1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет5/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау  - жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш 

негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі;  

43) жұмыскер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша 

жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; 

44)  жұмыскерлердiң  өкiлдерi  -  кәсiптiк  одақтардың,  олардың  бiрлестiктерiнiң  органдары,  ал 

олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң 

(конференция  делегаттарының)  кемінде  үштен  екісі  қатысқан  кезде  қатысушылардың  көпшілік 

дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер; 

45) жұмыс орны - жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде 

оның тұрақты немесе уақытша болатын орны; 

46)  жұмысты  тарифтеу  -  орындалатын  жұмыстарды  Жұмыстар  мен  жұмысшы  кәсіптерінің 

бірыңғай  тарифтік-біліктілік  анықтамалығына

  және 


Басшылар

,  мамандар  және  басқа  да 

қызметшілер  лауазымдарының,  жұмысшы  кәсіптерінің  тарифтік-біліктілік  сипаттамаларының 

біліктілік  анықтамалығына  және  ұйымдар  басшылары,  мамандары  және  басқа  да  қызметшілері 

лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу; 

47)  жұмыс  уақыты  -  жұмыскер  жұмыс  берушінің  актілеріне  және  еңбек  шартының 

талаптарына  сәйкес  еңбек  міндеттерін  орындайтын  уақыт,  сондай-ақ  осы  Кодекске,  Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің 

актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері; 

48)  жұмыс  уақытының  жиынтық  есебі  -  жұмыс  беруші  белгілеген  есептік  кезеңдегі  жұмыс 

уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі; 

49) 


зиянды  еңбек  жағдайлары

  -  зиянды  өндірістік  факторлардың  болуымен  сипатталатын 

еңбек жағдайлары; 

50) 


зиянды  өндірістік  фактор

  -  жұмыскерге  әсер  етуі  ауыруына  немесе  еңбекке 

қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы 

мүмкін өндірістік фактор; 

51) кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды 

және  (немесе)  қауіпті  өндірістік  факторлардың  әсер  етуінен  туындаған  созылмалы  немесе  қатты 

ауру; 

52)  кепілдіктер  -жұмыскерлерге  әлеуметтік-еңбек  қатынастары  саласында  берілген 



құқықтардың  жүзеге  асырылуы  олардың  көмегімен  қамтамасыз  етілетін  құралдар,  тәсілдер  мен 

жағдайлар; 

53)  қауіпсіздік  нормалары  -  жұмыскерлердің  еңбек  қызметі  процесінде  олардың  өмірі  мен 

денсаулығын  сақтауға  бағытталған  ұйымдастырушылық,  техникалық,  санитариялық-гигиеналық, 

биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз 

ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және 

сандық көрсеткіштер; 

54)  қауіпті  еңбек  жағдайлары  -  еңбекті  қорғау  қағидалары  сақталмаған  жағдайда  белгілі  бір 

өндірістік  немесе  жоюға  болмайтын  табиғи  факторлардың  әсері  жұмыскердің  өндірістік 

жарақаттануына,  денсаулығының  кенеттен  нашарлауына  немесе  улануына  әкеп  соқтыратын, 

соның  салдарынан  еңбекке  қабілеттіліктен  уақытша  немесе  тұрақты  айырылуы,  кәсіптік  ауруға 

шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары; 

55)  қауіпті  өндірістік  фактор  -  әсері  жұмыскердің  еңбекке  қабілеттіліктен  уақытша  немесе 

тұрақты  айырылуына  (өндірістік  жарақаттануына  немесе  кәсіптік  ауруына)  немесе  қайтыс 

болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; 

56) қоса атқарылатын жұмыс - жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты 

жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы; 

57)  мемлекеттік  органның  шетелдік  жұмыскері  -  еңбек  шарты  бойынша  мемлекеттік  органға 

тартылған шетелдік; 

58) мереке күндері - Қазақстан Республикасының 



ұлттық және мемлекеттік мереке күндері

59)  негізгі  жалақы  -  тарифтік  мөлшерлемелер,  лауазымдық  айлықақылар,  кесімді  бағалар 



бойынша  төлемді  қамтитын,  жалақының  салыстырмалы  түрдегі  тұрақты  бөлігі  және  Қазақстан 

Республикасының  еңбек  заңнамасында,  салалық  келісімде,  ұжымдық  және  (немесе)  еңбек 

шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер; 

60)  өндірістік  жабдық  -  машиналар,  механизмдер,  құрылғылар,  аппараттар,  аспаптар  және 

жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар; 



61) өндірістік жарақат - жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке 

қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы; 

62)  өндірістік  қажеттілік  -  дүлей  апатты,  аварияны  болғызбау  немесе  жою  немесе  олардың 

салдарларын  дереу  жою  мақсатында,  жазатайым  оқиғаларды,  бос  тұрып  қалуды,  мүліктің 

жойылуын  немесе  бүлінуін  болғызбау  үшін  және  басқа  да  айрықша  жағдайларда,  сондай-ақ 

уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау; 

63) өндірістік қызмет - шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, қызметтердің 

алуан  түрлерін  көрсетуді  және  жұмыстарды  орындауды  қамтитын,  ресурстарды  дайын  өнімге 

айналдыру  үшін  қажетті  еңбек  құралдарын  қолдана  отырып  жасалатын  жұмыскерлер 

әрекеттерінің жиынтығы; 



1-баптың  1-тармағының  64)  тармақшасы  2017  ж.  1  қаңтардан  бастап  осы  Заңның 

204-

бабының 2-тармағының 1) тармақшасының

 редакциясында қолданылады 

 

64)  өндірістік  объектілерді  аттестаттауды  жүргізу  жөніндегі  мамандандырылған  ұйымдар  - 



білікті  кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын 

зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар 

ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды 

жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 

65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша 

аттестаттау

 - өндірістік объектілерде 

(цехтарда,  учаскелерде,  жұмыс  орындарында,  сондай-ақ  жұмыс  берушілердің  бөлек  тұрған, 

өндірістік  қызметті  жүзеге  асыратын  өзге  де  бөлімшелерінде)  орындалатын  жұмыстар 

қауіпсіздігінің  жай-күйін,  зияндығын,  ауырлығын,  қауырттығын,  еңбек  гигиенасын  айқындау 

және  өндірістік  орта  жағдайларының  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  саласындағы 

нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет; 

66)  өндірістік  санитария  -  зиянды  өндірістік  факторлардың  жұмыскерлерге  әсерін 

болғызбайтын  немесе  азайтатын  санитариялық-гигиеналық,  ұйымдастыру  іс-шаралары  мен 

техникалық құралдар жүйесі; 

67) өндірістік факторлар - Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-

құқықтық  актілеріне  сәйкес  жұмыскерге  әсер  ететін  техникалық,  санитариялық,  гигиеналық, 

өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар; 

68)  өрескел  абайсыздық  -  жұмыскердің  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы 

қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері; 

69)  өтемақы  төлемдері  -  жұмыстың  ерекше  режимі  мен  еңбек  жағдайларына,  жұмысынан 

айырылуына,  жұмыскерлерге  еңбек  міндеттерін  немесе  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай 

төлемдер,  сондай-ақ  жұмыскерлерді  немесе  еңбек  қатынастарында  тұрмайтын  өзге  адамдарды 

(бұдан  әрі  -  білім  алушы)  кәсіптік  даярлаумен,  қайта  даярлаумен  және  біліктілігін  арттырумен 

байланысты төлемдер; 

70)  разрядаралық  коэффициент  -  сабақтас  тарифтік-біліктілік  разрядтарының  тарифтік 

мөлшерлемелері арасындағы арақатынас; 

71)  тарифтік  жүйе  -  еңбекке  ақы  төлеу  жүйесінің  бір  түрі,  онда  жұмыскерлердің  жалақысы 

тарифтік  мөлшерлемелер  (айлықақылар)  және  тарифтік  кестелер  негізінде  сараланып 

айқындалады; 

72)  тарифтік  кесте  -  орындалатын  жұмыстарды  күрделілік  және  жұмыскерлерді  біліктілік 

белгісі  бойынша  саралауды  көздейтін  тарифтік  разрядтар  мен  тарифтік  коэффициенттер 

жиынтығы; 

73)  тарифтік  мөлшерлеме  (айлықақы)  -  жұмыскердің  уақыт  бірлігі  ішінде  белгілі  бір 

күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген 

мөлшері; 

74) тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті 

біліктілік деңгейінің көрсеткіші; 

75)  тәртіптік  жаза  -  тәртіптік  теріс  қылық  жасағаны  үшін  жұмыс  берушінің  жұмыскерге 

қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы; 

76)  тәртіптік  теріс  қылық  -  жұмыскердің  еңбек  тәртібін  бұзуы,  сондай-ақ  еңбек  міндеттерін 

тиісінше орындамауы; 

77)  тынығу  уақыты  -  жұмыскердің  еңбек  міндеттерін  орындаудан  бос  және  өз  қалауы 

бойынша пайдалана алатын уақыты; 




жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау