«Адамнан туып,адам ісін етпей,
Ұялмай не беттіммен көрге барам,»-деген өлең жолдары ғұмыр бойғы тіршілігінің бағдарламасы болған ақын,қайраткер: (С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың өлеңі : («Шәкірт ойы »,1912ж.)
С.Торайғыровтың «Айқапта » жариялаған әйел теңсіздігі жайлы мақаласы : (Ауырмай есімнен жаңылғаным)
Сұлтанмахмұтқа тән сипат : (Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келген)
Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келіп ,тұрмыстың қиыншылығын ескермеген оптимист ақын: (С.Торайғыров )
С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне ....» өлең жолының екінші тармағы :
(Өрмелеп шығып күн болам)
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне ,
Күн болмағанда кім болам?»-деген шумақтың авторы: (С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде өз мақсатын қалай ашып көрсетеді? (Өнер табу,пайдалы іс табу)
«Жас жүрек» (1917ж) кімнің өлеңі ? (С.Торайғыров)
«Ендігі беталыс» өлеңнің авторы : (С.Торайғыров )
С.торайғыровтың оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері: («Шәкәрттерге», «Оқып жүрген жастарға», «Анау-мынау»)
С.Торайғыровтың өлеңі: («Оқып жүрген жастарға»)
Жасамаймын : «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем деп» .
Жасаймын: «Бір қолғабыс
Кейінгіге берем деп,»-деген үзіндінің авторы: (С.Торайғыров)
«Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал...»-деген жолдар алынған Сұлтанмахмұттың өлеңі : («Бір адамға»)
Сұлтанмахмұттың Шорман балаларының дүниеқоңыздығын шен-шекпенге құмартушылығын сынаған өлеңі : («Бір адамға»)
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын !» тармақтарының астарында негізделген : (Зілді кекесін )
Сұлтанмахмұттың «Бір адамға»деген өлеңін арнаған адамның аты-жөні:(Шорманның баласы Сәдуақас)
Сұлтанмахмұттың «Бір адамға»деген өлеңінде қолданылған көркемдегіш тәсіл: (Ирония,сарказм)
«Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр.» Үзінді алынған Сұлтанмахмұттың өлеңі : («Анау-мынау»)
«Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған, » -өлең жолының авторы : (С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың :
«Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін.
Болмасам толған айдай балқып туған.»-деген өлең тармақтарындағы буын саны мен ұйқас түрі : (11буынды,қара өлең ұйқасы)
Ресей ең шұрайлы жерлерін тартып алғанды ел мұңы суреттейтін С.Торайғыровтың өлеңі :(Жазғы қайғы)
С.Торайғыровтың таптық теңсіздіктен туатын кедергілер мен кеселдердің табиғатына талдау жасап жазған өлеңі : (Кедейлік)
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Сөктіріп малы барлау надан насқа ...
Маған салса ,кедейлік аты өшкірді ,
Дер едім ,тұрмастай қып жерге көмсін ....(«Кедейлік»)
«Үмітпенен жоқ қуған ,
Талабы алда баламыз .
Басқалар жоғын тапқанда ,
Біздер қайтіп қаламыз?»- өлеңнің авторы: (С.Торайғыров)
«Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңнің авторы: (С.Торайғыров )
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан ,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. Үзіндінің авторы: (С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңіндегі «жаңбыр» деген сөздің символдық мәні: (Ақпан революциясының кейінгі жаңғырту нышаны бейнесінде алынған)
С.Торайғыровтың поэмалары: («Айтыс», «Адасқан өмір», «Таныстыру»)
С.Торайғыровтың Алаш ардақтылары туралы жазған шығармасы : («Таныстыру» 1918)
С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасындағы таныстырылғандар: (Абай,Шәкәрім, Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынұлы ,М.Дулатұлы,Ә. Ермекұлы, Х.Досмұхамедұлы ,Ж.Ақбайұлы,Нәзипа және Нұрғали Құлжановтар,Р.Мәрсеков.т.б.)
1918 жылы жазылған С.Торайғыровтың сюжетсіз жазылған поэмасы: («Адасқан өмір»)
С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» шығармасының жанры: (поэма)
С.Торайғыровтың поэмасы:(«Адасқан өмір» ) ( 5бөлімнен тұратын,сюжетсіз поэма; Бөлімдері: «Мен бала», «Мен жігіт», «Мен тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік»)
С.Торайғыровтың адам өмірінің барлық кезеңін суреттеуге арналған поэмасы: («Адасқан өмір»): Сұлтанмахмұттың бала өміріне ұмтылу,талпыну ,есеюге құмарлық қасиеттерін суреттейтін поэмасы : («Адасқан өмір»):
«Адасқан өмір» поэмасы кімнің атынан баяндалады? (Лирикалық кейіпкердің)
«Адасқан өмір» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің ең басты арманы: «(Әділет жолы,шын бақытты өмір)
Үзінді Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.
Мен жігіт он бес – отыз арасында ,
Бұл жаста көп: бересі-аласы да .
Алдымда толған мақсат,тоған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба?..... («Адасқан өмір»)
С.Торайғыровтың «Кім болам?» деп шарқ ұратын лирикалық кейіпкерлері бар туындысы : («Адасқан өмір»)
С.Торайғыровтың поэмасы: («Кедей»)
С.Торайғыровтың өзін бай баласы Жақыппен салыстырып ,ескі өмірден безінетін кейіпкері бар туындысы: («Кедей»)
С.Торайғыров аяқталмаған поэмасы: («Айтыс»)
С.Торайғыровтың романы: («Қамар сұлу»)
Проза мен поэзияның араласуымен жазылған С.Торайғыровтың шығармасы : («Қамар сұлу» романы)
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды ? (Әлеуметтік роман)
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының кейіпкерлері : (Қамар 15 жаста ); Омар –Қамардың әкесі; Қасен –Қамардың ағасы ; Ахмет –Қамардың сүйген жігіті ; Жорға Нұрым-Қамардың күйеуі (50жаста); Қалтай қажы ,Оспан би-Нұрымның жемтіктес достары)
«Қамар сұлу»романындағы көтерілген мәселе : (әйел теңсіздігі)
Қамар сұлудың бейнесі : (Өмір шындығынан қорытылып алынған бейне )
Жаңашылдықты көксеген Қамар,Ахмет,Омар ,Қасен сияқты кейіпкерлері бар С. Торайғыровтың шығармасы:(«Қамар сұлу»)
С. Торайғыровтың бір шығармасындағы қай қызды жынданған деп ,соққыға жығып ,басын тесіп өлтіреді? («Қамар сұлу»,Қамарды)
С.Торайғыровтың бақсы-балгерге сенудің қажеті жоқтығын дәлелдейтін шығармасы : («Қамар сұлу»)
Тойда айтылатын «Жар-жар» жыры «Зар-зар» болып өзгертіле айтылатын туынды: («Қамар сұлу»)
«Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Қасеннің әкесі: (Омар)
Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан ,көзі ашық адам, мейірімді әке : (Омар)
«Қамар сұлу» романындағы ауқатты ортадан шыққан ,аса сұлу , шешен ақын қыз: (Қамар)
«Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан ,аздап оқыған жігіт ,жаңа дәуірдің өкілі : (Ахмет)
«Қамар сұлу»романындағы жасбуынның жаңашыл өкілі : (Ахмет)
«Қамар сұлу » романындағы Қамардың сүйген жігіті ,басты кейіпкердің бірі: (Ахмет)
«Қамар сұлу » романындағы ұнамды кейіпкерлер: (Ахмет,Омар,Қасен)
«Қамар сұлу»романында ұнамды ойларымен ,турашыл іс-әрекетімен есте қаларлық бейне :(Қасен)
Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейне :(Жорға Нұрым)
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу » романындағы Нұрым деген кейіпкердің Қамарға қатысы: (Айттырған адам)
«Қамар сұлу» романындағы Бәйтік молда , Көңілбай бақсы : (Дін иелері )
«Қамар сұлу» романындағы Жорға Нұрымның жақтастары : (Қалтан қажы , Оспан би )
«Бұқа мойын,өгіз құрсақ,алақан көз,жайын ауыз,дорба сақал,тоқпақ мұрын,бір түрлі нысаналы жануар еді.» Берілген портрет: (Нұрымның бейнесі)
«Қамар сұлу» романындағы Қамардың «Ататай ,ашық болдым мұрныңа» өлеңі қарата айтылатын кейіпкер: (Жорға ,Нұрым)
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамардың өлеңі арналған :
«Ататай,болдым ғашық мұрныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа .
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,
Қосылар күн болар ма тұлыбыма?» (Жорға Нұрым)
С. Торайғыровтың Құрбан қажыдан естіген әңгіме ,аңыздарды қандай атпен баспасөз бетінде жариялады? («Жалаңаш баба») (және «Ескі сөз », «Ақ найман Ойсынбай», «Елден» деген атпен)
С.Торайғыровтың Құрбан қажының ауылында жүріп жазған көрнекті шығармасы: («Кім жазықты ?» (1915-1916ж.)
Қазақ әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман: («Кім жазықты?»)
С. Торайғыровтың «Кім жазықты ?» романының кейіпкерлері : (Тосболат-бай;Әжібай- Тасболаттың баласы; Жақып-Тасболаттың үлкен баласы; Жаңыл (Жақыптың жесірі), Жәмила,Зылиқа,Рысты-Әжібайдың әйелдері; Күлтай –Әжібайдың Жаңылдан туылған қызы; Қабыш-Әжібайдың баласы; Байбол-орта шаруа ; Әнуар-мұғалім жігіт; Әппақай –қаланың жаңашыл қызы )
Сұлтанмахмұттың қазақ ауылындағы тәрбиесіздік ,қоғамдық мешеулік тудырған жалқаулық , талапсыздық ,шаруаға қырсыздықты сынайтын шығармасы : («Кім жазықты?»)
«Кім жазықты?» деген туындысы арқылы 5жастағы балаға 11 жастағы қызды айттыратын өрсекелдікті көрсеткен ақын : (С. Торайғыров)
С. Торайғыровтың «Кім жазықты?» романында суреттелген оқиға : (Тасболат байдың үш буын ұрпағының тағдыры )
С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы көтерілген мәселе : (Ұрпақ тәрбиесі)
Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкелері бар С.Торайғыров туындысы : («Кім жазықты?»)
С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы жаңашыл қыздардың аттары: (Аппақай ,Күлтай)
Әжібай –қай шығарманың кейіпкері: («Кім жазықты?»)
Тасболат бай Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан ? («Кім жазықты?»)
Он бес жыл болыс болған Тасболаттың биліктен айырылу себебі: (орысша тіл білмегендіктен)
С.Торайғыровтың жазуынша ,жасында алғыр,шешен, зейінді Әжібайды бұзған : (Тәрбиесіздік)
Байбол. Берілген кейіпкер қандай шығармадан ? («Кім жазықты?» романынан)
С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Байбол: (Сұлтанмахмұттың жақсы ,әділ ел басшыларын армандағанынан туған бейне)
«Кім жазықты ?» романында Әжібайға:
«Мазаны алмай ,таңдашы сүйгеніңді,
Әзер болса ,бір жылғы төлі малдың ,»-деп айтқан: (Тасболат)
С.Торайғыров ХХ ғасыр басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырған ? (Лирикалық азаматтық үнін)
«Сұлтанмахмұт Торайғыров –терең ойлы ,ұшқыр сөзді ,сұлу талғамды ақын еді,»- деген пікірдің авторы: (Б.Кенжебаев)
Жақсылық көрсем-өзімнен,
Жамандық көрсем-өзімнен. Авторы: (С. Торайғыров)
Достарыңызбен бөлісу: |