Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану



жүктеу 0,77 Mb.
бет1/3
Дата26.02.2018
өлшемі0,77 Mb.
#10700
түріДиплом
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ



Мамандығы: 031540 Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ


Орындаған: 13-325 тобының

студенті Сағымбекова Ұ

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сыдықов М.


ШЫМКЕНТ 2008
Мазмұны

Кіріспе….............................................................................................................. 3


І-тарау. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық- педагогикалық мәселелері...................................................8
1.1. Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері.....................................8
1.2. Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері...............................................................................................................14
1.3. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны........................................23

ІІ -тарау. Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі.......................................................35
2.1. Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі...............35
2.2. Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану......................................................................................................41

Қорытынды............................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................51



КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.

Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.

Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.

Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:

1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.

2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.

3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.

Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2) компьютер - оқыту құралы; 3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы; 4) компьютер - ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.

Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше. Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және т.б.) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды модельдеуге қолдануға болады.

Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәнін оқыту үрдісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.

Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С. Гершунский, В.А. Кальней, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, В.М.Монахов, И.В.Роберт, Н.Ф.Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.

Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.

С.Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді пайдалану), В.А.Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың техникалық құралы ретінде қолдану.

Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.

Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.

Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.

Бастауыш мектеп - орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова, Ж.Қайынбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда.

Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.

Соңғы кезде Ресей ғалымдары А.А.Кузнецов пен А.М.Пышкалоның басшылығымен төмендегі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың теориялық және практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жеткілікті дәрежеде толық шешімін таба қойған жоқ. Біздер бастауыш мектеп математика пәнін оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде дербес компьютерді пайдаланудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы және оның дидактикалық мүмкіндіктерін пайдалануды жүзеге асырумен дипломдық жұмыстың тақырыбын: "Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану" - деп алуды жөн санадық.



Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.

Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеудің пәні: математиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.

Зерттеудің міндеттері:

  • зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педаггикалық және арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;

  • компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;

  • бастауыш сыныпта математиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Зерттеу әдістері:

  • ақпараттану технологиясының даму тарихына шолу;

  • компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау;

  • зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;

  • математика пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасауқау.

Көздеген мақсатымызға жету үшін төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргіздік:

  1. Ақпараттандыру технологиясын пайдаланып оқытудың психологиялық мәселелеріне талдау жасау.

  2. Оқу үрдісіндегі компьютердің ролі мен орнын анықтау.

  3. Компьютерді пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасау.

  4. Бастауышта математика пәнін оқытуда компьютерді қолдану мәселелерін зерделеу.

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 3 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі, әдістері сөз болады. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері



атты І тарау 3 параграфтан тұрады.

Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері деген параграфта компьютердің шығу тарихы мен таралуы және ондағы ендірілген бағдарламалар жайлы айтылады.

Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері деген параграфта компьютерді оқытудың психологиялық әсерлері жайлы сөз болады. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны деген параграфында сабақ меңгерудегі компьютермен сұлба сызу және түрлі ақпараттармен жұмыс істеу туралы келтіріледі.

Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі атты ІІ тараудың математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі деген параграфында 1 сыныптан бастап информатика пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қажеттілігі сөз болады.

Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану деген параграфында сыныптарда математика пәнін компьютер арқылы оқыту туралы айтылады.

Қорытындыда диплом жұмысының нәтижесі берілген.


І-тарау. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері
1.1. Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері

Есептеуіш техника құралдарының дамуы мен жетілуі өте қызу өрбіп келе жатыр. Негізгі өндірушілер 180386 процессорлы компьютерлерді ескірген ретінде өндіруді тоқтатқан. Осы себеппен фирма lntel 1995 жылдың соңынан бері 1800486 процессорлары қолданылмайды. Компьютерлік техника рыногында Р6 (lntel фирмасынікі) және Power PC (ІBM, Apple, Motorolla фирмаларынікі) процессорлы жүйелер пайда болды. Осы қарқынмен компьютердің басқа да негізгі құрылғыларының сипаттамалары жақсарып келеді - оперативті есте сақтау құрылғысының (ОЕСҚ) көлемі мен қатты дискідегі жинағыштардың сыйымдылығы (винчестердің), графикалық сипаттамалары жақсарып, жаңа құрылымдар (мысалы, мультимедиа жүйесіндегі лазерлі дискідегі жинағыштар CD-ROM) пайда болуда. Компьютерлер жүйесін кеңінен қолдану оқу үрдісінде жаңа мүмкіндіктердің ашылуына негіз болды. Сондықтан, АҚШ-та балабақшалардан бастап, колледж, университеттермен аяқталатын бүкіл оқу орындарын Іnternet жүйесіне қосу проектісі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар операциялық жүйе Wіndows - 95, күшті графикалық және басқа да мамандандырылған пакеттердің, инструментальды жүйелердің бағдарламалық қамтамасыздандарылуы жетілдіріле түсіп, кеңінен таратылуда.

Осының бәрі ағарту саласында да компьютерлік технологи-яның дамуы мен жетілуіне алдын ала техникалық мүмкіндіктер жасады.

Қазіргі уақытта компьютерлік технологияны пайдалануда оқытудың үш буынын айтуға болады .

Бірінші буында компьютерді қолдану - оқу материалдарын ұсынудың және оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір элементтерін ғана өзгертіп, дәстүрлі оқыту үрдісінің жүйесіне нұқсан келтірмей оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Осы буынның бағдарламалары мен кешенді түрде материалдары ретінде мына төмендегілерді пайдалануға болады: жаттықтырушы бағдарламалар және ағылшын тіліне арналған ойындары "Көңілді полиглот", "Американы қалай жеңіп алуға болады" (фирма lnt г. Москва).

Компьютерлік технологияның екінші буынында жаттықтырушы және бақылаушы, модельдеуші бағдарламаларды қолдануға және объектілерге, жүйелерге белсенді түрде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік туғызатын жүйе құрылды. Бұдан бөлек, multіmedіa- жүйелерінің аты әйгілі бола бастады, олардың көмегімен оқушының көбінесе лазерлік дискілерде сақталатын әртүрлі ақпараттарды алуға қолы жетті.

Сонымен, осы кезеңде мазмұны жағынан курстардың дәстүрлі бағдарламаларының, оқулықтардың, оқу құралдарының жалпы байланысы, модельдейтін орта мен объектілерге, процестерге және әлемнің нақты жүйелеріне жан-жақты зерттеу жүргізуді алдын-ала қарастыратын ақпараттық жүйелерді белсенді түрде қолдануды көздейді. Осы буынның технологиясын қолдануды жүзеге асырған тәжірибелер бірқатар дамыған елдерде бар. Осы дәрежедегі бағдарламаларға мыналар жатады: Экологиялық модельдеудің бағдарламалары "Lake", "Pond", "Теплица" (оқу үрдісінде ЭЕТ мен микропроцессорлық техниканы қолдану лабораториясының зерттеулері, УрГПУ, Екатеринбург қаласы) ақпараттық жүйелер "PcGlope CPC Glope lnc. Tempe, USA" және "SryGlope" (klassm Software, USA) комплекс "фундаментальды физикалық тәжірибелер (Гроднен университетінің зерттеулері, Беларусь)", оқу компьютер курсы "Физика суреттерде" (НЦ ФИЗИКОН, Москва қаласы).

Үшінші буынның технологиясына өту ақпараттық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестендіріп оқу - ағарту жүйесін түбірімен қайта құрылуымен байланысты. Компьютерлік технологияның қосалқылық сипаттамасы жойылады, яғни оқу үрдісінің мазмұны соларды тәжірибеде қолдануға бағытталады. Бұл кезең оқулықтардың жаңа типімен және мәліметтер базасы кіретін компьютерлік жобалау, модельдеу, құру контексіндегі қоршаған ортаны тануға арналған инструментальды аспаптар кіретін арнайы оқу компьютерлік ортамен сүйемелденеді.

Оқу-ағарту ісіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың (ЖАТ) дамуының аталған кезеңдері кјбінесе "жѕйеге" дейінгі-кезеңге жатады. Сірә, оқу технологиясын дамытудың қазіргі заманғы негізгі бағыты - оқу ѕрдісіндегі Іnternet жүйесінен алуға болатын ақпараттарды кеңінен қолдану болып табылса керек. Іnternet-тің ауқымды компьютерлік жүйесі оқытуға арналған жүйе болып есептелінеді. Бірақ, оның мүмкіндіктері екі есе көп. Іnternet адамзат жинақтаған кез келген білімге әр адамның қалауы бойынша қол жеткізуін қамтамасыз ете алатын ақпараттың бүкіл әлемдік қоры ретінде қолданылады. Іnternet-тің құрылғанына 20-30 жылдан аса уақыт өтсе де, тек соңғы жылдары ғана оқу орындарында қолданыла бастады.

Оның өзіндік себептері бар.



  1. Компьютерлік технология буындарының алмасуы динамикалық түрде өтуде, яғни тұрақты жүйе жасалынбады;

  2. Компьютер арқылы пәндерді оқытудың педагогикасы мен әдістемесі керек деңгейде қайта құрылып және оларды оқытуда қолдануда дайындалмады. Бұл жағдай компьютерді сабақта қолдана білу бойынша пән мұғалімінің эрудициясын, дайындығы мен дүрыс ойлауын, технологияны жетілдірудің тенденцияларын көру қабілеттігін қажет еткенмен тіпті олардың компьютерді өз мүмкіндіктеріне сәйкестендіре алмай келеді.

ІВМ техникасының дүние жүзі бойынша жетекші позициялардан орын алады, сондықтан Россияның өнеркәсіптік рыногы да ІВМ компьютерлеріне бағытталған, яғни мектептегі оқу дәл осы техникады жүргізіледі.

Бұл айтылған компьютерлер жүйесінің тиімділігіне талдау жасай келе, мектептерді қазіргі кездегі дәрежеде жабдықтау үшін техниканы таңдау барысында ұсынысты тұжырымдауға болады: мектепке жүргізілетін техника оны пайдалану үрдісінде өз күшімен және өте аз шығынмен модернизациялауға ыңғайлы болуы, т.б. Қазіргі кездегі түсінік бойынша мектептің жақсы жабдығы деп мыналарды есептеуге болады:



  • оқушы компьютерлері;

  • ІВМ/РС 486 процессорын Pentіum “Upgrade” немесе кіші модельдегі Pentіum процессорына ауыстыруға болатынын алдын ала қарастырады;

  • SVGA мониторы экран нүктесінің мөлшері 0,28 мм LOW Radіatіon Green стандартына сәйкес немесе MPEG;

  • қатты дискі,көлемі 300-500 Мб;

  • Мұғалім компьютерлерінің көлемі ОЕСҚ-8-16 Мб және оның қатты дискінің көлемі болу керек, егер мұғалімдердің жұмыс орны локалды жүйенің сервері ретінде қолданылса;

  • Оқушылардың жұмыс орындарындағы multіmedіa комплектілері;

  • Сыртқы құрылғылар принтер, сканер;

  • іnternet жүйесіне шығатын модем.

Баяндалған конфигурация бір жағынан барынша оралымды және кеңейгіш, екінші жағынан оқудың және басқарудың қазіргі кездегі компьютерлік технологиясын толық қолдануды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі компьютердің сапалары төмендегілерді болжауға мүмкіндік береді:



  • компьютерді бұрыннан бар дидактикалық мәселелер жүйесін тиімдірек шешуге арналған қосымша құрал ретінде қолдануға болады;

  • компьютер машинасыз оқудың жалпы құрылымын, мақсатын және міндетін сақтай отырып жеке дидактикалың мәселелерді шешуді жүктейтін құрал бола алады;

  • компьютер дәстүрлі жолмен шешілмейтін жаңа дидактикалық мәселелерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді;

  • компьютерді меңгерілетін объектілердің мазмұнын оны құру арқылы модельдейтін құрал ретінде қолдануға болады.

И.В.Роберттің көзқарасы бойынша, дидактикалық принциптердің позициясын жүзеге асырған жағдайда компьютерді оқу құралы ретінде қолдануға болатынын дәлелдейтін мынадай ең маңызды әдістемелік мақсаттарды бөліп қарастыруға болады:

  • оқу үрдісін даралау және саралау;

  • оқу ісіндегі нәтижелердің диагностикасымен және базасымен кері байланысты іске асыру;

  • өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзетуді жүзеге асыру;

  • жаттықтыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және соның көмегімен оқушылардың өзін өзі дайындауын жүзеге асыру;

  • меңгеру сапасына зиян келтірмей сандық талдаумен байланысты көп еңбек сіңіруді керек ететін жұмыстар мен іс әрекеттерді ЭЕМ де орындау есебінен оқу уақытын үнемдеу;

  • оқылып жатңан процестерді визуальдау, оқылып жатқан процестердің динамикасын көрнекілеп көрсету, әлемдегі жасырын процестерді көрнекі түрде көрсету, олардың дамуын уақыт және кеңістік қимылы тұрғысынан бақылау, зерттеліп жатқан заңдылықтарды графикалық интерпритациялау;

  • оқылып немесе зерттеліп жатқан процестерді ақиқат-модель немесе керісінше құбылыстарын модельдеу немесе имитациялау;

  • нақтылы тәжірибені құрал-саймандар жинағымен компьютерлік бағдарламада имитациялау жағдайында лабораториялық жұмыстар жүргізу;

  • оқу ісінде керек мәселелердің ақпараттық берілгендер базасын құру және қолдану, ақпараттық жүйеге жолдың ашылуын қамтамасыз ету;

  • оқудың мотивін күшейту;

  • оқушы мен ЭЕМ арасындағы белсенді қатынастың режимін қамтамасыз ету базасында оқушының оқу материалын меңгеру стратегиясымен қарулануы;

  • ойлаудың логикалық жүйесін қалыптастыру;

  • күрделі ахуалдарда қолайлы немесе вариативті шешімдер қабылдай алуды қалыптастыру;

  • оқу іс-әрекеттерінде алгоритмдік және ақпараттық мәдениеттердің қалыптасуы.

Біздің пікірімізше, қазіргі кезде мектептің оқыту практикасында бағдарламалық құралдардың мынадай типтері қолданылуы қажет:

  1. Белгілі бір оқу материалын қажетті дәрежеде меңгеруді қамтамасыз ететін және сол оқыту бағдарламасының жұмыс жұмсау барысында “кері байланыс” арқылы меңгеру дәрежесін анықтайтын, сонымен қатар, меңгерілген материалдарға байланысты іскерліктер мен дағдылардың бағдарламалары.

  2. Оқу іс әрекеттерінде іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға және өз бетімен жұмыс жасауға үйретуші – бағдарламалар. Әдетте олар өткенді қайталауға немесе бекітуге арналған және мазмұнында жаңа оқу материалдары жоқ оқыту бағдарламалары.

  3. Оқу материалдарының меңгеру дәрежесін тексеруге арналған бағдарламалар.

  4. Қолданушыға керекті ақпараттық материалды тауып беретін ақпараттың бағдарлама анықтамалары мен жүйелері.

  5. Ақиқаттың өмірдегі белгілі бір құбылыстар мен заңдылықтардың негізгі құрылымдық немесе функционалдық сипаттамаларын зерттейтін имитациялық бағдарламалар.

  6. Объектілердің, процестердің құбылыстарын немесе ақиқаттың кейбір жағдайлары мен негізгі элементтерін модельдейтін бағдарламалар.

  7. Оқу материалдарын көрнекілеп көрсетуге, зерттелуші құбылыстардың процестердің заңдылықтарын, объектілердің ара қатынасын визуальдауға арналған демонстрациялық бағдарламалар.

  8. Шешім қабылдау немесе қимыл стратегиясын жаттықтыру мақсатымен оқу жағдайына “ойындар” арқылы көрсетіп, ойлаудың логикалық мағынасын дамытуға ақпаратты жүйеге келтіруге үйрететін ойын бағдарламалары.

  9. Есте сақтау қабілетін дамыту мақсатындағы оқушылардың сыныптан, мектептен тыс жұмыстардағы іс әрекеттерін ұйымдастыруға арналған қол боста пайлалануға арналған бағдарламалар.


1.2. Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері
Қазіргі ақпараттық қоғамға байланысты білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқу үрдісін компьютерлендіру – оқу жүйесін жетілдірудің негізгі шарты екені белгілі.

Бірақ оқу жүйесн компьютерлендіруде объективті мүмкіндіктер мен оны нақтылы жүзеге асыру барысында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Оқытудың автоматтандырылған эмпиризмдік сипаты сияқты, оқу үрдісінде ЭЕМ-ді қолдану секілді маңызды өзгеріске теориялық ілімнің жетімсізділігі де қарама-қайшылықтың шиеленісуіне әкеп соқты. Сондықтан бастауыш сыныптарда компьютерді пайдаланып оқытудың психологиясын анықтаудың бірінші кезектегі мәселелерінің бірі - ғылыми талдау жасау және компьютерлі оқытудың жинақталған тәжірибелер мәнін түсіндіру болып табылады. Бұл бағыт бір жағынан алып қарағанда, автоматтандырылған оқытудың психологиясын экстенсивті зерттеу болып табылады.

Компьютерлік оқытудағы психологиялық зерттеулерді интенсивтендіруді екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі, адамның ойлау әрекетінің тарихи жаңа типінің жалпы психологиялық зерттеу нәтижелерін осы салада қолдануды - ЭЕМ бағдарламалары-ның жәрдемімен ойлау, екіншісі, дәстүрлі оқытудың шеңберінен шығатын эксперименттің қалыптасу жағдайында, оқытудың қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулерінің контекстісімен құрылған диалогтық оқу бағдарлама жобасын түзу негізінде компьютерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Автоматтандырылған оқыту адамды шатастырғыш істерден алшақтайтын және оның шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтетін ой еңбегін (ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып басқару, техникалық жобалау т.б.) автоматтандырудың жеке саласы ретінде қарастыру керек. Бірақ, оқуда ЭЕМ-ді немесе Д.С.Толлингерованың айтуы бойынша, жасанды педагогикалық интеллектті қолдануда бірқатар өзіндік психологиялық мәселелер бар. Біздің көзқарасымыз бойынша олардың ішіндегі ең маңыздысы техникалық құралдардың және тікелей адам байланыстарының рөлін мыңдаған жылдар бойы пайымдалған практикаға арналған диалогтық бағдарламалардың көмегімен адамды тәрбиелеу саласын одан ары дамыту болып табылады.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері педагогикалық еңбекті автоматтандырудың негізгі психологиялық құндылығы-мұғалім мен оқушылардың тікелей өзара қарым-қатынасын жоғалтып алуға соқтырмайды - деген пікір түйеді. Сондықтан компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы жоғалмайды және басқа түрге енбейді, керісінше, шығармашылық баюға, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Демек, компьютерді оқыту жағдайындағы педагогикалық үрдісте мұғалімнің басты рөлі кемімейді, керісінше, арта түседі.

Дегенмен, оқытуды автоматтандыру жағдайында қазіргі мектептер үшін коммуникативтік, білім беру және тәрбиелеу мүмкіндіктерін толық іске асыру кезінде автоматтандырылған оқыту жүйесін жобалау мен құру тәжірибесіндегі сияқты, диалогтық оқыту бағдарламасын түзу және оларды оқу үрдісінде қолдану кезінде психологиялық ахуалдар негіз бола алады. Әңгіме автоматтандырылған оқу үрдісін басқаруға қойылатын талаптар санына психологиялық талаптарды жай ғана қоса салу емес. Оқу үрдісін басқарудағы психологиялық проблемаларды зерттеуді одан ары жалғастыруда және танымның қалыптасу механизмін зерттеуде машиналық оқу бағдарламаларын түзу мен қолдану жағдайындағы қарым-қатынас пен іс әрекеттерге тың зерттеулер қажет.

Оқытудың диалогтық табиғатын есепке алу - АОЖ-ны (автоматтандырылған оқыту жүйесі) түзудегі және оқу бағдарламасындағы таным үрдістерін модельдеудегі түйінді кезең болып табылады. Өйткені компьютер арқылы іске асатын диалогтық оқу бағдарламасының көмегімен басқару, бақылау мәселесі-оқушылардың жеке танымдық әрекетін емес, жаңа әрекеттің пәндік, ұғымдық мәнін меңгеру үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас жүйесін жүзеге асыру болып табылады. АОЖ-ні құрастырушылар осы ара қатынастың бір ғана жағын ескереді, ол - оқушының пәндік ұғымдарды меңгеруге қатысы. Бұл жағдайда оқу үрдісінің мынадай ең маңызды сипатына назар аударылмайды, яғни оның әлеуметтік-психологиялық байланысы ескерілмейді.

Меңгеру үрдісі тек амалдың пәндік түрлендіруге ғана тіреледі, іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін игеру кезіндегі оқу үрдісіндегі ара қатынастан туындап жатқан оқушының таным әрекетінің мақсаты мен мағынасын қайта құру еленбейді. Сонымен қатар өзгеріске ұшыраған оқудағы ара қатынастар мен әрекеттер жүйесіндегі оқушылардың санасы мен өмірлік позициясының қайта құрылуы да есептелмейді.

Демек, психологиялық тұрғыдан қарағанда, автоматтандырылған оқытудың жалпы принциптерінің біріншісі – оқу үрдісіндегі пәндік оқыту әрекетті басқаруды толық қамтуға жету. Олай болса, басқару әсерлерінің нысаны болып жеке оқушы және оның өзіне тән таным әрекеттері емес, жалпы оқу кезеңіндегі құбылмалы жүйелер, соның ішінде, әсіресе, мұғалім мен оқушының арасындағы ара қатынас болмақ. Ал басқару әсерлерінің нысаны ретінде есептелетін оқу ахуалын ұйымдастыру принципі ДОБ-ға жасағанда мынадай өзгешелік сипаттағы жағдайларды есепке алуды міндеттейді:


  1. Меңгеру мақсатында құрылымдық және амалдық оқу пәнінің нысанды мазмұнын, яғни мазмұнның құрылымдық сипаты мен оқушылардың меңгеретін қимыл, амал және олардан қалыптасатын таным әрекеттерінің бағдарламасын анықтайды;

  2. Оқу пәндерінің мазмұнын игеру үрдісін ұйымдастыру мен оқудың талдап қорыту тәсілдерінің амалдарын және игерудің бір деңгейі мен кезеңінен келесісіне өту сәтін көрсетеді;

  3. Мұғалім мен оқушылардың өзара бір-бірімен қарым-қатынас жүйесімен оқу мақсаттарын орындау үрдісіндегі бір-бірімен бірлесіп жүргізу формасын нақтылайды.

Бұл айтылған жағдайларда өзара байланыстылық динамикасы (оқу тапсырмаларының типтерін, меңгеру этапын және оқу үрдісінің барлық мерзімінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істеу формаларын сәйкестендіру) дегеніміз АОЖ-нің көмегімен басқару әсерлерінің нысаны.

Жасанды педагогикалық интеллектті қолдануға қойылатын екінші психологиялық талап - басқарудың озық принципі, яғни оқу үрдісін уақытпен өлшенетін жағдайды есепке алатын озық басқару принципі болып табылады. Ол уақыттық сипатқа ие болуымен бірге оның мақсаты іс-әрекетті кеңістікті уақытпен ұйымдастыру жағдайында іске асады.

Ол сөзсіз дискретті және оқудағы мақсаттарға жету үрдісін басқаруға қойылатын маңызды талап-оқу жағдайы жүйесінің мағыналық бүтіндігін және тиімділігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты компьютерді оқыту жағдайында орындалатын оқыту моделінің бірыңғайлық негізгі шарты-оқу жағдайының құрылымында іс әрекеттердің барлық түрінің мағыналық және кеңістікті-уақыттық ұйымдастыру жоспарының бірлігін құру. Сондықтан алдын ала ойлап басқару жүйесін нақ осындай бір тұтастыққа жеткізуге бағытталған болуы тиіс.

Шынайы өмірдегі адамның іс-әрекеттерінде көрсетілген мағынадағы алдын ала ойлап басқару функциясын адамның жады атқарады. Компьютерде бұл функцияның аналогы болып құрамына төмендегідей кіші жүйелер кіретін мәліметтер банкі болады деп болжамдауға болады:



  1. Оқу жағдайында жүзеге асырылатын мақсатқа сай оқу әрекетін ұйымдастырушыларға (оқушыларға, мұғалімдерге) нәтижелі қызмет көрсету.

  2. Оқу әрекетінің келесі сатысын қамтамасыз ететін алдын ала ойлау қызметі мен оқу жағдайының жүйесінде қолданатын адекваттың дидактикалық стратегиясын таңдау және болжау мақсатындағы оқу жағдайының құрылымындағы барлық параметрлерді пайымды түрде басқару.

Ол үшін АОЖ-дегі басқарудың төмендегідей жалпы психологиялық принциптерін айқындай түсудің қажеттігі көрінеді. Нақты айтқанда, мұғалім мен оқушының бірлескен оқу әрекеттеріндегі материалдық субтракт ролінде немесе меңгеру үрдісінің барысы мен нәтижесінде олардың қатынасымы іс-әрекеттерінің және өз позицияларының қайта құрылуында сарапшы ролінде бола алатын ДОБ-ны (диалогтық оқыту бағдарламасы) түзу кезінде айқындалады. ДОБ-да оқушылардың білім дәрежесіне қарай өзгеріп тұратын әр типті оқу тапсырмаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оны меңгеру, таным әрекеттерін басқару амалдар, оқушылардың оқу әрекетіндегі барлық компоненттерін іске асыру, оқушы мен бағдарламаның өзара қатынасы мен іс-әрекеттерінің амалдары алдын ала анықталғаны жөн.

Мұғалімнің қызметі мен дидактикалық стратегиясының мақсаты ДОБ-сын белгілі мөлшерде бір-біріне қатысты оқу жағдайындағы барлық айнымалы шамаларды нысандандыратын оқу қатысымының “ұжымдық субъекті” ретінде көрсетілуі. Сондықтан ДОБ-на қойылатын талап бала мен ЭЕМ-нің арасындағы диалог жүйесіндегі есептерді шығару тәсілдерін айқындайды. Осыған байланысты ДОБ-ның жалпы қызметін және оны құру және қолдану бойынша мына төмендегідей психологиялық принциптер ұсынылады.



  1. Оқу іс әрекетінің мотивтілігін ескеру.

Оқу мотивінің әр алуандылығы оқу ахуалына қажеттік жүйесін қанағаттандырумен байланысты. Бұл жүйеге таным қажеттілігі, нәтижелік, қатысымдық және өздігінше жүзеге асыру т.б. қажеттіліктер енеді.

Сонымен, ДОБ-сы бұл қажеттіліктерді қанағаттандырып қана қоймай және олардың дамуына да жағдай жасап, оқу барысындағы мотивтің қалыптасу үрдісінің жиынтығы, машина мен адамға берілетін мағлұматтардың толықтығы, жағымды (позитивтік) және жағымсыз (негативтік) әсерленушілік аясы есептеледі.

2. Оқытудың шығармашылық компоненттерінің дамуына назар аударылды.

ДОБ-сын интеллектуалдық және пәнді практикалық дағдыларды автоматтандыру деңгейіне дейін көтеретін тренажер-репетитор қызметінде де қолдануға болады. Тиімді және тиімсіз мәселелерді шешу үрдісі машинамен оқу диалогының ерекшелігі болып табылады. ЭЕМ-мен диалогтағы шешілген мәселе ойлаудың формальды логикалық және интуитивтік үрдісін құруға мүмкіндік береді. Ал проблемалық жағдайларда таным белсенділігін зерттеу нәтижелі ойлау әрекеттерін ДОБ-сының көмегімен модельдеуді негіздейді.

3. Оқу үрдісін модельдеудегі таным мен қатысым бірлігінің қажеттілігі.

ДОБ-сын құру кезінде кез-келген әрекеттің қалыптасу үрдісінде таным және қатысым аспектілерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын ескеру керек. ДОБ-сы арқылы жүзеге асатын қатысымдық әрекеттер жалпы таным мен өзін-өзі реттеу механизмінің қалыптасу белсенділігін жоғарылатып дұрыс бағытқа салуы мүмкін. Сондықтан таным әрекеттерінің кезеңдері бойынша қатысымдық амалдар да өтеді.

Мәселен, оқушылардың бастапқы, өтпелі және аяқталу кезеңдері бойынша меңгерілетін бағдарламамен “сөйлесу” және әрекет түрлері машинасыз тікелей оқу қатысымы жағдайында іс-әрекет үрдісін ДОБ-ы бойынша модельдеудегі маңызды талап болып есептеледі. ДОБ-сын құру кезіндегі меңгеру деңгейі мен кезеңдеріне сәйкес келетін әрекеттестік актілерін зерттеу таным және оқу әрекеттерінің ойдағыдай қалыптасуы үшін ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік көзқарасын құру, оқып үйренуде өзін-өзі реттеу және пәнді меңгеру әрекетінің жоғары сатысына өтуі үшін қызмет етеді.

Сондықтан ДОБ-сын оқушыларды пәндік – мазмұнды білім алуға және іскерлікке үйрету үшін қойылатын шарт деп ғана қаралмайды. Сонымен қатар, оқу үрдісін дамытуда түйсік актілерін қалыптастыру негізінде оқытуды жүзеге асыра алатын жаңа білімді меңгерудегі танымдық міндеттерді қоюға мүмкіндік туғыза алатын құрал деп есептеген жөн.

4. Оқу пәнінің мазмұны туралы құрылымдық жүйелі түсінік болуы қажет.

Оқытушы диалогты әрекеттің сапалы болуы мынадай жағдайларға байланысты: егер оқушы меңгеретін әрекеттің пәндік мазмұнын амалды атқару ісінен бастап таныстырмай, әрекетті ұйымдастырудың ең жоғарғы деңгейі – мақсатты ойлаудан бастап меңгерту жүзеге асқанда ғана тиімді болмақ. Осыған байланысты ДОБ-сында оқушыға оқудың баламалы мақсатын құрып немесе нақты есепті шығару кезінде баламалы мазмұнда мақсатын таңдау үшін берілетін кеңесті алдын-ала ойластырып олардың таңдап алған оқудың мақсаттылығына сәйкес нақты есеп шығарудың тиімді жолдарын көрсету керек.

Ал бұл көмек бағдарлама арқылы жүргізіледі, яғни қатынас режимі есепті жеке шығару үрдісін ұйымдастырудың түрлі құрылымдық деңгейіне еркін өту тұрғысынан өз бетінше реттеу мүмкіндігі амалды – техникалық шеберліктің және мақсатты, саналы ойлаудың механизмін меңгерудің ойдағыдай қалыптасуын қамтамасыз етеді.

5. ДОБ-сының тиімділігі өлшем бірлігінің толықтығы мен жүйелілігі.

Оқыту бағдарламаларының тиімділігі білімнің сапасы, жақсы оқу бағаларының деңгейі сияқты, сенімге жол берілмейтін бірқатар эмпирикалық көрсеткіштер негізінде бағаланады. Бұндай бағалау өлшем бірлігінде оқу үрдісінің жүйелілік табиғаты ұмытылып кетеді де, оқу жағдайындағы бағдарламада модельденетін айнымалы шамалардың толықтығы қамтылмайды, тек ғана бағдарламаны меңгерудің жиынтық нәтижесі ғана есептеледі.

Олай болса, бағдарламаның тиімділігінің өлшем бірліктерінің негізін зерттеуде оқу ахуалын өзінің құрылымынан бөліп қарастырылуы байқалады. Ал өлшембірліктің толықтығы болып соңғы нәтижеде оқушының қол жеткізетін білімі мен іскерлігі ғана емес, сонымен қатар оқу жағдайындағы бір-бірімен байланыстылығының өсу жүйесі бойынша алынған, өзгеріп отырған білім дәрежесі мен оның сапасы болмақ.

Бағдарлама тиімділігінің маңызды динамикалық өлшембірлі-гіне мынадай көрсеткіштерді жатқызуға болады, мысалы, мақсатты оқу түрлерінің көп түрлілігі, қорытындылау сатыларының түрлері, оқу мазмұнының қайта құрылуы, қатысымдық мақсаттарды ауыстыру, іс шара және дербестендіру бағдарламасына қатысты бағыттарды қайта құру, психологиялық тиімділік деңгейі т.б.

6. Оқуды автоматтандырылған түрде және табиғи түрде басқаруды жетілдіру принциптерінің бірлігі.

ДОБ – бұл адамды табиғи түрде өтіп жатқан оқытудың ерекшеліктері мен заңдылықтарын ұғынудың және жалпы қорытындылаудың нәтижесі. Сондықтан бағдарламамен жүзеге асатын басқарудың нысаны тек қана кибернетикалық емес, оқытудың психологиялық принциптеріне де сәйкес келуі керек. Өйткені оқушының бағдарлама мен әрекеттесер психикалық жаңа құрылымдардың біртіндеп қалыптасыуын интернозациялық деңгейіне дейін ғана емес, сонымен қатар рефлексиялық, өзін-өзі реттеушілік, жаңа мақсаттар мен мәселелердің туындаушылық деңгейіне дейін көтереді.

Меңгерілетін қимыл тәсілдірінің оқу мақсаттары мен мотивтерінің өзін-өзі реттеушілігі – бұл оқушылардың мұғаліммен табиғи түрде әрекеттесу және бірлесіп істеу жағдайында игерілетін іс-әрекеті ішкі психикалық ұйымдастырудың ең жоғарғы сатысы. Компьютерлер оқу әрекеттері динамикасының дәл осы маңызды тарауын қамтамасыз етуге бейімделген. Оқуды автоматтандырудың осы жағдайы ғана үйренушілердің өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі дамытуының алдыңғы шартына жол ашады. Сондықтан оқыту үрдісін жалпы басқарудың психологиялық моделін теориялық жетілдіру компьютерлік оқуды жетілдіру маңызды шарты болып табылады.

Психолог-педагогтардың зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе 7-8 сынып мектеп кезеңі оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы кезеңге жатады. Себебі осы кезеңде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізі қалыптасады және армандау, қиялдау, елестету, шығармашылық ойлау және ойлау амалдары: жинақтау, салыстыру, талдау, жалпылау және т.б. жетілдірудің жоғары деңгейінде болады. Сонымен қатар, қорытынды жасау және өз пікірін айту сияқты негізгі қабілеттер кеңінен көрінеді.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес, оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып компьютерді қолданып жүзеге асыруға болады.

Психологтардың, педагогтардың мектеп кезеңіне қатысты айтқан пікірлері мен тұжырымдарын қорытындылай отырып, бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін компьютер арқылы тиімді түрде дамытуға болады. Бұған біріншіден бастауыш сынып оқушыларына тән қызығушылық, өз қабілеттерін көрсете білу, іздену, өз бетімен жұмыс істей білу сияқты икемділігін дамытуға болады; екіншіден, компьютердің мүмкіндіктері бояу, графиктік, мәтіндік редактор ретінде мультипликациялық элементтерімен іс-әрекеті баланың логикалық ойын дамыта отырып, пәндік білім мен икемділік дағдыларын қалыптастырудағы күрделілікті жеңілдетеді.


1.3. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны
Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.

Оқытудың дәстүрлі үрдісі ақпаратты беруге және өңдеуге негізделген. Осы кезде мұғалім – оқушы ақпараттық қарым - қатынас дәрежесіндегі кері байланыстың классикалық сүлбесі жүзеге асуда. Мысалы,


Мұғалім-оқушы жүйесіндегі

ақпараттық алмасу сұлбасы


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау