II – нұсқа
1. Микроклимат факторы бойынша оқытушының еңбек жағдайын бағалау келесі көрсеткіштерге негізделген. Ортаның жылу жүктемесінің индексін анықтаңыз
А) 12,57 °с
В) 13,57 °с
С) 14,57 °с
D) 15,57 °с
E) 16,57 °с
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестеттау қағидаларының жаңа редакциясындағы маңызды талап, бағалаңыз
А) Стандарттау
В) Жұмыс орнын сертификаттау
C) Қосымша көлемде есеп беру құжаттамасын жүргізу
D) Денсаулық сақтау
E) Еңбек қауіпсіздігі
3. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі қай жылы енгізілдігін еске түсіріңіз
А) 2017 жылғы 1 қаңтарда
В) 2018 жылғы 21 қазанда
C) 2016 жылғы 28 тамызда
D) 2015 жылғы 23 қарашада
E) 2018 жылғы 1 қаңтарда
4. Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенін анықтаңыз
А) еңбек гигиенасы
В) жұмыскерлердiң өкiлдерi
C) жеке қорғаныш құралдары
D) қауіпсіздік нормалары
E) өндірістік объектілер
5. Екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдарды сипаттаңыз
А) Жұмыс орны
В) Ұжымдық қорғаныш құралдары
C) Жұмыскерлердiң өкiлдерi
D) Жеке қорғаныш құралдары
E) Қауіпсіздік нормалары
6. Аттестаттау құжаттары еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын материалдары болып табылады, қатаң есептілік және сақталуға жатады неше жыл екендігін тап
А) 90 жыл
B) 100 жыл
C) 150 жыл
D) 70 жыл
E) 45 жыл
7. Метрологиялық аттестаттау анықтамасына талдау жасаңыз
А) әрбір мемлекет пен қоғам ұмтылатын өзекті міндет әрі негізге алатын мақсат
B) өлшем құралдарын олардың метрологиялық қасиеттерін анықтау мақсатымен метрологиялық, органдардың зерттеуін, зерттеуден алынган мәліметтер негізінде тиісті құжаттардың дайындалуын айтады
C) жұмыс берушіге кәсіпорнындағы еңбек жағдайларының объективті жай-күйі
D) көліктік, авариялық-құтқарушылық, коммуналдық жүктемелер
E) тұтынылатын ресурстар көлемі
8. Өндіріс жағдайында, көлікте, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда адамға жалпы және жергілікті дірілдің әсерін бағалауға арналған құралды еске түсіріңіз
А) Шумомер
B) Кронциркуль
C) Термометр
D) ОКТАВА-101ВМ Виброметр
E) Рулетка
9. Жарық ортасының бақыланатын параметрлеріне жататын қатарды анықтаңыз
А) пульсация коэффициенті
B) ауа температурасы, ТНС индексі
C) ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
D) ауа қозғалысының жылдамдығы
E) жылу сәулесінің қарқындылығы
10. Микроклимат факторы бойынша оқытушының еңбек жағдайын бағалау келесі көрсеткіштерге негізделген. Беттің температурасы қандай болатындығын зерттеңіз
А) 90 °С
B) 92 °С
C) 95 °С
D) 98 °С
E) 99 °С
11. Негізгі бөлмелердің терезелерінің бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін қандай болып табыладығын сипаттаңыз
А) оңтүстік, солтүстік-батыс, шығыс
B) оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс
C) солтүстік, солтүстік-шығыс, батыс
D) оңтүстік, оңтүстік-батыс, шығыс
E) шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
12. Ауа жылдамдығын, өтетін ауа көлемін өлшеуге арналған аспаптарды қалай атайтындығын табыңыз
А) термометр
B) шумомер
C) анемометр
D) тономометр
E) динамометр
13. Еңбектің қауіпсіз жағдайлары анықтамасын еске түсіріңіз
А) зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары
B) жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны
C) жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары
D) жұмыскерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім
E) екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар
14. Машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдарды зерттеңіз
А) ұйымдық қорғаныс құралдары
B) зиянды еңбек жағдайлары
C) қауіпсіздік нормалары
D) жеке қорғаныс құралдары
E) өндірістік жабдық
15. Аттестаттау мерзімін еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның өзі белгілейді, бірақ кемінде 5 жылда неше рет өткізедігін еске түсіріңіз
А) 5
B) 2
C) 4
D) 1
E) 10
16. Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы анықтамасына талдау жасаңыз
А) жеке қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын, олардың сапасы мен еңбек жағдайларына сәйкестігін
B) Әр өндіріс бөлімшесінің өзіне тән метеорологиялық жағдайы
C) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы дәрежесін
D) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуы дәрежесін
E) ауаның температурасы, дымқылдығы, қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады
17. Дыбыс толқынының түрлі қарқындылығы (күші), жиілігі мен формаларын анықтаңыз
А) шу
B) діріл
C) жарық
D) ультрадыбыс
E) инфрадыбыс
18. Бейімдемелерді‚ аспаптарды‚ көмекші материалдарды‚ қосалқы бөлшектер мен құжаттарды‚ дабыл мен байланыс‚ күтім жасау құралдарын‚ қоршау‚ қорғаныш және басқа құрылғыларды қамтидығын табыңыз
А) негізгі жабдықтар
B) қосалқы жабдықтар
C) арнайы жабдықтар
D) ұйымдық жарақ
E) технологиялық жарақ
19. БҰҰ мәліметі бойынша жер шарының неше % тұрғыны, яғни 3 млрд адам әлемнің жұмыс күшін құрайдығын зерттеңіз
А) 47
B) 50
C) 45
D) 55
E) 51
20. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау қайсысы екендігін еске түсіріңіз
А) Кәсіптік ауру
B) Қауіпсіздік нормалары
C) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі
D) Қауіпті өндірістік фактор
E) Өндірістегі жазатайым оқиға
21. Тиісті білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлық курсынан өткен адамдарға беретін белгіленген үлгідегі құжатты талдаңыз
А) сертификат
B) қауіпсіздік нормалары
C) өндірістік объектілерді аттестаттау
D) Еңбек Кодексі
E) өндірістік жабдық
22. Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік неше күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледігін бағалаңыз
А) 100
B) 90
C) 95
D) 120
E) 150
23. Өндірістік ортаның және еңбек процесінің зиянды әрі қауіпті факторларының, яғни кәсіптік қауіп-қатерлердің жұмыскерлерге әсерін мүмкіндігінше азайтуды зерттеңіз
А) еңбек қорғаудың негізгі міндеті
B) Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
C) Жұмыс орнын сертификаттау
D) Стандарттау
E) Денсаулық сақтау
24. Еңбек қорғаудың негізгі міндетін анықтаңыз
А) көліктік, авариялық-құтқарушылық, коммуналдық жүктемелер
B) байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер
C) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестеттау қағидаларының жаңа редакциясындағы маңызды талап
D) жұмыс берушіге кәсіпорнындағы еңбек жағдайларының объективті жай-күйі
E) өндірістік ортаның және еңбек процесінің зиянды әрі қауіпті факторларының, яғни кәсіптік қауіп-қатерлердің жұмыскерлерге әсерін мүмкіндігінще азайту
25. Жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім қайсысы екенін таңдаңыз
А) қауіпсіздік нормалары
B) жұмыс орны
C) жұмыскерлердiң өкiлдерi
D) жеке қорғаныш құралдары
E) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ)
Достарыңызбен бөлісу: |