Термин
|
Анықтама беріңіз
|
Мысал келтіріңіз
|
Оқу мақсаттары
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
|
Мақсаттарды игерілетін мазмұн арқылы анықтау.Мысалы:Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін сипаттау.
|
Бағалау критерийлері
|
А. Критерийі-Білу және түсіну.
В.критерийі-Қолдану.
С.критерийі-Талдау.Жинақтау.
Д.критерийі-Бағалау аргументтер келтіру, қорғау, дәлелдеу.
|
Оқушылардың көбісі білу және түсінумен шектеледі. Ал кейбір оқушылар қолдануды қоса меңгереді. Жалпы сыныптағы 1-2 оқушы ғана талдау, жинақтау, аргументтер келтіру, қорғау, дәлелдеу жасай алады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жас ерекшеліктеріне қарай ойлау дағдылары әртүрлі. Сыныптағы оқушылардыңда ойлау дағдылары әртүрлі болғандықтан, тапсырмалар А,В,С,Д деңгейінде жүргізіледі.
|
Мәселен: А. Білу және түсіну.
В. Қолдану.
С. Талдау жасау.
Д. Бағалау және дәлелдеу. Білу – ақпарат алу, хабардар болу;
Түсіну – өз түсінігі негізінде әрекет ету;
Қолдану – игерген білімін тәжірибеде қолдану;
Талдау – егжей-тегжейлі зерттеу
Жинақтау – ақпаратты жаңа нәрсеге жинақтау
Бағалау – идеяның құндылығы туралы ойы
|
Дескриптор
|
Дескриптор-жетістік деңгейінің сипаттамасы. Дискриптор-оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір балл бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын- сол критерий бойынша ұпай да көп болады:
|
Дескриптор-(түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді.
|
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
|
Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
|
Спецификацияда белгіленген талаптар және тапсырмалар үлгісі негізінде мектеп мұғалімдері жиынтық жұмыс пен балл қою кестесінің қажетті нұсқасын бірлесе отырып құрастырады
|
Балл қою кестесі
|
ТЖБ тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Оқу жетістігі деңгейлері.
Жоғары 81%-100% «5» деген баға, 21%-80% «3-4» деген бағаларға сәйкес,0%-20% «1-2» деген бағаларға сәйкес
|
Балл қою кестесінде көрсетілген шкалаға қарап балл қою қажет
|
Модерация
|
Бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында ТЖБ бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс
|
Мысалы, егер, сыныпта ТЖБ кезінде білім алушының баллы білім деңгейіне сәйкес болмаса, модерация ұйымдастырып, хаттама толтырылады.
|
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
|
Балаға шамадан тыс жүктеме бермей, оқушылардың қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп жасалған тапсырмалар жүйесі
|
|
|
I-деңгей: жаттап алуға,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік беру; тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II-деңгейдегі тапсырмаларға:өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.Яғни, қазіргі орындайтын тапсырмаларды алдыңғы біліммен түрлендіріп пайдалану қажет.Бұл тапсырмаларға: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар т.б беріледі.
III- деңгейге: танымдық-іздену;алған білімдерін алғашқы біліммен қатар тереңдетіп, ары қарай өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;әртүрлі тәсілдермен шешілетін есептер,өздінен есептер құрастыру,ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар,шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар беріледі.
|