер көп жылдық екпелер, егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Егістік жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігінде пайдаланылатын жер учаскілері сондай – ақ сулы жер. Тыңайған жер – бұрын егістік құрамына болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылатын жер учаскісі. Көп жылдық екпелер жеміс – жидек техникасының және дәрі дәрімек өнімдерін түсімін алуға сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналған қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскілері.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар шөп шабуға және жануарларды жоюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскілері.

Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сумен қамтамасыз ете алатын су көздері.

Ауыл шаруашылығындағы жерлердің жалгерлері ауыл шаруашылығына өткізу үшін өндіруді ұйымдастыру мақсатымен яғни тауарды өндіру үшін жүзеге асырылады. Жерді жалгерлікке арендаға жер пайдаланушылардан да жекеше жер иемденушілерден де алуға болады. Көбінесе шаруа қожалықтары өздері жер иемденуші бола отырып басқа фермерлерден де ұжымдық шаруашылықтардан да жерді жалгерлікке қосымша ала алады. Жалгерлік дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде де кеңінен таралған. Бұл ретте ауыл шаруашылығының тиімділігі міндетті түрде жерге жекеменшік болумен байланысты емес. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде табиғат ісіне көп көңіл бөлінеді. Ұлыбритания, Дания, Белгия фермерлері әкімшілікпен ұзақ мерзімді келісім жасайды. Соған сәйкес екінші диқан табиғат қорғауды қамтамасыз ететін техникалық тәртіпті сақтауға және мемлекет тарапынан белгілі бір өтемдер берілген кезде жер бедерін ландышафтың бүтін сақтау жөнінде шаралар қолдануға міндеттемелер алады.
Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі табиғи ресурстар (жер,климат,су) және аграрлы өндірісте олардың

рөлін көрсетіңдер.

2. Жер ресурстарының спецификациялық ерекшеліктері деген не?

3. Жер ресурстарын бағалау: орналасу орны, рельеф,топырақтың құнарлығы,

экономикалық бағалау деген не?

4. Жер өнімін қолданудың экономикалық тиімділігінің табиғи көрсеткіші

дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Жер өнімін қолданудың экономикалық тиімділігінің құндық көрсеткіші

деген не?

6.Жер өнімін қолданудың экономикалық тиімділігінің факторларын атаңдар.
3 тақырып. Ауыл шаруашылығының негізгі және айналым капиталы. Инвестициялық саясат және күрделі салымдар.
Мақсаты: АӨК инвестициялар түсінігін, маңызын және ерекшеліктерін,

күрделі салымдар түсінігін, әлеуметтік құрылымдарын қарастыру



Жоспары:

1.Негізгі қордың түсінігі, құрамы мен құрылымы

2.Физикалық (табиғи) және моральдық тозу, негізгі қорлардың амортизациясы,оны есептеу әдістемесі

3.Айналым құралдарының мәні мен классификациясы, АӨК инвестициялар түсінігі, маңызы, ерекшеліктері

4.Инвестициялардың түрлері
1. Негізгі қордың түсінігі, құрамы мен құрылымы. Өндіріс құралдары еңбек заттары (шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) мен еңбек құралдарына (станоктар, машиналар, жабдықтар) бөлінеді. Кез келген затты еңбек құралдары құрамына енгізу оның өндіріс процесіндегі атқаратын ролі арқылы анықталады.

Негізгі қорлар ұзақ мерзім ішінде әрекет ететін материалды-заттық құндылықтар жиынтығы ретінде көрініс табады (ғимараттар, құрылыстар, күш-беріліс жабдықтар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдар саймандар, өндірістік және шаруашылық керек-жарақ, өнімді және жүк малы және т.б.).

Ақша бағасымен көрсетілген негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Құралдар бірнеше өндірістік цикл барысында пайдаланылады, олар біртіндеп тозады да қасиеті мен нысанын жоғалтады, ал кейін өз бағасын жаңадан жасалған өнімге көшіреді.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Өндірістік негізгі құралдар (машиналар, жабдықтар, көлік құралдар, ғимараттар, құрылыстар) көлемі мен техникалық деңгейіне байланысты кәсіпорынның техникалық жабдықтауына әсер ететін өндірістік қорлар болып табылады.

Өндірістік емес негізгі құралдар – тұтынушылық маңызы бар құралдар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттілігін ұзақ қамтамасыздандыруға бағытталған (ғимараттар, құрылыстар, тұрмыстық-коммуналды құрал сайман, денсаулық қорғау және т.б.).



Иелік жасау бойынша негізгі құралдар жекеменшік және жалға алынған болып бөлінеді.

Жекеменшік – ол субъектіге қатысты және оның балансында көрініс тапқан негізгі құралдар.

Жалға алынған–жалға алу келісімі бойынша және онда көрсетілген мерзімге басқа субъектіден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану ретіне байланысты негізгі құралдар әрекет ететін, іс-әрекетсіз (консервіленген) және қордағы құралдар болып бөлінеді.

Әрекет ететіндерге пайдаланудағы құралдар жатады.

Іс-әрекетсіз – ол консервацияланғанына немесе басқа да себептерге байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құралдар.

Қордағы негізгі құралдарға әрекет ететіндерді ауыстыруға бағытталған жоспарлық тәртіпте жасаушы қорды құрайтын объектілер жатады.

Әрбір субъектіде мақсатты бағытына және орындалатын қызметіне қарай негізгі құралдар келесі түрлерге (топтарға) бөлінеді:



Жер – меншік құқығы негізінде немесе ұдайы жерді пайдалану құқығы негізінде субъектімен алынған жердің мөлшері мен құны. Меншік құқығы немесе ұдайы жерді пайдалану құқығы «жер учаскесіне меншік құқығы, ұдайы жерді пайдалану құқығы Актісімен» расталуы керек.

Ғимараттар – еңбек етуге, тұруға, тұрғындарға әлеуметтік-мәдени қызмет етуге жағдай жасау мен материалдық құндылықтарды сақтауға бағытталған сәулет-құрылыс субъектілердің қызметі;

Құрылыстар – еңбек заттарын өзгертумен байланыспаған кез келген қызметті орындау арқылы өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері;

Күш беріліс жабдықтары – электр, жылу немесе механикалық энергияны беретін жабдықтар (электр – тасымалдау желілері, трансмиссиялар, құбырөткізгіш);

Машиналар мен жабдықтар – қуат машиналары мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшейтін және реттейтін аспаптар, жабдықтар мен лабораторлы жабдықтар, санау техникасы, басқа да машиналар мен жабдықтар;

Көлік құралдары – адам мен жүк тасмалдауға арналған көлік құралдары (автокөлік, теміржол және су көліктерінің жылжымалы құрамы, жүктасымалдаушы көлік);

Құрал – механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек саймандары немесе өңдеу (жерді, жемді, өсімдіктерді) үшін машиналарға бекітілген саймандар;

Өндірістік құрал-саймандар мен тетіктер – өндірістік операциияларды жеңілдету мен орындалуы, сұйық, сусымалы және басқа да материалды, өндірістік маңызы бар заттарды сақтау үшін қызмет ететін өндірістік маңызы бар құрамдар;

Жұмыс және өнім малы – жұмысқа күш-көлік есебінде пайдаланатын мал-аттар, өгіздер, түйелер, өнім мал–сиырлар, бұқалар, айғырлар және асыл тұқымды биелер, атандар мен інгендер, бұғы, маралдар мен аталық (мүйізді), аталық қабандар мен ұрғашы шошқа, қозы, қой мен қошқарлар.

Көпжылдық көшеттер – жасына қарамастан жасанды көпжылдық көшеттер: жемісті және жидекті, жүзім егістері, көп жылдық гүл көшеттері, раушан плантациялары, көк қоршаулары, егіс сақтаушы көшеттер;

Жерлерді жақсарту үшін іргелі шығындар (құрылыссыз) – ауыл шаруашылығын пайдалану үшін жерлердің үстіңгі қабатын жақсартуға бағытталған шаралары, бұйымдық емес шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, айдалған жерлер, жерлерді тамырлардан тазартып дайындау, жерлерді тастардан тазарту);

Басқа да негізгі қорлар – кітапханалық қорлар,спорт бұйымдары, жалға алынған негізгі құралдарға іргелі шығындар;

Өндірістік процеске қатысу деңгейі бойынша негізгі қорларды екі топқа бөлуге болады:



Өндіріс процесіне тікелей қатысатын өндірістік негізгі қорлар. Олар өз кезінде ауылшаруашылық маңызы бар негізгі өндірістік қорлар мен ауылшаруашылық емес болып табылады;

Өндіріске жанама қатысы бар өндірістік негізгі қорлар қосалқы қызмет атқарады – өндірісті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау (кәсіпорын балансындағы қоғамдық тамақтану объектілері, емдеу мекемелер, тұрғынүй қоры, дем алу үйлері мен базалары, көмекші шаруашылық және т.б.).

2.Физикалық (табиғи) және моральдық тозу, негізгі қорлардың амортизациясы,оны есептеу әдістемесі. Негізгі қорларды пайдалану процесінде қорларды ауыстыру қажеттілігі туатын жағдай сөзсіз болады. Экономика ескі, толығымен пайдаланған немесе өндіріс талаптарына сай келмейтін қорларды ауыстыру процесі қорды ұдайы өндіру процесі деп аталады.

Амортизациялық қор негізгі өндірістік қорларды толығымен қалпына келтіру үшін, жылдам амортизация мен оның белсенді бөлігін қоса, амортизациялық қаржы бөлулерден құрылады.

Негізгі қорларды толықтамасының қаржылық қайнар көзі амортизациялық қор, кәсіпорынның кірістері, сыртқы инвестициялар мен несиелер.

Негізгі қордың тозуы мен оның құнын оның көмегімен жасалған жаңадан өндірілген өнімге көшіру. Негізгі қордың (НҚ) амортизациясы деп аталады.

НҚ тозуы екі түрлі болады:



Физикалық(табиғи) тозу, яғни НҚ тікелей тозуы, алғашқы техникалық сипаттамасынан айырылуы, тұтынушылық қасиетінен айырылуы;

Моральдық тозу, яғни тұтынушылық құнынан және НҚ құнынан айырылуы.

Тәжірибеде амортизацияны есептеудің келесі әдістері кең қолданылады:

Бұл жылдық амортизацияны анықтау ыңғай НҚ біркелкі тозуын жорамалдайды. Жыл сайын (жылғы) амортизация (Аг) негізгі қорлар бірлігі келесі формула бойынша анықталады:

Аг=(Спл)/Тс,

Мұнда:


Сп – НҚ алғашқы бағасы, мың теңге

Сл – НҚ тарату құны, мың теңге

Тс – НҚ қызмет мерзімі, жыл.

3.Айналым құралдарының мәні мен классификациясы. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметінің үздіксіздігі салдарынан айналымдағы өндірістік қорларға инвестицияларды тартуды керек етеді. Негізгі қорларға қарағанда олар бір ғана өндірістік цикілге қатысады да, алғашқы нысанын жоғалтып, өз құнын толығымен өндірілген өнімге көшіреді. Инвестициялар - бұл капиталды ұзақ мерзiмдi қаржыландыру түрiнде жұмсалатын шығын жиынтығы. Инвестициялық қызметтiң мақсаты - кәсiпкерлiк табыс немесе соның белгiлi бip пайызын алып отыру.

Инвестиция 2-ге бөлiнедi:



  • қаржылық инвестиция

  • шынайы инвестиция.

Қаржылық инвестиция - акцияларға, облигацияларға және басқа бағалы қағаздарға қаржы салу. Қаржыландыру шынайы капиталдың өсуiне жартылай бағытталған. Қаржы­лық инвестиция құрылымында жеке меншiк инвестициялар басым болады.

Шынайы инвестиция - материалды өндiрiстiк қордың өсуiн және негiзгi капиталды қаржы­ландыру. Heгiзгi капиталды қаржыландыратын шынайы инвестициялар салалық және технологиялық құрылыспен сипатталады. Олардың пропорциясы жинақтау тиiмділігін анықтайды.

Инвестицияның технологиялық құрылымы шығынның негiзгi капиталдың белсендi элементiне және пассивтi элементiнің ара қатынасымен анықталады. Инвестицияның тиiмділігi әдетте белсендi элементтердiң үлесi өскенде жоғарылайды. Шынайы инвестицияның басым үлесiн босататын жеке инвестициялар құрайды. Мемлекет инвестициялық процеске мемлекеттiк секторға тiкелей және жанама түрде, несие, субсидиялар түрiнде капитал салу арқылы экономикалық бақылау саясатын жүзеге асырады.

Шынайы инвестицияны сипаттау үшiн жинақтаудың көлемi және нормасы деген түсiнiк қолданылады.

Көлем - бұл капиталды қаржыландыруға кеткен құн, aл инвестиция нормасы дегенiмiз - инвестиция көлемi мен ЖIӨ құнының ара қатынасымен анықталады. Қаржылық ресурстар кәсiпкерлiктiң ағымдағы шығынын және инвестициясын қаржыландыру үшiн пайдаланады. Инвестициялар ұзақ мерзiмде қаржыландыру түрiндегi қаржылық ресурстар болып табылады.

4.Инвестициялардың түрлері. Инвестицияны инвесторлар, кәсiпкер, саудагер сияқты болып бөлiнетiн институционалды және меншіктi салымшылар жүргiзедi. Олар бip-бipiнeн коммерциялық қауiп дәрежесiне байланысты ажыратылады.

Инвестор капиталды қаржыландыруға делдал адам ретiнде бөгде капиталды салады. Кәсiпкер өзiнiң капиталын салады. Саудагер алдын-ала қаyiптi ескередi, ал ойыншылар барлық қауiпке барады. Кез-­келген инвестиция белгілi қауiп көрсетедi.

Қауiп дәрежесiне байланысты инвестициялар: қатерлi, тiкелей, портфельдi және аннуитеттi болады.



Қатерлi инвестициялар (немесе венчурлы капитал) – жаңа өндipic орнын қаржыландыру. Қатерлi инвестициялар қayiптiлiгi жоғары инвестициялар болып табылады. Жаңадан құрылған кiшігipiм кәсiпорындар өзiнiң меншiктi қаржысынан қаржы­ланады. Erep де осындай кәсіпорынның өркендеуiне мүмкiндiк туса, оған қосымша қаражат қажеттiлiгi пайда болады. Банк несиелepi жеткiлiксiз болса немесе оларды алу мүмкiндiгi болмаса, венчурлы капиталды қолдануға болады. Венчурлы капитал жаңа акцияларды шығару түрiндегi инвестициялар. Венчурлы капиталдың иегерлерi инвестицияларды өндiрiстiң жаңа салаларына жасайды. Әдетте бұл салалар үлкен қауiппен байла­нысты болады да, банктер несие беруден алшақтайды. Олардың банктерден айырмашылығы несие бергенде немесе жай және арнайы акцияларды сатып алғанда ешқандай қамтамасыз етудi талап етпейдi. Венчурлы капиталдың иегерлерi үлкен қауiпке көп табыс табу үмiтiмен барады.

Тiкелей инвестициялар табыс алу және өнеркәсiптi басқаруға қатысу мақсатымен өнеркәсiптiң бастапқы капиталын қаржыландыру болып табылады.

Портфельдi инвестиция - нақты инвестициялық мақсатқа жету үшiн қолданылатын бағалы қағаздар және басқа актив­тер жиынтығы. Инвестордың негiзгi мақсаты: салымның қауіпсiздiгi, табыстылығы, есiмділiгi. Бiрде-бip бағалы қағазда бұл қасиеттер жоқ. Сондықтан инвестициялық, мақсаттар арасында таңдау өтiмділiгi жасалады. Егер бағалы қағаздар сенiмдi болса, табыс төмен болады. Eгep капиталдың өсу келешегi айқындалса, сұраныс көп болады. Бұл қағаздың бағасын жоғарылатады және табысты төмендетедi. Инвестициялық мақсаттарды компромиске келтiру диверсификациясы арқылы жүргiзiледi. Диверсифи­кация күрделi шығын қаупiн төмендету әдici. Потфельдiң жалпы құнынан 10%-ке белгiлi қағаз түрiн шектеу қабылданған, портфель кеңейген сайын бұл 5%-ке төмендеуi мүмкiн.

Аннуитет - бeлгiлi уақыт аралығында салушыға белгiлi табыс әкелетiн инвестиция. Мұндай инвестицияға зейнеттiк және сақтандыру қорларына салынатын кәдiмгi салымдар жатады.

Материалды тасымалдаушысы ақша болып табылатын қаржы ресурстары уақытша бағалы болады. Инвестициялық қызметке не банк депозитiне салынбаған ақша құндылығын тез жоғалтады. Ақша табыс әкелу үшiн керек. Ақшаның капитал ретiнде айналымы және сол арқылы табыс алу қосымша табыс әкелуi мүмкiн.


Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығында капиталды салымдарды қолданудың негізгі

бағыты және түсінігін ашыңдар.

2. Капиталды салымдарды қолданудың жалпы экономикалық тиімділік

көрсеткіштері деген не?

3. Капиталды салымдарды қолданудың экономикалық тиімділік факторы

деген не?

4 тақырып. Еңбек ресурстары, еңбек өнімділігі.
Мақсаты: Аграрлық өндірістің еңбек ресурстары түсінігі және аграрлық еңбек ерекшеліктерін қарастыру
Жоспары:

1.Аграрлық өндірістің еңбек ресурстары түсінігі

2. Еңбек өнімділігі мәні және өлшеу әдістері

3. Еңбекке ақы төлеудiң негiзгi ұстанымдары мен түрлерi


1.Аграрлық өндірістің еңбек ресурстары түсінігі

Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы біріншіден еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады.

Егер нақтырақ айтар болсақ, онда «еңбек нарығы» ұғымы жұмыс күшін пайдалану құқығын белгілі бір уақытқа жұмыс берушіге берумен, еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтелім көлемін анықтаумен, өндірісті белгілі бір уақытқа тоқтатумен байланысты әлеуметті-еңбектік қатынастарды көрсетеді.

Сонымен, еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі тауары мен өмірлік қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады. Бұл үдерісте мемлекет қатысады. Ол еңбек ақысының ең аз мөлшерін және жұмыс күнінің ұзақтығын, жұмыссыздық бойынша жәрдемнің көлемін және басқа көрсеткіштерді тағайындайды. Жалпы алғанда әлеуметік-еңбектік қатынастардың жүзеге асуы мемлекеттік-нарықтық ретінде орын алады. Нәтижесінде еңбектенушілер, жұмыс берушілер мен мемлекет арасында қызығушылықтардың тепе-теңдігі орнайды.

Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік қоғамдық және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбек ақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы оның ұлғайымы өндірісінің қажетті жағдайын қалыптастырады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалдық көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.

Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін адамның еңбек ету қабілеті тауар түрінде сатуға және сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, санасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру керек. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді. Оның жоғары қозғалысына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.

Экономикада тұрақты түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жұмыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын білінеді.



Жұмыссыздық - қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе, онда нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық экономикасына жұмысқа қабілеті барлар қажет.

Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау күн тәртібіне қойылды.

Қазакстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда көптеген компоненттер жоқ. Ол өзіне жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендетеді және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлемақының көлемі төмендейді.

Қазақстанның экономикасын қайта құру кезінде бірнеше күрделі мәселелерді шешу керек екендігі байқалды. Ол негізінен халықтың төмен деңгейлі өмірі негізіндегі жоғары еңбек белсенділігімен және еңбек тиімділігімен, кадрлардың аумақтық, салалық икемділігінің жеткіліксіздігінен, нарықтық экономикаға сай бола бермейтін мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың төмендігімен, еңбек нарығы бойынша инфракұрылымның дамымағандығымен байланысты болып отыр.



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау