1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті



жүктеу 1,72 Mb.
бет6/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттігі шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

3) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

6) дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялау) препараттарды, медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немиесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

7) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу көрсетілетін қызметті сатып алуды ұйымдастырады;

8) халыққа медициналық көмек көрсету үшін өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етеді;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;

11) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

13) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

14) халықты әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

15) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

17) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;

18) әскери қызметтің мүддесі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;

19) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

20) денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша уәкілетті органға тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

21) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, ана мен бала денсаулығын сақтауды дамыту және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру бойынша уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;

22) уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

23) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және өткізуді ұйымдастырады;

24) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бірінші басшылары уәкілетті органның ұсынуы бойынша осы бапта көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жауапты болады.
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператордың өкілеттілігі

1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады;

3) медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарында инновациялық медициналық технологияларды сынақтан өткізеді, енгізеді және трансфертті жүзеге асырады;

5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерін жүргізуге қатысады;

6) денсаулық сақтау ұйымдарына стандарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтер көрсетеді;

8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды және мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын іске асырады;

10) денсаулық сақтау саласын іске асыру мақсатында жетекші халықаралық және отандық ұйымдармен бірлескен ұйымдарды құрады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор қызметін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.


15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия

1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия денсаулық сақтау саласындағы стандарттауды, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау саласында медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.

2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.

3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияны қалыптастыру тәртібін, оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.


16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы

1. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және басқа мүдделі заңды тұлғалардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың туындау қаупі факторларын азайтуға, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған және мыналарға:

қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға;

халықтың білім деңгейін, оның ішінде салауатты өмір салтын жүргізу және қалыптастыру мәселелерінде арттыруға;

темекі бұйымдарын, оның ішінде кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекі, алкоголь, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуға арналған жүйелерді тұтыну профилактикасына және оны шектеуге;

дұрыс үйлестірімді тамақтануға;

қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды ескертуге және жоюға;

жол-көлік оқиғаларын азайтуға;

білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде психологиялық көрсетілетін қызметті енгізу жолымен қауіпсіз балалықты, кәмелетке толуды және қартаюды қамтамасыз етуге;

еңбек пен тұрмыстың қауіпсіз жағдайларын жасауға;

ерекше қажеттіліктерге зәру адамдардың денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер жасауға;

ауаның, судың және топырақтың ластануын азайту, олардың халықтың сырқаттанушылық жай-күйіне әсер ету мониторингі деректерін есепке ала отырып, сыртқы ортаның физикалық факторларының әсер ету деңгейін төмендетуге және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге бағытталған кешенді шараларды көздейді.

2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультациялық-кеңесші орган, Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі құрылады.

Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіруші кеңесінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде, мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі негізгі бағыттарды айқындау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі қызметін ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітетін құрамда жүзеге асырады.

3. Жергілікті атқарушы органдардың жанынан тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның жергілікті атқарушы органдары басқаратын өңірлік және аумақтық үйлестіру кеңестері құрылады.

Өңірлік және аумақтық үйлестіру кеңестерінің ережелері мен құрамын тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

Өңірлік және аумақтық үйлестіру кеңестері міндетті және жүйелі негізде Ұлттық үйлестіру кеңесінің алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.

4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі іс-шаралардың ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.

5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға жәрдемдесуге міндетті.

6. Мүдделі мемлекеттік орталық және өзге де мемлекеттік органдар өзара іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтауға бағытталған функцияларды іске асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мыналарға:

уәкілетті орган: стратегиялық басқару, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және оның сапасы мен тиімділігін бағалауға, медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, аурулардың профилактикасына, денсаулық жай-күйін қадағалау мен бағалауға, денсаулыққа төнетін қатерлерді анықтауға, кадрлық жағынан қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеулерді дамытуға, ақпарат беруге, қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталықтың әзірлігін және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруге басшылық етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға әзірлігін қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі: адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін заңға қайшы қолсұғушылықтардан қорғауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

білім беру және ғылым саласындағы уәкілетті орган: саламатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлық негіздерін оқытуға, дене шынықтыру мен спортқа қатысуға, мектепке дейінгі, орта, жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында суицидтер мен жарақаттардың алдын алуға, ғылыми бағдарламаларды қаржылық қолдауға;

дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган: спорттық медицина ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді; спорттың түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спорттық іс-шараларға даярлауды медициналық қамтамасыз етуге қатысады; халықтың тәни тұрғыдан даму деңгейін айқындауға; уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (жою) туралы ұсыныс енгізуге; уәкілетті органмен келісім бойынша спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган: еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган: қоршаған ортаның зиянды факторларының мониторингіне және оларды бақылауға, қалдықтарды игеруге, қоршаған ортаны қорғауға;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ветеринариялық іс-шараларды іске асыруға және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де функцияларға;

қоғамдық даму және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган: жасы мен гендерлік сипаттамаларын және кәсіби топтарын ескере отырып, халықты насихаттауға, коммуникацияға және әлеуметтік жұмылдыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік бағдарламаларды, бейнероликтерді және әртүрлі материалдарды орналастыру үшін эфир уақытын бере отырып, денсаулықты сақтау және нығайту проблемаларын баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, діни бірлестіктермен, азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен денсаулық сақтау, вакциналаудың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара іс-қимылға;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган: денсаулық сақтауды қаржыландыруға, салааралық бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыруға, алкоголь және темекі өнімдеріне акциздерді арттыруға, құрамында қант пен тұзы жоғары өнімге салық енгізуге, алкоголь және темекі өнімдерінің айналысын бақылауға;

жергілікті өкіл етті және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-құрылымдар: веложолдар, спорт алаңдары мен тренажерлері бар аулалар салуға, халықтың қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуіне, су бұруға, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға, жылу, энергиямен қамтамасыз етуге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Саламатты қалалар», «Саламатты жұмыс орындары», «Саламатты университеттер», «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» бағдарламаларын іске асыруға, өңірлерде, аудандарда халықтың денсаулығы үшін салааралық нысаналы көрсеткіштерді белгілеуге, бірлескен іс-қимыл жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды бақылауға, сондай-ақ қажетті ресурстарды бөлуге жауапты болады.

7. Қоғамдық денсаулықты сақтау жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтарды, кәсіби қауымдастықтарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жобалар мен гранттарды іске асыру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қосымша қаржыландыру көздерін, оның ішінде әлеуметтік бағдарланған бизнес есебінен кеңінен тарта отырып жүзеге асырылады.

8. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің дәрілік препараттардың, биологиялық белсенді әсер ететін қоспалардың, медициналық бұйымдардың, бейімделген емдік тамақ өнімдерінің және емшек сүтін алмастырғыштардың нақты сауда атауларының жарнамасын жүзеге асыруға құқығы жоқ.

9. Қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мәселелерімен, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттаумен және қалыптастырумен айналыса алады.

10. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қаржыландыру – көлемі жыныстық-жас, психологиялық және әлеуметтік аспектілерді, сондай-ақ өмір бойы және халықтың барлық топтарының арасында профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын және денсаулық сақтау және нығайту саласында түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттілігі ескеріле отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жұмсалатын барлық шығындардан кемінде 5% -ын құрайды.

11. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітілген контингенттің денсаулық жай-күйі бойынша ведомстволық есептілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ұсынуды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсаттар мен хабарламалар

1-параграф. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау

1. Денсаулық сақтау саласында қызметтің мынадай түрлерін:

1) медициналық қызмет;

2) фармацевтикалық қызмет;

3) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналысымен байланысты қызмет;

4) адамның ағзаларын және тіндерін, қан және оның құрамбөліктерін Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау жүзеге асырылады.

2. Медициналық және фармацевтикалық қызметке, дәрігерлік қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын лицензиардың қызметін бақылау тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» және «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» заңдарымен белгіленеді.
18-бап. Адамның ағзаларын және тіндерін, қан және оның құрамбөліктерін Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау

1. Адамның ағзаларын және тіндерін, қан және оның құрамбөліктерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету оларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастырған немесе ішкі тұтыну үшін шығарған жағдайда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде адамның тіндерін, қан және оның құрамбөліктерін әкелуге, әкетуге, ал бір жұмыс күні ішінде адамның ағзаларын әкелуге, әкетуге лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2-параграф. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру рәсімдері мен хабарлау тәртібі
19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсаттар

1. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттары:

1) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

2) патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат;

3) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

4) дәрілік затты және медициналық бұйымға тіркеу куәлігі;

5) дәрілік затты және медициналық бұйымды интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат;

6) клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

2. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Кодексте белгіленеді.

3. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда рұқсат беру құжатын берген лауазымды адамдар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен оның қолданылуын тоқтата тұрады.

4. Рұқсат беру құжатының иесі денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтарды жою туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру құжатын берген лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру құжатын сот тәртібімен айыруға (қайтарып алуға) бастамашылық жасайды.

5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, рұқсат беру құжаттарын мынадай:

1) құжатта қателерді (жаңылыс жазуды) анықтаған;

2) өтініш беруші дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

3) өтініш беруші заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;

4) объектінің орналасқан жерінің мекенжайы оның физикалық орын ауыстырусыз өзгерген жағдайларда, қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізусіз қайта ресімдеуге жол беріледі.



20-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесі мыналарға:

1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;

2) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттаманың жобаларына, шикізат пен өнімге алдын ала және түпкілікті санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу жөніндегі жобаларға;

3) топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктемесі жөніндегі материалдарға береді.
21-бап. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру

1. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсатты меншік нысанына қарамастан микробиологиялық зертханаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде береді.

2. Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және режимдік комиссияның құрамын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.

3. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат микроорганизмдермен ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге беріледі.

4. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін мыналар:

1) зертхананың режимдік комиссияларының оның бейініне сәйкес келетін мамандарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне зерттеп - қараудың оң қорытындысы;

2) орындалатын зерттеулер номенклатурасын, материалдық базаны, кадр құрамын және персоналдың кәсіби даярлығын бағалау негіз болып табылады.

5. Патогендігі I–IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруден «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте бас тартылады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау