6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.
1914 жылы 1 тамызда басталған. Оған тайпалық Ресейде қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Империяның отар аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлерімен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн десятинаға жетті. Соғыс Қазақстан экономикасына құлдырауына әкеп соқты. Соғыс шикізатты, азық түлікті, малдың және басқа да материалдық орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты иығына жаңа ауыртпалықтар түсті. Міндетті түрде ет тапсырылды. Мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды. Әр үйден жаңа соғыс салығын алу т.б.салықтардың мөлшері артты. Салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есе өсті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп- жетілу процессін тездете түсті. Соның жарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж ұлт азаттық көтерілісі болды.
Көтерілістің шығуының басты себебі: Әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерiлістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымында армияның тыл жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19-дан- 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның қалалық облыстарынан- 100 мың , Жетісудан - 87 мың адам еріксіз алынуға тиіс болды. Стихиялы қозғалыс бірте- бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары- Жетісу мен Торғайда пайда болды. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.
Көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.
Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері
Жетісудағы көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қонаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:
1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.
2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.
3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі деген кезеңдерге бөлуге болады:
17 – шілдеден бастап Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларына қарсы ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауы, Жаркент, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Самсы станциясы маңы, Лепсі оязында, Садыр-Матай болысында т.б.жерлерде болды.
Қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілер табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілерді басу үшін 8750 найзалы 95 рота, 3900 қылышты, 24 жүздік, 16 зеңбірек, 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ ауылдары жойылды, бейбіт тұрғындар аяусыз қудалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкіметі соңдарына түскен 300 мың қазақтар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1\4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Жетісудағы ұлт - азаттық көтерілістің қанды қырғынмен аяусыз басып жаншылды. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери горнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Соттың үкімі облыстың әскери губернаторы Фольбаум сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, 1916 ж. 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде дарға асып, өлтірілді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімі мен Түркістан өлкесінде 1917 жылы ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.
Торғай көтерілісі:
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып жаншылған кезде Торғай даласында көтерілісшілер күш алып, күннен- күнге өрістей түскен еді. Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қойдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, арғындар мекендеген Тосын, Майқорау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтеріліс барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланды. Ал арғын көтерілісшілерінің ханы болып Шолақ Оспанов сайланды. Кейін 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс ( 6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында атақта Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Құрылтайда Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерелісшілердің сардарбегі болып тағайындалды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Көтерілісшілерге Орталық Ресейден келген, осы жерде туып өскен Әліби Жангелдин қосылған. Ә.Жангелдин көтерілісшілердің « рухани көсемі» болды. Көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Осылайша қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып жаншылды.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ:а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері : Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов , М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.
КөтерілістіңКөтерілістің маңызы: 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. К.Қасымов бастаған ұлт- азаттық қозғалыстан кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.
Достарыңызбен бөлісу: |