1 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет114/137
Дата18.05.2022
өлшемі2,77 Mb.
#38671
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137
 
9.
. Мәтінді оқып, мәтіндегі сапарға шығудың пайдасы туралы айтылған 
сөйлемді жазыңыз. Өзіңіз сапарға шықтыңыз ба? Онда қандай жағдайлар 
болды? Досыңызбен жолсапар туралы сұхбаттасыңыз.
 

Сапарға жиі шығу адамға бақыт сыйлайды
 
Гарвард университетінің (АҚШ) ғалымдары Британияның «Cancer 
Research» зерттеу орталығымен 7 жыл бойы бірлесіп жасаған зерттеу 
қорытындыларын жария етті. Онда адамның бақытты болуы үшін айына 1-2 рет 
сапарға шығу жеткілікті деген тұжырым жасалған. Мамандар, тіпті де алысқа 
сапарлаудың қажеті жоқ дейді, демалыс күндері отбасымен немесе достармен 
көрші қалаға сапар жасаса да жеткілікті екен, деп жазады «VistaNews» 
порталында. 
Нақтырақ айтқанда, зерттеудің негізгі түйіні мен қорытындысында адам сапарға 
шығып тұрса, түрлі психологиялық «ауытқуларсыз» өмірін бірқалыпты арнаға 
сала алады екен

Жағдаяттық тапсырма 
Сіз Астанаға 
іссапармен
бардыңыз. Сіз «Астана» қонақүйіне
орналастыңыз. Ертең конференция. Конференцияда баяндама оқисыз. Сіз 
конференцияда әдемі болғыңыз келеді. Жақын жерден шаштаразға барып 
шашыңызды қидырдыңыз. Енді қайта қонақүйге бару керек. Алайда, сіз жолды 
ұмытып қалдыңыз. Бұл Астанаға бірінші рет келуіңіз. Қонақүйге қайта оралу 
керек. Не істейсіз? 
Керекті сөздер
: қонақүй, адасып қалдым, айтып жіберіңізші, оң 
жақта,сол жақта, жақын маңда, жанында т.б. 


138 
 
10
. «Іссапар» тақырыбына байланысты мақалдардың мағынасын түсіндіріңіз. 
Көп
 
сөйлеме, тілді бағып, аралас, 
Көп сөйлеген сөзде қадір қалар аз
.
 
Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал. 
Жақсы жол ұзақ та болса жақын
Жаман жол жақын да болса алыс. 
Жол қадірін жүрген білер. 
Жол қуған қазынаға жолығады. 
Жөн сұраған кісі адаспайды. 
Көп сөйлеме, тілді бағып, аралас, Көп сөйлеген сөзде қадір қалар аз. 
11
.
«Іссапардағы кездесу» деген тақырыпта сұхбат құрыңыз.
Үлгі:

Сәлеметсіз бе, Айша? 

Сәлеметсіз бе, Ербол ағай? Қош келдіңіз, Алматыға! Төрлетіңіз. 

Иә, іссапармен келіп те қалдық. Жұмыс жағдайларыңыз қалай? 

Бәрі де жақсы. Бірлестіктің жұмысы бұрынғыдан әлдеқайда табысты болып 
келеді.

Жалақыларыңыз да өскен шығар? 

Әрине, жаңадан келген бастығымыз жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына 
ерекше көңіл бөледі. Әр тоқсан сайын үстеме жалақы беріледі. Жақсы жұмыс 
істеген жұмысшылардың жалақысын көтеріп, марапаттап отырады. Қазір еңбек 
өнімділігі де жоғары, білестік табысы қуантарлық.

Сіздердің өнімдеріңізге сұраныс та жоғары болар? 

Иә, өнім сапалы болған сайын сатып алушылар да көбеюде. 

Сіздің бірлестіктің бәсекелесі бар ма? 

Болғанда қандай! Бірақ қазір өнім сапасы маңызды орын алады ғой. Біздің 
өнім әрі арзан, әрі сапалы болғандықтан үлкен сұранысқа ие. Ал өзіңіз не 
мақсатпен келдіңіз? 

Осы іссапарда сіздермен серіктес болсақ деген мақсатымыз бар. Бірігіп 
жұмыс істеп, тәжірибе алмасу – бәрімізге де тиімді болар деп ойлаймын. 

Әрине, ойыңыз өте орынды. Ісіңізге сәттілік тілеймін! 

Рақмет!

жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау