Абылай хан бейнесіне қарама-қарсы образдары суреттелген екі шығарма: (Батыр Баян, С.Сейфуллин Көкшетау)
Қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма: Батыр Баян
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын 1923 жылы 30жасында Ташкенттегі М. Әуезовтің пәтер үйінде жазып шығады.Оның жазуға кеткен уақыты 1 түнде жазып шығады.
М. Жұмабаевтың оқиғасы 18 ғасырда өтетін поэмасы: (Батыр Баян)
«Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі» деген өлең жолдарының автор: М. Жұмабаев
«Жүрегім, мен зарлымын жаралыға» деп басталатын поэма: Батыр Баян
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болған: (Абылай ханның)
«Батыр Баян» поэмасында Абылай ханның тұсындағы би: (Қанай би)
Батыр Баянды тұтқын қыз бен Ноянның артынан қудыраған күш: (інісінің ел намысын, Алаш намысын таптап кеткендігі)
Жас Ноян қыздыкөріп от боп кетті,
Көздері қызыл, жалын шоқ боп кетті. (Қалмақ қызына)
Бөбек қыз М.Жұмабаевтың қай шығармасының кейіпкері: (Батыр Баян)
Батыр Баян поэмасында Ноян өмірі аяқталды: (Баянның қолынан қаза табады)
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті....(Батыр Баян)
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында қай ұлттардың арасындағы жаугершілік арасы суреттелген: (қалмақ пен қазақ арасындағы)
«Батыр Баян» поэмасында қос қоңтайшының аты: (Ұса, Серен)
Баянның жолдасы: (Жанатай)
Мен де ойды ағытамын қаламыма
Арқанның көз жіберсем адабыма....(Батыр Баян)
Арқада жер жетпейді Бурабайға
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.... (Батыр Баян)
Обаған, Жолдыөзек жерлерінің аты кездесетін шығарма: (Батыр Баян)
Батыр Баян поэмасындағы әсем суреттелетінг жер атауы: (Көкшетау)
Қойлыбайдың қобызы поэмасының авторы: М. Жұмабаев
Қобызды жарысқа түсіріп, тұлпардан оздыратын ақын: М. Жұмабаев
М. Жұмабаевтың Қойлыбайдың қобызы поэмасында жарыстан озған жүйрік: Қобыз
М. Жұмабаевтың «Қорқыт», «Ертегі» поэмалары басылған газет: (Ақжол. Ташкент)
М. Жұмабаев поэмасы: Қорқыт
М. Жұмабаев өлеңінде аңыз кейіпкері: Қорқыт
М. Жұмабаевтың «Тоқсанның тобы» поэмасы:( Мағжанның ең соңғы туындысы, 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды)
М. Жұмабаев оқиғасы мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал, соғысты көрсетуге арналған шығармасы: («Ертегі»)
М. Жұмабаев әдеби ертегісі: (Жүсіпхан)
Аз ғана күн таққа отырып, кедейлерді жақсы өмірге қарық қылған патша жігіт туралы әдеби ертегі: (Жүсіпхан)
Бал бұлақты тауы бар
Бұйра-бұйра бауы бар.. (Жүсіпхан)
М. Жұмабаевтың әдеби мұралары: (Өлең, поэма, проза)
М. Жұмабаевтың мақалалары: (Ақан сері, Ақанның өмірі, Ақан сері сөздері, Базар жырау, Әбубәкір ақсақал Дибаев)
М. Жұмабаевтың аудармалары: (М. Горький Сұңқар жыры, Мамин-Сибиряк, Ақбоз ат, В.Иванов Қазақ әңгімелері)
М. Жұмабаевтың «Жазғы жолда» өлеңінен алынған үзіндідегі метафора: Шілде оттай ыстық күн, Дала өлік жоқ бір күн.(Дала-өлік)
Қыранымын сары сайран даланың,
Қос қанатым – алтын оралым. Бейнелеуіш құрал (Метафора)
М. Жұмабаевтың кейіптеу тәсілін қолданған өлеңі: (Қысқы жол)
Ызғарлы жел долданып,
Екі иенінен демалып.... (Кейіптеу, эпитет)
Сылдыраймын, сүйемін... (7 буынды, 2 бунақты, төрт тармақты, шалыс ұйқас)
Мына жолдардың авторы «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М. Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болады... Кейінгі жоғарғы әдебиет-көркем өнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың Пушкині» деуші еді: (Сайфи Құдаш)
Ж. Аймауытовтың зерттеу еңбегі: (Мағжанның ақындығы туралы)
Мағжанның қай өлеңін оқысаңыз да әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде оятқызады, әлде ексертеді деп М. Жұмабаев туралы айтқан: (Ж.Аймауытов)
Қайткенмен де Мағжан алдымен сыршыл ақын,Мағжан сөзінде тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы аұындарында болған емес» пікірдің авторы: (Ж.Аймауытов)
Мына жолдардың авторы: «Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар»: (Ж. Аймауытов)
М. Жұмабаевтың ақындығын сүйетіндігін мойындаған қаламгер: (М. Әуезов)
«Мағжанды сүйемін, еуропалығын сүйемін, жарқыраған әшекейін сүйемін»: (М.Әуезов)
«Бүгінгі күн жазушылары ішінен келешекке бой бұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжан сөзі»,- деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
«Ұстаз» атты мақал жазып, М. Жұмабаев әлемнен сыр шерткен ғалым: (Б. Кенжебаев)
Достарыңызбен бөлісу: |