ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ(СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ
Пән «Занды экономикалық талдау»
Мамандық: 050510-Мемлекеттік және жергілікті басқару
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы
ҚАРАҒАНДЫ – 2007
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды құрады 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, «Занды экономикалық талдау» оқу бағдарлама бойынша құрастырған аға оқытушысы З.Х.Жанбекова
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.
«31» тамыз 2007 ж. Хаттама № 1
Экономикалық теория және ХЭ
кафедрасының меңгерушісі,
э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.К.
Оқытушы туралы мәлімет: З.Х. Жанбекова, Қарағанды экономикалық университетінің аға оқытушысы, оқу құралы: «Муниципалды менеджмент», «Жергілікті мемлекет басқару», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономикалық теория» және т.б пәндерінен қазақша және орысша дәрістер оқып, семинарлық сабақтар жүргізеді.
Кеңсе: экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы, аудитория № 266
Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі
Тел: 44-16-24 (143)
СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.
Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан ОСӨЖ –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.
СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.
«Экономикалық теория» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:
оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;
негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;
нақты тақырып бойынша баяндама жасау;
эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;
есептер шығару;
статистикалық мәліметтерді талдау;
курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;
топтық жобаларға қатысу;
таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;
тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.
Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
3
Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:
дәріс конспектісінің болуы;
курс бағдарламасының болуы;
ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).
Жұмыс әдістері:
дәріс материалын жете түсіну;
конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;
әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;
тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;
түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |