95
6.
Ым-ишаралардың мағынасын анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.
№
Бейвербалды нұсқа
Мағынасы
1
Екі бүйірін таяну
2
Иілу
3
Қос қолды кеудеге қою
4
Желке қасу
5
Желкеге қолын қою
6
Басын төмен салу
7
Басын изеу
8
Қасын керу
9
Қабағын шыту
10
Көзін қадау (оқты көзін қадау)
11
Көзімен адырая (бажырая)
қарау
12
Ала көзімен қарау
13
Көзін төңкере қарау
14
Ішін тарту
15
Таңдайын қағу
16
Құшақтасу
17
Бетінен сүю
18
Бауырына басу
7
.
Сұхбатты оқыңыз. Сұхбатқа қатысушылардың сөйлеу этикетіне талдау
жасаңыз. Олар өздерін қалай таныстырды? Сұхбатқа қатысушылар туралы өз
пікіріңізді айтыңыз.
І.Танысу этикеті
1-сұхбат. Өзін таныстыру
1
-түрі. – Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз. Менің атым-жөнім –
Абзал
Мұратұлы.
2
-түрі. – Өзімді таныстырып өтейін,. Абзал Мұратұлы «Кең дала»
компаниясының топ басқарушысымын.
3
-түрі. – Танысып қояйық, «Жер-су» фирмасының
қаржы директоры Әйгерім
Қайсарқызы.
Жауап түрі: –
Танысқаныма қуаныштымын!
4. Қосымша ақпарат беру жолы.
–
Визит карточкасын беруге рұқсат етіңіз.
–
Мен туралы ақпаратты визит карточкадан таба аласыз.
5. Өзгелерді таныстыру
А
.
– Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіздер. Абзал Мұратұлы – «Кең дала»
компаниясының топ басқарушысы.
–
Өте жақсы.
– «Жер-су» фирмасының қаржы директор Әйгерім Қайсарқызы.
Ә
.
96
– Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер: (адамдар тізбекпен өз аты-жөндерін
атайды)
Тапсырма.
1. Екі студент бір- бірлерімен танысады.
2. Төрт студент бірін- біріне таныстырады.
ІІ. Жұмысқа қабылдау этикеті
1-сұхбат. Жұмысқа қабылдау интервьюі
1.
Жұмысқа тұру сұхбатын оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Жұмыс беруші
: Сәлеметсіз бе, Қаліңіз қалай?
Үміткер:
Жақсы, рақмет.
Жұмыс беруші:
Біз өзіңізбен жақын танысу үшін,
сіздің жеке қабілеттеріңіз,
біліктілігіңіз туралы сөйлесу үшін кездесуге шақырдық. Өзіңіз туралы айтып
беруді сұраймын.
Үміткер:
Мен ашық адаммын. Адамдармен жылы қарым – қатынас орнату
көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Мен іске жауапты қараймын,
тапсырмаларды уақытында орындаймын. Мен қаржы түрлерін, бағалы
қағаздармен жұмыс, инвестиция түрлерін жақсы меңгердім. Университетте
оқып жүргенде, бірнеше рет халықаралық
байқауларға қатысып, жүлделі
орындарды жеңдім.
Достарыңызбен бөлісу: