1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет4/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

7) әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс 

берушілердің  өкілдері),  мемлекеттік  органдар  арасындағы  еңбек  қатынастарын  және  еңбек 

қатынастарымен  тікелей  байланысты  өзге  де  қатынастарды  реттеу  мәселелері  бойынша  олардың 

мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі; 

8)  бас,  салалық,  өңірлік  келісім  (бұдан  әрі  -  келісім)  -  тараптардың  республикалық,  салалық 

және  өңірлік  деңгейлердегі  жұмыскерлер  үшін  мазмұнын  және  еңбек  жағдайларын,  жұмыспен 

қамтуды  және  әлеуметтік  кепілдіктерді  белгілеу  жөніндегі  міндеттемелерін  айқындайтын 

әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық 

акт; 

9) бейбәсекелестік туралы талап - жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге 



асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы шарттың талаптары; 

10)  бос  тұрып  қалу  -  экономикалық,  технологиялық,  ұйымдастырушылық,  өзге  де  өндірістік 

немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы; 

11)  біліктілік  санаты  (разряды)  -  орындалатын  жұмыстардың  күрделілігін  көрсететін, 

жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі; 

12) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету 

үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға; 

13)  демалыс  -  жұмыс  орны  (лауазымы)  мен  осы  Кодексте  белгіленген  жағдайларда  орташа 

жалақысын  сақтай  отырып,  жұмыскердің  жыл  сайынғы  демалуын  қамтамасыз  ету  немесе 

әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату; 

14) еңбек - адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті 

материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;  

15)  еңбек  гигиенасы  -  жұмыскерлердің  денсаулығын  сақтау,  өндірістік  орта  мен  еңбек 

процесінің  қолайсыз  әсерлерінің  профилактикасы  жөніндегі  санитариялық-эпидемиологиялық 

шаралар мен құралдар кешені; 

16) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек 

және  (немесе)  ұжымдық  шарттардың,  жұмыс  беруші  актілерінің  талаптарын  орындау  немесе 

өзгерту  мәселелері  бойынша  жұмыскер  (жұмыскерлер)  мен  жұмыс  берушінің  (жұмыс 

берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер; 

17)  еңбек  жағдайлары  -  еңбекке  ақы  төлеу,  еңбекті  нормалау,  еңбек  міндеттерін  орындау, 

жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақытының  режимі  жағдайлары,  кәсіптерді  (лауазымдарды)  қоса 

атқару,  қызмет  көрсету  аймақтарын  кеңейту,  жұмыста  уақытша  болмаған  жұмыскердің 

міндеттерін  атқару,  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  тәртібі,  техникалық,  өндірістік-

тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары; 

18) 

еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган

 - Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес  еңбек  қатынастары  саласындағы  басшылықты  және  салааралық  үйлестіруді  жүзеге 

асыратын 



орталық атқарушы орган

19)  еңбек  инспекциясы  жөніндегі  жергілікті  орган  -  облыстың,  республикалық  маңызы  бар 



қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  еңбек  қатынастары  саласындағы  өкілеттіктерді 

жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 

20) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-

құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық  шарттарға және жұмыс берушінің 

актілеріне  сәйкес  жұмыскерге  еңбегі  үшін  берілетін  сыйақының  міндетті  төлемін  жұмыс 

берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі; 

21)  еңбек  қатынастары  -  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасында,  келісімдерде, 

еңбек,  ұжымдық  шарттарда  және  жұмыс  берушінің  актілерінде  көзделген  құқықтар  мен 

міндеттерді  жүзеге  асыру  кезінде  жұмыскер  мен  жұмыс  берушінің  арасында  туындайтын 

қатынастар; 

22)  еңбек  қатынастарымен  тікелей  байланысты  қатынастар  -  осы  Кодексте  көзделген 

жағдайларда  еңбекті  ұйымдастыру  мен  басқаруға,  жұмысқа  орналастыруға,  жұмыскерлерді 

кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, 

ұжымдық  шарттар  мен  келісімдер  жасасуға,  еңбек  жағдайларын  белгілеуге  жұмыскерлердің 

(жұмыскерлер  өкілдерінің)  қатысуына,  еңбек  дауларын  шешуге  және  Қазақстан  Республикасы 

еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар; 



23) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті 

өндірістік  факторлардың  әсерін  болғызбайтын  іс-шаралар  кешенімен  қамтамасыз  етілген, 

жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі; 

24) 


еңбек  қауіпсіздігі  жағдайлары

  -  жұмыскер  еңбек  міндеттерін  орындаған  кезде  еңбек 

процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі; 

25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және 

еңбекті  қорғаудың  жай-күйін  қадағалау  жүйесі,  сондай-ақ  еңбек  қауіпсіздігінің  және  еңбекті 

қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау; 

26)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  саласындағы  нормативтер  -  эргономикалық, 

санитариялық-эпидемиологиялық,  психофизиологиялық  және  еңбектің  қалыпты  және  қауіпсіз 

жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар; 

27)  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиға  -  өзінің  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін 

немесе  жұмыс  берушінің  тапсырмаларын  орындауы  кезінде  жұмыскердің  өндірістік 

жарақаттануы,  денсаулығының  кенеттен  нашарлауы  немесе  улануы  салдарынан  оның  еңбекке 

қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды 

және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі; 

28)  еңбек  міндеттері  -  жұмыскер  мен  жұмыс  берушінің  Қазақстан  Республикасының 

нормативтік-құқықтық  актілерінде,  жұмыс  берушінің  актісінде,  еңбек,  ұжымдық  шарттарда 

келісілген міндеттемелері; 

29)  еңбек  өтілі  -  жұмыскер  еңбек  міндеттерін  орындауға  жұмсаған,  күнтізбемен  есептелген 

уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер; 

30)  еңбек  тәртібі  -  жұмыс  беруші  мен  жұмыскерлердің  Қазақстан  Республикасының 

нормативтік-құқықтық  актілерінде,  сондай-ақ  келісімдерде,  еңбек,  ұжымдық  шарттарда,  жұмыс 

берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы; 

31) еңбек тәртіптемесі  - жұмыскерлер  мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі 

қатынастарын реттеу тәртібі; 

32)  еңбекті  қорғау  -  құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық,  ұйымдастырушылық-техникалық, 

санитариялық-эпидемиологиялық,  емдеу-профилактикалық,  оңалту  және  өзге  де  іс-шаралар  мен 

құралдарды  қамтитын,  еңбек  қызметі  процесінде  жұмыскерлердің  өмірі  мен  денсаулығының 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі; 

33)  еңбекті  қорғау  жөніндегі  техникалық  инспектор  -  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 

жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;  

34)  еңбекті  нормалау  -  нақты  ұйымдастыру-техникалық  жағдайларда  жұмыскерлердің 

жұмысты  орындауға  (өнім  бірлігін  дайындауға)  арналған  қажетті  еңбек  шығындарын  (уақытты) 

айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу; 

35)  еңбектің  қауіпсіз  жағдайлары  -  жұмыс  істейтіндерге  өндірістік  факторлардың  әсерінің 

деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары; 

36) еңбек шарты - жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес 

жұмыскер  белгілі  бір  жұмысты  (еңбек  функциясын)  жеке  өзі  орындауға,  еңбек  тәртіптемесін 

сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс 

беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының 

өзге  де  нормативтік-құқықтық  актілерінде,  ұжымдық  шартта,  жұмыс  берушінің  актілерінде 

көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы 

төлеуге міндеттенеді; 

37)  жалақы  -  жұмыскердің  біліктілігіне,  орындалатын  жұмыстың  күрделілігіне,  санына, 

сапасына  және  жағдайларына  қарай  еңбек  үшін  төленетін  сыйақы,  сондай-ақ  өтемақы  және 

ынталандыру сипатындағы төлемдер; 

38)  жеке  қорғаныш  құралдары  -  жұмыскерді  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  өндірістік 

факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім; 

39) жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 

40)  жұмыс  берушілердің  өкілдері  -  құрылтай  құжаттары  және  (немесе)  сенімхат  негізінде 

жұмыс  берушінің  немесе  жұмыс  берушілер  тобының  мүдделерін  білдіруге  уәкілеттік  берілген 

жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 

41) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, 

қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері; 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау