1 бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 0,7 Mb.
бет2/5
Дата27.01.2020
өлшемі0,7 Mb.
#27423
1   2   3   4   5
:

жоғары вольтті жабдықты монтаждау, бөлшектеу, құрастыру және сынау;

бұрғылау процесін бақылау стансаларындағы қайталама коммутация және реле қорғанысы электр тізбектерін, долотты беру реттеуіштерін, көтеру-түсіру автоматтары мен тағы басқа құрастыру және бөлшектеу;

шығырдың бас жетегі тежегіш жүйесінің тізбегіндегі қосуды реттеу аппаратурасын, соңғы ажыратқыштар мен магнитті қосқыштарды орнату;

асинхронды және синхронды электр қозғағыштарды, күштік және бақылау кабельдерін сызба бойынша қосу және қайталама коммутация сызбасын реле-контактілі және тиристорлық басқарумен монтаждау;

қашықтықтан басқару сызбасын монтаждау және сынамалау;

күштік трансформаторларды, көтеру-түсіру автоматтарын, асинхронды және синхронды қозғағыштарды монтаждау;

монтаж жұмыстары процесінде электр жабдығы сызбаларындағы ақаулар мен зақымдарды анықтау;

электр жабдығын обкаткадан өткізу және оны пайдалануға тапсыру;

бұрғылау процесін басқару пульттерін монтаждау және бөлшектеу, электр жабдығын сынау.

41. Білуге тиіс:

жоғары вольтті электр жабдығын, қосу сызбасы күрделі тұрақты және ауыспалы ток аппаратурасы мен аспаптарының сызбаларын;

бұрғы қондырғысы электр жабдығының техникалық сипаттамасын;

жабдықты орналастыру кезінде электр сызбалары мен чертеждерді оқуды;

қарсыласу және оқшаулау шамасын өлшеу тәсілдерін;

бұрғылауда жабдықталған жерге қосу контурының, және бұрғыдан тыс жабдықталған жеке жабдықтың есебін;

кабельдерді және жоғары қуатты муфталарды жалғау әдістерін;

бұрғы қондырғысының, жабдығының құрылымын.

5. Зертханашы-коллектор
Параграф 14. Зертханашы-коллектор, 2-разряд
42 Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылаудағы бұрғы және цемент ерітінділерінің параметрлерін өлшеу және химиялық өңдеу, оларды вахталық журналға тіркеу;

химиялық реагенттердің дайындалуын қадағалау;

цементаж жұмысы процесінде цемент ерітіндісінің сынамасын алу;

Керннің іріктелуін, жыныс сынамасының іріктелуін қадағалау, оларды буып-түю және жөнелту;

алғашқы геологиялық құжаттаманы жүргізу.

43. Білуге тиіс:

геологиялық кен орны жөнінде, мұнайды, газды басқа да пайдалы қазбаларды бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі деректерді;

бұрғы ерітінділерінің, тампонаж цементінің, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін;

бұрғы ерітінділерін, химиялық реагенттерді дайындау тәсілдерін;

бұрғы, химиялық ерітінділерінің параметрлерін айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасының нысанын және пайдалану ережесін.

Параграф 15. Зертханашы-коллектор, 3-разряд


44. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғы және цемент ерітінділерін өңдеу рецептін жасау;

бұрғылаудағы тез ұстап қалатын қоспалардың сіңумен күрес кезіндегі дайындалуын, керннің салынуын бақылау және оның сипаттамасының дұрыстығын бақылау;

бұрғы ерітінділерін өңдеуге қолданылатын реагенттердің сапасын анықтау, ерітінді сапасын жақсартумен байланысты зерттеулер жүргізу;

аспаптардың көрсеткіштерін бақылап тексеру;

ерітінді параметрлерін өлшеу аппаратурасын профилактикалық қарау және жөндеу.

45. Білуге тиіс:

кен орны геологиясы, жөнінде, мұнайды, газды басқа да пайдалы қазбаларды бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі деректерді;

бұрғы ерітінділерінің, тампонаж цементінің, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін;

бұрғы, химиялық ерітінділерінің параметрлерін айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымын;

бұрғылау процесіндегі қиындықтарды жою әдістерін, кернді іріктеу және сипаттау әдістерін;

бұрғы ерітіндісін дайындауға арналған жабдықтың және айлабұйымның құрылымы мен нысанын.

6. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинис
Параграф 16. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының

машинисі, 3-разряд


46. Жұмыс сипаттамасы:

күштік және дизельді электр агрегаттарының, отын-май қондырғысының, компрессорлардың, бұрғы қондырғысының трансмиссиясы мен пневматикалық жүйесінің, бұрғы қондырғысының электр жабдығының сомаланған қуаты 1000 кВт дейінгі қозғағыштарына қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғы қондырғысы машинисінің басшылығымен қуаты 1000 кВт дейінгі жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет көрсету;

қозғағыштарды майлау және жанармай құю, май мен тоңазытқыш сұйық құю;

бұрғы жабдығы мен қозғағыштарды монтаждау, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу.

47. Білуге тиіс:

бұрғы жабдығы мен қозғағыштарды, күштік агрегаттар мен беру құрылғыларының құрылымын;

бұрғы жабдығы мен қозғағыштардың жұмыс принципін, бұрғы жабдығының, көмекші жүйелер мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың нысанын;

жанар-жағармай материалдарының маркалары мен сұрыптарын;

электротехника жөніндегі негізгі деректерді.

Параграф 17. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының

Машинисі, 4-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:

күштік және дизельді электр агрегаттарының,отын-май қондырғысының, компрессорлардың, бұрғы қондырғысының трансмиссиясы мен пневматикалық жүйесінің, бұрғы қондырғысының электр жабдығының қоса алғандағы қуаты 1000 кВт дейінгі қозғағыштарына қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ бұрғы қондырғысы машинисінің басшылығымен қуаты 1000 кВт дейінгі жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет көрсету;

күштік жабдық пен автоматтарды бөлшектеу, құрастыру, орталандыру, ақауларын жою және реттеу;

қозғағыштар мен күштік агрегаттарға ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу, дизельдерді реттеу;

күштік және бұрғы жабдығының, қозғағыштардың, күштік агрегаттардың, дизельгенераторлы және басқа да стансалардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу шараларын қабылдау;

суыту, майлау, отын беру және күштік агрегаттардың газ бөліп тарату жүйелерін, күштік агрегаттарды қашықтықтан басқару және күштік агрегаттарды автоматты қорғау жүйелерін реттеу және жүктемелеу;

турботрансформаторлар мен турбомуфталарға қызмет көрсету, оларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және ыңғайлау;

жаңа және күрделі жөндеуден шыққан қозғағыштар мен күштік агрегаттардың бұрғылау жағдайлары мен жыл маусымына қарай қажетті жұмыс режимімен қамтамасыз ету;

вахта журналын, қозғағыштар мен күштік агрегаттардың жұмыс есебін, жанар-жағармай материалдарының шығыс есебін жүргізу;

бұрғы және күштік агрегаттарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету.

49. Білуге тиіс:

бұрғылаудың технологиялық процесін;

күштік агрегаттар мен өткізу құрылғыларының техникалық сипаттамасын, құрылымын;

мұнара жанындағы құрылғылар мен коммуникациялардың нысанын;

күштік, бұрғы жабдығымен автоматтар қозғағыштарында ақаудың пайда болу себептерін және олардың жою тәсілдерін;

күштік, бұрғы жабдығын реттеу тәсілдерін;

күштік, бұрғы жабдығын майлау ережесін;

қозғағыштар жұмысының температуралық режимін;

автоматтардың құрылымын;

қашықтықтан басқару жүйелерінің жұмыс сызбасын;

күштік жабдық жұмысының есеп және есептілік жүйесін;

жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын;

электротехника негіздерін;

қуаты 1000 кВт жоғары қозғағыштарына және сомаланған қуаты 1000 кВт жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет көрсету - 5-разряд;

сомаланған қуаты1000 кВт жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде - 6-разряд;

50. Орта кәсіптік білім талап етіледі.


7. Цементтеуші агрегат моторисі


Параграф 18. Цементтеуші агрегат моторисі
51. Жұмыс сипаттамасы:

Ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, ұңғымаларды химиялық өңдеу жүргізу кезінде, күштік және технологиялық жабдыққа, цементтеуші агрегаттың жүру бөлігіне қызмет көрсету;

цементтеуші агрегатты нысандағы жұмысқа дайындау;

жоғары және төмен қысым желілерін құрастыру, бөлшектеу, орамалау және престемелеу;

ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, ұңғымаларды химиялық өңдеу, жылу өңдеу, ұңғыманы өшіру және жуу, цемент көпірлерін орнату технологиялық процесін жүргізуге қатысу;

айналма және бұрғылау трубаларын, манифольдарды престемелеуге қатысу;

цементтеуші агрегаттың қозғағыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.;

цементаж сәтінің аяқталуын анықтау;

технологиялық сұйықты қайта айдау (қысымсыз);

ұңғымаға айдалатын сұйықтың жұмсалуын қадағалау;

цементтеуші агрегаттың жұмыс процесінде пайда болатын ақауларды жою;

автомобильді басқару, май құю;

цементтеуші агрегат пен автомобильге алдын ала және ағымдық жөндеу өндірісі;

жүргізілген жұмыстарға құжаттама әзірлеу.

52. Білуге тиіс:

ұңғымаларды бұрғылаудың және мұнай, газ бен басқа да пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін;

цементтеуші агрегат пен автомобильдің техникалық сипаттамасын, нысанын, құрылымын, пайдалану ережесін;

агрегаттардың барлық тораптарының өзара әрекеті мен жұмыс принципін;

ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің, ұңғымаларды химиялық өңдеу, жылу өңдеу, ұңғыманы өшіру және жудың технологиялық процесін;

цементтеуші агрегатты жөндеудің түрлерін;

слесарь ісін;

ұңғымаларды күрделі жөндеу мен игеру технологиясы туралы негізгі деректерді;

қысымы 15 МПа (150 кгс/см²) дейінгі цементтеуші агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;

қысымы 15 МПа (150 кгс/см²) жоғары цементтеуші агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.

8. Цемент-құм араластыру агрегатының моторисі
Параграф 19. Цемент-құм араластыру агрегатының моторисі
53. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және мұнай өндіруді интенсивтендіру және ұңғымаларды гравийлі сүзгілермен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарына қызмет көрсету;

ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және гравийлі материалдарды жуу технологиялық процесіне жүргізуге қатысу;

технологиялық сұйықты қайта айдау (қысымсыз);

цементтеуші агрегаттың жұмыс процесінде пайда болатын ақауларды жою, агрегат қозғағыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;

автомобильді басқару, май құю;

жүргізілген жұмыстарға құжаттама әзірлеу;

цемент тасығыш жабдығына қызмет көрсету.

54. Білуге тиіс:

ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және мұнай өндіруді интенсивтендірудің технологиялық процесі мен нысаныны;

цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарының нысанын, құрылымын, техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін, агрегат тораптарының құрылымын, өзара әрекетін және жұмыс принципін, агрегаттардың ықтимал ақауларының сипатын және олардың алдын алу мен жою шараларын;

цемент тасығыш құрылымын;

слесарь ісін;

ұңғымаларды күрделі жөндеу мен игеру, ұңғымаларды забой жабдығымен жайғастыру технологиясы туралы негізгі деректерді;

агрегаттарды тек құм араластыру жұмыстарында жүйелі пайдалану кезіндегі, цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарында жұмыс істеген кезде - 5-разряд;

қабаттың гидроүзігі кезінде ерітіндіні бір мезгілде араластырып және айдай отырып, цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарында жұмыс істеген кезде - 6-разряд.

55. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

9. Цементажды бақылау стансасының оператор-моторисі


Параграф 20. Цементажды бақылау стансасының

оператор-моторисі, 5-разряд


56. Жұмыс сипаттамасы:

цементажды бақылау стансасына қызмет көрсету;

қоймадан сәуле көзін алу және оны цементажды бақылау аспабына орнату;

фланецті қосындылардың, расходомер датчиктерінің, плотномер мен қысым датчигінің сенімді бекітілуін тексеру;

цементтеуші агрегаттар мен цемент араластыру машиналарының стансамен және манифолдімен байланыс кабельдерін қосуға қатысу;

жазылатын параметрлердің дәлдігін қамтамасыз ету;

штепсель аралықтарының сенімді бекітілуін тексеру;

кабельді цементжды бақылау аспаптарының датчиктері қорабымен қосу;

автомашинаны басқару, оған май құю, стансаны, автомашинаны ағымдық және алдын ала жөндеуді жүргізу.

57. Білуге тиіс:

ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзіктерін цементтеудің, химиялық өңдеудің технологиялық процесін;

цементажды бақылау стансасының нысаны мен техникалық сипаттамасын, оны басқару ережесін;

аспаптарды, цементтеуші және цемент араластырғыш машиналарды, шығару блоктарын қосу сызбасын;

радиоактивті заттармен және сәуле көздерімен жұмыстың санитарлық ережесін;

отынның және майлаудың түрлерін, станса мен автомобиль жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін;

стансаны ұстау ережесін.

10. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператор
Параграф 21. Ұңғымаларды сынамалау (сынау)

жөніндегі оператор, 4-разряд


58. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды сынамалау (сынау) процесін біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператордың басшылығымен жүргізу;

әрбір операциядан кейін қабат сынағышты бөлшектеу, жуу;

резбалы қосындылардың, бөліктердің өзара әрекеті мен сальникті тығыздауыштың жай-күйін тексеру;

сальникті тығыздауыштарды жөндеу немесе бөлшектерін ауыстыру және қалпына келтіру;

қабат сынағыштарды құрастыру және престемелеу;

пакерлерді тексеру, пакеровканың герметикалығын тексеру;

сынау құралы жиынтығын құрастыру, бұрғылау трубаларын іріктеу;

отырғызу интервалдарынан өту кезінде қабат сынағыштың түсірілуі мен көтерілуін қадағалау;

сынама сұйығын іріктеу;

ұңғыма сағасында шықпаға қарсы жабдықты монтаждауға қатысу;

59. Білуге тиіс:

кен орны геологиясын, мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін және ұңғымаларды сынамалауды;

қабат сынағыш пен сынама іріктеу іштің нысанын, құрылымын, техникалық сипаттамасын, оларды құрастыру мен бөлшектеу тәртібін;

ұңғыма сағасында шықпаға қарсы жабдықты монтаждау сызбасын;

бұрғы трубалары мен насос-компрессор трубаларының типтері мен мөлшерлерін;

пакерлердің типтері мен мөлшерлерін;

мұнай, газ, су көрінісі себептерін, слесарь ісін.

Параграф 22. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі

Оператор, 5-разряд


60. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды сынамалау (сынау) процесін жүргізу;

қума желінің жай-күйін тексеру;

бұрғылауда қабаттарды тексеру жұмысына қажетті құралдарды дайындау;

ұстынның жекелеген учаскелерінің герметикалылығын тексеру, цемент көпірлерін орнату жұмысына және оларды престемелеуге қатысу;

қабат сынағыш пен сынама іріктеуші апаттарын жоюға қатысу;

пайдаланылатын жабдықтың, құрал мен бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін қадағалау.

61. Білуге тиіс:

кен орны геологиясын, мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін;

ұңғымаларды сынамалау жұмыстарын жүргізу технологиясы мен әдістерін;

ұңғыманы пакерлеуге қажетті қыспа жүктеме шамасын;

қабат сынағыштың созу жүктемесінің шекті шамасын;

ұңғыманы сынауға дайындау жөніндегі жұмысты;

қабат сынағыш пен сынама іріктеуішпен жұмыс кезінде пайда болатын ақаулардың себептері мен оларды жою тәсілдерін.

11. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор
Параграф 23. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор, 3-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

цемент-араластыру машинасына қызмет көрсету және цемент ерітіндісін әзірлеу мен цементаж кезінде оның жұмысын реттеу;

шнектерді орнату және бөлшектеу;

цементті сұрыптау және оны бұрғылауға жөнелту жұмыстарын ұйымдастыру.

63. Білуге тиіс:

тампонажды цементтердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

цемент-араластыру машиналарының құрылымын, техникалық сипаттамасын;

цемент-араластыру машиналарының көмегімен цемент ерітіндісін дайындау технологиясын;

цемент сапасын анықтау тәсілдерін;

тампонажды цементтерге, қиындықтармен күресу кезінде қолданылатын цемент негізіндегі ерітінділерге қойылатын талаптарды.

Параграф 24. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор, 4-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:

тереңдігі 4000 м дейінгі ұңғымалар мен қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің технологиялық процесін жүргізуге қатысу;

қума желінің агрегаттармен және арматура сағасымен құрастыру, бөлшектеу және байламдау;

төмен және жоғары қысым желілерін престемелеу;

цементтеуші ұш пен манометрлерді орнату, оның жұмысын және тіркеуші аспап көрсеткіштерін қадағлау;

цементтеуші ұш тығын салу;

цементтеуші ұштағы крандарды ашу және жабу, судың және сұйықтың агрегатқа берілуін реттеу;

цементтің ұстау мерзімін тежейтін және жылдамдататын қосылған суды дайындау;

беру шнектерінің жұмысын, берілетін қоспа консистенциясын қадағалау;

цемент-араластыру машинасын алдын алу және ағымдық жөндеуге қатысу.

65. Білуге тиіс:

қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің технологиялық процесін;

цемент араластыру және цементтеуші агрегаттардың техникалық сипаттамасы мен нысанын;

цемент ерітіндісін дайындау тәсілдері мен цемент консистенциясын реттеу тәсілдерін, қолданылатын цемент маркасына қарай құюдың ұзақтығын;

ұңғыманың температурасы мен тереңдігін;

қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің сәтсіз өтуі себептерін және олардың алдын алу мен жою шараларын;

слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде;

тереңдігі 4000 м артық ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 5-разряд.

12. Трубаларды престемелеуші
Параграф 25. Трубаларды престемелеуші, 3-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды бұрғылау кезінде қолданылатын трубалардың барлық түрлері мен мөлшерлерін 10 МПа (100 кгс/см²) дейінгі қысыммен престемелеу;

трубаларды престемелеуге жүк көтеру механизмдерінің көмегімен беру;

трубаларды престемелеу орнына әкелу, сақтандыру сақиналары мен ниппельдерді престемлеу алдында бұрап алу, резьбаларды майлау, престемелеуден кейін сақиналарды бұрап кіргізу, престемелеуден кейін трубаларды шаблондау және жинау;

престемелеу жабдығын құрастыруға және бөлшектеуге қатысу, жабдықты престеуді жүргізуге дайындау, жабдық пен айлабұйымдарды алдын алу және ағымдық жөндеуге қатысу;

алғашқы құжаттаманы жүргізу.

67. Білуге тиіс:

трубаларды престемелеу технологиясы мен ережесін;

престемелеу жабдығының, жүк көтеру механизмдері мен шағын механизация элементтерінің нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын;

трубалардың, пресстемелеу арматурасының, калибрлердің, шаблондардың, щуптардың мақсаты, типтері мен мөлшерлерін;

бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және әрекет ету принциптерін;

электротехника, слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде;

трубаларды 10 МПа (100 кгс/см²) –ден 15 МПа (150 кгс/см²) дейінгі жоғары қысыммен престемелеу кезінде - 4-разряд;

трубаларды 15 МПа (150 кгс/см²) жоғары қысыммен престемелеу кезінде - 5-разряд.

13. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (бірінші)
Параграф 26. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (бірінші)
68. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесі жекелеген жұмыс түрлерін мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының басшылығымен орындау;

бұрғы қондырғысын қосуға дайындау және түсіру-көтеру операциялары кезіндегі жұмыс;

бұрғылау және айналма трубаларды төсеу, бұрғы трубаларын жинақтау және престемелеу жұмыстарына қатысу;

ұстындарды бекіту және түсіру-көтеру операциялары кезінде автоматты және машина кілттерінің жұмысын басқару;

бұрғы ертіндісін дайындау және өңдеу;

резервтік сыйымдылықтарды бұрғы ерітіндісімен толтыру, қабылдауыштағы ерітінді деңгейінің өзгеруін қадағалау;

ұңғыманың толуын бақылау;

бұрғы насостарын қосу, тоқтату және олардың жұмысын бақылау;

бұрғы насостарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

бұрғы насостарын тозған бөліктерін ауыстыру;

қиындықтар мен апаттарды жою жұмыстарына, ұңғымадағы, бұрғы қондырғысындағы айналма ұстындарды цементтеу жұмысына және ұңғыма сағасын жабдықтауға, пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынауға қатысу;

ерекше жағдайларда, бұрғышының орнында шығырда жұмыс істеу;

ұңғымада қорытынды жұмыстарын, бұрғы жабдығын алдын ала жөндеу, бригада блокпен жылжыған кезде бұрғы жабдығын монтаждауға, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу;

жүзбелі бұрғы қондырғыларынан теңіз ұңғымаларын бұрғылау кезінде су астындағы шықпаға қарсы жабдықтың пайдалану қауіпсіздігін бақылау;

төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ағыту, ұңғыма сағасын бұрғылау трубаларынан босату, теңіз стоягының тарту жүйесін ұңғыма сағасынан ажыратуға дайындау;

«Авариялық ажырату» дабылы бойынша ұңғыма сағасын босату;

тальді блоктың, кронблоктың, таль канатының, элеваторлардың, ретрактордың, машина кілттері ілмесінің таспалары мен көмекші шығыр канаттарының жай-күйін бақылау.

69. Білуге тиіс:

кен орны геологиясын, мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау технологиясын;

пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстың түрлері мен технологиялық процесін;

қолданылатын жабдықтың, механизмдердің, құралдардың нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін;

таль жүйесін жабдықтау әдістерін, марш баспалдақтарының, полаттердің, кронблок асты алаңының майшамдарын орнатуға арналған құрылғының құрылымын;

бұрғы жабдығын майлау мерзімінің картасы мен ережесін;

еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды жүргізуге қолданылатын құрал мен айлабұйымның нысаны мен құрылымын;

бұрғылау және айналма трубалардың типтерін, мөлшерлерін;

айналма трубаларды түсіруге дайындау ережесін, бұрғы ерітінділерінің параметрлерін анықтау аспаптарының нысаны мен құрылымын;

бұрғы ерітіндісін дайындау блогының құрылымын, циркуляциялық жүйелер мен жоғары қысым желілерін байламдау сызбасын;

бұрғы ерітіндісін дайындау, тазалау және регенерациялау тәсілдерін, бұрғы ерітінділері мен химреагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін;

шықпаға қарсы жабдықты орнату сызбасын және қолданылатын шағын механизация мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын;;

ЖБҚ-дан бұрғылау кезінде - теңіз ұңғымаларын бұрғылауға қолданылатын су үстіндегі және су асты жабдығының құрылымын;

теңіз ұңғымалары технологиясын;

теңіз ұңғымаларын сынау және игеру технологиясын, ЖБҚ бұрғылау кешені жабдығын алдын ала және ағымдық жөндеуді;

бұрғылау және айналма трубалардың, теңіз ұңғымаларын салу кезінде қолданылатын құралдың, айлабұйымдар мен жабдықтың нысаны мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін;

ППВО-ны, райзер мен басқа жүйелерді түсіру және көтеру технологиясын;

ЖБҚ -дан бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да басшылық құжаттарын;

теңіз кемелерінде қызмет ету жарғысын.;

қоса алынған тереңдігі 1500 м дейінгі ұңғымалард бұрғылау кезінде - 4- разряд;

қоса алынған тереңдігі 1500 м жоғары және 4000 м дейінгі ұңғымаларды, сондай-ақ еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды бұрғылау кезінде, тереңдігіне қарамастан - 5-разряд;

қоса алынған тереңдігі 4000 м-ден 5000 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 6-разряд;

қоса алынған тереңдігі 5000 м жоғары ұңғымаларды жүзбелі бұрғылау қондырғысынан бұрғылау кезінде - 7-разряд.

Мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғышысының көмекшісі (бірінші) үшін 5, 6 және 7-разрядтарға орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 27. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (екінші)
70. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесіне қатысу;

мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғышысының басшылығымен бұрғы қондырғысын қосу (екінші);

түсіру-көтеру операциялары кезінде үстіңгі жұмыстарды орындау;

бұрғы және айналма трубаларды салу, бұрғы ұстыны төменгі жағын жинақтау, бұрғы трубаларын престемелеу жұмыстарына қатысу;

бұрғы ерітіндісін дайындау және өңдеу;

бұрғы насостарын қосу, тоқтату және олардың жұмысын бақылау;

бұрғы насостарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, бұрғы насостарының тозған бөліктерін ауыстыру;

қиындықтар мен апаттарды жою жұмыстарына, ұңғымадағы, бұрғы қондырғысындағы айналма ұстындарды цементтеу жұмысына және ұңғыма сағасын жабдықтауға, пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынауға қатысу;

ұғымада қорытынды жұмыстарын, бұрғы жабдығын алдын ала жөндеу;

бригада блокпен жылжыған кезде бұрғы жабдығын монтаждауға, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу;

жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан (бұдан әрі - ЖБҚ) теңіз ұңғымаларын бұрғылау кезінде – төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ағыту жұмысына қатысу.

71. Білуге тиіс:

ұңғымаларды бұрғылаудың технологиялық регламентін;

өндірісті ұйымдастыруды, кен орны геологиясы жөніндегі негізгі деректерді, мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау технологиялық процесін;

пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстың технологиялық процесі мен түрлерін;

қолданылатын жабдықтың, механизмдердің, құралдардың нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін;

ЖБҚ-дан бұрғылау кезінде - теңіз ұңғымаларын бұрғылауға қолданылатын су үстіндегі және су асты жабдығының құрылымын, теңіз ұңғымаларын сынау және игеру технологиясын;

ЖБҚ бұрғылау кешені жабдығының құрылғысы және техникалық сипаттамасын;

жылу жүйесін жабдықтау әдісін, бұрғылау жабдықтарын майлау ережесін және картасын;

көлбеу бағытталған ұңғымаларды өткізуге арналған құралдар мен аспаптар, долоттардың, бұрғылайтын, отырғызылатын және насосты-компрессорлы трубалардың типтік өлшемдері, отырғызылатын трубаларды ұңғымаға түсіруді дайындау ережесін;

аспаптардың құрылғысы және бұрғы ерітінділерінің параметрлерін айқындау әдісін;

бұрғы ерітінділерін дайындау, өңдеу және тазалау тәсілдері;

бұрғы ерітінділері мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін, бұрғы қондырғыларының схемасын және шығарындыға қарсы жабдықты пайдалану ережесін;

шағын механикаландырылған және бақылау-өлшеу аспаптарының қолданылатын айлабұйымдарының мақсаты;

атқыма және насосты ұңғымалардың жер үстіндегі жабдықтарын, ұңғыманы бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да басшылық құжаттарын;

теңіз кемелерінде қызмет ету жарғысын.

қоса алынған тереңдігі 1500 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 4-разряд;

қоса алынған тереңдігі 1500 м жоғары және 4000 м дейінгі ұңғымаларды, сондай-ақ еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды бұрғылау кезінде, тереңдігіне қарамастан - 5-разряд;

қоса алынған тереңдігі 4000 м -ден 5000 м дейінгі ұңғымаларды ЖБҚ бұрғылау кезінде - 6-разряд;

мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғышысының көмекшісі (екінші) үшін 5, және 6-разрядтарға орта кәсіптік білім талап етіледі.

14. Ұңғымаларды пайдалану және барлау электр бұрғылау кезіндегі бұрғышының көмекшісі


Параграф 28. Ұңғымаларды пайдалану және барлау электр бұрғылау кезіндегі бұрғышының көмекшісі
72. Жұмыс сипаттамасы.:

мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау кезінде, ұңғыманы бұрғылауды телебақылау мен басқа да электр жабдық түрлеріне, бұрғы қондырғыларындағы электр жабдығына, секциялық кабельді электр сымын, телеметриялық жүйе қолданылатын электр бұрғыға қызмет көрсету;

электр бұрғыны, ток қабылдауышты, ток жеткізгіні қарау және тексеру, олардың ақауларын жою;

забойға долот беруді автоматты реттеуішті және электр бұрғыны басқару стансасын баптау;

бұрғы трубаларындағы, жұмыс штангасындағы, тиеу электр магнитті контакторындағы, сақтандыру жұмыс ауыстырғышындағы кабель секцияларын ауыстыру;

ток жеткізгіні, телеметриялық жүйе қолданылатын электр бұрғының, ток қабылдауыштың, микросхема қолданылатын электр бұрғыны пайдаланылуын қорғау құрылғысы мен басқа да арнаулы жердегі электр жабдығының техникалық дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

электр бұрғы изоляциясының шамасын өлшеу, май қысымын бақылау;

майды электр бұрғыға айдау;

бұрғы құралын түсіру кезінде контакті қосылыстарын тазалау және токжеткізгі изоляциясын өлшеу;

жұмыс істеп тұрған забой қозғағышының (электр бұрғының) қуатын ұңғыманың тереңдігіне қарай трансформатордың көмегімен реттеу;

вахталық журналды және электр бұрғымен бұрғылау кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін арнаулы материалдардың жұмсалу есебін жүргізу;

электр бұрғыны, изоляцияны бақылау құралы құрылғысын және сақиналы электр қабылдауыштың ауыстырылуына, бұрғы қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу, телеметриялық жүйе мен микросхема қолданылатын электр бұрғымен ұңғыманы бұрғылайтын арнаулы электр жабдығын қоса алғанда, электр жабдығын монтаждау және демонтаждау жөніндегі электр жөндеушінің жұмысына басшылық ету.

73. Білуге тиіс:

мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін, электротехника негіздерін;

тұрақты және ауыспалы ток электр қозғағыштарының, трансформаторлардың, электр бұрғылардың барлық түрлерінің, ток жеткізгінің және барлық арнаулы электр жабдығының құрылымын, қызмет көрсететін қондырғылар мен механизмдердің электр сызбалары мен техникалық сипаттамаларын;

электр бұрғы мен долотты беру автоматын басқару сызбасын;

электрмен қамтамасыз ету және бұрғылауды жарықтандыру сызбасын;

электр бұрғы мен ток жеткізгіні пайдалану нұсқаулығын;

еңісті ұңғымаларды бұрғылау үшін қойылған бағдарлау аппаратының құрылымы мен жұмыс принципін, және осы аппаратты пайдалану мен оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты;

бұрғылау электр жабдығын, ауа және кабель желілерін монтаждау, жөндеу, түгендеу және пайдалану жөніндегі техникалық ережені;

жерге қосу құрылғысын мен оның нысанын;

қуат коэффициентін арттыру тәсілдерін және электр энергиясын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді;

қоса алғанда 1500 м дейінгі ұңғыманы бұрғылау кезінде - 4-разряд;

1500 м жоғары ұңғыманы бұрғылау кезінде - 5-разряд.

15. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы
Параграф 29. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы, 2-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғы ерітіндісін дайындаушының басшылығымен бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу;

балшық араластырғышты немесе гидроараластырғышты балшықпен, сумен, ауырлатқышпен, химреагенттермен толтыру;

балшық араластырғышты немесе гидроараластырғышты қосу және тоқтату, жаппаларды ашу және дайын бұрғы ерітіндісін қосалқы амбарларға айдау;

бұрғыларға жөнелту үшін ерітінді тасығыштарға бұрғы ерітіндісін толтыру;

балшық араластырғыштың немесе гидроараластырғыштың жұмысын қадағалау;

ағызу шлангілері мен балшық араластырғышты шөгіндіден тазарту;

химреагенттер мен ауырлатқыштарды түсіру және тасымалдау.

75. Білуге тиіс:

балшықтың, ауырлатқыштар мен химреагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

бұрғы ерітіндісінің, ауырлатқыштар мен химреагенттердің нысанын;

бұрғы ерітіндісінің параметрлерін анықтайтын бақылау-өлшеу аппаратурасының нысанын және оны пайдалану ережесін;

химреагенттермен жұмыс істеу ережесін;

бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу жабдығы мен айлабұйымдарының нысаны мен құрылымын.

Параграф 30. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы, 3-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу;

бұрғы ерітіндісін қосалқы амбарлар мен ерітінді тасығыштарға толтыру;

бұрғы ерітіндісін дайындау және айдау кезінде насостардың жұмыс режимін іріктеу;

насостар мен жоғары қысым желілерін престемелеуге, балшық зауытында немесе бұрғылауда орнатылған насостар мен басқа да жабдықты алдын алу және ағымдық жөндеуге қатысу.

77. Білуге тиіс:

балшықтың, ауырлатқыштар мен химреагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

механикалық және гидравликалық балшық араластырғыштардың, жетекті механизмдер мен балшық зауытының басқа да жабдықтарының техникалық сипаттамасы мен жұмыс принципін, слесарь ісін, орындалатын жұмыс көлемінде.

16. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь
Параграф 31. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь, 4-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:

жекелеген афегаттарды, жүйелер мен қондырғыларды біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғыға қызмет көрсетуші слесардың басшылығымен бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау және қызмет көрсету;

бұрғы насостарының тозған бөлшектерін ауыстыру;

мұнараның, таль жүйесінің, маршты баспалдақтың жай-күйін тексеру;

сағалық және фонтанды арматураны құрастыру, бұрғы қондырғысы жабдығын демонтаждау жөніндегі жұмыстарға қатысу.

79. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;

таль желісін жабдықтау әдістерін;

бұрғы жабдығын майлау ережесі мен картасын;

шықпаға қарсы жабдықты орнату сызбасын, қолданылатын шағын механизация айлабұйымдарының және бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.

Параграф 32. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь, 5-разряд


80. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі агрегаттар мен бұрғы қондырғыларын, сондай-ақ пневмобасқару жүйелері мен оның блоктаушы құрылғыларын, құралды автоматты түсіру мен көтеру механизмдері кешенін, шықпаға қарсы жабдықты және оны басқару қондырғысын, автоматты бұрғы кілттерін, бақылау-өлшеу аспаптарын, бұрғы еретіндісін дайындау блоктарын, шығыр мен жүк көтеру крандарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау және қызмет көрсету;

айналма ұстындар мен ұңғыма сағасы жабдығын түсіру, сағалық және фонтанды арматураны құрастыру және орнату, бұрғы қондырғыларын монтаждау, демонтаждау және пайдалануға тапсыру жұмысына қатысу.

81. Білуге тиіс:

бұрғы қондырғысының жабдығы мен қолданылатын аспаптардың конструктивтік ерекшеліктерін;

бұрғы қондырғысы мен жабдығының жөндеу, құрастыру, монтаждау кезіндегі жұмысты ұйымдастыру және оның технологиялық кезектілігін;

бұрғы қондырғысының жабдығын пайдалану ережесін, оларды жөндеу кезінде қолданылатын барлық материал түрлерін;

бөлшектердің уақытынан бұрын тозуын айқындау тәсілдерін;

машиналар мен агрегаттарды статикалық және динамикалық теңгермелеуді;

тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін;

мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі деректерді;

тораптар мен механизмдерді майлау жүйесін;

мұнай мен газды пайдалану және тереңнен барлап бұрғылау қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.

82. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

17. Бұрғы құлыптарын орнатушы
Параграф 33. Бұрғы құлыптарын орнатушы, 4-разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:

бөлшектерді бұрғылау трубаларына ыстық күйінде және тез балқитын бұрғы трубаларына суық күйінде орнату;

трубалардың, құлыптардың, муфталардың резьба элементтерін тексеру және оларды калибрлеу процесінде ақауға шығару;

құлып бөлшектерін трубаға тартпа бойынша селективті іріктеу;

резьбаларды барлық жүйедегі калибрлер бойынша өлшеу;

калибрлердің, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдың жай-күйін бақылау;

құлып бөлшектерін түрлі қыздыру пештерінде қыздыру;

құлып бөлшектерін қыздыру температурасын және олардың бекітілу сапасын бақылау.

84. Білуге тиіс:

трубалардың, құлыптардың, муфталардың, қолданылатын калибрлердің, өлшеу құралдарының нысанын, типі мен мөлшерін;

резьба түрлері мен оларға белгіленген шектеулерді;

трубалардағы таңба мағынасын;

құлып бөлшектерін суық жағдайда бекіту сәтінің шамасы мен ережесін;

қыздыру пештерінің құрылымын;

құлып бөлшектерін қыздыру температурасын анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;

трубаның барлық түрлерінің резьбасын майлауға арналған пастаның құрамы мен нысанын;

механикалық кілттің құрылымын және оны басқару ережесін.

18. Бұрғыға қызмет көрсетуші электр монтері


34. Бұрғыға қызмет көрсетуші электр монтері
85. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғы қондырғыларының электр жабдығына, кернеуі 6 киловольт (бұдан әрі – кВ) дейінгі электр қозғағыштардың таратып бөлу құрылғыларына, кернеуді басқару стансаларына, насос жетектеріне, шығырлар мен басқа да жабдықтарға, долоттың берілуін реттеуішті басқару стансасына, түсіру-көтеру операциялары автоматының электр ұнтақты тежегішіне қызмет көрсету;

қайталама коммутация және релелік қорғаныс сызбаларына: ток, дифференциалдық және тағы басқа қызмет көрсету;

автоматты басқарылатын кернеуі 6 кВ дейінгі электр жабдығы мен жетектеріне қызмет көрсету;

бұрғы қондырғыларының барлық электр жабдықтары мен жерге қосу құрылғыларын монтаждан кейін қабылдау, электр қозғағыштарды инженер-техникалық персоналдың қадағалауымен сынап қосу;

электротехникалық жабдықтың күрделі сызбалары мен и құрылғыларындағы ақауларды тексеру және жою;

электр қозғағыштарды басқарудың контактісіз элементтерде (тиристорлы сызбамен) жасалған күрделі басқару сызбаларындағы ақауларды тексеру және жою;

электр жетектердің тиристорлық өзгерткіштері жәшіктерін реттеу және баптау;

электрлі машинамен басқарылатын, ток пен кернеу бойынша кері байланысты агрегат электр жабдығына қызмет көрсету;

электр қазандықтарына қызмет көрсету және жөндеу;

бұрғы қондырғысының электр жабдығының таратып бөлу құрылғысын ұңғыманы бұрғылау процесінде жөндеу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

86. Білуге тиіс:

мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын анықтауға бұрғылаудың технологиялық процесін, электротехника, телемеханика және электротехника негіздерін;

электр машиналарының, аппараттардың, өлшеу аспаптарының, автоматты реттеу және телемеханика құрылымы мен электр сызбаларын;

электр жабдығын, кабельді және ауа желілерін сынаудан өткізу әдістерін;

қызмет көрсететін нысанның және бұрғы қондырғысының әр учаскесінің толық электр сызбасын;

күрделі электр аспаптарын, өлшеу, пісіру және күштік трансформаторларды, түзеткіштерді, насостардың, шығырлардың, роторлар мен долот беру автоматтарының қозғағыштарын тиристорлық басқару сызбасын қоса, автоматты реттеу аспаптарын жөндеу және баптау ережесін;

өзгерткіштер мен әртүрлі генераторлардың жұмыс принципін;

электр машиналары мен аппараттарының жекелеген бөліктерін бұрғылау жағдайында ауыстыру тәсілдерін;

қуат коэффициентін арттыруға арналған статикалық конденсаторларға деген қажеттілік есебін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесін.

87. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

негізгі агрегат ретінде қоса алғандағы қуаты 320 кВт дейінгі (қоса алғанда) асинхронды электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 4-разряд;

негізгі агрегат ретінде тұрақты ток электр қозғағыштары, синхронды жоғары вольтті қозғағыштар немесе қуаты 320 кВт жоғары 500 кВт дейінгі 320 кВт дейінгі синхронды және асинхронды электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 5-разряд;

негізгі агрегат ретінде қуаты 500 кВт жоғары, тұрақты және ауыспалы ток электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 6-разряд.


жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау