1-бап. Негiзгi ұғымдар


-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi



жүктеу 407,75 Kb.
бет3/3
Дата31.05.2018
өлшемі407,75 Kb.
#18631
түріКонкурс
1   2   3

6-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi
тоқтатуы

      26-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға


               шығуы және қызметтен босатылуы

      1. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкiлеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар.
      3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген негiздерде және тәртiппен отставкаға өтiнiш бередi және отставкаға кетедi.
      4. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      4-1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:
      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк қызметке қабылдауы;
      ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттiк қызметке қабылдауы негiз болып табылады.

      27-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң


               мемлекеттiк қызметтi тоқтатуының негiздерi

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:


      1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;
      1-1) тараптардың өзара келiсуi бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттiк қызметте болу мерзiмiн жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы;
      2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;
      3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;
      4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;
      5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
      7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;
      7-1) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi;
      7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдауы;
      ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдауы;
      7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтатуы, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органының немесе соттың тоқтатуы не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс қозғаудан қылмыстық қудалау органының бас тартуы;
      7-4) мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруi;
      7-5) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;
      8) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;
      9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
      9-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздемелер негiз болып табылады.
      1-1. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларына сәйкес жұмыстан босатылған адамдар терiс себептермен босатылған болып танылады.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      3. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын басшыларының ауысуы жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси және (немесе) әкiмшiлiк қызметшiлердiң бастамасы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.

  7-тарау. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды бұзу үшiн


жауаптылық

      28-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы



      1. Мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға адамдарды заңсыз тағайындағаны және (немесе) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардан адамдарды заңсыз босатқаны, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге тәртiптiк жазаларды заңсыз қолданғаны, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн бұзғаны, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария еткенi, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнiнде шаралар қолданбағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сол сияқты осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
      4-1) қызметiн төмендету;
      5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
      1-1. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазаның мынадай түрлерi:
      1) қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту;
      2) лауазымын төмендету;
      3) атқаратын қызметiнен босату қолданылады.
      Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жаза лауазымын төмендету түрiнде тәртiптiк жаза қолдану мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
      Лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.
      Атқаратын қызметiнен босату түрiндегi тәртiптiк жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негiздер бойынша қолданылады.
      2. Тәртiптiк жазаны:
      1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;
      2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
      3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады.
      2-1. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай тәртiптiк комиссия құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бiрыңғай тәртiптiк комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешiмiмен құрылады.
      Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесiнде бiрыңғай тәртiптiк комиссия құруға жол берiледi. Аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай тәртiптiк комиссиясы орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының шешiмiмен немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады.
      3. Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.

       28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды


                  және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
                  құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
                  жаза қолдану мерзiмдерi

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.


      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бiр жылдық және үш айлық тәртiптiк жаза қолдану мерзiмi еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.

      28-2-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын


                 бұзғаны үшiн тәртiптiк жазалар қолдану
                 мерзiмдерi

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

       29-бап. Мемлекеттiк қызметшiлер құқықтарының оларды
               тәртiптiк жауапқа тарту кезiндегi кепiлдiгi

      1. Мемлекеттiк қызметшi өзiн тәртiптiк жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен мiндеттi түрде таныстырылуға тиiс, оған қызметтiк тексеру рәсiмiне жеке өзiнiң қатысу құқығы берiледi.


      2. Жауапқа тартылушы мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетi мен шешiмдерiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен не сотқа шағым жасай алады.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      30-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi

      Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi
жүктеу 407,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау