1. Аттестаттаудың анықтамасын таңдаңыз а көліктік, авариялық-құтқарушылық, коммуналдық жүктемелер



жүктеу 91,37 Kb.
бет4/4
Дата21.01.2022
өлшемі91,37 Kb.
#34275
1   2   3   4
Аттестаттау билет сұрақтары

Тесттің дұрыс жауаптары


I – нұсқа

II – нұсқа

III – нұсқа

B

A

C

D

C

A

A

D

A

D

A

E

E

B

D

A

E

C

A

B

B

A

D

D

B

A

A

C

A

C

E

B

A

A

C

A

C

C

B

D

E

C

E

D

D

A

E

A

B

A

C

A

D

A

D

C

B

E

C

B

A

A

C

C

B

D

B

A

C

D

E

E

A

E

B


Емтихан билеті № 1


1. Ұйымдардағы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың өзектілігіне бірнеше дәлел, тізіп жаз

Ұйымдардағы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың өзектілігіне бірнеше дәлел бар:

Біріншіден аттестаттау міндетті заңнамада бекітілген. Бұл ҚР Еңбек Кодексінің 183 бабында, сондай-ақ «ҚР-сы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 ж 25 желтоқсандағы №1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 ж 28 желтоқсандағы №801 бірлескен бұйрығында талап етілген.

Екіншіден, нақты білу қажеттігі әрдайым туындайды, ол алдағы уақытта еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру бойынша қажетті іс шараларды өткізу үшін еңбек жағдайларының жай-күйін көрсетеді.

Үшіншіден, аттестаттау еңбек қорғау жұмыстарын сертификаттаудың бастапқы кезеңі болып табылады. Отандық өнімнің халықаралық сондай-ақ нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі бұл аса маңызды сәт Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң ерекше өзекті мәселеге айналды.

Төртіншіден, белгіленген мерзімдерде жүргізілген өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жұмыс берушінің қызметін декларациялаған кезде ұйымның сенім сертификатын алуға құқық береді.


2. Қазіргі кездегі аттестаттауға анықтама жаз

Қазіргі кездегі аттестаттау – ҚР-дағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге еңбегін жоғарылататын мөлшерде ақы төлеу, ақы төленетін қосымша еңбек демалысын, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын беру түрінде кепілдектер беру керек-керек еместігін шешуге мүмкіндік беретін жалғыз рәсім. Жоғарыда аталған кепілдіктер аттестаттау нәтижелерімен растау негізінде Өндірістердің, цехтардың, кәсіпкер мен лауазымдардың тізіне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізбесіне сай беріледі. Жұмыс беруші еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттастатталуы тиіс емес жұмыс орындары бойынша аттестаттауды жүргізбеген жағдайда, кепілдіктер Тізімге сай толық көлемде беріледі.


3. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болатын жұмыс, анықтамасын жаз

Зиянды және қауіпті өндрістік факторлардың әсері болатын жұмыс – көптеген кәсіпорындардың технологиялық процесінің ажырамас бөлігі. Олардың көпшілігін өнеркәсіптік өндірістер құрайды.

Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.

Емтихан билеті № 2




  1. Аттестаттаудың еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі ең маңызды элементтерінің бірі болып табылатындығын дәлелде

Аттестаттаудың еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ол еңбек жағдайларының қауіпсіздігі бойынша жұмысты барынша мақсатты түрде жоспарлауға, кәсіпорындарда өткізілетін сауықтыру іс-шараларынан барынша көп нәтиже алу жол ашады.

Кадрларды аттестаттау – қызметкерлердің сапалық құрамын жақсартуға, қызметкерлердің жүктелген дәрежесін және оларды мамандық бойынша қолдануды анықтауға, басқару үлгісімен әдістерін жетілдіруге бағытталған қызметкерлерді басқарудың маңызды бір құрамдас бөлігі.

Аттестаттаудың мақсаты – кадрларды таңдау және орналастыруды жақсарту, олардың кәсіби және іскерлік біліктіліктерінің өсуін қамтамасыз ету, еңбектерінің тиімділігін ынталандыру және жоғарылату және т.б.

Аттестаттаудың негізгі міндеттері: қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау; қызметкердің қабілеттері мен мүмкіндіктерін қолданудың перспективаларын айқындау; қызметкердің кәсіби деңгейінің өсуін ынталандыру; мекеменің басқарушы құрамының резервін құру; қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату; қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жайлы мәселелерді шешу; лауазымдардық атауларын біліктілік талаптарына сәйкестендіру, біліктілікті арттыру немесе қызметкерлерге білім беру және дамыту және т.б. бағдарламаларды құру барысында кадрлік саясат және штаттық кестені қайта құру бойынша шешімдер қабылдау.




  1. Жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың жаңа қырлары, анықтамасын жаз

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың жаңа қырлары – еңбек жағдайларын бағалаудың маңызды құралы ғана емес, сонымен қатар нақты жұмыскердің еңбек жағдайы үшін кепілдіктер алуға және олардың дұрыс берілуіне құқығын растайтын жалғыз тетік.


  1. Мамандандырылған ұйымның білікті кадрларының болуы мәселесін қалай түсіндіру қажеттігін сипатта

Кадрларды аттестаттау – қызметкерлердің сапалық құрамын жақсартуға, қызметкерлердің жүктелген дәрежесін және оларды мамандық бойынша қолдануды анықтауға, басқару үлгісімен әдістерін жетілдіруге бағытталған қызметкерлерді басқарудың маңызды бір құрамдас бөлігі.

Мамандандырылған ұйымның білікті кадрларының болуы мәселесін қалай түсіндіру қажет: мамандар «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» және «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау» курстары бойынша дайындықтан өткен болуы керек.

Емтихан билеті № 3


  1. Метрологиялық аттестаттау анықтамасын жаз

Метрологиялық аттестаттау деп - өлшем құралдарын олардың метрологиялық қасиеттерін анықтау мақсатымен метрологиялық, органдардың зерттеуін, зерттеуден алынган мәліметтер негізінде тиісті құжаттардың дайындалуын айтады

Метрологиялық аттестаттау ҚР СТ 2.30-2017 "ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.30-2017).


Метрологиялық аттестаттауға жатады, оның ішінде:

• автоматтандырылған бақылау, басқару және басқа жүйелер (кешендер) жүйесіне кіретін өлшеу арналары);

• жеке данада дайындалатын және республикаға жеткізілетін эталондар;

• метрологиялық және техникалық сипаттамалары нормаланған немесе конструкциясына осы сипаттамаларға әсер ететін өзгерістер енгізілген шарттар мен режимдерден ерекшеленетін шарттар мен режимдерде қолданылатын сериялық шығарылымның өлшеу құралдарының жеке даналары;

• жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленетін сериялық шығарылымдағы өлшеу құралдарының жеке даналары.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар, пайдаланушылар (өлшем құралдарын жеткізушілер) ұсынады.




  1. Ауыр физикалық жұмыстар, мысал келтір

Ауыр физикалық жұмыстар - ауыр заттарды қолмен көтерумен немесе орын ауыстырумен байланысты қызмет түрлері, не 300 ккал/сағаттан астам энергия шығындайтын басқа да жұмыстар

  1. ҚР-ң еңбек заңнамасында белгіленген еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы-ескерту жасауға немесе АЕК онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады, зертте

Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстандағы зейнетақы‚ жәрдемақы‚ өзгедей әлеуметтік төлемдер есептеу үшін‚ сондай-ақ айыппұл санкцияларын‚ салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану және есептеу үшін мемлекет жыл сайын белгілейтін есептік көрсеткіш.

ҚР-ң еңбек заңнамасында белгіленген еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы-ескерту жасауға немесе АЕК онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде. орта кәсіпкерлік субъектілеріне 35 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде.

2019 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 2 525 теңге.

Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) – 42 500 теңге.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 16 037теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 36 108 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 29 698 теңге.


Емтихан билеті № 4


  1. Мемлекеттік аттестаттау барысында жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша нормаланады келесі микроклимат параметрлерін талқыла

Микроклимат параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар. Мемлекеттік аттестаттау барысында жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша нормаланады келесі микроклимат параметрлері

  • ауа температурасы, ТНС индексі

  • ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

  • ауа қозғалысының жылдамдығы

  • жылу сәулесінің қарқындылығы

ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Ауаның температурасы - өндірістік ортаның, әсіресе технологиялық процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты жылуды көп бөлетін цехтарындағы микроклиматты анықтаушы басты факторларының бірі болып саналады. Осындай өндірістердің мысалы болып металлургия (домналық, конвейерлік, мартендік, электрлік болат балқыту, прокаттық цехтары), машина жасауда (құю цехтары, ұсталық, термиялық цехтары), тоқыма (текстиль), резиналық, түсті металлургия, тағам өнеркәсіптеріндегі бірқатар өндірістері, құрылыс материалдарын жасау өндірісі саналады.

Аталған цехтардағы өндіріс бөлмелеріндегі ауа жабдықтар мен материалдардың ысыған беттерінен жылуды конвекциялық беру нәтижесінде ысиды. Жоғары температура жылу электростанцияларының кейбір бөлмелерінде, және де терең жерасты кендерін шығару орындарында болады.

Бірқатар өндірістер ауаның төмен температурасымен сипатталады. Мұндай жағдайлар жылдың қым мерзімдерінде жылытылмайтын жұмыс бөлмелерінде (элеваторлар, қоймалар, тоңазытқыш камералары), және де ашық ауада жұмыс істеуінде байқалады.

Ауаның ылғалдылығы – ондағы су буларының мөлшері-абсолюттік, максимальды және салыстырмалы түсініктермен сипатталады.

Абсолюттік ылғалдылығы – су буларының парциалдық қысымында (Па) немесе белгілі көлемдегі салмақ бірілігінде (г/м3) беріледі.

Максимальды ылғалдылығы – осы температурада ауаның толық қанығуындағы ылғалдың мөлшері.

Салыстырмалы ылғалдылығы – пайызда (%) берілген, абсолюттік ылғалдылықтың максимальдікке қатынасы. Максималды және абсалютті ылғалдылықтың арасындағы айырмасы қанығ дефициті деп қаралады.

Өндірістік бөлмелердегі ауаның ылғалдылығы технологиялық процесстік сипатына байланысты қатты өзгеруі мүмкін. Ылғал бөлуші көздері бар (су немесе су ерітінділері бар ашық сиымдылықтар) бірқатар өздірістерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-100% жетуі мұмкін. Осындай өндірістерге тоқыма өнеркәсібінің бояу-өңдеу цехтары, машина жасау зауыдтарының гальваникалық цехтары, тау-кен өндірісіндегі жерасты бөлмелері жатадыү

Ауаның қозғалысы - өндірістік бөлмелерде жылу бөлуші көзден ауа массасының біркеліксіз жылу нәтижесіндегі конвекциялық ағымдарымен құралады, м/с өлшенеді.

Инфрақызыл (жылулық) сәуле таратуы – толқындық және кванттық қасиеттері бар, толқынының ұзындығы 500-0,076 мкм электромагниттік сәулелер, инфрақызыл сәулелердің қарқындылығы Вт/м2 өлшенеді.



  1. Өрт болдырмау жүйесін сипатта

Өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін айтады


  1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор өнімнің сәйкестігін талда

Емтихан билеті № 5




  1. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауға талдау жаса

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау – бұл жұмыс берушінің қызметін «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 ж 30 қарашадағы №909 бұйрығына сәйкес ол берген өтініш негізінде ҚР еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі.

Қызметі еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылған жұмыс берушілерге бес жұмыс күні ішінде үш жыл мерзімге сенім сертификаты беріледі.

Сайып келгенде, аттестаттау тексерістер кезінде, өндірістегі жазатайым оқиғаларды қараған кезде кәсіпорынға мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан көптеген шағымдарды болдырмайды. Аттастатау жүргізген кезде еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне баға беруге жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесін бағалау кіреді. Тәжірибеден белгілісі: егер кәсіпорында аттестаттау жүргізілмесе және жазатайым оқиға орын алса, онда жұмыскердің жарақат қажеттігі аттестаттау нәтижелерімен расталмаған жұмыс орнында еңбек еткені үшін мемлекеттік еңбек инспекторы басшылыққа шағымын білдіре алады.


  1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларының маңызды талап, мысал келтір

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларының маңызды талап – қосымша көлемде есеп беру құжаттамасын жүргізу.

Мысалы, жаңа Қағидаларда 2,3,6 және 12 нысандары түрінде тағы төрт қосымша енгізілді: еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау хаттамасы – 2 қосымша. Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау хаттамасы – 3 қосымша. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп – 6 қосымша. Өндірістік бақылау нәтижелері туралы есептің нысаны -12 қосымша.




  1. Шу мен тербелістен қорғанатын тәсілдерді сипатта

Шу мен тербелістен қорғанатын тәсілдер.

12.1.003 – 86 мемлекеттік стандарты бойынша шуды төмендетудің негізгі шаралары былай жіктеледі:

1) шумен күресудің техникалық шаралары;

2) құрылыс – акустикалық шаралары;

3) жеке қорғану құралдарын (шараларын) қолдану;

4) ұйымдастырушылық нормалары.

Техникалық шараларының негізгілері:

- шудың себептерін анықтау және технологиялық процес болған жерде оны бәсеңдету, құрал-жабдықтарды дұрыс орналастыру;

- шу болатын жерді бөлек орналастыру және дыбыс, тербеліс жұтатын заттарды пайдалану;

- жұмыс орнындағы жаңғырған дыбыстардың дыбыс энергиясын тығыздап төмендету;

-дыбыс және вибро қорғау, дыбыс және вибро жұтқыш құралдарымен шу көзін қоршаған ортадан оқшаулау;

-медициналық сипаттағы сақтандыру шаралары;

- жекеленген қорғаныс уақытын дұрыс пайдалану.

Шуға қарсы күрестегі ең тиімді жол – бұл соққыдан пайда болатын тербеліске, үйкеләс күшіне, механикалық күштерге, құрал-жабдықтардың конструкциясын жақсарту.

Тербелістен қорғалудың тиімді тәсілі – тербелістен қорғайтын оқшаулағыштарды пайдалану. Олар машина мен оның тұрған фундаментінің арасында қойылатын серпінді элементтер. Суретте виброоқшаулағыштың схемасы көрсетілген: сорғыштардың, компрессорлардың ұсақтағыштардың, электр қозғауыштардың және т.б.

Виброоқшаулағыштардың металдық, резиналық, серпінді түрлері құрастырылған, кейінгі уақытта пневматикалық түрлері жасалды.

Құрылыс-акусикалық шараларға – дыбыс (шу) шығаратын жабдықтардың бөлмелерін өндірістен алыстатып, олардың айналасына шу жұтатын өсімдіктер отырғызу қажкт. Егер де техникалық және ұйымдастырушылық шаралармен шуды нормаға жеткізуге болмаса, онда жеке қорғану құралдарды пайдаланады. Өте күшті шулы өндірістерде антифондарды, шуға қарсы құлақ жапқыштар және құлаққа киетін қосымша зат «беруши». «Беруши» шуды 15дб-дан 30дб-ге дейін төмендетеді.

Емтихан билеті № 6




  1. Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратқа сипаттама бер

Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекен-жайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет ресурстарынан табуға болады.


  1. Аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытына мысал келтір

Аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері бойынша жұмыс орындары үшінші және төртінші дәрежедегі зиянды еңбек жағдайларына жатқызылған жұмыскерлерге белгілеу ұсынылады.

Жұмысшылардың жерасты көмір шахталарында үнемі болуымен байланысты жұмыс орындарында аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жұмыс орындарына еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізілмей-ақ беріледі.




  1. Еңбек қорғаудың нормативті- техникалық құжаттарына (НТҚ) талдау жаса

Еңбек қорғаудың нормативті- техникалық құжаттарына (НТҚ) төмендегілер кіреді:

-Қауіпсіздік техникасы ережелері

-Санитарлық нормалар мен ережелер (СНЖЕ)

-Еңбек қорғаудың нұсқаулары

-Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ)

Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.

Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.[1]

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың — стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

Санитарлық ережелер, дене тербиесі және спорт бойынша жаттығу ететін орынның күтіліп-үсталуы дене жаттығуларымен шұғылдану үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында спорттық ғимараттарды арнайы жабдықтау мен пайдалануға, қондыруға қойылатын ресми белгіленген міндетті санитарлық - гигиеналық талаптар.

Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі – бұл кешен өзара байланысты қамтитын стандарттар, талаптар, нормалар мен ережелер ұйымдық-техникалық, метрологиялық, санитарлық-гигиеналық сипаттағы бағытталған қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде өмірі мен денсаулығын сақтау процестері.


Емтихан билеті № 7


  1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттауды зертте

Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабы 29) тармақшасына және 183-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

3) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

6) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

8) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

11) өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек орналасқан өндірістік бөлімшелері;

12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.




  1. Көптеген кәсіпорындарда негізгі зиянды факторлар бар, анықта

Көптеген кәсіпорындарда негізгі зиянды факторлар деп келесілерді айтады:

Жұмыс аймақ ауасының құрамында шаң мен газдың шамадан тыс көп болуы;

Бактерия, микроағзалардың және олардың компоненттерінің шамадан тыс көп болуы;

Ауа аэронизациясының төмен болуы;

Жұмыс аймағының немесе құрылғылардың жоғары жағындағы ауа температурасының қатты төмен немесе жоғары болуы.

Жұмыс аймағында ауа қозғалыс жылдамдығының және ауа ылғалдылығының қатты жоғары немесе төмен болуы;

Жылудың сәулемен емдеу интенсивтілігінің жоғарылығы;

Шу дәрежесінің жоғары болуы;

Инфрадыбыс дәрежесінің жоғары болуы;

Ультрадыбыс дәрежесінің жоғары болуы;

(жалпы немесе жергілікті жерде) дірілдің дәрежесінің жоғары болуы;

Электромагниттік сәулелену (ЭМС) дәрежесінің жоғары болуы;

Табиғи жарықтың жетіспеушілігі немесе тым болмауы;

Жұмыс аймағын жеткіліксіз жарықтандыру;

Иондалған сәулелену дәрежесінің жоғары болуы


  1. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету сипатта

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – әрбәр мемлекет пен қоғам ұмтылатын өзекті міндет әрі негізге алатын мақсат.

ҚР Конститутциясының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайларына құқығы бар.

Біздің елімізде ауырлық коэффициентінің тұжырымдамасы және жазатайым оқиғалар жиілігі. Әрине, әр нақты өндірістің өз жағдайлары мен жұмыс жағдайлары бар. Сонымен қатар, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету өте әдеттегі процесс болып табылады.

Оның мәні өндірістің зиянды және қауіпті факторларын анықтау, тәуекелдерді талдау және бағалау және оларды басқару. Осылайша, еңбек қауіпсіздігі ретінде өндірістің маңызды факторын қамтамасыз ету - еңбекті қорғау жөніндегі кешеннің құрамдас бөлігі болып табылатын іргелі және өте күрделі техникалық, ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелердің бірі .

Емтихан билеті № 8


  1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау рәсімін жүргізген кезде, зерттеу жаса

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау рәсімін жүргізген кезде:

• Мемлекеттік стандарттар

• Санитариялық қағидалар мен нормалар

• Зерттелетін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

• ҚР-да қолданылатын алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормалары пайдаланылады.

Еңбек кодексінің 182-бабының 2-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жұмыс берушінің мңндеті болып табылады. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттау мерзімді түрде жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен бес жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі. Сондай-ақ өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау көзделген, кезектен тыс қайта құрылған өндірістік объектілерді пайдалануға енгізгеннен кейін күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей немесе мемлекеттік органның талап етуі бойынша жүргізіледі.



  1. Аттестаттау әрбір жұмыс орнының нақты жай-күйіттестаттау әрбір жұмыс орнының нақты жай-күйі анықтаудың тиімді құралына айналуы тиіс екендігі құралына айналуы тиіс екендігі дәлелде

Аттестаттау әрбір жұмыс орнының нақты жай-күйі аттестаттау әрбір жұмыс орнының нақты жай-күйі анықтаудың тиімді құралына айналуы тиіс екендігі құралына айналуы тиіс, жұмыс берушіге де, жұмыскерге де болуы мүмкін қауіп-қатерлер мен олардың алдын-алу шаралары ақпарат беруі тиіс. Аттестаттаудың объективті нәтижелерінің негізінде, бір жағынан, нақты жұмыс орнындағы нақты бір жұмыскерге еңбек жағдайлары зиянды әрі қауіпті жұмысы үшін кепілдіктер белгілеу туралы да әділ шешімдер қабылданады. Екінші жағынан, жұмыс берушіге өзінің алдағы уақыттағы шығасыларын оңтайландыру мақсатында салықтық және сақтандыру жеңілдіктерін белгілеу арқылы еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсартуға қаражат салу тиімді болады.


  1. Өрттің шығу себепттері, мысал келтір

Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар тілсіз жаудың құрбанына айналатын адам өміріне қауіп төндіретін бірқатар себептер – мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:

1 жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;

2 жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;

3 тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температу- расына дейін қыздыру керек.

4 Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;

5 Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдала- ну;

6 Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;

7 Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;

8 Жанармай,бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс

сақтамау;

9 Құрал-жабдықтардың қатты қызуы.

Емтихан билеті №9


  1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуге қойылатын жаңа нормативтік талаптар мамандандырылған ұйымдарға бақылауды күшейтеді, мысал келтір

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуге қойылатын жаңа нормативтік талаптар мамандандырылған ұйымдарға бақылауды күшейтеді. Мысалы, Еңбек кодексінің 204-бабының 2-тармағына сәйкес 2017 ж 1 қаңтардан бастап 1-баптың 1-тармағының 64) тармақшасы мына редакцияда қолданылады: «64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында ҚР-ның заңнамасын сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар».

  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингін бағала

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай- күйін қадағалау жүйесі, сондай- ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау.

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор– ұйымның кәсіподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі.

Еңбек қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігіне жалпылама түсініктеме
Еңбек жағдайының қауіпсіздігін және салауаттылығын қамтамасыз ету проблемасымен еңбек қорғау қызметі айналысады. Еңбек қорғау қызметі өндірісте мүмкін болатын оқыс оқиғалардың себептерін айқындайды және оқып біледі, өндірісте мүмкін болатын кәсіби аурулардың, апаттардың, жарылыстардың, өрттердің себептерімен танысып айқындайды, ол себептердің салдарын жою жөніндегі шаралар мен талаптар жүйесін жасайды, адам өміріне қауіпсіз және қолайлы еңбек шартын жасайды.

Еңбекті қорғау еңбек процестерінде адамның еңбекке жарамдылығын және денсаулығын сақтауды қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заң және нормативті актілер негізіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық, емдеу-профилактикалық шаралар мен құралдарды кешені.

Еңбекті қорғау пәні кешенді болып табылады және ол мынадай төрт бөлімнен тұрады:

• еңбекті қорғау заңы;

• өндірістік санитария;

• қауіпсіздік техникасы;

• өрт және жарылыс қауіпсіздігі.


  1. Өнеркәсіп мекемелері ауасындағы зиянды газдар және шаңдар сипаттама жаса

Технологиялық үрдістер, өндірісте қолданылатын құрал – жабдықтар жұмыс аймағының ауасына:

шаңдар – диаметрі 1 мкм-нен артық, ауадағы асылған қатты бөлшектер;

аэрозольдер – дисперс ортасы ауа болатын, 0,1 – 0,001 мкм шамасында диаметрлі бөлшектері бар коллойд жүйелер;

газдар және булар (тіркендіретін және улулы) – тыныс мүшелеріне, теріге, көздің қабыршағына зиянды әсер тигізетін, ағзаға улы әсер тигізетін химиялық қосылыстар;

майлы және қышқылдық тұмандар, бактериялар, микроағзалар және оларды құрайтын бөлшектер түрінде зиянды заттардың көзі болады.

Зиянды заттар адам ағзасына тыныс мүшелері, асқазан-шек жолы және тері арқылы кіреді. Адам ағзасына зиянды заттардың әсерінің нәтижесінен келесілер болуы мүмкін:уланулар;күйіктер;түс көруінің өзгеруі;шаң этиологиясының профессионалды аурулары (пневмокониоздер, шаң бронхиті);жұмысшылардың денсаулығындағы тағы бірқатар өзгерістер.

Белгілі жағдайларда (6-шы тарауды қара) ауамен аралас шаң, бу және газ түрдегі заттар жарылыс және от қаупінің көзі болуы мүмкін. Қауіпті заттар өндірістік бөлмелердің, кәсіпорын аумағының және оның қасында орналасқан тұрғын құрылыс объектілерінің санитарлық жағдайына әсер етеді.

жұмысшылардың тыныс мүшелеріне шаңның ықпал ету деңгейін бағалау үшін, нақты немесе болжамдалатын факторлармен байланыс, толық кезеңінің уақытындағы шаң жүктемесін, яғни мамандандырылған фактормен байланыс толық кезеңінің уақытында жұмысшы дем алатын шаңның мөлшерін есептейді:

ПН = К • N • T • Q,

мұндағы К – жұмысшы дем алатын аймақтағы бір ауысымдағы орташа нақты шаң шоғыры, мг/м; N – календарлы жылдағы жұмыс ауысымдар саны; Т – шаң факторымен контакт/қатынастың жылдар саны; Q – бір ауысымда өкпе желдетуінің көлемі, м3

Емтихан билеті № 10




  1. Өндірістік жарықтандыруды түсіндір

Жұмыс орнының, демалыс бөлмелерінің жарықтандыруының дұрыс ұйымдастырылуы, жұмысшының денсаулығы мен жалпы психофизиологиялық жағдайына жақсы әсер етеді.

Өндіріс бөлмелерiнің, жұмыс орындардың жеткіліксіз жарықтандырылуы қайғылы оқиғаға, көз мүшелерінің шаршауына, жұмыс өнімділігінің төмендеуіне және жұмысшының көңіл күйінің нашарлауына себеп болуы мүмкін.

Көру сезімі көрінетін сәуле (жарық) әсерінен болады, ол ұзындығы 0,38...0,76 мкм электромагниттік сәулеленуді білдіреді. Көру сезімталдығы ұзындығы 0,555 мкм (сары-жасыл түс) электромагниттік сәулеленуге максимальды және толқын ұзындығының ұзақтығымен көрінетін спектр шегіне азаяды.

Адам көзі жарық деп қабылдайтын сәулелік ағынының бөлігін жарық ағыны дейміз.

Жарық ағыны жұмыс бетіне түсіп, оның жарықтылығын құрады, және ол келесі теңдікпен анықталады:

E = F/S,


Мұнда: Е – беттің жарықтандыруы, люкс [лк]; F – жарық ағыны, люмен [лм]; S – жарықталатын беттің ауданы,м2

Нүктелік жарық көздерін жарық күші дейміз, ол жарық ағынының нысана бұрышының таралу аймағындағы қатынасымен анықталады:

I = F/,

мұнда: I – жарық күші, канделла [Кд];  - нысана бұрышының таралу аймағындағы жарық ағыны. Нүктені қоршаған жазықтықтың нысананың толық бұрышы 4n стерадиан [ср], әр жарты сфераның нысаналық бұрышы 2n [ср]-ға тең.

Жағымсыз жарықтәртібі дискомфорт сезімін тудырып, көру жұмысының аса зорығулығын қосымша деңгейін қажет етеді.

Жарықтандыру түрлері табиғи, жасанды және аралас болады.

Табиғи жарықтандыру бүйірлік, жоғарғы және комбинирленген (жоғарғы және бүйірлік) болып бөлінеді.

Жарықтандыру жағдайы сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады: жарық күші, жарық ағыны, жарықтылық, айқындылық, спектрлік құрам, жарықтылық және айқындылық тұрақтылығы.




  1. Адам еңбегінің эффективтілігі мынаған байланысты, зерттеу жаса

Эффективті қызмет жетістігінде ерекше рөлді жасанды жарықтандыру ойнайды. Рациональды орындалған жарықтандыру адамға психофизиологиялық әсер етеді, қызмет ффективтілігін жоғарылатады, көру мүшелерінің зорланулылығын төмендетеді, қызмет қауіпсіздігін ұлғайтады.

Адам еңбегінің эффективтілігі мынаған байланысты:

— жұмыс орнын ұйымдастыру, сонымен бірге:

— жұмыс орнын дұрыс орналастыру және тұтастау;

— ыңғайлы поза мен қозғалыс еркіндігінқамтамасыздау;

— эрго¬номика талаптарына сай жабдықтарды пайдалану.

Адам еңбегінің эффективтілігіне максимальді жету үшін еңбек және демалыс тәртіптері үлкен рөл ойнайды. Жоғарғы жұмысқа қабілеттілікті еңбек және демалыс тәртіптерін дұрыс кезектестірумен жетуге болады.


  1. Жұмысшылардың денсаулығын сақтау еске түсір

Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік зияндылықтардың қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, бағыты бойынша ұқсас, бірақ әр түрлі өндірістерде өзіндік ерекшеліктері бар, сауықтыру шараларының тұтас кешенін жүргізеді. Бұл шаралардың мазмұны еңбек жағдайын сауықтыру және медициналық жолмен жұмысшылардың денсаулығы бұзылуының алдын алу болып табылады. Алдын алу шараларының кешеніне кіретіндер:

1. Заңдылық;

2. Технологиялық

3. Техникалық және санитарлық-техникалық;

4. Ұйымдастыру;

5. Емдеу-алдын алу.

Заңдылық шараларға өндірістік факторларды гигиеналық нормалау, стандарттарды, еңбек жағдайын сауықтыру бойынша санитарлық ережелер мен ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар құқықпен бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау жатады.

Бұл шаралардың құқықтық негізін еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық құжаттар және, еңбек гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар мен стандарттар құрайды.

Емтихан билеті № 11


  1. Шектелген С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап тұруға бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық процестердің бірлестігіне зерттеу жаса

Шектелген С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап тұруға бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық прцестердің бірлестігі терморегуляция деп аталады.

Жылу реттеу, терморегуляция (гр. therme – жылу және гр. regulo – реттеу) – қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер және құстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті.

Дене температурасының тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 – 39˚С, адамда 36˚С). Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.

Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т.б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады.




  1. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығын зертте

Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.

Қалыпты жұмыс уақыты

Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi.

2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.

3. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуi мүмкiн.


  1. Микроклимат факторы бойынша оқытушының еңбек жағдайын бағалау келесі көрсеткіштерге негізделген, анықта

Микроклимат факторы бойынша оқытушының еңбек жағдайын бағалау келесі көрсеткіштерге негізделген. Ауа температурасы 26 °С, Беттің температурасы 90 °С, Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 71%, Ауаның қозғалысының жылдамдығы 0,001м/с, Жылу сәулесі 10 Вт / м2, Ортаның жылу жүктемесінің индексі 12,57 °с. Оқытушының еңбек процесінің ауырлығы 1-ші сыныпқа жатады, себебі онда салмағы 5 кг ауыр заттардың алыс қашықтыққа немесе жоғары.

Емтихан билеті № 12




  1. Аттестаттаудың қажеттілігін талда

Аттестаттау қажеттігі – жұмыс берушінің еркі емес, заңнамада бекітілген міндет. ҚР аумағында әрекет ететін ұйымдардың барлық өндірістік объектілері аттестатталуы тиіс.

Өндірістік объектілерге өнім шығарумен және дайындаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен және өндірістік қызметтің басқада түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтері, учаскелері және өзге де бөлек өндірістік бөлімшелері жатады.




  1. Өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар, анықтама бер

Өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және құрамында ҚР заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.

Өндірістік объектілерді аттестаттау ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды, мынадан тұратын:

1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;

2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;

3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;

4) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.


  1. Шаңның ағзаға негізгі әсері бағала

Шаңның организмге әсері

Шаңның негізгі қасиеттерінің бірі болып оны өкпелердің кәсіптік ауруларын, оң бірінші кезекте, пенвмокониоздарды тудыру қабілеті саналады. Ең көп тараған және ауыр өтетін пневмокониоз болып силикоз саналады. ОЛ құрамында бос қостотықты кремний бар шаңды жұту нәтижесінде пайда болатын өкпелердің шаңдың фиброзы. Ал силикатоз аурулары құрамында қос тотықты кремнийдың басқа қоспалармен байланған күйде болатын силикат шаңдарының әсері жағдайында жұмыс істеуші адамдарда пайда болады.

Силикатоздардың ішінде асбестоз, толькоз, цементоз, слюдалық пневмокониоз, каолиноз, оливиноз, нефелиноз, шыны талшықтары шаңының силикатозы сияқты түрлерін ажыратады.

Пневмокатоздардың тудырушы себептері болып, құрамында қос тотықты кремнийжоқ, әр түрлі өнеркәсіптік шаңдары да болуы мүмкін. Оларға мына металлокониоздар жатады: бериллиоз, сидероз, алюминоз, баритоз, станиоз т.б. және де органикалық шаңдарының пневмокониоздары (биссиноз, микоз т.б.) мақталық, бидайлық, саңырауқұлақтық, пластмассалық пнемокониоздары.

Шаңның өзінен басқа, шаңдық патологиялардың дамуында бронх-өкпе жүйесінің аллергиялық реакцияларының маңызы да үлкен.

Өндірістік шаңның өзі де аллерген болып астмоидты бронхит, бронхиальды астма, эозинофильді инфильтрат сырқаттарын тудыруы мүмкін. Ал басқа жағдайларда шаң аллергиялық өзгерістердің аллергопневмониттік дамуына тек ықпал етеді. Осыпроцесстер ауқымды пневмокониоздардың дамуына үшін зең (фон( болып келеді.

Пневмокониозардың ең жиі кездесетін асқынуы болып туберкулез саналады. Бұл сырқатты кониотуберкулез деп, яғни пневмокониоздың туберкулез ауруының әртүрлі формаларымен қабысуы (үйлесуі) деп сипаттау керек. Пневмокониоздың пайда болу тегіне байланысты силикотуберкулез, антрокотуберкулез, асбестотуберкулез, сидеротуберкулез т.б. ажыратады. Туберкулезбен асқынуы әсіресе силикозда жиі кездеседі. Бұл каниотуберкулез өте ауыр өтеді.

Емтихан билеті № 13




  1. Еңбек қорғаудың негізгі міндеті, еске түсір

Еңбек қорғаудың негізгі міндеті – өндірістік ортаның және еңбек процесінің зиянды әрі қауіпті факторларының, яғни кәсіптік қауіп-қатерлердің жұмыскерге әсерін мүмкіндігінше азайту.

Еңбектің кәсіптік қауіп-қатерлерін басқаруда еңбек қызметі барысында адамға әсер ететін факторларды жою немесе азайту мақсатында әрбір жұмыс орнында профилактикалық ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және медициналық іс-шаралар кешенін әзірлеу және енгізу көзделеді.

• жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын тудыруға, құрылымдық бөлімшелерде өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың алдын алуға, жұмыс берушінің ұжымдық келісім-шартқа орай еңбекті қорғау саласында міндеттемелердің орындалуына ішкі бақылау жүргізеді;

• өндірісте кездейсоқ жағдайларды зерттеуге және есепке алу тәртібінің сақталуына ішкі бақылау жүргізеді;

• өндіріс учаскелерінде еңбек жағдайына жедел талдау жүргізу, қауіптілікті бағамдау және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келмейтін жайларды жоюға шаралар белгілейді;

• қолданылып жүрген ережелерге орай ұйым қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау мәселелері бойынша оқуын, білімін тексеруді ұйымдастырады;

• ҚР заңнамаларына сәйкес зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін мамандықтар мен лауазымдағылардың денсаулығын дүркін-дүркін тексеріп отыру үшін олардың тізімін жасауға әдістемелік көмек көрсетеді;

• еңбек жағдайлары бойынша басқа қызмет орындарымен бірге жұмыс орнын аттестациялайды және т.б.




  1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаған кезде пайдаланылатын негізгі нормативтік актілерге мыналар жатады, сипатта

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаған кезде пайдаланылатын негізгі нормативтік актілерге мыналар жатады:

• «Еңбек жағдайларын өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік, еңбек процесінің ауырлық және қауырттылық көрсеткіштері бойынша бағалау мен жіктеудің гигиеналық критерийлері» Р2.2.755-99 басшылығы;

• ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 ж 28 ақпандағы №168 бұйрығымен бекітілген Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтері;

• ҚР Ұлттықэкономика министрінің 2015 ж 28 ақпандағы №169 бұйрығымен бекітілген Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормтивтері.




  1. Электромагниттік өрістер, талдау жаса

Электромагниттік өріс (ЭӨ) – бұл қуатқа күшті әсер етуімен көрсетілетін және Е(В/м) электрлік өрістің, В(Тл) магниттік индукциясының жүктеуге немесе (А/м) магниттік өрісінің жүктеуі және Р(Вт/м) энергиялы тоқ бойынша тығыздықпен сипатталатын заттың ерекше формасы болып табылады. Электромагниттік толқын спектрі 1021 Гц құрайды және оның түрінде таратылған ЭӨ кезіндегі айнымалыны-электромагниттік сәулелену, ал уақытындағы тұрақтысын-статикалық деп атайды.

Адамға төмендегідей тұрақтылар және айнымалылардан құралған өте әлсіз ЭӨ-тің жағдайында әсер етеді :

• Шамамен 50 мкТл индукциялы жердің геомагниттік өрісі (ЖГМӨ) (стационарлық қасиеттен тұрады және жердің кез келген нүктесіндегі адам үшін 1 түрлі және 1 қалыпты болып табылады)

• Магниттік дабыл, түнерген дәреже, ионсфераның өрісі (айнымалылары).

Жердің электрлік өрісінің жүктеуі кеңістігіне байланысты 120 В/м-ден 150 В/м-ге дейін өзгеріп отырады. Жердің бетінің ара қашықтығының өсуімен қатар жүктеуі экспоненциалдық заң бойынша азайып отырады және 9 км биіктікте шамамен 5 В/м-ді құрады.

Электромагниттік өрісінің зардабынан жұмысшыларды қорғау мәселесі техникалық және ұйымдастыру шаралары арқылы жүргізіледі.

Техникалық шараларға:

• Сәулелену көзінің күшін азайту.

• Руқсат етілген дозадан артық әсер ететін электромагниттік өрісінің әсері бар жерлерге ескерту белгілерін қою.

• Жұмысшыларға тиюге болатын жерден ара қашықтықтағы (ауадағы), электромагниттік өрісінің әсері тиетін заттардың барлығын жерге түсіру.

• Сәулелену көзін қалқандау.

• Жұмыс орнын қалқандау немесе алыстан басқару.

• Қорғайтын сырт киім, халат, көзілдіріктерді қолдану.

• электромагниттік өрісінің әсерінен қорғайтын қалқандардың нағыз немесе металл торлардан жәнеде болаттан жасайды.

Емтихан билеті № 14


  1. Өндіріс жағдайында, көлікте, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда адамға жалпы және жергілікті дірілдің әсерін бағалауға арналған құралды зертте

Өндіріс жағдайында, көлікте, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда адамға жалпы және жергілікті дірілдің әсерін бағалауға арналған құрал - ОКТАВА-101ВМ Виброметр. Аспап құрылыс конструкцияларының дірілін зерттеу және машиналар мен жабдықтардың дірілдік сипаттамаларын анықтау үшін де пайдаланылуы мүмкін.

ОКТАВА-101ВМ аспабының ерекшеліктері:

- Үш арналы: үш бағытта немесе үш нүктеде бір мезгілде дірілді өлшеу

- Бір мезгілде өлшеу принципі: барлық параметрлер бір уақытта өлшенеді және сақталады;

- Үлкен динамикалық диапазон: 120 дБ! Кіріске шамадан тыс жүктеу және сезімталдық туралы ұмытпаңыз;

- Графикалық индикатор: өлшенетін мәліметтерді ұсынудың бірнеше нұсқаларын қамтамасыз етеді - кестеден кестеге дейін; дірілдің үш бағыты бойынша көрсеткіштерді бір мезгілде бақылау; аз энергияны көп қажетсінетін жарық және контрасты қосымша құру аспапты нашар және керісінше артық жарық жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді.




  1. Атмосфералық қысымға анықтама бер

Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Ауаның салмағы болғандықтан ол барлық жер бетіндегі заттар бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген ауырлық салмағы атмосфералық қысым деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Күн жер бетін біркелкі қыздырмайды, соған сәйкес ауа да әркелкі қызады. Осыған орай жер бетінде жоғары және төменгі атмосфералық қысымды аймақтар пайда болады. Олар бірін-бірі экватордан полюске қарай алмастырып отырады. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір-бірімен салыстыру үшін 45˚ ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағасының 760 мм биіктігіне тең қысым – қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. 760 мм сынап бағанасы – ауа қысымының өлшем бірлігі.

Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм-ге төмендейді.




  1. Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін сипатта

Өндірістік жабдық пен үрдістің қауіпсіздігі – өндірістік жабдықтың немесе үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген жағдайлардағы еңбек қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сақтау қасиеті.

Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлерге және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.

Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады. Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды. Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен ресімделеді.

Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.

Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа жеке қорғаныш құралдарын берудің нормаларымен салыстыру арқылы

айқындалады.

Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.

ЖҚҚ-ның сапасын және олармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен ресімделеді.
Емтихан билеті № 15


  1. Қауіпті өндірістік объектілердің белгілерін жаз

Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері:

• құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстары, соның ішінде 1,5 метрден астам биіктікте

• тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды, жер асты жағдайларында жұмыстарды жүргізу

• қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру

• жарылғыш затты – сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп және газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгеріске ұшырай алатын затты;

• жанғыш затты – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен жана алатын және оны алып тастағаннан кейін де өздігінен жанатын сұйықтықты, газды;

• тотықтандырғыш затты – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын затты;

• уытты затты – тірі организмдерге әсер еткен кезде олардың өліміне әкеп соқтыра алатын және мынадай сипаттамалары бар, т.б.




  1. Аттестаттаудың неше жылда жүргізілу керектігін дәлелде

Аттестаттау 5 жылда бір реттен сиретпей, сондай-ақ қайта құрылымдалған (ауыстыру, жаңа технологиялық жабдықты орнату, процестерді енгізу), жаңартылған өндірістік объектілерді пайдалануға бергеннен кейін 90 күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Аттестаттаудан өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне қарай, өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген күнінен бастап белгілейді.

Қайта жаңғыртылған (жаңа технологиялық жабдықты, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізілгеннен соң екі айдан кейін кешіктірмей жүргізіледі.


  1. Жұмыс берушінің өндірістік объектілерде еңбек жағдайлары бойынша талдау жаса

Жұмыс берушінің өндірістік объектілерде еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестатталуы тиіс емес жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы (аптасына 36 сағаттан аспайтын), жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізбесіне сай толық көлемде беріледі.

Емтихан билеті № 16




  1. Ақпарат орталығы мүдделі тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша талда

  2. Қосымша демалыстар беру мәселесі бойынша еске түсір

Қосымша ақылы еңбек демалыстары келесі жұмыскерлерге беріледі:

ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс шарттары бар жұмыстардың тізімі бойынша;

Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі.

бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта.

Өзге жұмыскерлер категорияларына қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы және оның ұзақтылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен заңдастырылады.

Еңбек және ұжым шарттарымен жұмыскерлерге қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары қиын, маңызды, шұғыл әрі басқа жұмыстары үшін төленеді.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының саналуы

Жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтылығы мерекелерсіз күнтізбелік күндерімен ауысу графиктері мен қолданылатын жұмыс тәртіптеріне қарамастан есептеледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарының негізгі ұзақтылығы есептелгенде, қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары негізгі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен қоса алынады.




  1. Кезектен тыс аттестаттау не үшін жүргізілетіндігін сипатта

Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау:

1) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзу анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау органының талап етуі бойынша;

2) жұмыскерлердің денсаулығына зиянды факторлардың әсер етуін рұқсат етілетін мәндерге дейін азайту немесе жоюын растау үшін жұмыс берушінің бастамасы бойынша, оның ішінде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттаудың нәтижелері бойынша ұйымдардағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауығу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жүргізіледі.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.


Емтихан билеті № 17




  1. Аттестаттау анықтамасын сипатта

Аттестаттау – бұл жұмыс берушіге оның кәсіпорнындағы еңбек жағдайларының объективті жай-күйін көрсететін жалғыз құрал.

Аттестаттаудың мақсаты – кадрларды таңдау және орналастыруды жақсарту, олардың кәсіби және іскерлік біліктіліктерінің өсуін қамтамасыз ету, еңбектерінің тиімділігін ынталандыру және жоғарылату және т.б.

Аттестаттаудың негізгі міндеттері: қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау; қызметкердің қабілеттері мен мүмкіндіктерін қолданудың перспективаларын айқындау; қызметкердің кәсіби деңгейінің өсуін ынталандыру; мекеменің басқарушы құрамының резервін құру; қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату; қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жайлы мәселелерді шешу; лауазымдардық атауларын біліктілік талаптарына сәйкестендіру, біліктілікті арттыру немесе қызметкерлерге білім беру және дамыту және т.б. бағдарламаларды құру барысында кадрлік саясат және штаттық кестені қайта құру бойынша шешімдер қабылдау.

Аттестаттау нәтижелерін іске асыру

1. Аттестаттаудың қорытындысы бойынша бұйрық шығару және жиналыс өткізу;

2. Деректерді кадр бөліміне тапсыру, алынған деректерді қызметкердің жеке ісіне (файл) енгізу ;

3. Аттестаттаудың нәтижелерін талдап қорыту


  1. 2018 жылғы жағдай бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қағидаларындағы негізгі өзгерістерді зертте

2018 жылғы жағдай бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қағидаларындағы негізгі өзгерістер:

• біріншіден, мамандандырылған ұйымдардың құрамында ҚР-ң заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары болуы тиіс

• екіншіден, ұйымның аттестаттау комиссиясы өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі мамандырылған ұйымды анықтайды және онымен тиісті шарт жасау жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды

• үшіншіден, жұмыс орындарын заңдылық тобы бойынша саралауға мүмкіндік беретін өндірістік факторлардың зияндылық пен қауіптілік дәрежесінің сандық көрсеткіші енгізілді

• төртіншіден, жұмыс орындарын жаңартып, техникалық қайта жарақтандырғаннан кейін аттестаттау мерзімдері белгіленеді

• бесіншіден, есеп құжаттамасы толтырылады, еңбек процесінің қауырттығын, еңбек процесінің ауырлығын бағалау хаттамаларының нысандары енгізілді.




  1. Өндірістік объектілер, еске түсір

Өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек орналасқан өндірістік бөлімшелері;

Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.

Емтихан билеті № 18




  1. Аттестаттау комиссиясы, талдау жаса

Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымның өзге де құрылымдық бөлімшелердің мамандары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.

Аттестаттау комиссиясына қатысудан қызметкерлердің өкілдерінің бас тартуы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.

Ұйымның аттестаттау комиссиясы:

1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;

2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

3) өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;

4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттаудан өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

6) өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;

7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;

8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;

9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;

10) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қажеттілігі кезінде қатысады;

11) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.




  1. Тіршілік қауіпсіздігі бойынша техносфераны жобалау негіздерін сипатта

Бұл тіршілік аймақтарында комфортпен қамтамасыз етумен; қауіптер мен адам болатын аймақ көздерін дұрыс орналастырумен; қауіпті аймақтар алаңының қысқаруымен; экобиоқорғаныс техниканы және жеке қорғаныс құралдарын қолданумен жүзеге асады.

Техносфераның комфорттылығы. Рациональды еңбек және демалыс тәртіптеріндегі тіршілік ортасының комфортты жағдайындағы жұмысқабілеттілік пен демалыстың ең жақсы көрсеткіштері.

Комфорт — микроклимат, ыңғайлылық, аманды орналасушылық және адамның жұмыс істеу және демалу аймақтарының жайлылық көрсеткіштерінің оптимальді бірлестігі.

Жұмыс аймақтарының ауалық ортасының комфорттық және шекті көрсеткіштері мемлекеттік стандарттармен регламенттеледі және негізінен кондиционирлеу, желдету және жылыту жүйелерін қолданумен қамтамасыз етіледі. Өндірістік бөлмелердегі жұмыс аймақтарының микроклимат көрсеткіштерінің нормативтік (оптимальдық, шекті) мәндері орындалу жұмысының категориясына, жыл периодын және басқа көрсеткіштерге (СанЕжН 2.2.4.548-96) байланысты.




  1. Кәсіби улану анықтама жаз

Кәсіби улану – адамға химиялық заттардың әсер ету нәтижесі, кәсіби аурудың жиі кездесетін түрі, ол жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін немесе адам өліміне әкеледі. Қазақстанда кәсіби аурулардың мынадай нозологиялық түрлері жиі кездесіп отырады: тыныс алу органдарының (39,2%), діріл ауруы (12,7%), қимыл-қозғалыс жүйесінің бұзылуы (22,9%), есту органдарының зардаптануы (7,6%), инфекциялық жұқпа аурулар (13,6%). Кәсіби созылмалы аурулар ішінде шаң-тозаңнан болатын тыныс алу мүшелерінің зақымдануына байланысты түрлі аурулар (11-13%), /пневмокониоздар (13-14%)/, демікпе ауруы (51%-ға дейін). Кәсіби уланулар, көбіне жұмыс орнында улану (5-6%) фактілері негізінен қорғасынның әсерінен және оның қосындылары: сынап, көмірқышқыл тотығы, хлор және фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркеледі. Жалпы кәсіби аурулардың ішінде әсіресе жұмыс істеу қабілетін уақытша жоғалту жоғары деңгейде қалып отыр. Ал бұл біздің қоғам үшін ойланатын, шешімін табуға тиіс жағдай. Кәсіби аурушаңдықтың салдарынан еңбекке қабілеттіліктің және өмір жасының ұзақтығы-ның төмендеуі байқалады. Жұмысшылар арасында кәсіби аурумен ауыратындардың көп үлесін әйелдер құрап отыр. Денсаулыққа зиянды жағдайда еңбек ететін әйелдердің саны көбеюде.

Емтихан билеті № 19




  1. Еңбек жағдайының жұмыс үрдісінің ауырлығына байланысты бағала

Еңбек жағдайының жұмыс үрдісінің ауырлығына байланысты баға келесі көрсеткіштерге орай беріледі:

 физикалық динамикалық жүктеме;

 қолмен көтерілетін және қозғалатын жүк массасы (ауырлығы);

 стереотиптік орын ауысу жұмысы (бір ауысымдағы саны);

 статикалық жүктеме;

 кеңістікте қозғалу (бір ауысымдағы километр саны);

Жұмыс үрдісінің ауырлығының көрсеткіштеріне байланысты еңбек жағдайларын келесі кластарға бөледі (П1 кестесі, 8 қосымша):

 тиімді (1-ші класс) – жеңіл физикалық жүктеме;

 мүмкін болатын (2-ші класс) – орташа физикалық жүктеме;

 зиянды (3-ші класс) – ауыр еңбек.

Зиянды (ауыр еңбек) үш дәрежелі болады: 3.1; 3.2; және 3.3; 3.1 және 3.2 дәрежелі көрсеткіштердің екеуі артық болғанда, еңбек жағдайлары жұмыс үрдісінің ауырлығына байланысты бір дәрежеге жоғары бағаланады (сәйкесінше 3.2 және 3.3).


  1. Өндірістегі микроклиматты жағдайларды зертте

Өндірістегі микроклиматты жағдайлар – бұл салыстырмалы ылғалдылықпен, қозғалу жылдамдығымен, ауа (қабырғалардың, төбелердің, еденнің, қоршайтын жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың) температурасымен, және жылудың сәулемен емдеу интенсивтілігімен сипатталатын ауа ортасының күйі. Осы шама-шарттар бөлек немесе жинақтап алынғанда, адам денесіндегі өмірлік үрдістердің өтуіне айқын әсер етеді, адамның көңіл-күйін айқындайды, және гигиеналық еңбек жағдайларының маңызды сипаттамалары болып келеді.

Адам ағзасында үзіліссіз жылу пайда болуымен және

 сәулелену (радиациялық жылу жоғалтуы) – 45%;

 конвекция және тікелей жылулық жіберу – 27%;

 тері, тыныс жолдарының шырышты қабықтарының бетінен булану – 25%;

 тамақ және ішімдіктің жылынуы – 3% арқылы жылуды қоршаған ортаға

берілуімен байланысты тотықтыру үрдістері жүріп жатады.

Дене және онымен жанасатын орта арасындағы жылу алмасуының, және дене температурасын тұрақты деңгейде сақталуының себепші болатын үрдістер жиынтығы – жылуды реттеу деп аталады.

Өндірістік бөлмелердегі микроклиматқа арналған гигиеналық талаптарды жыл мезгіліне (жылы, суық) және энергия шығын деңгейіне, жұмыс категорияларына байланысты тиімді, лайықты (П3 кестесі, 8 қосымша) және рұқсатты (адамның көңіл-күйін нашарлатпайтын) нормалармен белгіленген СанЕиН (СанПин) 2.2.4.548-96 санитарлық ережелер мен нормаларды тағайындайды.

Суық жыл мезгілі – сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасымен сипатталатын жыл мезгілі, +10С-ге тең және төмен.

Жылы жыл мезгілі – +10С-ден жоғары сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасымен сипатталатын жыл мезгілі.

Категория бойынша жұмыстарды кВт/сағатқа Вт-пен есептелетін ағзаның жалпы энергошығындарының интенсивтілігі негізінде бөледі.




  1. Тіршілік ортасының сапасына талдау жаса

Тіршілік ортасының сапасы — адамдар мен басқа тірі ағзалардың қажеттілік ортасының көрсеткіштерінің сәйкестік деңгейі. Олардың тіршілік ортасы сапасына талаптары өте консервативті, сондықтан сапа бойынша табиғи ортадан аса ерекшеленбеу керек. Техникалық құралдардың дамуына қарамастан авариялар мен оның салдары да өсуде. Аса көп аварияның салдары: қазандардың, газқұбырларының, жанғыш шаңдардың, кендік газдардың, еріткіштердің буының жарылысы; ғимараттардың, көпірлердің, құрылыс алаңдарының қирауы. Әсіресе көлік құралдарын пайдаланғандағы жарақаттанудың өсуі үрей туғызуда (жол-көліктік оқиғалардың (ЖКО) 1988 ж. –51,3 мың, ал 1990 - 63 мың адамды құрады.

Адамдардың негізгі бөлігі өрттерде (әсіресе күрделі), шығу золдарының болмауы немесе жабылуынан, тұншығудан, өйткені құрылыста тез жанатын және жанғанда улы қосылысты болатын материалдар қолданғандықтан өледі.

Адам мен табиғи ортаға техносфераның негативті әсерін бағалай отырып, негативті факторлардың бір қатары алғашқы әрекет етумен әсері қалып қоймайтынын естен шығармау керек.

Емтихан билеті №20




  1. Еңбек Әрекеттік жағдайлар классификациясын сипатта

Еңбек жағдайы - өндірістік орта және еңбек үрдістерінің факторларының еңбек етудегі жұмысқабілеттілігіне және денсаулығына зиянды әсер ететін жиынтығы

Еңбек жағдайының әрекетін, Р 2.2.755-99 гигиеналық критерийіне сәйкес зиянды дәрежесіне, ортаның қауіпті факторларына, жұмыс үрдісінің ауырлығына баға береді.

Еңбек жағдайының зиянды дәрежесіне, қауіптілігіне байланысты баға келесі факторларға орай беріледі:

 Химиялық (қауіпті заттар);

 Биологиялық;

 Аэрозольдер;

 Шу;

 Жергілікті діріл;



 Жалпы діріл;

 Ультрадыбыс;

 Электромагниттік сәулелену (ЭМС);

 Иондаушы сәулелену;

 Микроклимат;

 Жарықтандыру.

Жоғарыда айтылып кеткен факторлар, рұқсат етілген деңгейлермен ара қатынасына байланысты, еңбек жағдайлары 4 класқа бөлінеді:

1-ші класс – тиімді еңбек жағдайы – жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтаумен қатар, жұмыс істеуге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қуаттауға алдын-ала жағдай жасайтын еңбек жағдайлары.

2-ші класс – мүмкін болатын еңбек жағдайлары – белгіленген гигиеналық ережелерден аспайтын орта және жұмыс үрдісінің деңгейлерімен сипатталады, ал ағзаның мүмкін функционалды өзгерістері шектелген демалыс уақытында немесе келесі ауысудың басында қалпына келеді және де жақын немесе алыстағы уақытта жұмыс істеушілердің және олардың ұрпақтарының денсаулығына жағымсыз әсер көрсетпеуің тиіс.

3-ші класс – зиянды еңбек жағдайлары, гигиеналық нормативтерден асатын және жұмыс істеушілердің ағзасына және/немесе олардың ұрпақтарына жағымсыз әсер көрсететін зиянды өндірістік факторлардың бар болуымен сипатталады.

4-ші класс – қауіпті (экстремалды) еңбек жағдайлары, жұмыс ауысымның (немесе оның бөлігінің) уақытында өмірге қауіп келтіретін күшті кәсіби зақымдардың күрделі түрлерінің тәуекел етуін тудыратын жұмыс жағдайлардың деңгейлерімен сипатталады.


  1. Еңбектің физикалық ауырлығына анықма бер

Еңбектің физикалық ауырлығы – бұл бұлшықеттік күштеуді және сәйкес энергетикалық қамтамасыздықты талап ететін ағзадағы жүктеме. Еңбек классификациясы ауырлық бойынша жүктеме түрін ескеріп энергошығын деңгейі бойынша (статикалық немесе динамикалық) және бұлшықеттерді жүктейтін болып жүреді.

Динамикалық жұмыс — кеңістіктегі адамның өзінің денесінің немесе оның бөліктерінің жүкті жылжытуға келтіретін бұлшықеттердің қызмет үрдісі. Жүктеменің динамикалық мәні мына формуламен анықталады:



,

мұнда А — динамикалық жүктеме, кгм; т — жүктің немесе артылатын күштің салмағы, кг; Н— жүкті көтеру биіктігі, м; l – жүкті жылжыту арақашықтығы, м; Н1 – жүкті түсіру , м; G – 6 –ға тең коэффициент.




  1. Қауіпті аймақтардың өлшемдерін қысқарту, сипатта

Қауіпті аймақтардың өлшемдерін қысқарту. Зиянды фак¬торлардың әрекет етуінде аймақтар өздерінің техникалық жетілгендігі шығаратын шығындарды азайтатын жүйелермен жүзеге асады.

Қауіпті аймақтардың өлшемдерін қысқартуда жарақаттаушы факторлардың әсерінен көп қиындығын жоғары энергосыйымды техникалық жүйелерді пайдалануда болады (көмірсутектер қоймасы, хими¬ялық өндірістер, АЭС және т.т.). Мұндай объектілердегі аварияларда жарақатты қауіпті аймақтар, әдетте, тек өндірістік аймақтарды ғана емес, сонымен бірге тұрғындар тұратын аймақты да алады:

- объектілердің қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру;

- өнеркәсіптік және селитебтік аймақтарды дистанциялау;

- қорғаныс жүйелері мен қондырғыларын белсенді пайдалану;

- қауіп көздерін үздіксіз бақылау;

- техникалық жүйелер операторларының жоғары профессионалдылыққа жету.

Қауіпті азайту принципі қауіпсіздікті жоғарылатуға мақсатталған, бірақ ойдағыдай немесе нормалармен талап етілетін деңгейге жеткізбейтін шешімдерді қолданудан құралады.

Қауіпті ликвидациялау принципі технология өзгерту, қауіпті заттардың орнына қауіпсіз заттарды қолдану қауіпсізірек құрал-жабдықтарды қолдану, еңбекті ғылыми түрінде ұйымдастыру және басқа тәсілдер арқылы қауіптің көзін жоюынан құралады.

Пайдаланудағы шығын жүйелерін азайту — зиянды факторлардың әсерін төмендетудегі радикальды жолы.



Тәуекел ету (қауіп) концепциясының келісімімен, қауіпсіздік – бұл ыңғайлы немесе мүмкін бола аталатын тәуекел ету жағдайында өмір сүру.



жүктеу 91,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау