1 бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу


-бап. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн азайту



жүктеу 1,33 Mb.
бет12/12
Дата29.05.2020
өлшемі1,33 Mb.
#30710
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
азаматтық кодекс

297-бап. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн азайту

      Егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышкердің талабы бойынша борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылы.

      Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
298-бап. Айып төлеудi өндiрiп алу негiздерi

      Мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп алынады (осы Кодекстiң 359-бабы).

Параграф 3. Кепіл

299-бап. Кепiл ұғымы

      1. Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.

      Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.

      2. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.

      3. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің кепілі (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, "өзен-теңізде" жүзетін кемелерге де қолданылады.



      Ескерту. 299-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2002.01.17. N 285 Заңдарымен.
     
300-бап. Кепiлдiң пайда болу негiздерi

      1. Кепiл шартқа сәйкес пайда болады. Кепiл заң құжаттарының негiзiнде, егер заң құжаттарында қандай мүлiк және қандай мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiлде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетiлген мiндеттемелердiң пайда болуы кезiнде де туындайды.

      2. Осы Кодекстiң шартқа сәйкес пайда болатын кепiл туралы ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, тиiсiнше заң құжаттары негiзiнде пайда болған кепiлге сәйкес қолданылады.

301-бап. Кепiл мәнi



      1. Кез келген мүлiк, оның ішінде айналымнан алынған заттарды (осы Кодекстiң 116-бабының 2-тармағы), кредитордың жеке басымен тығыз байланысты талаптарды, атап айтқанда алименттер, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды және оларды басқа тұлғаға беруге заңнамалық актілермен тыйым салынған өзге де құқықтарды қоспағанда, заттар және мүлiктiк құқықтар (талаптар) кепiл мәні болуы мүмкін.

      2. Кепiл құқығы келешекте кепiлге берушінің меншiгiне немесе шаруашылық жүргізуіне түсетiн мүлiкке шарт бойынша қолданылуы мүмкiн.

      3. Өндіріп алуға жол берілмейтін мүліктің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, азаматтардың мүлкін кепілге қоюға заңнамалық актілермен тыйым салынуы немесе ол шектелуі мүмкін.

      4. Алып тасталды - ҚР 2007.01.12 N 225 Заңымен.
      5. Алып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.03.02 N 211, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 225, 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     
302-бап. Кепiл арқылы қамтамасыз етiлетiн талаптар

      1. Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепiл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезiндегi көлемдi сыйақыны (мүдденi) қоса алғанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрiлген шығындардың өтелуiн, айып (айыппұл, өсiм) салуды, кепiлге салынған мүлiктi ұстау жөнiндегi қажеттi шығындарды, сондай-ақ өндiрiп алу жөнiндегi шығындарды өтеудi қамтамасыз етедi.

      2. Егер тараптар мұндай талаптарды кепiл арқылы қамтамасыз ету мөлшерi туралы уағдаласқан жағдайда кепiл болашақта пайда болатын тараптарға қатысты белгiленуi мүмкiн.

      Ескерту. 302-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
303-бап. Кепiл түрлерi

      1. Ипотека - кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бiр жақтың иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi.

      Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнi бола алады.

      Бөлiнетiн жемiстер бөлген кезден бастап үшiншi жақтың құқықтарының объектiсi болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнi бола алады. Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш объектiлерi ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарда тiркелуге тиiс.

      2. Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне беретiн кепiл түрi.

      Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiл нысанасы кепiл ұстаушының құлпы салынып, кепiл берушіде қалдырылуы мүмкiн. Кепiл нысанасы кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.

      3. Құқықтарды кепiлге салу кезiнде иелiктен айырылуы мүмкiн мүлiктiк құқықтар, атап айтқанда, кәсiпорындарды, құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серiктестiк мүлкiндегi үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүлiктiк құқықтар кепiл мәнi болып табылады.

      Жер учаскесiне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепiлге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгiленген шектер мен ережелер бойынша жол берiледi.

      Мерзiмдi құқық оның әрекет жасау мерзiмi бiткенге дейiн ғана кепiл мәнi бола алады.

      Кепiл құқығының борышқоры кепiл туралы хабардар болуға тиiс.

      Егер кепiлге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепiл шарты құқық белгiлеушi құжатты беру арқылы ресiмделуi мүмкiн.

      3-1. Банктік салым кепілге қойылған кезде салымшының банктік салым шарты бойынша құқықтары кепілге ұсынылады. Кепіл беруші - салымшы кепіл ұстаушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, банктік салым кепілі туралы банкке жазбаша хабарлауға міндетті.

      4. Бағалы қағаздар кепiлi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Егер кепiл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепiл нысанасы болып табылатын ақша банкке орналастырылады.

      Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы ақша үшін алынатын сыйақы (мүдде) кепіл берушіге тиесілі болады.

      Ақша кепiл ұстаушыға немесе өзге тұлға кепiл ақшаны пайдалану мүмкiндiгiн шектейтiн шарттарды сақтаған кезде (банк сейфiне, сейфтiң ұяшығына, сақтауға арналған жеке үй-жайда сақтауға беру) осы тұлғаға берiлуi мүмкiн. Осындай тұлғаның кепiл ақшаны пайдалану жөнiндегi шектеулердi орындамауы оның ақша берiлген кезден бастап негiзсiз байығаны үшiн жауаптылығына негiз болып табылады.



      Ескерту. 303-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2005.07.08 N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 225, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
304-бап. Ортақ меншiктегi мүлiктi кепiлге беру

      Ортақ меншiктi құрайтын мүлiк кепiлге барлық меншiк иелерiнiң келiсуiмен ғана берiлуi мүмкiн. Ортақ мүлiктегi үлеске құқық кепiлдiң дербес мәнi бола алады.

305-бап. Кепiл берушi

      1. Борышқордың өзi де, үшiншi жақ та кепiл берушi болуы мүмкiн.

      2. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттың меншiк иесi не меншiк иесiнiң келiсiмiмен оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар адам заттың кепiл берушiсi бола алады.

      3. Кепiлге салынатын құқыққа ие адам құқықты кепiлге берушi бола алады.

      Жалға беру құқығын немесе бөтен адамның затына өзге құқықты оны меншiктенушiнiң немесе оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар жақтың келiсiмiнсiз, егер заң құжаттарында немесе шартта аталған жақтардың келiсiмiнсiз бұл құқықты иелiктен айыруға тыйым салынған болса, кепiлге салуға жол берiлмейдi.

306-бап. Кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру

      1. Кепiл ұстаушыға оның иеленуiне берiлген кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру мiндетi шартпен немесе заң құжаттарымен жүктелуi мүмкiн.

      Кепiл берушiнiң пайдалануында қалатын кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру кепiл берушiге жүктеледi.

      2. Сақтандыру жағдайы туған кезде кепiл берушiнiң кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы одан кепiл ұстаушы бас тартқан ретте ғана пайда болады.

      Егер сақтандыру төлемінің сомасы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме сомасынан асып кетсе, кепiл ұстаушы оны алған кезден бастап банктiк үш күннiң iшiнде кепiл берушiге айырмасын аударуға мiндеттi.



      Ескерту. 306-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.12.18. N 128 Заңымен.
307-бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны

      1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда, кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс.

      Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен және кепіл нысанасы бағаланбастан, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.

      Кепіл туралы шартта кепiлге салынған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы да көрсетiлуге тиiс.

      Кепіл нысанасын бағалау теңгемен көрсетіледі және егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін. Шетелдік валютада міндеттемені қамтамасыз ететін кепіл нысанасын бағалау теңгемен және кепіл туралы шарт жасасылған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша міндеттеме валютасымен көрсетіледі.

      2. Кепiл туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы қағидаларды сақтамау кепiл туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

      Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
308-бап. Кепiлдi тiркеу

      1. Егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, тіркелуге жататын мүлікті кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс.

      Жылжымайтын мүлік кепілі жылжымайтын мүлікке құқықтардың тіркелуін жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

      2. Кепiл нысанасының өзгеруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда басқа да өзгерістер тiркелуге жатады.

      Міндетті тiркелуге жатпайтын кепiлдiң өзгеруі қатысушылардың қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

      3. Кепілді тоқтату туралы жазба тізілімге:

      1) негізгі міндеттеменің орындалуына байланысты кепіл ұстаушының өтініші негізінде кепілді тоқтатуды тіркеу кезінде;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу кезінде;

      3) кепіл шартының бұзылуына байланысты кепілді тоқтатуды тіркеу кезінде;

      4) осы Кодексінің 322-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша кепілді тоқтату кезінде енгізіледі.

      4. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындаған кепіл беруші тізілімдегі кепіл туралы жазбаның жойылуын талап етуге құқылы. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің талабы бойынша тіркеуді жүргізетін органға қажетті құжаттар мен жазбаша өтініштерді табыс етуге міндетті. Кепіл ұстаушы бұл міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепіл беруші өзіне келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы.



      Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
309-бап. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк

      1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады.

      Шартта немесе заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда кепiл құқығы кепiлге қойылған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiстерге, өнiмге және кірістерге, сондай-ақ кейіннен иемденген активтер мен ауыстырылған активтерге қолданылуы мүмкін.

      Егер кепіл нысанасы жылжымалы мүлік болған жағдайда, кепіл құқығы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны пайдалану нәтижесінде алынған бөлінетін жемістерге, өнімге және кірістерге (оның ішінде кейіннен сатып алынған активтер мен ауыстырылған активтерге) қолданылады.

      Бұл ретте кепіл құқығы бөлiнетiн жемiстерге, өнiмге және кірістерге (оның ішінде кейіннен сатып алынған активтер мен ауыстырылған активтерге) талаптың нақты қанағаттандырылған кезіне кепілге салынған жылжымалы мүлікпен қамтамасыз етілмейтін көлемінде ғана қолданылады.

      2. Кәсiпорынның немесе өзге мүлiк кешенiнiң ипотекасы жағдайында жалпы кепiл құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, талап ету, соның iшiнде ипотека кезiнде сатып алынған құқықтары мен ерекше құқықтарды қоса алғанда, оның барлық қозғалмалы және қозғалмайтын мүлкiне қолданылады.

      3. Үй немесе ғимарат ипотекасына осы үй немесе ғимарат тұрған жер учаскесiне не осы учаскенiң кепiлге салынатын объектiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiгiне құқық нақ сол шарт бойынша бiр мезгiлде жасалатын ипотека арқылы жол берiледi.

      Ескерту. 309-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
310-бап. Кепiл құқығының пайда болуы

      1. Кепiл туралы шартта өзгеше көзделмегендiктен, кепiл құқығы кепiлi тiркелуге жататын мүлiк жөнiндегi шартты тiркеу кезiнен бастап, басқа мүлiк жөнiнен - бұл мүлiктi кепiл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепiл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады.



      2. Айналымдағы тауарларға кепiл құқығы осы Кодекстiң 327-бабының 2-тармағының ережелерiне сәйкес пайда болады.

311-бап. Кейiнгi кепiл (кепiлдi қайталап салу)

      1. Егер кепiлге салынған мүлiк басқа талаптарды қамтамасыз ететiн басқа бiр кепiлдiң нысанасы болса (кепiлдi қайталап салу), кейiнгi кепiл ұстаушының талабы алдыңғы кепiл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кепiл мәнiнiң құнынан қанағаттандырылады.

      2. Егер кепiл туралы бұрынғы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепiл салуға жол берiледi.

      3. Кепiл берушi келесi кепiл ұстаушысының әрқайсысына осы мүлiктiң бұрыннан бар барлық кепiлдерi жөнiндегi мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi және осы мiндеттiң орындалмауы себептi кепiл ұстаушыларға келтiрiлген залалдар үшiн жауап бередi.

      Ескерту. 311-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2007.01.12. N 225 Заңдарымен.
     
312-бап. Кепiлге салынған мүлiктi күтiп ұстау мен сақтау

      1. Кепiл берушi немесе кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiк олардың қайсысында екенiне қарай, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе:

      1) кепiлге салынған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн, соның iшiнде оған үшiншi жақтар тарапынан қол сұғылып, талаптар қойылуынан қорғау үшiн қажеттi шаралар қолдануға;

      2) кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну қаупiнiң пайда болуы туралы екiншi тарапқа дереу хабарлауға мiндеттi.

      2. Кепiл ұстаушы және кепiл берушi басқа тарапта тұрған кепiлге салынған мүлiктi құжаттар бойынша және оның iс жүзiнде бар екендiгiн, көлемiн, жай-күйiн және сақталу жағдайын тексеруге құқылы.

      3. Кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну қаупi туып, кепiл ұстаушы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мiндеттердi өрескел бұзған жағдайда кепiл берушi кепiлдiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын талап етуге құқылы.

313-бап. Кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну салдары

      1. Егер кепiл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктiң кездейсоқ қирау немесе бүлiну тәуекелiн мойнына алады.



      2. Кепiл ұстаушы, егер осы Кодекстiң 359-бабына сәйкес жауапкершiлiктен босатыла алатынын дәлелдей алмаса, өзiне кепiлге берiлген нәрсенiң толық немесе iшiнара жоғалуы немесе бүлiнуi үшiн жауап бередi.

      3. Кепiл ұстаушы кепiлге салынған нәрсенiң жоғалғаны үшiн оның нақты құны мөлшерiнде, ал оның зақымданғаны үшiн кепiлге салынған нәрсенiң кепiл ұстаушыға оны берген кезде бағаланған сомасына қарамастан, осы құн төмендеген сома мөлшерiнде жауап бередi.

      4. Егер кепiлге салынған нәрсенiң бүлiнуi салдарынан ол өзiнiң тiкелей мақсатында пайдаланыла алмайтындай болып өзгерiп кетсе, кепiл берушi одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.

      5. Шартта кепiл ұстаушының кепiлге салынған нәрсенiң жоғалуы немесе зақымдануы арқылы келтiрiлген өзге де шығындарды өтеуi көзделуi мүмкiн.

      6. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша борышқор болып табылатын кепiл берушi кепiл ұстаушыға кепiлге салынған нәрсенiң жоғалуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талапты кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындауға қоса есептеуге құқылы.

314-бап. Кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру және қалпына келтiру

      1. Кепiлге салынған нәрсенi ауыстыруға, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, кепiл ұстаушының келiсiмiмен жол берiледi.

      2. Егер кепiлге салынатын нәрсе жойылса немесе бүлiнсе не оған меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығы заң құжаттарында белгiленген негiздер бойынша тоқтатылса, кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ақылға қонымды мерзiмде қалпына келтiруге немесе оны басқа бiр сондай мүлiкпен алмастыруға құқылы.

315-бап. Кепiлге салынған нәрсенi пайдалану және оған билiк ету

      1. Егер шартта өзгеше көзделмесе және кепiл мәнiнен өзгеше туындамаса, кепiл берушi кепiл нысанасын оның мақсатына сәйкес пайдалануға, соның iшiнде одан жемiстер мен табыстар табуға құқылы.

      2. Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе және кепiл мәнiнен туындамаса, кепiл берушi кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған нәрсенi меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару иелiгiнен айыруға, оны басқа жаққа жалға немесе тегiн пайдалануға беруге не өзге түрде оған билiк етуге құқылы.

      Кепiл берушiнiң кепiлге салынған мүлiктi мұраға қалдыру құқығын шектейтiн келiсiмi маңызсыз болады.

      3. Кепiл ұстаушы өзiне кепiлге берiлген нәрсенi шартта көзделген реттерде ғана кепiл берушiге оны пайдалану туралы үнемi есеп бере отырып пайдалануға құқылы. Шарт бойынша кепiл ұстаушыға кепiлге салынған нәрсенiң негiзгi мiндеттеменi өтеу мақсаттарында немесе кепiл берушiнiң мүдделерi үшiн жемiстер мен табыстар табу мiндетi жүктелуi мүмкiн.

      Ескерту. 315-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
316-бап. Кепiл ұстаушының кепiлге салынған нәрсе жөнiндегi құқықтарын қорғау

      1. Кепiлге салынған мүлiк болған немесе болуға тиiс кепiл ұстаушы оны өзгенiң заңсыз иеленуiнен, соның iшiнде кепiл берушiнiң өзiнен де талап етiп алуға құқылы.

      2. Шарт ережелерi бойынша кепiл ұстаушыға өзiне кепiлге берiлген нәрсенi пайдалану құқығы берiлген реттерде, ол басқа адамдардан, соның iшiнде кепiл берушiден де өз құқығының қандай да болсын бұзылуы иелiктен айырумен байланысты болмағанымен, оның бұзылуын жоюды талап ете алады.

317-бап. Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi

      1. Борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.

      2. Егер борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.

      Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

      1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда;

      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу өте болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.

      Ескерту. 317-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     
318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi

      1. Кепiл ұстаушының талаптарын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер осы Кодексте және басқа заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      2. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ осы Кодексте және өзге де заң құжаттарындакөзделген реттерде кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртіппен сауда өткiзу (аукцион) арқылы өз бетiмен сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететiн кепiлге салынған нәрсенi сату жөнiнде кепiл ұстаушы банктiң де осындай құқығы болады. Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті соттан тыс өткізуге жол берілмейді.

      Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру шеңберінде қарыз бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.



      Ескерту. 318-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
319-бап. Кепiлге салынған мүлiктi сату

      1. Кепілге салынған мүлiктi өткiзу (сату), егер заң құжаттарында өзгеше тәртiп белгiленбесе, iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жария саудаға салып сату арқылы жүргiзiледi.

      1-1. Ақшаны және ақшалай мiндеттеме бойынша құқықтарды (талаптарды) кепiлге беру кезiнде - кепiлге қойылған осы мүлiктi өткiзу кепiл нысанасы болып табылатын немесе ақшалай мiндеттеме бойынша кепiлге қойылған құқықтар (талаптар) бойынша тиесiлi ақшаны кепiл ұстаушыға беру жолымен, ал кепiл нысанасына өндiрiп алу қолданылған кезде ақшаны беру мүмкiн болмаған жағдайда кепiл берушiнiң кепiл нысанасына құқықтарын кепiл ұстаушыға ауыстыру жолымен жүргiзiледi.

      Егер кепiл нысанасы болып табылатын немесе ақшалай міндеттеме бойынша кепілге қойылған құқықтар (талаптар) бойынша тиесілі ақша сомасы кепiл ұстаушының кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарының мөлшерiнен асып кетсе, айырма кепiл берушiге қайтарылады. Кепiл ұстаушының талаптарын өтеу үшiн ақша сомасы жетпеген жағдайда, заңнамалық актiлерде немесе шартта өзгеше нұсқау болмаған ретте, ол кепiлде негiзделген артықшылықтарды пайдаланбай, жетпеген соманы борышкердiң басқадай мүлкінен алуға құқылы.

      2. Кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртіппен сату ерекшелiктерi осы Кодекспен және қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңмен белгiленедi. Ипотеканы iске асыру үшiн қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңмен белгiленген ережелер мен рәсiмдер, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кепiлдiң басқа түрлерiн орындау кезiнде мүлiктi сату үшiн қолданылады.

      3. Кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша сот кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы шешiмiнде жеке тұлғалардың кепілге салынған мүлкінің жария саудаға салынып сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге және заңды тұлғалардың кепілге салынған мүлкін бір айға дейінгі мерзімге кейiнге қалдыруға құқылы. Кейiнге қалдыру осы мүлiктi кепiлге салу арқылы қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышкерді кейiнге қалдырылған уақыт iшiнде кредитордың өскен залалдары мен тұрақсыздық айыбы сомасын өтеуден босатпайды.

      4. Кепiл берушi мен кепiл ұстаушыны қоса алғанда, кез-келген заңды тұлғалар мен азаматтар саудаға қатысуға құқылы.

      Сауда басталардың алдында сот немесе сенiм бiлдiрiлген жақ (осы Кодекстiң 320-бабы) саудаға қатысушының әрқайсысынан кепiлдiк жарна төлеудi талап етуге құқылы. Кепiлдiк жарналар сауда аяқталғаннан кейiн қайтарылып берiлуге тиiс. Саудада ұтып шыққан қатысушының кепiлдiк жарнасы түпкiлiктi бағаның есебiне есептеледi. Саудада ұтып шыққан, бiрақ түпкiлiктi бағаны төлемеген қатысушының кепiлдiк жарнасы қайтарылмайды және соттың немесе сенiм бiлдiрiлген жақтың билiгiнде қалады.

      5. Қатысқан сатып алушы екеуден аз болуы себептi сауда жасалмайтыны жарияланған жағдайда кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негiзiнде сот шешімімен белгіленген немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға белгілеген ағымдағы бағалау құны бойынша өз меншiгiне аударуға, не жаңадан сауда белгiлеудi талап етуге құқылы.

      6. Егер кепiлге салынған мүлiктi өткiзу кезiнде түскен сома кепiл ұстаушының талаптарын өтеуге жеткiлiксiз болса, ол заң құжаттарында немесе шартта өзгеше нұсқаулар болмаған жағдайда жеткiлiксiз соманы борышқордың басқа мүлкiнен кепiлге негiзделген артықшылықты пайдаланбай-ақ алуға құқылы.

      Егер кепiлге салынған мүлiктi сату кезiнде түскен сома кепiл ұстаушының кепiлмен қамтамасыз етiлген талабы мөлшерiнен асып кетсе, айырмасы кепiл берушiге қайтарылады.

      7. Борышкер мен үшiншi тұлға болып табылатын кепiл берушi (заттай кепілгер) кепiл нысанасы сатылғанға дейiнгi кез келген уақытта оған өндiрiп алуды қолдануды және оны сатуды кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi немесе оның орындалу мерзiмi өтiп кеткен бөлiгiн орындап, тоқтатуға құқылы. Бұл құқықты шектейтiн келiсiм маңызсыз болады.



      Ескерту. 319-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.11.08 N 96, 2007.01.12 N 225, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
320-бап. Кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс мәжбүр ету тәртiбiмен сату

      1. Кепiлге салынған мүлiк соттан тыс мәжбүр ету тәртiбiмен сатылған жағдайда сауданы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бұзылған ретте кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiктi өткiзуге сенiмхаты бар сенiм бiлдiрiлген заңды тұлға мен азамат жүргiзедi.

      2. Сенiм бiлдiрiлген адам мынадай рәсiмдердi орындайды:

      1) кепiл берушiге мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жазады және оны кепiл туралы шарт тiркелген органда тiркейдi;

      2) хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, бiрақ мұны кепiл берушiге жiберер кезден бастап отыз күннен кейiн, кепiлге салынған мүлiктiң саудасы туралы хабарлама жазады, оны кепiл туралы шарт тiркелген органда тiркеп кепiл берушiге тапсырады немесе тапсырыс хатпен кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша кепіл берушіге жібереді;

      3) сауда туралы хабарландыруды жергiлiктi баспасөзде ресми түрде жариялайды.



      Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     
321-бап. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу

      1. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен тыс бұрын орындауды мына жағдайларда:

      1) егер кепiл туралы шарттың ережелерiне сәйкестендiрiлмей кепiлге салынған нәрсе қалдырылған кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кетсе;

      2) кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру туралы ережелердi бұзған (осы Кодекстiң 314-бабы);

      3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабындағы 2-тармақта көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiл ұстаушы жауап бермейтiн (осы Кодекстiң 313-бабының 2-тармағы) мән-жайлар бойынша кепiлге берiлген нәрсе жоғалған жағдайда;

      4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы.

      2. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса:

      1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған;



      2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-бабындағы 1-тармақтың 1 және 2-тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған;

      3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы қағидаларды (осы Кодекстiң 315-бабының 2-тармағы) бұзған;

      4) кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған (осы Кодекстің 317720 және 722-баптары, "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы) жағдайда кепiл нысанасына өндiрiп алуды қолдануға құқылы.

      Ескерту. 321-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     
322-бап. Кепiлдi тоқтату

      1. Кепiл:

      1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер тоқтатылғанда;

      2) осы Кодекстiң 312-бабының 3-тармағында көзделген негiздер болған кезде кепiл берушiнiң талабы бойынша;

      3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабының 2-тармағында көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiлге салынған зат құрыған немесе кепiлге салынған құқық тоқтатылған ретте;

      4) кепiлге салынған мүлiктi жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкiн болмаған ретте (осы Кодекстiң 319-бабы) тоқтатылады.

      2. Кепiлдiң тоқтатылғаны туралы кепiл туралы шарт тiркелген реестрде белгi соғылуға тиiс.

      3. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң орындалуы салдарынан не кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл тоқтатылған кезде (осы Кодекстiң 312-бабының 3-тармағы) кепiл ұстаушы өзiнде кепiлде болған мүлiктi кепiл берушiге дереу қайтаруға мiндеттi.

323-бап. Кепiлге салынған мүлiкке құқық басқа тұлғаға құқықты мирасқорлық тәртiбiмен көшуi кезiнде кепiлдiң сақталуы

      1. Кепiлге салынған мүлiктi ақылы немесе тегiн иелiктен айыру нәтижесiнде не әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша мүлiкке меншiк құқығы немесе шаруашылық жүргiзу құқығы кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы сақталып қалады.

      Кепiл берушiнiң құқықты мирасқоры кепiл берушiнiң орнын басады және, егер кепiл ұстаушымен келiсiмде өзгеше белгiленбесе, кепiл берушiнiң барлық мiндеттерiн атқарады.

      2. Егер кепiл берушiнің кепiлге салынған нәрсе болып табылатын мүлкi құқықты мирасқорлық тәртiбiмен бiрнеше адамға көшсе, құқықты мирасқорлардың әрқайсысы (мүлiктi иеленушiлер) аталған мүлiктiң өзiне көшкен бөлiгiне кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамағандығы жөнiндегi кепiлден туындайтын зардаптарын көтередi. Алайда кепiлге салынған нәрсе бөлiнбейтiн болса немесе өзге негiздер бойынша құқықты мирасқорлардың бiрлескен ортақ меншiгiнде қалса, олар ортақ кепiл берушiлерге айналады.

324-бап. Кепiлге салынған мүлiктi күштеп алу салдары



      1. Егер кепiл берушiнiң кепiлге салынатын мүлiкке меншiк құқығы заң құжаттарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою (сатып алу), реквизициялау немесе ұлт меншiгiне айналдыру салдарынан тоқтатылып, кепiл берушiге басқа мүлiк немесе тиiсiнше өтем берiлсе, кепiл құқығы оның орнына берiлген мүлiкке қолданылады, не тиiсiнше кепiл ұстаушы кепiл берушiге тиесiлi өтем сомасынан өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыру құқығына ие болады. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап ете алады (осы Кодекстiң 321-бабының 1-тармағы).

      2. Кепiлге салынатын нәрсе болып табылатын мүлiк заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша осы мүлiктiң шын мәнiндегi меншiк иесi басқа тұлға болып табылатындығына сүйенiп, не әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде кепiл берушiден алынған реттерде бұл мүлiктiң кепiлге салынғаны тоқтатылады. Бұл ретте кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.



      Ескерту. 324-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
325-бап. Кепiл туралы шарт бойынша құқықтарды беру

      1. Кепiл ұстаушы кепiл туралы шарт бойынша несие берушiнiң құқықтарын беру туралы ережелердi сақтай отырып талапқа көну арқылы өз құқықтарын басқа жаққа беруге (осы Кодекстiң 339-347-баптары) құқылы.

      2. Кепiл туралы шарт бойынша кепiл ұстаушының өз құқықтарын басқа адамға беруi, егер кепiлмен қамтамасыз етiлген негiзгi мiндеттеме бойынша борышқорға талап ету құқықтары нақ сол адамға берiлсе, заңды болады.



      3. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 № 211 Заңымен.
      Ескерту. 325-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.03.02 № 211 Заңымен.
326-бап. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша борышты аудару

      Егер кепiл берушi жаңа борышқор үшiн жауап беруге несие берушiге келiсiм бермесе, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша кепiл борышты басқа адамға аудару арқылы тоқтатылады.

327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу

      1. Тауарларды кепiл берушiде қалдыра отырып және кепiл берушiге кепiлге берілген мүлiктiң (тауар қорларының, шикiзаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнiмнің және тағы басқалардың) құрамы мен нақты нысанын өзгерту құқығын бере отырып, оларды кепілге салу айналымдағы тауарларды кепiлге салу деп танылады.

      2. Кепiл берушi иелiктен айырған айналымдағы тауарлар оларды алушының меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе оралымды басқаруына көшкен кезден бастап кепiлге салынған нәрсе болудан қалады, ал кепiл берушi сатып алған, кепiл туралы шартта аталған тауарлар оларға кепiл берушiнiң меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығы пайда болған кезден бастап кепiлге салынған нәрсеге айналады.

      3. Тараптардың келісімі бойынша кепіл туралы шартта айналымдағы тауарлардың жалпы құны кепіл туралы шартта көрсетiлген құннан кем болмауға тиіс деген талап көзделуі мүмкін.

      Егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнын кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне мөлшерлес кемітуге жол берiледi.

      4. Кепiл берушi айналымдағы тауарларды кепiлге салу шарттарын бұзған кезде кепiл ұстаушы өзiнiң белгiлерiн кепiлге салынған тауарларға қою арқылы шарттың бұзылуы жойылғанға дейiн олармен операцияларды тоқтата тұруға құқылы.



      Ескерту. 327-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу

      1. Қысқа мерзімді микрокредиттерді қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды қызметі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасымен реттелетін, ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады.

      2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап, сондай-ақ кепіл нысанасының соттан тыс өткізілуіне кепіл берушінің келісімі болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.

      2-1. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт кепіл нысанасының өткізілуіне немесе мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне байланысты тоқтатылады.

      Кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде, сондай-ақ мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен кезде ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың тоқтатылуымен бірге бір мезгілде кепіл беруші болып табылатын қарыз алушының міндеттемесі және микрокредит беру туралы шарт тоқтатылады.

      Микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған, ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізу ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған кезде микрокредитті өтеу мерзімі өткен соң бір айдан кейін сауда-саттық өткізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.

      4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.



      5. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады.

      7. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 328-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Параграф 4. Кепілдік және кепіл болушылық

      Ескерту. 4 параграф жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

329-бап. Кепiлдiк

      1. Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi.

      2. Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып жауап бередi.

      3. Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы мүмкiн.

330-бап. Кепiл болушылық

      Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.

331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны

      1. Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк және кепiл болушылық пайда болады. Кепiлдiктi қолдану заңмен белгiленуi мүмкiн.

      2. Кепiлдiк немесе кепiлгерлік шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлдiк немесе кепiлгерлік шартының маңызсыздығына алып келеді.

      3. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.

      4. Екiншi деңгейдегi банктер банк кепiлдiктерi мен кепiлгерлiгiн берудi уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде осы Кодекске сәйкес және уәкiлеттi органның аталған операцияларды жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн ескере отырып жүзеге асыра алады.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң осы Кодекстiң нормаларын сақтамай және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескермей берген банк кепiлдiктерi мен кепiлгерлiктерi олардың жарамсыз болуына әкеп соғады.

      Ескерту. 331-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.03.02. № 162, 2003.07.10. № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. № 225; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
332-бап. Кепiлдiк берушiнiң және кепiл болушының жауапкершiлiгi

      1. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер шартта өзгеше белгiленбесе, тек заңды талапты ғана қамтамасыз етедi. Кепiлдiк берушi мен кепiл болушы, егер олар әрекет қабiлетсiздiгi туралы өздерiне күнi бұрын белгiлi болған борышқорға кепiл болса, ал несие берушi бұл мән-жайды бiлмесе, жауапкершiлiктен босатылмайды.

      2. Кепiлдiк берушi несие берушi алдында, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса алғанда, борышты өндiрiп алу жөнiндегi сот шығындарын және борышқордың мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие берушiнiң басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап бередi.

      3. Кепiл болушы несие берушi алдында, егер кепiл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепiл болушылықта көрсетiлген сома шегiнде жауапты болады. Қосалқы жауапкершiлiктi мойнына алған кепiл болушыға талаптар қойылғанға дейiн несие берушi бұл талапты борышқор қанағаттандыратындай, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгiленген тәртiп бойынша борышқордың мүлкiнен ақы өндiрiп алу арқылы ақылға қонымды шаралар қолдануға тиiс.

333-бап. Кепiлдiк берушiнiң өзiне несие берушi талаптар қойған жағдайдағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыруға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы.

      2. Кепiлдiк берушi, егер кепiлдiк шартынан өзгеше туындамаса, несие берушiнiң талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға қақылы. Кепiлдiк берушi бұл қарсылықтарға құқығын тiптi егер борышқор олардан бас тартқан немесе өзiнiң қарызын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды.

334-бап. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi мен кепiл болушының құқықтары

      1. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышқор үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы.

      2. Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышқорға қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелер, егер заңдарда немесе кепiлдiк берушiнiң борышқорымен шартында өзгеше көзделмесе және олардың арасындағы қатынастарда өзгеше туындамайтын болса, қолданылады.

      4. Кепiл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие болады.

335-бап. Борышқордың мiндеттеменi орындағаны туралы кепiлдiк берушi мен кепiл болушыға хабарлауы

      Кепiлдiктен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған борышқор кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда өз кезегiнде мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алынғанды өндiрiп алуға, не борышқорға керi талап қоюға қақылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушiден тек негiзсiз алынғанды ғана өндiрiп алуға қақылы.

336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы

      1. Кепiлдiк және кепiлгерлік өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, егер шартта кепiлдiкті тоқтатудың өзге де жағдайлары көзделмесе, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiл мен кепiлгердің жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де теріс салдарларға алып келмейтіндей болып өзгерген жағдайда тоқтатылады.

      2. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге келiсiм бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме жөнiндегi борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады.

      3. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады.

      4. Кепiлдiк және кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген және белгiлеуге болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк және кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен бастап екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады.

      Ескерту. 336-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Параграф 5. Кепілпұл

337-бап. Кепiлпұл ұғымы. Кепiлпұл туралы келiсiм нысаны

      1. Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.

      2. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл қағида негiзгi мiндеттемені нотариат куәландыруға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлпұл туралы келiсiмнің маңызсыздығына алып келеді.



      Ескерту. 337-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. N 225; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
338-бап. Кепiлпұлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi тоқтатудың және орындамаудың салдары

      1. Мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.

      2. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Параграф 6. Ұстап қалу



      Ескерту. 6 параграфпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2007.01.12. N 225 Заңымен.
     

338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

      1. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берiлуге тиiс зат қарамағында болған несие берушi, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушiге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөнiндегi мiндеттеменi мерзiмiнде орындамаған жағдайда, тиiстi мiндеттеме орындалғанға дейiн оны ұстап қалуға құқылы.

      Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсiпкер ретiнде әрекет ететiн тараптардың мiндеттемелерiнен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

      2. Несие берушi өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады.

      3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесi қолданылады.

338-2-бап. Ұстап қалынған мүлiк есебiнен талаптарды қанағаттандыру

      Затты ұстап қалушы несие берушiнiң талаптары кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандыру үшiн көзделген көлемде және тәртiппен заттың құнынан қанағаттандырылады.

Параграф 7. Кепілдік жарна

      Ескерту. 18-тарау 7-параграфпен толықтырылды - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

338-3-бап. Кепілдік жарна ұғымы

      1. Сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеушінің кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы кепілдік жарна болып танылады.

      2. Кепілдік жарнаны төлеу жөніндегі міндеттеме заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда туындайды. Кепілдік жарнаны төлеу жөніндегі міндеттеме тараптардың келісіміне байланысты да туындайды.

338-4-бап. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, тоқтату немесе орындау салдары

      1. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме төлеушінің кінәсінен орындалмаған кезде кепілдік жарна екінші тарапта қалады.

      2. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаған не тараптардың келісімі бойынша немесе олардың кінәсінсіз орындаудың мүмкін болмауы салдарынан осы міндеттеме тоқтатылған кезде кепілдік жарна қайтарылуға жатады.

      3. Егер осы Кодексте, өзге де заңнамалық актілерде, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, шарт жасасу немесе кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген өзге міндеттемені орындау кезінде кепілдік жарна сомасы жасалған шарт немесе өзге де кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша кепілдік жарна алушыға тиесілі екінші тараптан түсетін төлемдердің есебіне жатқызылады.

19-тарау. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы

339-бап. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысу негiздерi мен тәртiбi

      1. Мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi; немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстыруы мүмкiн.

      Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы жөнiндегi ережелер регрестi талаптарға қолданылмайды.

      2. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы үшiн, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келiсiмi талап етiлмейдi.

      3. Егер несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнiнде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие берушi осыдан туындайтын өзiне қолайсыз салдарға тәуекел етедi. Бұл жағдайда бастапқы несие берушiге мiндеттеменi орындағаны тиiстi несие берушiге орындағаны болып табылады.

      4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша талап ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.

      Ескерту. 339-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
     
340-бап. Басқа адамдарға ауыстыруға болмайтын құқықтар

      Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөнiндегi және азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi.

341-бап. Несие берушiнiң басқа адамға ауысатын құқықтарының көлемi

      Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.



      Ескерту. 341-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
     
342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына дәлелдемелер

      1. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелердi өзiне табыс еткенше жаңа несие берушiге мiндеттемелердi орындамауға құқылы.

      2. Талап етудi басқа адамға берген несие берушi оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшiн маңызы бар мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.

343-бап. Жаңа несие берушiнiң талабына борышқордың қарсылық бiлдiруi

      Борышқор мiндеттеме жөнiндегi құқықтардың жаңа несие берушiге ауысқаны туралы хабарды алар кезiнде бастапқы несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушiнiң талаптарына қарсы қоюға құқылы.

344-бап. Несие берушi құқықтарының заң құжаттары негiзiнде басқа адамға ауысуы

      Мiндеттеме жөнiндегi несие берушiнiң құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетiлген мынадай жағдайлардың болуы негiзiнде:

      1) несие берушiнiң құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесiнде;

      2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкiндiгi көзделсе, несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешiмi бойынша;

      3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;

      4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушiнiң құқықтарын алып берген кезде;

      5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.



      Ескерту. 344-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
     
345-бап. Талап етудi беру шарттары

      1. Несие берушiнiң талап етудi басқа адамға беруiне жол берiледi, себебi ол заң құжаттарына немесе шартқа қайшы келмейдi.

      2. Егер несие берушiнiң жеке басының борышқор үшiн елеулi маңызы болса, борышқордың келiсiмiнсiз мiндеттеме жөнiндегi талап етудi беруге жол берiлмейдi.

346-бап. Талап етудi беру нысаны

      1. Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс.

      2. Мемлекеттiк тiркеудi талап ететiн мәмiле бойынша талап етудi беру осы мәмiленi тiркеу үшiн белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс.



      3. Ордерлi бағалы қағаз бойынша талап етудi беру осы бағалы қағаздағы индоссамент арқылы жасалады (осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағы).

347-бап. Талап етудi берген несие берушiнiң жауапкершiлiгi

      Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында оған берiлген талаптардың жарамсыздығы үшiн жауап бередi, бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды өзiне алғаннан басқа жағдайда, сондай-ақ егер осы Кодексте немесе шартта өзгеше көзделмесе, жауап бермейдi.

      Ескерту. 347-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 426 Заңымен.
     
348-бап. Борыштың ауысуы

      1. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.

      2. Жаңа борышқор несие берушiмен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негiзделген қарсылықтарын несие берушiнiң талабына қарсы қоюға құқылы.

      3. Борышты аудару нысанына тиiсiнше осы Кодекстiң 346-бабының 1 және 2-тармақтарындағы ережелер қолданылады.

      4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша қарызды аудару ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.

      Ескерту. 348-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
20-тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы
үшін жауаптылық

349-бап. Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы

      1. Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.

      2. Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.

350-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдардың орнын толтыру

      1. Мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы). Айып төлеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемедегi залалдың орнын толтыру осы Кодекстiң 351-бабында көзделген ережелермен белгiленедi.

      2. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышкерді босату жөнiндегi мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылданған тараптардың келiсiмi маңызсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.

      3. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.

      4. Айырылып қалған пайданың мөлшерiн анықтаған кезде оны алу үшiн несие берушi алдын ала қолданған шаралар және осы мақсатта жасалған дайындықтар ескерiледi.

      5. Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез-келген iс-әрекетiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

      Ескерту. 350-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.03.02. N 211; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
351-бап. Залалдар және айып төлеу

      1. Егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледi.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта: залал толық сомасында тұрақсыздық айыбынан тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; кредитордың таңдауы бойынша не тұрақсыздық айыбы, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi мүмкін.

      Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсінше орындалмағаны үшiн тұрақсыздық айыбы ғана белгiленуі мүмкін болатын жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.

      2. Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн шектелген жауаптылық белгiленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған бөлiгiнде, не одан тыс, не оның орнына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгiленген шекке дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.

      Ескерту. 351-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
352-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген моральдық нұқсанды өтеу

      Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген моральдық нұқсан осы Кодекстiң 350-бабында көзделген залалдардан тыс өтеледi.

353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады.

      2. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады.

      3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың 1-тармағының негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.



      Ескерту. 353-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, өзгерту енгізілді - 2007.01.12. № 225 Заңдарымен.
     
354-бап. Жауапкершiлiк және мiндеттеменi заттай орындау

      1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.

      2. Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.

      3. Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы (осы Кодекстiң 365-бабы), сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу (осы Кодекстiң 369-бабы) борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.

      Ескерту. 354-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. № 211 Заңымен.
     
355-бап. Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың салдары

      1. Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, жедел басқаруға немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, бұл затқа үшiншi жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды және несие берушiге берудi талап етуге құқылы.

      2. Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды.

356-бап. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау

      Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға және шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап етуге құқылы.

357-бап. Субсидиялық жауапкершiлiк

      1. Заңдарға немесе мiндеттеменiң шарттарына сәйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс.

      Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн.



      2. Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу (осы Кодекстiң 370-бабы) арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес.

      3. Субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс.

      Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.

      Ескерту. 357-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
358-бап. Мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң мөлшерiн шектеу

      1. Мiндеттеменiң кейбiр түрлерi бойынша және қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады (шектелген жауапкершiлiк).

      2. Егер мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк мөлшерi заңдармен белгiленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретiндегi азамат несие берушi болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк мөлшерiн шектеу жөнiндегi келiсiм маңызсыз болады.

      Ескерту. 358-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.03.02. N 211; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
359-бап. Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк негiздерi

      1. Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады.

      2. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.

      Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн.

      3. Мiндеттеменi әдейі бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт маңызсыз болады.

      Ескерту. 359-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
360-бап. Мiндеттемедегi кәсiпкерлiк тәуекел

      Егер мiндеттемеде кәсiпкердiң тапсырысы бойынша әлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесiн пайдаланудың мүмкiн еместiгi немесе оны пайдаланудың тиiмсiз болу тәуекелi кәсiпкерге жүктеледi. Жұмысты тиiстi дәрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кәсiпкерлiк тәуекелдi бөлу көзделмесе, орындау дәрежесiне сәйкес ақы алуға құқылы.

361-бап. Екiжақты шартты орындамаудың салдары

      Егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мән-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшiн мiндеттеменi орындауға мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шартта өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың ешқайсысының да талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi орындағанның бәрiн қайтаруды тиiстi қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы.

362-бап. Борышқордың өз қызметкерлерi үшiн жауапкершiлiгi

      Борышқордың мiндеттемесiн орындау жөнiндегi лауазымды адамдарының немесе өзге қызметкерлерiнiң әрекеттерi борышқордың әрекеттерi болып есептеледi. Борышқор бұл әрекеттер үшiн, егер олар мiндеттеменi орындамауға немесе тиiстi дәрежеде орындамауға әкелiп соқтырса, жауап бередi.

363-бап. Борышқордың үшiншi жақтардың әрекеттерi үшiн жауапкершiлiгi

      1. Үшiншi жақтардың борышқор алдындағы өз мiндеттерiне қатысты әрекетi не әрекетсiздiгi мiндеттеменi бұзудың себебi болғанда да борышқор несие берушiнiң алдында жауап бередi.

      Егер заңдарда тiкелей орындаушы жауап бередi деп белгiленбесе, борышқор несие берушi алдындағы өз мiндетiн жүктеген үшiншi жақтардың әрекетi немесе әрекетсiздiгi үшiн де жауап бередi.

      2. Борышқор үшiншi жақтардың әрекеттерiнен немесе әрекетсiздiгiнен мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен олардың кiнәсiздiгi дәлелденгеннен кейiн босатылуы мүмкiн.



      Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде борышқор үшiншi жақтардың әрекеттерiнен немесе әрекетсiздiгiнен мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен, егер оған дүлей күштер себепшi болса, босатылады (осы Кодекстiң 359-бабының 2-тармағы).

      3. Үшiншi жақтардың құқықтарымен мiндеттеме нысанасын ауырлатуға байланысты мiндеттеме бұзылғанда, егер ондай ауырлату несие берушiмен шарт жасасқанға дейiн пайда болса және несие берушiге ол туралы шарт жасасу кезiнде ескертiлсе ғана, борышқор жауапкершiлiктен босатылады.

      4. Заңдарда немесе шартта үшiншi жақтардың әрекеттерi үшiн борышқор жауапкершiлiгiнiң өзге жағдайлары көзделуi мүмкiн.

364-бап Несие берушiнiң кiнәсi

      1. Егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот оған сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.

      2. Борышқор заң актiлерi немесе шарт бойынша өзiнiң кiнәсiне қарамастан мiндеттеменiң орындалмағанына немесе тиiстi дәрежеде орындалмағанына жауап беретiн жағдайларда да осы баптың 1-тармағының ережелерi тиiсiнше қолданылады.



      Ескерту. 364-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
     
365-бап. Борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы

      1. Мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн өткiзiп алған борышқор несие берушiнiң алдында мерзiмдi өткiзiп алу арқылы келтiрiлген залал үшiн және мерзiмiн өткiзiп алу кезiнде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшiн жауап бередi.

      2. Егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады.

      3. Несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы себептi мiндеттеме әзiрше орындала алмайтын болса, борышқор мерзiмдi өткiзiп алушы болып саналмайды (осы Кодекстiң 366-бабы).

366-бап. Несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы

      1. Егер несие берушi борышқор ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда немесе шартта көзделген, не iскерлiк айналым дәстүрлерiнен немесе аяқталғанға дейiн борышқор өз мiндетiн атқара алмаған мiндеттiң мәнiнен туындайтын әрекеттердi жасамаған болса, ол мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.

      Борышқордың мiндеттеменi орындағанын тиiстi түрде растаудан бас тартқан жағдайда да несие берушi мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.

      2. Егер несие берушi мерзiмдi өткiзiп алу, не өзi, не заңдар бойынша немесе несие берушiнiң тапсыруымен мiндеттеменiң орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтiн жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп бермесе, несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы борышқорға мерзiмдi өткiзiп алудан келтiрiлген залалдың орнын толтыруға құқық бередi.

      Мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiге мерзiмдi өткiзiп алған кезде мiндеттеменi орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалуының барлық қолайсыз салдары жүктеледi.

      3. Ақшалай мiндеттеме бойынша борышқор несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алғаннан кейiнгi уақытына сыйақы (мүдде) төлеуге мiндеттi емес.



      Ескерту. 366-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.
21-тарау. Міндеттемені тоқтату

367-бап. Мiндеттеменi тоқтату негiздерi

      1. Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады.

      2. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi.

      3. Заңдар мен шартта мiндеттеменi тоқтатудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

368-бап. Мiндеттеменi орындау арқылы тоқтату

      1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.

      2. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.

      Ескерту. 368-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
     
369-бап. Бас тарту төлемi

      Тараптардың келiсiмi бойынша мiндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемiн беру (ақша төлеу, мүлiк беру және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкiн. Бас тарту төлемiнiң мөлшерiн, мерзiмдерiн және тәртiбiн тараптар белгiлейдi.

370-бап. Мiндеттеменi есепке жатқызу арқылы тоқтату

      1. Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi.

      2. Мына талаптарды:

      1) егер тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша талапқа заңды талап мерзiмiн қолдануға болса және ол мерзiм өтiп кетсе;

      2) азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

      3) алимент өндiрiп алу туралы;

      4) өмiр бойы асырау туралы;

      4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, лицензиядан айрылған не консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;

      5) заңдарда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берiлмейдi.

      3. Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.

      Егер талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады.

      Ескерту. 370-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     
371-бап. Мiндеттеменiң борышқор мен несие берушінiң бiр тұлға болуы себептi тоқтатылуы

      Мiндеттеме борышқор мен несие берушi бiр тұлға болуы себептi тоқтатылады.

372-бап. Мiндеттеменiң жаңғыртылуға байланысты тоқтатылуы

      1. Мiндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келiсiммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады.

      2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi және алимент төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берiлмейдi.

      3. Жаңғыртылу, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бастапқы мiндеттемеге байланысты қосымша мiндеттемелердi тоқтатады.

373-бап. Борышты кешiру

      Несие берушi борышқорды мойнына алған мiндеттерiнен босатқанда, егер бұл несие берушiнiң мүлкiне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, мiндеттеме тоқтатылады.

374-бап. Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы

      1. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай мiндеттемелерге қолданылмайды.

      2. Тараптың өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға жауап бермейтiн мән-жайдан тарап мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.

      3. Борышқор несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда несие берушiнiң одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

375-бап. Мемлекеттiк органның құжаты негiзiнде мiндеттеменiң тоқтатылуы

      1. Егер жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

      2. Мiндеттеменiң тоқтатылуына негiз болған жария құжат белгiленген тәртiп бойынша жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келiсiмiнен немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi.

376-бап. Азаматтың қайтыс болуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы

      1. Егер мiндеттеменi орындау борышқордың жеке өзiнiң қатысуынсыз жүргiзiлмейтiн болса не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

      2. Егер мiндеттеменi орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса, не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушiнiң қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

377-бап. Заңды тұлғаның таратылуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы

      1. Таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады.

      2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар орындамаған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Егер тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде міндеттемені орындау жүктелетін өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi.

      Ескерту. 377-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бөлiмше. Шарт туралы жалпы ережелер
22-тарау. Шарт ұғымы және оның ережелері

378-бап. Шарт ұғымы

      1. Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.

      2. Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.

      3. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

379-бап. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар

      1. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн.



      2. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары).

      3. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.

380-бап. Шарт еркiндiгi

      1. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

      2. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.

381-бап. Аралас шарт

      Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.

382-бап. Шарт жағдайларын анықтау

      1. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.

      Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.

      2. Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi.

383-бап. Шарт және заңдар

      1. Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.

      2. Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.

384-бап. Ақылы және ақысыз шарт

      1. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.

      2. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.

      3. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.

385-бап. Баға

      1. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi.

      Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.

      2. Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.

      3. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.

386-бап. Шарттың қолданылуы



      1. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (осы Кодекстiң 393-бабы).

      2. Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы.

      3. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.

      Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады.

      4. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

387-бап. Жария шарт

      1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, жария шарт жасасуға қатысты бір тұлғаға басқалардың алдында артықшылық көрсетуге құқығы жоқ.

      2. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.

      3. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.



      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған кезде осы Кодекстiң 399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.

      4. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн.

      5. Жария шарттың осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi маңызсыз болып табылады.

      Ескерту. 387-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
388-бап. Шарттардың үлгi ережелерi

      1. Шартта оның кейбiр ережелерi осындай шарттар үшiн әзiрленген және баспада басылып шыққан үлгi ережелермен белгiленетiнi көзделуi мүмкiн.



      2. Шарттың мазмұнында үлгi ережелерге сiлтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгi ережелер, егер олар осы Кодекстiң 3 және 382-баптарымен белгiленген талаптарға сай келетiн болса, тараптардың қатынастарына iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар ретiнде қолданылады.

      3. Үлгi ережелер үлгi шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкiн.

389-бап. Қосылу шарты

      1. Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады.

      1-1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актісінде қосылу шартын жасасу ерекшеліктері және оның мазмұнына қойылатын талаптар көзделуі мүмкін.

      2. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.

      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.

      Ескерту. 389-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
390-бап. Алдын ала жасалатын шарт

      1. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi.

      2. Алдын ала шарт негiзгi шарт үшiн заңнамада белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, онда жазбаша нысанда жасалады. Алдын ала шарт нысаны туралы қағидаларды сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.

      3. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс.

      4. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi.

      Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс.

      5. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi.

      6. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады.

      7. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.

      Ескерту. 390-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
391-бап. Үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт

      1. Тараптар несие берушiге емес, шартта көрсетiлген немесе көрсетiлмеген және борышқордан мiндеттеменi өзiнiң пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге мiндеттi деп көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады.

      2. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген кезден бастап тараптар өздерi жасасқан шартты үшiншi жақтың келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды.

      3. Борышқор шартта өзiнiң несие берушiге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшiншi жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы.

      4. Үшiншi жақ шарт бойынша өзiне берiлген құқықтан бас тартқан ретте несие берушi, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады.

      5. Үшінші тұлға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап және үшінші тұлға өз құқығынан бас тартқан кезге дейін кредитор шарт талаптарына сәйкес борышкерден үшінші тұлғаның пайдасына міндеттемелерді орындауды ғана талап етуге құқылы.



      Ескерту. 391-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     
392-бап. Шартты түсiндiру

      1. Сот шарт ережелерiн түсiндiрген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердiң сөзбе-сөз мәнi ескерiледi. Шарт ережесiнiң сөзбе-сөз мәнi түсiнiксiз болған ретте ол бүкiл шарттың басқа ережелерiмен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.

      2. Егер осы баптың бiрiншi тармағындағы ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкiн болмаса, шарт мақсатын ескере отырып тараптардың шын мәнiндегi ортақ еркi анықталуға тиiс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келiссөздер мен хат жазысуды, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжiрибенi, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарды, талаптардың бұдан кейiнгi мiнез-құлқын қоса алғанда, тиiстi мән-жайлардың бәрi ескерiледi.

23-тарау. Шарт жасасу

393-бап. Шарттың елеулi ережелерi

      1. Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi.

      Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.

      2. Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.

394-бап. Шарттың нысаны

      1. Егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл нысан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.



      2. Егер шарт жасасу жөнiндегi жазбаша ұсыныс осы Кодекстiң 396-бабының 3-тармағында көзделген тәртiп бойынша қабылданса, шарттың жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.

395-бап. Оферта

      1. Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.

      2. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды.

      Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi.

      3. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды.

      4. Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады.

      5. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.

396-бап. Акцепт

      1. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.

      Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.

      2. Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.

      3. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.

      4. Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.

397-бап. Шарт жасасу тәртiбi

      1. Офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

      2. Жазбаша не электрондық офертада акцептiге арналған мерзiм қамтылмаған кезде, егер оферта жiберген тұлға акцептiні – заңнамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны ол үшін қажеттi қалыпты уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

      Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi туралы дереу мәлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi.

      3. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа акцептi кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт кешiктiрiлген болып есептелмейдi.

      Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi.

      4. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.

      Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады.



      Ескерту. 397-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
     
398-бап. Шарт жасасатын жер

      Егер шартта оны жасасатын жер көрсетiлмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерiнде немесе оферта жiберген заңды тұлғаның орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.

399-бап. Шартты мiндеттi түрде жасасу

      1. Осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес шарт жасасу тараптардың бiрi үшiн мiндеттi болған реттерде, бұл тарап екiншi тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартатыны туралы немесе офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы), егер заңдарда өзге мерзiм белгiленбесе, не тараптар келiспеген болса, офертаны алған күннен бастап отыз күннiң iшiнде хабар жiберуi тиiс.

      2. Офертаны жiберген және шартты жасасуға мiндеттi тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктi осындай хабар алған күннен бастап отыз күн iшiнде, не акцептiге арналған мерзiм өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзге мерзiм белгiленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.

      3. Егер шарт жасасуға мiндеттi тарап жiберген шарт жобасына отыз күн мерзiмде шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы алынса, бұл тарап екiншi тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамайтыны туралы келiспеушiлiк хаттамасын алған күннен бастап отыз күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.

      Келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамаған не оны көрсетiлген мерзiмде қарау нәтижелерi туралы хабарды алмаған жағдайда келiспеушiлiк хаттамасын жiберген тарап, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзгеше белгiленбесе, шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктердi соттың қарауына беруге құқылы.

      4. Егер осы Кодекске немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.

      Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс.

400-бап. Шарт жасасу алдындағы даулар

      Осы Кодекстiң 399-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген реттерде, сондай-ақ шарт жасасу кезiнде туындаған келiспеушiлiктер тараптардың келiсуiмен соттың қарауына берiлген болса, шарттың тараптар келiспеген ережелерi сот шешiмiне сәйкес белгiленедi.

24-тарау. Шартты өзгерту және бұзу

401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi

      1. Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.

      2. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:

      1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;

      2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

      Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.

      3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.

      Ескерту. 401-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
     
402-бап. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi

      1. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.

      2. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.

403-бап. Шартты бұзу және өзгерту салдары

      1. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады.

      2. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.

      3. Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.

      4. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.

      5. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.

      Ескерту. 403-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
     
404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)

      1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.

      2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:

      1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);

      2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;

      3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

      3. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.

      4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.

      Ескерту. 404-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     
405-бап. Шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту

      Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.



      Шарттың қолданылу мерзiмi осы Кодекстiң 397-бабының ережелерi бойынша ұзартылады.
жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау