1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет64/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
лекция

4.Тұрмыстық-қарапайым лексикаға күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер де көптеп кездеседі. Тұрмыстық-қарапайым лексика ауызекі сөйлеу тілінде ғана қолданысқа ие. Бұлар дәл осы қалпында әдеби тілде кездеспейді. Әдеби тілде бұлардың орнына стильдік мәні жағынан бейтарап деген синонимдер жұмсалады.

5. Варваризмдер тілге етене сіңбеген, бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар:

1) Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен саналы түрде әдейі қолданылады.

Мысалы: Орта Азия халықтарының өмірін суреттеген кезде чайхана, пәранжа, қышлақ сөздерін қолдану орынды саналады.

2)Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындарының варваризмдерді қолданатын жағдайлары кездеседі. Мысалы:

Қалқатай, кари глаз екі көзің,

Никогда не забуду айтқан сөзің.

(Ақан сері)

3)Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады. Мысалы: Абай шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынадай орыс сөздері кездеседі: визит, закон, виноват және т.б.

4) Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз жексұрын типтерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:

Сыпыра елірме, сұрқия

Көп пияншік нені ұғар

(Абай)


Мұндағы пияншік сөзі қулық-сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларды мысқылдап, жұртқа мазақ етіп көрсету үшін қолданылған.

5) Ана тілін білуге мән бермей, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді қолданады. Мысалы: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный ешнәрсені жарыққа шығара алмадық (І.Жансүгіров).

Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылып тіл шұбарлайтын варваризмдер де осылармен тектес: конечно, значит, что вы, давай, ну-ка т.б.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау