1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет63/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
лекция

3. Эмоционалды-экспрессивті лексика. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы эмоционалды-экспрессивті лексика деп танылады. Эмоция бар жерде экспрессия да болады. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, еркелік, таңырқаушылық, қошаметшілдік, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету т.б. Мұндай сөздер тобы негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән. Эмоционалды-экспрессивті мәні бар сөздер әр түрлі жолдармен жасалады. Дегенмен бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш (жалт-жұлт, ырғаң-ырғаң, былқ-сылқ т.б.) болып табылады. Эмоционалды-экспрессивті лексиканы түсіну үшін оны эмоционалды-экспрессивті бояуы жоқ сөздерден ажырата білу керек. Бейтарап сөздер мен эмоционалды-экспрессивті сөздерді алдамшы, суайт, өсекші, өтірікші, көз бояушы сөздерін бір-бірімен салыстырсақ, өтірікші сөзі бейтарап болады да алдамшы, суайт, өсекші сөздеріне сөйлеушінің көзқарасында жек көру, менсінбеу аңғарылатындай бояу бар. Мысалы, тою - милығу, жүзі - бет-әлпеті, ұрлау - жымқыру, сөйлеу - сарнау, бәдігін сапыру; үлкен көз - бадырақ көз, жақсы - тамаша сөздердің біріншісі бейтарап сөз болса, екінші, үшінші қатардағылар экспрессивті боялы сөздер екені аңғарылады.

Сөйлеушінің не жазған кісінің көзқарасы, пікірінің түріне қарай экспрессивті боялы сөздер жағымды және жағымсыз белгілерді аңғартатын сөздер болып екіге бөлінеді. Жағымды экспрессивті-эмоционалды сөздер көңілді, сезім мен қуаныш қалыпты, таңырқау, қызығу, сүйсіну мән-мағыналарын береді. Мысалы: ғаламат (өзгеріс), шырқау (биік), ғажайып (көрініс), керемет (әуен) т.б. Жағымсыз эмоционалды-экспрессивті сөздер төмен санау, менсінбеу, жек көру т.б. мән-мағынаны аңғартады. Мысалы, шүңірек (көз), арбиған (дене), сүмеңдеу, міңгірлеу, болбыр т.б.




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау