1 бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 0,7 Mb.
бет4/5
Дата27.01.2020
өлшемі0,7 Mb.
#27423
1   2   3   4   5
:

қондырғылардың технологиялық регламентіне сәйкес жеңіл көмірқышқылдардың кең фракциясын іріктей отырып мұнайды сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру процесін жүргізу;

технологиялық параметрлерді: технологиялық аппараттардағы температураны, қысымды, шығыстарды, фазааралық деңгейлерді реттеу және бақылау;

деэмульгаторлар мен сілті ерітінділерін дайындау, тұщы суды дозалау;

тұрақсыз бензинді сілтілендіру;

тұрақсыз бензинді тұтынушыға тапсыру;

дайындалған мұнайдың, тұрақсыз бензин санының және химиялық реагенттер шығысының есебін жүргізу;

насостар мен технологиялық жабдыққа қызмет көрсету, сақтандыру құрылғыларының жұмысын тексеру, мұнай пеш-қыздырмаларына қызмет көрсету;

технологиялық аппараттарды жөндеуге дайындау, аппараттарды жөндеуге және жөндеуден қабылдап алуға қатысу.

118. Білуге тиіс:

мұнайдың, газдың, химиялық реагенттердің, бензиннің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғының, аппаратураның, жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін;

су мен тұздың мұнайды одан әрі өңдеуге әсерін, зертханалық бақылау әдістерін;

эмульсияны бұзудың негізгі әдістерін;

қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану ережесін;

қондырғыдағы ықтимал апаттарды жою ережесін;

слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде;

біліктілігі анағұрлым жоғары сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысы операторының басшылығымен сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысында жұмыс істеу кезінде - 3-разряд;

біліктілігі анағұрлым жоғары сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысы операторының басшылығымен сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысында немесе электрмен тұзсыздандырушы және орнықтыру қондырғыларында жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

электрмен тұзсыздандырушы және орнықтыру қондырғыларында жұмыс істеу кезінде - 5-разряд.

31. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператор
Параграф 14. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператор, 5-разряд
119. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператордың басшылығымен гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялау процесін жүргізу. 70 Мп (700 кгс/см²) дейінгі қысым кезінде жабдықты гидравликалық үзуді жүргізуге дайындау;

жоғары қысым желілерін құрастыру және бөлшектеу;

айдалатын сұйық көлемін өлшеуді жүргізу;

сұйық пен құмның агрегат насосына берілуін реттеу;

аспаптарды ұңғыма сағасына орнату, оларды сағалық арматурамен қосу, қабатты гидро үзу кезінде аспаптардың жұмысын қадағалау, аспаптар мен жабдықтарға қызмет көрсету және оларды алдын ала жөндеу;

жабдықты гидроқұм ағынды перфорациялауға дайындау.

120. Білуге тиіс:

ұңғыманың, жоғары қысыммен жұмыс істейтін сағалық жабдықтың, қолданылатын механизмдердің, құрал мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, пайдалану ережесін;

қабатты гидро үзудің технологиялық процесін, қабаттың физикалық қасиеттерін;

мұнай мен газдың ұңғыма забойларына қарай жылжуы туралы негізгі деректерді;

мұнай және газ кен орындары режимін;

қабатқа әсер ету әдістерін, ұңғыма сағасының байламын;

гидро үзу сұйықтарын дайындауды.

15. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператор, 6-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:

70 Мпа (700 кгс/см²) жоғары қысым кезінде гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялау процесін жүргізу;

картограмманы орнату және тіркеуші электронды шығыстарды өлшеуіш пен манометрдің көрсеткіштерін қадағалау;

ұңғыма сағасының байламына қызмет көрсету және оны жөндеу.

122. Білуге тиіс:

гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялаудың әртүрлі технологиялық сызбалары кезінде жабдықтың және ұңғыма сағасы байламының сызбасын;

айдалатын сұйықтар мен құм жеткізгіштердің құрамын және дайындау тәсілдерін;

сұйық пен құмның қажетті көлемін есептеуді;

гидравликалық үзу кезінде қолданылатын жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасын:

32. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор


Параграф 16. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 3-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымалардың, газды кешенді дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, газды жерасты сақтау стансаларының берілген жұмыс режимін ұстауға және жүзеге асыруға және түрлі пайдалану тәсілдерімен мұнай, газ, газ конденсатын өндіру технологиясымен байланысты басқа да жұмыстарға қатысу;

мұнай кәсіпшілігі жабдығына, қондырғылар мен труба құбырларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін алу;

талдау жасау үшін сынама іріктеу;

ДНС, топтық өлшеу құрылғылары (бұдан әрі – ГЗУ) есеп тораптары арқылы мұнай мен суды өлшеуге қатысу.

124. Білуге тиіс:

мұнай мен газ ұңғымаларының құрылымын;

ұңғыманың жердегі жабдығының, қолданылатын құралдың, айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оған қызмет көрсету ережесін;

мұнай, газ, газ конденсатын өндіру, жинау және тасымалдау, газды іріктеу мен айдау технологиялық процесі туралы негізгі деректерді;

қолданылатын реагенттердің негізгі химиялық қасиеттерін;

жеке қорғану құралдарының жұмыс принципін.

17. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 4-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі технологиялық процесті жүргізу, жабдыққа қызмет көрсету, монтаждау және демонтаждау;

ұңғыманың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, газды және газ конденсатын жер астында сақтау стансалары мен мұнай, газ, газ конденсатын өндірумен және газды жер астында сақтау технологиясымен байланысты басқа да объектілердің берілген жұмыс режимін қолдау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

қарапайым мұнай кәсіпшілігі жабдығының жекелеген тораптары мен механизмдері мен арматураны бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

ұғымадағы насос-компрессор трубаларды механикалық және автоматты қырғылармен және реагенттерді, еріткіштерді, ыстық мұнай мен буды қолдана отырып парафин мен шайырдан тазарту;

ұңғыманың жерасты және жер бетіндегі жабдықтары мен шықпа желілерді жоғары қысымды бумен өңдеу;

ұңғыма дебитін автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысында өлшеу;

бақылау және автоматика аспаптарының көрсеткіштерін шешу;

ұңғыма мен басқа да мұнай кәсіпшілігі жабдығының жұмысындағы барлық ақаулар туралы жұмыс басшысы мен операторға ақпарат ұсыну;

біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен газ лифт коммуникацияларына (газ манифольдарға, газ сепараторларына, жылуды ауыстырғыштарға)техникалық қызмет көрсету;

газ құбыры жұмысының параметрлерін өлшейтін аспаптардың көрсеткіштерін жазып алу, газ бен сұйық шығысын есептеу, газды кешенді дайындау құрылғылары(бұдан әрі – УКПГ), цех жұмысының режимдік парақтарын жүргізу.

126. Білуге тиіс:

мұнай, газ кен орындары туралы негізгі деректерді;

ұңғыманың жердегі жабдығы мен қондырғыларына, қолданылатын құрал мен айлабұйымдарға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету және оларды пайдалану ережесін;

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің, жинаудың, тасымалдаудың, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін;

қызмет көрсететін учаскедегі мұнайды, газ, газ конденсатын жинаудың, тасымалдау сызбасын;

қызмет көрсететін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика және телемеханика құралдарының құрылымын.

Параграф 18. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 5-разряд


127. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ұңғымаларды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарына қатысу;

труба құбырларын, технологиялық жабдықты престемелеуге қатысу;

жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникацияларды монтаждау, демонтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

гидрат құрылымдардың, парафин, шайыр, тұз шөгінділерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу және осы жұмыстарды жүргізу үшін реагенттерді есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлердің шамасын өлшеу;

ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және беру, автоматика мен телемеханика құралдарының жұмысын бақылау;

ұңғымаларды зерттеу жұмыстарына қатысу;

газлифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету;

насос жабдығына ағымдық қызмет көрсету.

128. Білуге тиіс:

мұнай, газ кен орындары, шөгінді режимі туралы негізгі деректерді;

мұнайдың, газдың, газ конденсатының физикалық-химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсететін ұңғыманың технологиялық режимін;

кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының, жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникациялардың, автоматика мен телемеханика құралдарының құрылымы мен жұмыс принципін;

мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнай және газ кен орындарын дайындау, ұңғымаларды жер асты (ағымдық) және күрделі жөндеу әдістері туралы негізгі деректерді;

кәсіпшілік электр жабдығын пайдалану және электротехникалық қондырғыларда жұмыс істеу ережесін.

Параграф 19. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 6-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың режимін қолдау және жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;

ұңғымаларды, өнімділігі тәулігіне 500 м³/ дейінгі электр тиеу ортадан тепкіш насостарды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарын жүзеге асыру;

факел жүйелерінің құрылғыларын баптау, кешенді газ дайындау, газды тазарту және кептіру кешенді қондырғыларына, жұмыс қысымы 15 Мпа (150 кгс/см²) дейінгі тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету;

қарапайым және күрделілігі орташа мұнай кәсіпшілігі жабдығын, қондырғыларын, механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникацияларды монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету;

ұңғымаларды күрделі және ағымдық жөндеуге дайындау және оларды жөндеуден кейін қабылдап алу жұмыстарына қатысу;

ұңғымаларды зерттеуге, игеруге және пайдалануға қосуға дайындау;

жер бетіндегі және астындағы жабдық ақауларының сипатын анықтау;

жер бетіндегі және астындағы жабдықтағы, автоматика және телемеханика құралдары жұмысындағы ақаулардың сипатын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау;

жергілікті автоматиканың жарамсыз блоктарын ауыстыру, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу;

күштік және жарық беру желісіндегі, қосуды реттеу аппаратурасы мен электр қозғағыштарындағы ақаулардың себебін анықтау және қарапайым зақымдарды жою;

газлифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қатысу және басшылық ету;

біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

130. Білуге тиіс:

мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін;

жер бетіндегі және астындағы жабдықтардың құрылымын, техникалық сипаттамасын, ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін;

мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін;

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымын және оларды пайдалану ережесін;

монтаждау және принципті сызбаларды, қызмет көрсететін жабдықты, автоматика мен телемеханика аппаратураларын пайдалану ережесін;

радиотехника, электротехника, автоматика және телемеханика негіздерін.

131. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 20. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 7-разряд


132. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды және ұңғымалардың жұмыс режимін қолдау мен жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;

мұнай және газ ұңғымаларын пайдаланудың берілген коэффициентін қамтамасыз ету;

өнімділігі тәулігіне 500 м³/жоғары электр тиеу ортадан тепкіш насостарды, редукциялау тораптарына метанолды беруге арналған дозалаушы насостарды, газлифті мен бірнеше рет түсірілетін және басқару стансасының көмегімен ажыратылатын штангалы насостармен әрі өзінің режиміне сәйкес ұңғыма өнімі алынғанға дейін айдап шығарылатын сұйықтың параметрлерін бақылауды жүргізумен жабдықталған ұңғымаларды берілген режимге шығару;

қысымы 15 Мпа (150 кгс/см²) жоғары газды айдай отырып, қабат қыс ымын ұстап тұру әдісін пайдалану кезінде тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету;

күрделі технологиялық жабдықты, электрмен тиеу ортадан тепкіш қондырғыларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету;

нысандарды жерасты (ағымдық) және күрделі жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу;

нысандарды жөндеуден қабылдау, оларды жөндеуден кейін баптауға және іске қосуға қатысу;

іске қосылатын электр жабдығын, басқару стансаларын, автоматика және телемеханика блоктарын монтаждауға қатысу, автоматика және телемеханика жүйелерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау;

бригадалық мұнай есебі тораптарының жұмысын бақылау;

технологиялық мұнай құбырларын, алаң ішіндегі газ құбырларын, газоманифольдарды үлеу алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру;

ұңғыма лифтінің герметикалылығын сынау, ұңғыма камераларын газбен үрлеу жұмыстарына қатысу;

газоманифольдарын жоспарлы-алдын ала жөндеу (диафрагмаларды, ершіктерді, шар клапандарын ауыстыру және тағы басқа ) жұмыстарына қатысу;

учаскеге қызмет көрсету жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу;

біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

133. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын;

жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың техникалық сипаттамасын;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін;

мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін, кәсіпшіліктерді кешенді автоматтандыру кезінде қолданылатын автоматика, телемеханика және бағдарламалық құрылғылардың құрылымын, пайдалану ережесін, автоматика және телемеханика негіздерін.

134. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

33. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор


Параграф 21. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 3-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:

Ұңғыма тереңдігін, сұйықтың және су бөлімінің деңгейін терең шығырдың көмегімен өлшеу, ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау;

забойдың тереңдігін, сұйықтың деңгейін, дебит өлшемін дебитомермен өлшеу;

мұнай мен газ дебитін дебитомермен өлшеуге, ұңғымаларды динамометрлеуге, ұңғымаларды тереңдік аспаптарымен зерттеуге қатысу, зерттеу аспаптары мен тереңдік шығырларын алдын ала қарау. Дайындық-қортынды операцияларын жүргізу.

136. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын;

ұңғымаларды пайдалану тәсілдері мен оларды зерттеу әдістерін;

ұңғыманың. шығырлардың, динамографтардың, қашықтықтан тіркейтін аспаптардың сағалық жабдығының нысанын, құрылымын және пайдалану ережесін;

өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желісіне қосу ережесін.

Параграф 22. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор 4-разряд


137. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау, пайдалану және тығыздау ұңғымаларындағы забойлы және қабаттық қысымды өлшеу;

ұңғымадағы сұйықтың деңгейін эхолот пен волномердің көмегімен өлшеу, сұйық деңгейінің қалпына келуін (түсуін) қадағалау;

мұнай мен газ дебитін өлшеу және газ факторын анықтау;

қашықтықтан өлшеу аспаптарымен (дебитомер, расходомер, термометр, влагомер, манометр, газоанализатор) зерттеулер жүргізуге қатысу;

зерттеу жұмыстарының нәтижелерін анықтау;

автомобильді немесе тракторды басқару;

аппаратура мен жабдықты ағымдық жөндеу.

138. Білуге тиіс:

мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін, ұңғымаларды зерттеу әдістерін;

ұңғыманың жер бетіндегі жабдығының және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасы мен нысанын, тереңдік аспаптарын, мұнай-газ дебитін өлшеу және газ факторын анықтау аспаптарын пайдалану ережесін;

өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желілеріне қосу ережесін.

Параграф 23. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 5-разряд
139. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды тереңдік, қашықтықтан және тіркеуші аспаптармен зерттеу түрлерін жүзеге асыру;

индикаторлық қисық пен қысымды қалпына келтіру қисықтарын түсіріп алу;

насос-компрессор трубаларын шаблондау, забойды және ұңғымалардағы сұйықтың деңгейін майыстырылған оқпанмен шыңдау;

газ факторын өлшеу, жоғары қысымды фонтан және компрессор ұңғымаларын арнаулы лубрикаторлар мен трап-сепараторлар арқылы, сұйықтың, газдың және газ конденсаты қоспаларының сынамасын ала отырып өлшеу;

қабаттарды гидротыңдау жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу;

сынама алғышпен мұнай мен судың терең сынамаларын алу;

зерттеу материалдары бойынша алдын ала қорытындылар дайындау;

ұңғымаларды зерттеу материалдарын өңдеу;

автомобильді немесе тракторды басқару;

зерттеу аппараттарын, аспаптар мен тереңдік шығырын ағымдық жөндеу.

140. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын;

мұнайдың, судың және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін, қабат қысымын ұстап тұру әдістерін;

ұңғыманың жердің бетіндегі және астындағы жабдығы мен зерттеу аппаратурасының нысаны мен техникалық сипаттамасын;

зерттеу материалдарын өңдеу әдістемесін, қисықтар мен графиктерді жасау техникасын;

ұңғымалардың өнімділік коэффициентін анықтау әдісін.

141. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 24. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 6-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары біліктілікті талап ететін күрделі зерттеу жабдығын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету;

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу;

нысандарды жөндеуден қабылдап алу және оларды жөндеуден кейін баптауға және қосуға қатысу;

микропроцессорлі блоктармен жабдықталған жабдықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу және дербес электр есептеу машинасынын (бұдан әрі – ПЭВМ) пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін өңдеу;

қабаттардағы жол берілетін шекті депрессияларды анықтау үшін арнаулы зерттеулер жүргізу;

түрлі күрделі қиындықтармен жұмыс істейтін ұңғыма жұмысының оңтайлы технологиялық режимін таңдау;

мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын бақылау жөніндегі оперативтік картталарды жасау.

143. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын, забой жанындағы аумақ қабатын интенсивтендірудің негізгі әдістерін, кен жұмыстау жобасының негізгі ережелерін;

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нысанын, құрылымы мен пайдалану ережесін;

информатика және есептеу техникасы негіздерін.

144. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

34. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор


Параграф 25. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор, 3-разряд
145. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымалары жөндеуге дайындау;

таль жүйесін жарақтау және жарақсыздандыру жұмыстарын орындау, таль блогын, ілмені ілу және босату;

тарта таспаларды, кронблок таспаларын, тартқыларды ауыстыру;

трубаларды ластан және парафиннен тазарту және жуу, забой жаны аумағын өңдеу процесіне дайындау жұмыстарын орындау;

еденді, көпіршелер мен марш баспалдақтарын жөндеу;

трубалар мен штангаларды сұрыптау, муфталарды, сақиналар мен ниппельдерді бұрау және бұрап алу;

трубалар мен штангаларды төсеу;

қажетті реагенттерді, ерітінділерді, сұйықтарды жасауға қатысу;

ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі такелаж, ағаш ұстасы, слесарлық және топырақ жұмыстарын орындау;

жылжымалы көтеру құрылғылары (мұнараларды, мачталарды) мен агрегаттардың орнын ауыстыруға, орнатуға, ұңғымаларды тексеруге және орталандыруға, ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында тұншықтыруға қатысу.

146. Білуге тиіс:

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, агрегаттардың, материалдардың, құралдар мен реагенттердің нысаны мен түрлерін, таль жүйесінің жарақтары түрлерін;

көтеру құрылғыларын (мұнараларды, мачталарды) және оларды бекіту ережесін;

такелаж, ағаш ұстасы, слесарлық және топырақ жұмыстарын негізгі түрлерін;

тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қолданылатын негізгі айлабұйымдарды;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу түрлерін;

біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператордың басшылығымен жұмыс кезінде - 2-разряд.

Параграф 26. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор, 4-разряд
147. Жұмыс сипаттамасы:

жылжымалы құрылғылар (мұнаралар, мачталар) мен агрегаттарды орнату, тексеру және орталандыру;

штангаларды ілуге арналған жабдықты және балансир ұшын бұруға арналған айлабұйымдарды тексеру және монтаждау, ақауларын жою;

ұңғымаларды өшіруге арналған түрлі ерітінділерді жасау;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында өшіру және разрядтау процесіне қатысу, жөндеуден кейінгі қорытынды жұмыстар.

148. Білуге тиіс:

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу технологиясын;

жер астында және күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, агрегаттардың нысанын, түрлері мен техникалық сипаттамасын;

ұңғыма сағасындағы көтеру құрылғыларын орнату және орталандыру ережесін, мұнара монтаждау жұмыстарын жүргізу ережесін.

Параграф 27. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор, 5-разряд


149. Жұмыс сипаттамасы:

жылжымалы құрылғылар (мұнаралар, мачталар) мен агрегаттардың орнын ауыстыру, олардың ұңғымаға орнатылуы мен орталандырылуын бақылау. Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында өшіру және разрядтау, жөндеуден кейін жуу;

күштік және жел тартылымдарының орналасуын анықтау және орнату;

жабдықты, жылжымалы құрылғылар мен агрегаттарды ұңғыманы жөндеудің берілген технологиялық процесіне орай орнату және монтаждау;

біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық жасау.

150. Білуге тиіс:

көтеру құрылғыларының орнын ауыстыру ережесін;

мұнараның қосындылары мен бөліктеріндегі ауытқуларды жою тәсілдерін;

ұңғымаларды түрлі ерітінділермен тұншықтыру тәсілдерін;

көтеру құрылғыларын (мұнараларды, мачталарды) орнынан ауыстыру бағытының сызбасын;

ерітінділерді дайындау тәсілдері мен оларды қолдану әдістерін.

35. Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор


Параграф 28. Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор, 3-разряд
151. Жұмыс сипаттамасы:

10 МПа (100 кгс/см²) дейінгі қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 3600 м³/ дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету;

конденсатты ылғал бөлгіштен түсіру, айдау ұңғымалары сағалық жабдығының, ылғал бөлгіштің жарамдылығын қадағалау және оларды жөндеуге қатысу;

таратып бөлу будкаларындағы батарея байламдарының жарамдылық жай-күйін қадағалау;

магистральдік және жұмыс труба құбырларын жүйелі аралап қарау, олардың жарамдылығы жай-күйін қадағалау және жөндеуге қатысу;

ұңғымалардың қабылдауыштығын арттыру жұмыстарына қатысу;

тіркеуші құралдардың көрсеткіштерін қадағалау және көрсеткіштер есебін жүргізу;

труба құбырларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қатысу;

айдау ұңғымалары мен су арналарынан сынама алу;

қабатқа жұмысшы агентті сіңірудің вахталық журналын жүргізу.

152. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасы мен оны пайдалану тәсілдерін;

қабат қысымын ұстап түру әдістерін;

айдау ұңғымаларының магистральді су арналары жабдығын пайдалану ережесін мен нысанын;

қабатқа сіңірілетін судың, газ бен ауаның сапасына қойылатын негізгі талаптарды;

труба құбырларын қосу сызбасын;

таратып бөлу батареяларының құрылымын;

бақылау-өлшеу аспаптарының (расходомерлердің, водомерлердің, манометрлер мен тағы басқа ) құрылымыммен нысаны туралы негізгі деректерді.


Параграф 29. Қабат қысымын ұстап тұру өніндегі оператор, 4-разряд


153. Жұмыс сипаттамасы:

10 МПа-ден 12,5 МПа-дейін және одан жоғары (100-125 кгс/см²) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 3600 м³/-тан 7200 м³/дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету;

ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізуге қатысу;

қабатқа жұмысшы агентті берілуін реттеу;

айдау ұңғымаларының жердегі жабдығын монтаждауға, демонтаждауға және жөндеуге қатысу;

айдау ұңғымаларының, таратып бөлу құрылғыларының режимін белгілеу жұмыстарына қатысу;

қорғау автоматикасы мен таратып бөлу пункттеріндегі бақылау-өлшеу аспаптарының ұсақ ақауларын жою.

154. Білуге тиіс:

мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін, айдау ұңғымаларын зерттеудің негізгі әдістерін;

құбырларды қосудың бөлшектік сызбасын;

айдау ұңғымалары мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын, пайдалану ережесін

параграф 30. Қабат қысымын ұстап тұру өніндегі оператор, 5-разряд


155. Жұмыс сипаттамасы:

12,5 МПа (125 кгс/см²) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 7200 м³/жоғары көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету;

ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу;

айдауды есептеу пункттерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау;

труба құбырларын қорғау құралдары мен ұңғыманы коррозиядан қорғау жабдығының жұмысын бақылау;

айдау ұңғымаларын күрделі және ағымдық жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу;

айдау ұңғымаларын жөндеуден қабылдап алу және оларды игеру, пайдалануға қосу;

автоматика, телемеханика және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау;

вахта журналын және жұмысшы агентті сіңіру есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу;

вахта жұмысына басшылық ету.

156. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын;

мұнай шөгіндісіне әсер ету жүйелерін, жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың нысанын, құрылымын;

насос стансасының, таратып бөлу құрылғысының, айдау ұңғымасының байламы сызбасын;

айдау ұңғымасын ағымдық және күрделі жөндеу түрлерін;

ұңғыманың қабылдауыштығын көбейту, айдау ұңғымаларын игеру және зерттеу әдістерін;

автоматика, телемеханик, бағдарламалық құрылғылары жүйелерінің нысанын, құрылымын, пайдалану ережесін.

36. Ұңғымаларды жер астында жөндеу операторы


Парагараф 31. Ұңғымаларды жер астында жөндеу операторы
157. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды жер астында жөндеу жұмыстарын орындау;

бір қатарлы және екі қатарлы лифтілерді, парафинделген трубаларды, терең насостарды, бөліп пайдалану жабдығын, газлифті клапандарын ауыстыру;

терең насостарды сіңіруді өзгерту, үзіктерді, штанга қайырмаларын жою, құралдар мен сымдарды алып шығу жұмыстары;

терең насос пен плунжердің төменгі клапанын жуу;

құм зәкірлерді бөлшектеу және тазалау;

ұңғымаларды құм тығындардан, балшықты ерітіндіден жуу, тазалау;

ұңғымаларды ыстық мұнаймен және басқа да химиялық реагенттермен жуу;

ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды жою, пайдалану ұстыны мен насос-компрессор трубаларын парафиннен, тұз бен шайыр шөгінділерінен тазарту;

забойды уата отырып ұңғымаларды шаблондау;

ұңғыманы пайдаланудың бір тәсілінен екіншісіне ауыстыру;

қабылдау клапандары мен кескілерді орнату және алып тастау;

циркуляциялық механикалық клапандарды ашу және жабу, ұңғыманың жер асты жабдығын престемелеу

түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманың сағалық жабдығын құрастыру және бөлшектеу;

жабдықты, құралды, салмақ индикаторын профилактикалық күтімді жүзеге асыру;

ұңғыманы жер астында жөндеумен байланысты тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу;

ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу;

жылжымалы агрегаттарды, құрылғылар мен канат техникасын орнату және бекіту;

дайындау бригадалары жоқ кәсіпшіліктерде, көтеру құрылғыларын орнатумен және қосалқы-көмекші жұмыстарды атқарумен байланысты барлық жұмыстарды (ұңғыманы жөндеуге дайындау, ұңғымаларды тұншықтыру және тағы басқа) орындау;

ұңғымалардағы, штепсель ажыратқыларымен жабдықталған электр жабдығы мен жарық беру аппаратураларын қосу және ажырату;

канат техникасын басқару.

158. Білуге тиіс:

ұңғыманы пайдалану тәсілдерін;

газ, мұнай және айдау ұңғымаларының құрылымын;

түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманы жер астында жөндеу, игеру және тұншықтыру өндірісі технологиясын;

ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын көтеру құрылғыларын (мұнараны, мачтаны), таль жүйесі мен оның элементтерін, терең насостарды, газлифт клапандарын, канат техникасын пайдалану ережесін, олардың құрылымы мен нысанын;

насос-компрессор трубалары мен штангаларын, кабель орағышты, салмақ индикаторын механикалық бұрау және бұрап алуға арналған автоматтардың құрылымы мен жұмыс принципін;

көтеру-түсіру операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдарының нысаны мен құрылымын;

гидро- және пневмо жүйелер туралы негізгі деректерді және олардың құрылымын;

көтерілетін жүгіне қарай таль жүйесін пайдалану тәсілдерін және оларды жарақтандыру есебін;

канат жұмыстарын орындау кезіндегі шекті жүктемені және жылдамдықты;

шықпаға қарсы жабдықтың (шағын габаритті превенторларды) құрылымын және оны орнату ережесін;

гидравликалық терең шығыр мен тюбинг қондырғысының құрылымын, қызмет көрсету және оларды басқару тәсілдерін;

газ-құм зәкірлердің түрлерін және оларды қолдану ережесін,ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын құралдардың түрлері мен оларды пайдалану ережесін;

түрлі жарақтандыру мен түрліше ұңғыма жабдығы кезінде трубалар мен штангаларды көтеріп түсірудің шекті жылдамдығын;

құм тығынын жуу процесінің есебін;

еңбекті ұйымдастырудың қолданыстағы нұсқаулық карталарын;

станок-качалканы, жарық беру аппаратурасын қосу ережесін;

І санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде - 4-разряд;

І санаттағы немесе ІІ санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде - 5 разряд;

ІІІ санаттағы ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде - 6-разряд;

тереңдігі 3000 м астам ұңғыманы, тереңдігі 2000 м астам жазық ұңғымаларды немесе газ лифт әдісімен пайдаланылатын ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде - 7-разряд.

6 және 7- разрядтағы ұңғымаларды жер астында жөндеу операторлары үшін орта кәсіптік білім талап етіледі.

37. Газ жинау жөніндегі оператор


Параграф 32. Газ жинау жөніндегі оператор, 2-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары газ жинау жөніндегі оператордың басшылығымен сепараторларға, газ құбырларына, газды таратып бөлу құрылғылары мен газ шаруашылығының басқа да нысандарына қызмет көрсету;

газ шаруашылығы нысандарын аралап көру және олардың жай-күйін тексеру, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;

сепараторлар мен газ құбырларын үрлеу;

сепараторлардағы сұйықтың деңгейін қадағалау;

жабдықтар мен аппаратураны ағымдық жөндеуге қатысу, жарамсыз жаппаларды ауыстыру, прокладкаларды ауыстыру, сальниктерді толтыру;

газ құдықтарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету;

қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау.

160.Білуге тиіс:

мұнайды, газды және конденсатты өндіру, жинау және тасымалдау технологиясы жөніндегі негізгі деректерді;

қоспалардың жарылыс қауіпті негізгі қасиеттерін, олардың улылығын;

сепараторларға, газ құбырларына, газ таратып бөлу құрылғыларына, жаппа құрылғыларына, сақтандырушы, кері және реттеуші клапандарға, қысым мен деңгей реттеуіштеріне, қолданылатын басқа да бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету ережесін, олардың құрылымы мен нысанын.


33. Газ жинау жөніндегі оператор, 3-разряд


161. Жұмыс сипаттамасы:

сепараторларға, газ құбырларына, газды таратып бөлу құрылғылары мен газ шаруашылығының басқа да нысандарына қызмет көрсету;

мұнайдың газ жинау желілеріне жетуінің, газ құбырларында гидратты және сұйық тығындардың пайда болуының, газ құбырлары учаскелерінде қысым артуының алдын алу, газдың технологиялық шығындарын азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

газ құрамында күкірт сутегінің болуын анықтау үшін сынама алу;

аппараттар мен газ құбырлары қабырғаларын оқшаулаудың қалыңдығы мен сапасын анықтау;

телемеханиканың ауа және кабель желілерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстау;

метал коррозиясымен күрес жұмыстары өндірісі;

газ құбырларын шурфтау;

қызмет көрсететін жабдықты, аппаратураны ағымдық жөндеуді жүргізу;

жабдықтың және газ құбыры жұмысының, газды өндіру және пайдалану, газдың технологиялық шығыны журналдарын жүргізу.

162. Білуге тиіс:

мұнай мен газды өндірудің, сепарациялаудың технологиялық процестерін;

газ жинау тораптары коммуникацияларының сызбасын;

газдардың, қолданылатын ингибиторлардың қасиеттерін;

күкірт сутекті газды жинау мен тасымалдау ерекшеліктерін;

газ факторын, технологиялық газ шығынын анықтау әдістерін;

газ жинау желілері мен газ құбырларында гидраттың пайда болуы себептерін және олармен күрес әдістерін;

газ нысандарының, жабдығы мен аппараттардың техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету және қалыпты технологиялық жұмыс режимін ұстап тұру ережесін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және телемеханик құралдарының құрылымы мен техникалық сипаттамасын.

Параграф 34. Газ жинау жөніндегі оператор 4-разряд


163. Жұмыс сипаттамасы:

топтық қондырғыларға, насос стансаларына, соңғы сепарациялау сатыларына, жинау пункттері мен тауар парктеріне қызмет көрсету;

автоматтандырылған жабдықты берілген технологиялық жұмыс режиміне шығару;

негізгі автоматтандыру құралдарының жұмысын бақылау;

жер бетіндегі және астындағы жабдық пен коммуникацияларды, жабу, үзуші, сақтандыру және реттеуші арматураны жөндеуді ұйымдастыру және соған қатысу;

газ және конденсат шығынын қысқарту, газды жинау, дайындау және тасымалдау технологиялық процестерін жетілдіру жөніндегі техникалық және технологиялық іс-шараларды жүзеге асыру;

ауа сынамасын алу және газ талдағыштарды пайдалана отырып оның газдылығына талдау жасау;

звеноның, бригаданың жұмысына басшылық ету.

164. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын;

жер бетіндегі жабдықтың, ұңғымалардың, мұнай мен газды сепарациялау пункттерінің нысаны мен құрылымын;

газ және газ конденсатын жинау мен тасымалдаудың технологиялық сызбасын;

газ факторын анықтаудың, қысым мен деңгей реттеуіштерінің, мұнай үзгілерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының, газ құбырларының изоляциясын бақылау аспаптарының технологиялық сызбасын;

ортадан тепкіш және винтті насостардың жұмыс принципін, жоғары күкіртті мұнай газын жинау мен пайдалану ерекшеліктерін;

метанолдың, ингибиторлар мен газдардың қасиеттерін.

38. Мұнай мен газ өндіруді басқару пультінің операторы


Параграф 35. Мұнай мен газ өндіруді басқару пультінің операторы
165. Жұмыс сипаттамасы:

кәсіпшілікте мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін бақылау және автоматика мен телемеханика құралдарының көмегімен мұнай, газ және газ конденсатын өндіруді өлшеудің технологиялық процесін қашықтықтан басқару;

қондырғылар мен механизмдерді қосу және ажырату;

ұңғымалар мен топтық өлшеу құралдарынан ақпарат жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыру;

басқару пульті мен қызмет көрсетуші операторлардың ақпараты арқылы жұмыс істеп тұрған ұңғымалар қорының жұмысын бақылау;

кәсіпшілік пен орталық технологиялық қызметтегі апаттық жағдайлардағы жұмыстың орындалғаны туралы ақпаратты дайындау және беру;

орталық инженерлік-технологиялық қызметке қажетті арнаулы техника мен көлікке өтінім беру;

ұңғыманың жұмысы мен өнімді тапсыру, ұңғыманы жер астында және күрделі жөндеу бригадасының қозғалысы туралы мәліметті жасау;

кәсіпшіліктің инженерлік-технологиялық қызметінің басшылығымен жұмысты жүзеге асыру және мұнай-газ өндіруші басқарманың орталық инженерлік-технологиялық қызметінен жедел нұсқаулар алу. Ұңғыманың жұмыс режимін өзгерту және мұнай кәсіпшілігі нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыс жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу;

мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды қосу және тоқтату операторлардың жұмысына басшылық ету.

166. Білуге тиіс:

жұмысталатын кен орнының сипаттамасын, мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін;

ұңғымаларды игеру және мұнай, газ және газ конденсатын өндіруді интенсивтендіру әдістерін;

жердің бетіндегі және астындағы жабдықтың нысаны мен сипаттамасын;

ұңғыманы күрделі және жер астында жөндеу түрлері мен ұңғымаларды зерттеу әдістерін;

мұнай, газ және газ конденсатын жинаудың, тасымалдаудың, есепке алу мен дайындаудың технологиялық сызбасын;

қызмет көрсететін аппаратураның, автоматика мен телемеханика құралдарының принциптік және монтаждау сызбаларын;

телебақылау мен телебасқару, телемеханика мен бағдарламалық құрылғылар негіздерін, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын;

электротехника негіздерін.

автоматтандырылмаған кәсіпшіліктердегі жұмыс кезінде - 4-разряд;

автоматтандырылған кәсіпшіліктердегі жұмыс кезінде - 5-разряд.

39. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор


Параграф 36. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі

оператор, 3-разряд


167. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық реагенттер мен жабдықты дайындау;

ұңғыма жанына жабдық орнату кезінде жоғары және төмен қысым желілерін, икемді шлангілерді құрастыру және бөлшектеу;

айдалатын сұйықтың көлемін өлшеу;

тұзды қышқыл концентрациясын анықтау және химиялық реагенттерді дозалау;

ұңғыманы термоөңдеу жұмыстарына қатысу;

қолданылатын жабдықты ұсақ жөндеу.

168. Білуге тиіс:

мұнай мен газ өндіру технологиясы, мұнай мен газ кен орындары, мұнай өндіруді интенсивтендіру әдістері жөніндегі негізгі деректерді;

ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу нысанын, қолданылатын жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;

химиялық реагенттерді дайындау тәсілдерін және оларды сақтау ережесін;

химиялық реагенттерді тиеу және түсіру ережесін;

біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператордың басшылығымен жұмыс істеу кезінде - 2-разряд.

Параграф 37. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі

оператор, 4-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды химиялық өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

картограмманы орнату және тіркеуші бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

химиялық реагенттерді дозалау жұмыстарына басшылық ету. 100 атм. дейінгі қысым кезінде желіні монтаждау және демонтаждау, химиялық реагенттерді айдау. Забой жанындағы қабатты деблокировкалау және игеру;

термоөңдеу процесін қадағалау;

параметрлерді тіркеу.

170. Білуге тиіс: ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу технологиясын;

қызмет көрсететін жабдықтың, қышқыл концентрациясын анықтау, ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу аспаптарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және жұмыс принципін, техникалық сипаттамасын.

Параграф 38. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі

оператор 5-разряд


171. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі технологиялық процесін жүргізу және жұмысты үйлестіруҢ

айдалатын сұйықтың параметрлерін есептеуҢ

желілердің герметикалығын престемелеу, ұңғымалардың қабылдауыштығын анықтау. 100 атм. дейінгі қысым кезінде химиялық реагенттерді айдау;

сұйықтың агрегат насосына берілуін реттеу;

аспаптарды ұңғыма сағасына орнату, оларды сағалық арматурамен қосу;

ұңғымаларды динамометрлеу;

автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуге, бастапқы элементтерді баптауға қатысу;

вахталық құжаттаманы жүргізу;

бригаданы басқару;

вахтаны қабылдау және тапсыру.

172. Білуге тиіс:

мұнай мен газ өндіру технологиясын;

ұңғымаларды химиялық өңдеу технологиясын;

қызмет көрсететін жабдықтың, химиялық реагенттердің концентрациясын анықтау, ұңғымаларды химиялық өңдеу аспаптарының, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану ережесін, техникалық сипаттамасын;

ерітінділерді дайындаудың рецептурасы мен технологиясын;

химиялық реагенттерді дайындау, тасымалдау және сақтау тәсілдерін;

қызмет көрсететін аппаратураның, автоматиканың, диспетчерлеу сызбасын, төмен вольтті және электротехникалық қондырғыларда жұмыс істеу ережесін.


40. Ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғышының көмекшісі


Параграф 39. Ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғышының көмекшісі
173. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды күрделі жөндеудің технологиялық процесін жүргізуге қатысуҢ

көтеру қондырғыларын монтаждауға және демонтаждауға қатысуҢ

ұңғымаларды күрделі жөндеуді жүргізу жөніндегі дайындық жұмыстарына қатысу, насос-компрессор және бұрғылау трубаларын орнату жөніндегі жоғарыдағы жұмыстарды орындау, жуу стансалары жұмысының параметрлерін қадағалау, машина кілттерін ілу және автоматты кілттерді орнату, желдету жүйесін қадағалау және оны шламнан тазарту,жабдық пен құралды тексеруге және майлауға қатысу, таль жүйесін жарақтандыруға және қайта жарақтандыруға қатысу;

трубаны саусақтарға орнату немесе оларды бұрғылау және насос-компрессор трубаларын түсіру және көтеру кезінде көпіршеге салу жұмыстарын орындау;

трубаларды өлшеуге қатысу;

таль жүйесінің жарамдылығын қадағалау;

кілттерді, элеваторларды, трубалар мен штангаларды бұрау және бұрап алу автоматтарын түсіру-көтеру операцияларына дайындау;

марш баспалдақтары мен полаттердің жарамдылығын қадағалау;

тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттерді дайындауға, ұңғымаларды қышқылды және гидротермиялық өңдеуге, ұстап қалу, зерттеу және ату жұмыстарын жүргізуге ұңғымаларды игеруге, канат әдісімен ұңғыма жөндеуді жүргізуге, турбұрғылар мен забой қозғағыштарын құрастыруға, бөлшектеуге және сынамалуға қатысу;

металл пластырьллерін, эксплуатациялық және престелетін пакерлерді, ұстағыш және кескіш құралдарды, забой жабдықтарын, сүзгіштерді, саға байламдарын, атқыма арматураларды, шығарындыға қарсы жабдықтар мен өрт сөндіру құралдарын құрастыруға, бөлшектеуге және орнатуға, саға пакерлерін ауыстыруға, жоғары және төмен қысымды желілерді монтаждауға, демонтаждауға, байлауға және престеуге қатысу. Жабдық пен құралды тікелей ұңғымаларда ағымдық жөндеуді жүргізу;

жетекті ротордың жарамдылық жағдайын, сұйықтардың, тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттердің параметрлерін бақылау;

ұңғымадағы электр жабдығы мен жарық беру аппаратурасын штепсельді ажыратқышы болса, қосу және ажырату

174. Білуге тиіс:

ұңғымаларды күрделі жөндеу технологиясын;

ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, механизмдер мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және пайдалану ережесін;

жуу насостарын қосу тәртібін, олардың құрылымы мен жөндеу технологиясын;

қолданылатын тампондаушы сұйықтар, тұншықтыру қоспалары, көп компонентті ерітінділер, химиялық реагенттер, балшықты ерітінділер туралы және оларды дайындау тәсілдері туралы деректерді;

қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережесін, ұңғымаларды игеру әдістерін;

ұңғымаларды аспаптармен («Надым», «Дикт» және тағы басқа), жабдықты байламдау сызбасын;

элеваторлардың, көтеру ілмектерінің, таль блоктарының, кронблоктардың, вертлюгтер мен канаттардың типтері мен мөлшерлерін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципін;

көтеру құрылғылары мен механизмдерінің құрылымын;

трубалар мен и штангаларды түсіру-көтеру және құралды ұзарту кезіндегі операциялардың кезектілігін;

қолданылатын құралдарды және оларды пайдалану ережесін;

марш баспалдақтарының, полаттардың, шам орнатуға арналған кронблок астындағы алаңдар мен саусақтардың құрылымын;

шықпаға қарсы құрылғыны басқару ережесін;

жұмыс орындарын жоспарлаудың үлгілік жобалары мен еңбектің озық және қауіпсіз жолдары картасын.

Күрделілігі I санаттағы ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 4-разряд;

күрделілігі IІ санаттағы ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 5-разряд;

тереңдігі 4000 м асатам ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 6-разряд.

6-санаттағы ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғышының көмекшісі үшін орта кәсіптік білім талап етіледі.

41. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының

көмекшісі


Параграф 40. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының

көмекшісі, 3-разряд


175. Жұмыс сипаттамасы:

теңізде жүзбелі бұрғылау агрегатын орнатуға, агрегатты жұмысқа дайындауға, бұрғылау құралын түсіруге және көтеруге қатысу. Құралды, шығырды, насосты тексеру және дайындау;

жекелеген тораптарды майлау және бекіту.

176. Білуге тиіс:

теңізде тік шурфты бұрғылау, құрал мен арматураны түсіру және көтеру, шурфтар мен қадаларды цемент қоспасымен толтыру жөніндегі технологиялық процессті және операциялардың кезектілігін;

қолданылатын құралдың құрылымын;

қарапайым теңіз тораптарын шешу тәсілдерін.

Параграф 41. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының

көмекшісі, 4-разряд
177. Жұмыс сипаттамасы:

теңізде бұрғылау процесін біліктілігі анағұрлым жоғары теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының көмекшісінің басшылығымен жүргізу;

барлық типтегі тіреулерді, полотноларды, секцияларды орнату және оларды бекіту;

насос агрегатының жұмысын қадағалау және оны басқару;

цемент ерітіндісін дайындау;

шурфтар мен қадаларды толтыру;

қолданылатын жабдықтың жарамдылығын қадағалау.

178. Білуге тиіс:

теңізде бұрғылаудың технологиялық процесін;

апаттардың себептерін және олардың алдын алу мен жою әдістерін;

бұрғы жабдығы мен құралының құрылымы мен жұмыс принципін;

теңіз бұрғылары негіздемелерінің блоктарының, секциялары мен полотноларының типтері мен мөлшерлерін таль блоктарының, кронблоктардың, вертлюгтер мен канаттардың типтері мен мөлшерлерін;

қолданылатын болат және трос, канаттардың түрлерін;

жүзбелі бұрғы агрегатында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану ережесін.


Параграф 42. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь 2-разряд


179. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларының жекелеген тораптарын жөндеумен байланысты қарапайым монтаждау, демонтаждау және ұсталық жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарьдің басшылығымен орындау;

жұмыс орнын жөндеу жұмыстары өндірісіне дайындау4

теңіз эстакадаларында, тротуарларда, брусьялар мен қоршамаларда тар табанды жолдарды ағымдық жөндеу;

эстакада мен теңіз негіздемелеріндегі жұмыс және қорғану төсемін ішінара бөлшектеу және құрылымдау;

қада қағу агрегатын құрастыруға, бөлшектеуге, жарақтандыруға және жұмысқа дайындауға қатысу;

«Электргазбен пісірушіге» бұрғы құрылғыларында жөндеу жұмыстарын орындауда көмек көрсету.

180. Білуге тиіс:

теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу кезіндегі операциялардың кезектілігін;

қарапайым ұста және слесарь жұмыстарын;

қолданылатын ұста және слесарь құралдарын;

қада қағу жұмыстарының негізгі жолдарын;

конструкциялар мен жүктерді ілмектеу және орнын ауыстыру ережесін.

Параграф 43. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд


181. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеумен байланысты күрделілігі орташа монтаждау, демонтаждау, қада қағу, бұрғы құю және ұсталық жұмыстарды орындау;

теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерінің ағаш құрылғыларын жөндеу;

қарапайым теңіз байламдарын байлау;

металл конструкцияларды ілмектеу және ілмектен босату;

теңіздің тереңдігі мен қадалардың ұзындығын өлшеу;

қада қағу және бұрғылау агрегатын құрастыруға, бөлшектеуге, жарақтандыруға және жұмысқа дайындауға қатысу;

понтонды-аспалы алаңшалар мен басқа да айлабұйымдарды құрастыру және суға түсіру;

эстакадада тар табанды жолдарды салу және жөндеу.;

катодты және протекторлық қорғанудың анодты құрылғыларын, теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерінің су астындағы бөлігін жөндеу және орнату;

газбен кесу жұмыстарын орындау.

182. Білуге тиіс:

теңіз бұрғылары мен эстакадаларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу, теңіз түбінде шурфтарды бұрғылау, қадаларды қағу және жөнделетін тораптар мен ағаш құрылғыларды бекіту жөніндегі жұмыстардың технологиялық кезектілігін;

бұрғылау, қадаларды қағу механизмдерінің, теңіз бұрғылары мен эстакадаларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу кезінде қолданылатын құралдың құрылымын;

қада қағу, бұрғы толтыру, слесарлық және ұста жұмыстарын орындаудың негізгі жолдарын;

теңіз бұрғылары мен эстакадаларын жөндеу кезінде қолданылатын жүктер мен материалдарды ілмектеудің, орнын ауыстырудың тәсілдерін.

Параграф 44. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
183.Жұмыс сипаттамасы:

теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеумен байланысты монтаждау, демонтаждау, қада қағу, бұрғы құю және ұсталық жұмыстарды орындау;

секциялардың, отырғызу алаңдарының және жаяу жүргіншілер көпірлерінің секцияларын орталандыру және орнату;

су үстіндегі және астындағы труба желілері мен қатаңдық бұрыштарының орнын белгілеу және дайындау;

еденді төсеу және жөндеу жұмыстары өндірісі;

пісіру агрегатына қызмет көрсету;

газбен кесу жұмыстарын орындау.

184. Білуге тиіс:

негіздемелердің құрылымын, блоктардың, секциялардың, су үстіндегі және астындағы байланыстардың типтері мен мөлшерін және олардың техникалық сипаттамасын;

қада қағу және бұрғы толтыру агрегаттарының құрылымын мен техникалық сипаттамасын;

қада қағу және бұрғы толтыру процестерінің мәнін;

трубалар сұрпын;

болат тростар мен канаттардың типтері мен сипаттамаларын;

қарапайым слесарь және ұсталық жұмыстарды орындаудың негізгі жолдарын;

цемент ерітіндісін дайындау үшін су мен цементтің салмақтық және көлемдік ара қатынасын;

қада қағу және бұрғы толтыру жұмыстары кезіндегі жоғарыдағы жұмыс өндірісінің тәсілдері, пісіру агрегаттарының жұмыс принципі және пайдалану ережесі.

Параграф 45. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
185. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз бұрғысы мен эстакада негіздемелерін жөндеу кезіндегі бригаданың жұмысын орындау және үйлестіру;

қадаларды дайындауға және сіңіруге, теңіз түбіндегі шурфты бұрғылауға, бұрғылау құралын, құю трубаларын, труба арматурасын түсіруге және көтеруге, шурфты цемент ерітіндісімен толтыруға қатысу. Кесу үшін шаблондар бойынша белгі салу;

секцияларды, фермаларды, отырғызу алаңдарын, жаяу жүргінші көпіршелерін цементтеуге, су үстіндегі және астындағы байламдарды, блоктар мен секцияларды, теңіз бұрғысы мен эстакада негіздемелерінің фермалары мен ригельдерін орнатуға және бекітуге қатысу;

брустар мен еден төсемін салуға, ұзартуға және бекітуге қатысу;

күрделі шаблондарды жасау.Вахта журналын жүргізу.

186. Білуге тиіс:

жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын құрылыс механизмдері мен жабдықтардың құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін, жұмысындағы ықтимал ақауларды және оларды жою тәсілдерін;

негіздемелерді, іргетас брустарын және тағы басқа бекітуге арналған труба қосындыларының орналасу сызбасын.

Ұңғыма жөндеуді күрделілік санатына жатқызудың

үлгілік көрсеткіштері
Ұңғымаларды жер астында жөндеу
I санат
Аспаның тереңдігі 1300 м дейінгі кезде трубаларды сұйықсыз көтере отырып тереңдік насосын ауыстыру, тереңдік насосын ауыстыру трубаларды көтермей ауыстыру немесе насос плунжерін жөндеу, аспаның тереңдігі 700 м дейінгі кезде трубаларды сұйықпен көтере отырып тереңдік насосының батуын өзгерту, 1400 м дейінгі тереңдікте штанганың үзілуін немесе ағытылуын жою, насос аспасының тереңдігі 1600 м дейінгі пайдаланудың барлық тәсілдері кезінде оның жай-күйін тексеріп және жөндей отырып плунжерді алу және сорғыш клапанды ұстау, насос аспасының тереңдігі 1400 м дейінгі бір қатарлы лифтідегі трубалардың бату тереңдігін өзгерту, парафинделген трубаларды ауыстыру, бір қатарлы және екі қатарлы лифтідегі көтеру трубаларын ауыстыру, тереңдік насосын жуу, жылтыратылған шток үзіндісін жою, забойдан су мен балшықты әкету, екі қатарлы лифтідегі компрессор трубаларын ауыстыру, немесе сыртқы труба аспаларының тереңдігі 1000 м кезінде аспаның тереңдігін өзгерту, забойдың тереңдігі 1200 м дейінгі кезде ұңғымаларды құм тығынынан, балшықты ерітіндіден жуу, ұңғыманы ыстық мұнаймен жуу, статикалық қысымы сұйық бағынының қысымынан төмен ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды ұңғыма сағасын гидратты тығынға дейін жою, трубаны 1300 м тереңдікке дейін біртіндеп түсіре отырып ұңғыманы шөгінділерден сумен жуу, аспаның тереңдігі 1200 м кезде ұңғыманы бір пайдалану тәсілінен басқасына ауыстыру, насосты 1300 м дейінгі аспадан ауыстыру.

II санат
Аспаның тереңдігі 1300 м астам кезде трубаларды сұйықсыз көтере отырып тереңдік насосын ауыстыру, аспаның тереңдігі 1500 м астам кезде трубаларды сұйықпен көтере отырып тереңдік насосының батуын өзгерту, насосын ауыстыру трубаларды көтермей ауыстыру немесе насос плунжерін жөндеу, аспаның тереңдігі 700 м астам кезде трубаларды сұйықсыз көтере отырып тереңдік насосын ауыстыру, 1400 м астам тереңдікте штанганың үзілуін немесе ағытылуын жою, насос аспасының тереңдігі 1400 м астам пайдаланудың барлық тәсілдері кезінде оның жай-күйін тексеріп және жөндей отырып плунжерді алу және сорғыш клапанды ұстау, насос аспасының тереңдігі 1600 м астам бір қатарлы лифтідегі трубалардың бату тереңдігін өзгерту, парафинделген трубаларды ауыстыру, бір қатарлы және екі қатарлы лифтідегі көтеру трубаларын ауыстыру, тереңдік насосын жуу, екі қатарлы лифтідегі компрессор трубаларын ауыстыру, немесе сыртқы труба аспаларының тереңдігі 1000 м астам кезінде аспаның тереңдігін өзгерту, забойдың тереңдігі 1200 м астам кезде ұңғымаларды құм тығынынан, балшықты ерітіндіден жуу, ұңғыманы электр тиеу насостарының түрлі маркаларымен, гидропоршеньді насостармен, алмастыру лифтілерімен, екі немесе одан да горизонттарды бөлек және бір мезгілде көп гидробулы тәсілмен пайдалану кезінде насос-компрессорх трубаларын түсіру және көтеру, трубасыз насос орнату, статикалық қысымы сұйық бағынының қысымынан төмен ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды ұңғыма сағасынын гидратты тығынға дейін жою, трубаны 1300 м тереңдіктен астам біртіндеп түсіре отырып ұңғыманы шөгінділерден сумен жуу, аспаның тереңдігі 1200 м астам кезде ұңғыманы ыстық мұнаймен жуу, насос-компрессор трубаларының немесе штангаларының үзігін немесе қайтармасын насос-компрессор трубаларын сұйықпен көтере отырып жою, аспаның тереңдігі 1200 м кезде ұңғыманы бір пайдалану тәсілінен басқасына ауыстыру, насос аспасының тереңдігіне қарамастан, ұңғыма забойын термо-газ-химиялық өңдеу, аспаның тереңдігіне қарамастан, түрлі маркадағы кеспе тереңдік пакерлерін көтеру және түсіру, өнімді қабаттарды ашу.

Жұмысты арнаулы лубрикатор мен шағын габаритті превентор арқылы (L = 7 м, m = 500 кг) қысыммен канатты техниканың көмегімен орындау:

1) Забойлық клапан-кескілерді, плунжерлік газлифт, газлифтілік, кері және тұйық тығын жабдығын орнату және алу.

2) Насос-компрессор трубаларын шаблондау (бұдан әрі - НКТ), забойды қағу, құралдың өтпеу сипатын анықтау үшін печаттарды түсіру.

3) Механикалық циркуляциялық клапандарды жабу және ашу.

4) Цемент көпірді желонкамен орнату.

5) Қырғы сымды, тросты, бөгзе заттарды ұстап қалу жұмыстары.

6) НКТ парафиннен тазарту үшін қырғыны түсіру.

7) Ұңғыманы құм тығындардан тазарту.

8) Ұңғыманы свабпен свабирлеу.

9) НКТ башмағын анықтау.

Ұңғыманы күрделі жөндеу



р/с



Жұмыс атаулары

күрделілік санаттары

1

2
3


4

5

6



7

8


Жоғары немесе төмен жатқан горизонттарға оралу

Пайдалану горизонтын бөгде сулардан (ұңғыманы жоюды қоса) оқшаулау

Забой жаны аумағын қышқылды-шайырлы өңдеу

Пайдалану ұстынын түзеу

Гидроүзік және гидро-құм ағынымен перфорациялау

Ұңғыманың екінші оқпанын кесу және бұрғылау

Пайдалану ұстынының трубаларын кесу

Ұстап қалу жұмыстары



І
ІІ

І

ІІ



ІІ

ІІ

ІІ



ІІ

Ескертпелер:

1. Күшті газ көрінуі бар және еңісті-бағытты ұңғымалардағы барлық жұмыс түрлері ІІ күрделілік санатына жатады.

2. Тереңдігі 1500 м астам ұңғымалардағы барлық жұмыс түрлері ІІ күрделілік санатына жатады.

3. Бір ұңғымада жұмыстың бірнеше түрлері бір мезгілде жүргізілген кезде күрделілік ең жоғары санат бойынша анықталады.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына

(6-шығарылым) қосымшасы



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау