1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз



жүктеу 42,04 Kb.
бет2/14
Дата13.05.2022
өлшемі42,04 Kb.
#38514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тарих Емтихан сұрақтары

2. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.

ХІХ - ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық – саяси өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой - пікір, ұлттық сана өсті Отаршылдық - әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтарының сана - сезімі, ұлттық намысы оянуына түрткі болды. Ұлттық езгіге қарсы қозғалыстарының басында енді қазақ зиялыларының талантты тобы тұрды. Олар Ресей демократиялық саяси қозғалысымен таныс болып, орыстың озық ойлы демократтарының еңбектерін оқып білді.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси ой - пікірдің қалыптасуы, дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси - құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде әлемдік тарихта ірі оқиғалар болып өтті. Ірі империалист

Державалар арасындағы қайшылықтардың түбіне жете шиеленісуі бір - біріне қарсы екі әскери одақтың (Үштік Одақ және Антанта) құрылуына әкелді. Ғасыр басында империализм дәуіріндегі алғашқы ірі қақтығыс - орыс - жапон соғысы болған еді. Ірі елдердің отарлық бұғауындағы халықтардың ұлт - азаттық күресі жандана түсті. Тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық буржуазия өкілдерімен қатар осы елдерде пайда болған ұлттық интеллигенция өкілдерін, жұмысшыларын және шаруалары мен қолөнершілерін қамтыған алғашқы ұлттық ұйымдар пайда болды, жергілікті баспасөз дамыды. Отаршылдарға наразылық көрсету неғұрлым саналы, әрі ұйымшыл түрде өтіп, ұлт- азаттық сипатқа ие болды.ХХ ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси, құқықтық ойлары

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуында ХІХ ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел өміріндегі саяси оқиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді. ХІХ - ХХ ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегі азаттық жолындағы күрестің өсуінде айтарлықтай рөл атқарды. Олардың қазақ даласында оқу - ағарту, мәдени шараларды дамытудағы еңбектері де әлемдік өркениетке деген ұмтылысы мөн талпынысын білдіреді.

Жаңа ғасырдың бастауымен бірге Ресей өкіметінің отаршылдық саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуі ұлт - азаттық қозғалысындағы жас қазақ интеллигенциясының рөлін күшейте түсті. Бұл кездегі қазақ интеллягенциясы өзінің құрамы, бағыты, мақсаты және қоғамдық - саяси қызметінің сипаты жағынан әртүрлі топтарды біріктірді және олардың негізгі бөлігін әдебиетшілер, мұғалімдер, адвокаттар, дәрігерлер және тағы басқалар құрады.

Қазақ интеллигенциясының осы кезеңдегі тарихи орны қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуімен, оқу - ағарту ісінің дамуымен және отарлық езгіге қарсы күресімен тығыз байланыста айқындалды. Ұлт - азаттық күресіндегі қазақ интеллигенциясының алғашқы және табанды өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков және т.б. болды.

Олардың құрамы да өздерінің саяси көзкарастарымен, іс - әрекеттерімен айрықшаланды. Олардың кейбірі социалистік идеяларды ұстанды, социал - демократтармен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың ықпалы жағынан неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералдық - демократиялық позицияларда болды. Бұл бағыттың жұрт таныған өкілдері Ә. Бөкейханов, Б. Ка - ратаев және тағы басқалар либералдық - демократиялық бағытты қорғады.

1905 - 1907 жылдары Ресейде болған алғашқы орыс революциясы да қазақ даласының саясиоянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа да түрлеріне қарсы ұлт - азаттық, жұмысшы, аграрлық және баска да қозғалыстардың өрістеуіне едәуір дәрежеде серпін берді. ХХ ғасырдың алғашқы ширегін қазақстандық тарихшылардың бір тобы "саяси күрестер мен рухани жаңғырту кезеңі" деп атауға әбден лайық екендігін атап көрсетті. Саяси күрестер мен рухани жаңғырту кезеңінің тарихы 1905 - 1907 жылдардағы орыс революциясынан басталатынын айту әбден орынды болмақ. Өйткені, осы жылдардағы орыс революциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалыстың бастау алуына өз ықпалын тигізді. А. Байтұрсынов айтқандай осы кезеңде "Бұл дала саясат ісіне тартылып, азаттық қозғалысының ағынына араласты"

1905 жылы 25 шілдеде Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесінде алаш қозғалысы

жетекшілерінің бастамасымен өткен қазақ сьезінде әлеуметтік - экономикалық талаптармен бірге саяси талаптар да қойылған. Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы атына жазылған петиция қабылданды. Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың басшылығымен жазылған бұл петицияда үкіметке

мынадай талаптар қойылды:

1) Діни сенімге қысым жасауды тоқтату;

2) Қазақ мектептерінде қазақ тілінде оқыту, интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы;

3) Қазақ тілінде газет шығару;

4) Переселендердің көшіп келуін тоқтатып, жерді қазақтікі деп жариялау;

5) Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшіруді тоқтату;

6) "Далалық билеу Ережесін" өзгерту;

7) Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда істі қазақ тілінде жүргізу, өтініштерді қазақ тілінде қабылдау құқығын қалпына келтіру, қызметке қазақ тілін білетін тілмаштарды алу;

8) Сотісін қазақ тілінде жүргізу;

9) Бастықтар мен урядниктердің санын қысқарту;

10) Генерал - губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю;

11) Жоғары үкіметте қазақ депуттарының болуы. Революцияның алғашқы айларынан бастап - ақ

жоғары билік сатысына талаптар қойған Қарқаралы петициясы қазақ өлкесінің оянуына едәуір

себепкер болған аса зор саяси оқиға ретінде тарихта қалды.

Ұлт зиялыларының саяси күресінде Ресей Мемлекеттік Думасына сайлау жүргізу және оған қатысу

айтарлықтай рөл атқарды. Олар өздерінің саяси күресінде Мемлекеттік думаның мінбесін де тиімді

пайдалана білді.

Екінші Мемлекеттік Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өткен мәжілісінде Орал облысынан сайланған Депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының қазақтар шаруашылығына тигізген зардаптары туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында "біздің мемлекетте ұйыққан аграрлық мәселені далалық облыстарға, атап айткаңда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының жеріне шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкісі келеді. Үкіметтің осынау сұрқия саясатынан қазақтарға аштан қырылу қаупі төніп тұр" деп атап керсетті. Дума төрағасы депутаттың сөзін бөлгенде Б. Қаратаев Дума мінбесінен шаруалардың жерге деген зәрулігін қанағаттандыру үшін жеке меншік жерлерді тәркілеу жөніндегі кез - келген ресейлік оппозициялық қозғалыстың әрекетін қазақтар

Дереу қолдайды деп батыл мәлімдеме жасады. Мұның өзі сол жылдардағы ұлт - азаттық күрес жетекшілерінің саяси белсенділігі мен көзқарастарының қаншалықты өскендігін көрсете алады

Екінші Мемлекеттік Думаға қазақ халқынан сайланған депутаттар кадеттерге қосылды және баска ұлттық партиялар өкілдерімен бірге орыс шаруаларын шеткері аймақтарға қоныс аударуын тоқтату күштерін ұйымдастырды. Ресей Мемлекеттік Думасы белгілі дәрежеде ұлт зиялыларының саяси -құқықтық көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті, қазақ даласының саяси - әлеуметтік және мәдени - рухани дамуына серпін берді

1913 жылдан бастап жарық көрген "Қазак" газеті либералдық - демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Редакторы А. Байтұрсынов болған "Қазақ" газетінде ұлт зиялыларының сол кездегі жарық жұлдыздары болған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқалар жұмыс істеді. Осы газет төңірегінде болашақ "Алаш" партиясының белсенділері мен жақтаушылары топтасты. Оппозициялық газеттің отаршылдық саясатқа қарсы сипаттағы

мақалалары жергілікті әкімшілікті мазасыздандырды, сондықтан да отаршылдық әкімшілік "Қазақ" газетін үнемі бақылауға алды, 1913 - 1916 жылдар аралығында газетті 26 рет жапты, редакторы А. Байтұрсыновты бірнеше рет қамауға да алды

Саяси - құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен айналыскандардың бірі ұлт – азаттық қозғалыстың жетекшісі, әйгілі мемлекет кайраткері, ғалым - әдебиетші Әлихан Бөкейханов еді. Оның артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкеи бөлігі - орыс тілінде жазылған монографиялық,энциклопедиялық сипаттағы еңбектері және "Қазақ" газетінде ана тілінде жазылған мақалалары.

“Қазақ” газеті арқылы Ә. Бөкейханов қазақ кауымын Ресейдегі саяси оқиғалармен таныстырды және саяси - құқыктық сауатын ашты. Газеттің 1913 - 1914 жылдардағы сандарында ол "Бе - бель", "Жан Жорес”, "Керек сөз", "Балқан соғысы" жіне "Тағы соғыс" мақалаларында саясат пен соғыс мәселелерін сөз етеді. 1910 жылы жазған "Қазақтар" дейтін зерттеуінде Ә.Бөкейханов қазақ халқының тарихын, оның әлеуметтік құрылымын, орыс бодандығын, отаршылдықтың зардаптарын айтады. Қазақ әдет - ғұрып нормаларыңдағы бұрынғы құқықтық жүйенің жойылып, оның орнына

патша өкіметі енгізген заңдардан кейін әділетсіздік пен парақорлықтың белен алғаны сыналады.

Ә. Бөкейхановтың ойынша европалық білім алып саяси істерге араласа бастаған қазақ зиялылары екі бағытқа бөліне бастаған. Олардың бірі - мұсылмандық идеяны жақтайтын түрікшілер, ал өкіншісі европалық дамуды қолдайтын батысшылдар. Саяси екі ағымның пайда болуын атап көрсеткен Ә.Бөкейханов оларға ғылыми сипаттама да берді және бұл екі ағымның әлі нақты партия болып қалыптаспағандығын ескертті. Өзінің саяси қызметінің бастауында батысшылдар жағында болған ол саяси бостандық мәселелерінде діни ағымдарға да қарсы болмады.

ХХ ғасырдың басыңдағы қазақтың ірі қоғам қайраткері, саяси - әлеуметтік тақырыпта өндіре жазған ақын, публицист, қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, ағартушы - ұстаз Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келді. Оның түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, ел билеу, сот, жер, еркіндік тақырыптарына арналған "Бұл заманның соғысы" (1914), Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан Уақытша Ереже" (1914), "Соғысушы патшалар"

(1914), "Заң жобасының баяндамасы" (1914), "Жәрдем комитеті" (1915), "Қазаққа ашық хат" (1916),Қазақ жерін алу тураласындағы ни - зам" (1916), және тағы басқа мақалалары АхметБайтұрсыновтың саяси - құқықтық көзқарастарының эволюциясын, қайраткерлік қабілетін, отан

сүйгіштігін жан - жақты көрсете алады. Қоғамдық өмірдің сан алуан көкейтесті мәселелерін арқауетіп жазған оның мақалалары алғашқы кезде "Айқап" журналында, 1913 - 1918 жыл - дары өзі редактор болған "Қазақ" газетінде, жеке жинақтарында, кейіннен кеңестік баспасөзде жарияланды:

Ахмет Байтұрсыновтың аталған мақалалары мен басқа да еңбектерінде құқықтық мемлекет принциптеріне сай келетін идеялар көптеп кездеседі. Ол құқыктық мемлекетте өкімет билігін, ең

алдымен заң шығарушы жоғарғы орган - парламентті қалыптастыруда заң шығаратын адамдарды сайлауда қателеспеу қажеттігіне басты назар аударады. Сайлауға қатысуда жеке бастың немесе ағайынның, рудың намысы үшін ғана дауыс беру азаматтыққа жатпайды. Билік басына немесе заң шығару қызметіне келетін адам үшін немқұрайлы дауыс беру, жершілдік пен ағайыншылық, жершілікке салыну, Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша "ол сайлау өмес, құр талас немесе сауда"

Халықтың сайлауға қатысуы және дауыс беруі туралы мәселеде ол былай деп жазады: "Пайдалы адамды сайлаумен залалды адамды сайлау арасында ешбір парық болмаса, жұрт неге азаяды?

Яғни өз жақынын сайлап, бар мақсаты табылғандай көрінеді. Сайлау көп үшін берген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса... сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, залалы

қаралмай, мынау туғаным - тұқымдасым... - деп сайланса, ол сайлау емес". Демократияның ең маңызды көрінісі сайлау болып табылатындығын ескерген қазақ ойшылы "Тағы да халық соты хақында" мақаласында "Сайлау деген - өзіңе берген құқықтар" деген қорытынды жасайды.Рим заңгерлерінің "заң жиі өзгермеуі тиіс", "заң жақсы болса ғана оны шығарушылар халық

құрметіне ие болады”, "заң халық үшін қызмет етеді" деген қағидаларына сүйенген А. Байтұрсынов ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық нормаларды жоғарыдан бұзып, халыққа таныс емес заңдарды күштеп танудын қаншалықты зардапқа соқтыратынын ескертеді.

ХХ ғасырдың басында империялық саясат билер сотының аясын тарылтуға барынша ынталылық танытты, ресейлік сот жүргізу ісінің тиімділігі туралы насихат күшейтілді.



жүктеу 42,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау