1.5-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары
Бағалау әдістерінің валидтілігін, сенімділігін және объективтілігін бағалаңыз:
Ж (жоғары деңгей)
Т (төмен деңгей)
№
|
Бағалау тәсілдері
|
Валидтілік
|
Сенімдік
|
Объективтілік
|
1
|
Көп таңдауы бар тест тапсырмалары
|
Т
|
Т
|
Т
|
2
|
Эссе
|
Ж
|
Ж
|
Ж
|
3
|
Сәйкестендіру
|
Ж
|
Ж
|
Ж
|
4
|
Топтық жоба
|
Ж
|
Ж
|
Т
|
5
|
Тәжірибелік жұмыс
|
Ж
|
Ж
|
Ж
|
6
|
Бақылау
|
Ж
|
Т
|
Ж
|
7
|
Сауалнама
|
Т
|
Т
|
Т
|
8
|
Өзін-өзі бағалау
|
Т
|
Т
|
Т
|
9
|
Бірін-бірі бағалау
|
Ж
|
Ж
|
Ж
|
10
|
Рөлдік ойын
|
Ж
|
Ж
|
Ж
|
1.6-тапсырма. Төменде берілген үзіндіні оқып шығып, тест әзірлеу процесі бойынша өз түсінігіңізді тұжырымдаңыз.
Тест тапсырмаларын құрастыру – өнер ме, әлде ғылым ба?
«Білім берудегі өлшем» (Educational measurements, 2006) кітабынан үзінді
Тест әзірлеудің тиімді тәжірибесі туралы бізге белгілі бірқатар деректер соңғы 60 жыл ішінде осы тақырып бойынша бірнеше табысты оқу құралын шығарған сарапшы мамандардың пікірлерінен, сондай-ақ тәжірибе жүзінде тест әзірлеумен айналысқан мамандардың тәжірибесінен туындайды. Тест тапсырмаларын әзірлеуге эксперименттік тұрғыдан дизайнды зерттеуге арналған зерттеулер де біршама әсер етті.
Мән-мағынасы айқын, күрделілік деңгейі жоғары тест тапсырмасын әзірлеу процесі нағыз өнер деп санайтын тест әзірлеуші мамандар бар, олардың бұл пікірінің де жаны бар. Бағалау тарихында әлі күнге дейін айқындалмаған мәселе – тест әзірлеушілердің тест тапсырмаларының мазмұнын, оны әзірлеу ресімдерін қандай дәрежеде зерттеп-зерделегені болып табылады, бұл тест әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде, яғни тест дизайнын ойластырудан бастап тестілеу және бағалауға дейінгі тест әзірлеудің тұтас процесін бағыттап отыратын дәлелдемелерге ғылыми тұрғыдан берік негізделуі тиіс. Тест әзірлеудің ғылыми негізделуі бұл кәсіби тұрғыдан зерттеп-зерделеуді қажет ететін мәселе болып табылады.
Тест құрастырудың қажеттілігіне орай ғылыми компонентке негізделетіні туралы тұжырым жасау тест құрастырудың валидацияда (дұрыстығын растауда) маңызды рөл атқарады деп тұжырымдағанмен бірдей болады. Тест әзірлеудің білім алушылардың оқу нәтижелерін және соларға негізделген қорытындыларды айқындап, тұжырымдауда аса маңызды екендігі сөзсіз.
Тест нәтижелерін дұрыс қорытып шығаруы тиіс тест әзірлеуші маман ең алдымен тест спецификациясын мұқият зерделеп, олардың қалай есептелгенін, тест құрастыру процесін және мүмкіндігінше, бір немесе бірнеше қолданылған тест формаларын зерттеуі тиіс. Бұл тест «мазмұнының валидтілігін» бағалау мәселесі ғана емес; тест әзірлеу көптеген валидтілік аспектілеріне, көптеген қорытынды түрлеріне әсер етеді. Бұрын тест әзірлеу жалпы өнер ретінде қарастырылды деуге болғанымен, бұл оны толыққанды сипаттай алмайды. Қазіргі кезде тест құрастырудың анағұрлым берік ғылыми негіздемесін қамтамасыз етуге баса назар аударылуда.
Қорытынды:
Қазір әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналды. Тестілеу жайлы айтпай тұрып, алдын-ала оқушы білімін бағалау үшін қолданылатын тестің не екенін білу керек.
Педагогикалық тест дегеніміз біртіндеп күрделенетін, жеке адамның педагогті қызықтыратын білімі мен басқа да қасиеттерін түпкілікті түрде сенімді бағалай алатын, бір-бірімен тығыз байланысты тапсырмалар жиынтығы. Педагогикалық тест ұғымын ашу — тестің тапсырмасы, күрделілік деңгейі, сенімділігі және біліктілігі ұғымдарымен танысуды қажет етеді. Әртүрлі тапсырмалар арқылы білім мен қабілеттілікті тексеру тарихы төрт мың жылға созылады екен. Ежелгі Вавилон, Қытай, Греция, Спарта және басқа халықтар талапкерлерді таңдау мақсатымен көптеген сынақтар жүргізген.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап, жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде талапкердің білімін бағалауда және мемлекеттік білім гранты мен мемлекеттік білім кредиттерін беру мәселелерінде әділдікті барынша сақтау үшін кешендік тестілеу технологиясы қолданыла бастады. Ал, 2004 жылдан бастап, Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беретін ұйымдары бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттестаталуын және колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіріп өткізуді көздейтін, білім ұйымдарына тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе — кешендік тестілеу технологиясы енгізіліп отыр. Кешендік тестілеу технологиясының атқаратын міндеттері:
білім беру сапасын басқару жолдарын күшейту;
жалпы орта білім сапасын бірыңғай өлшеуіш материалдардың көмегімен мемлекеттік бақылау; білім беру сапасын бағалаудың әділдігі мен сенімділігін арттыру.
ҰБТ-ның енгізілуі білім беру ұйымдарының қызметін әділ бағалауға, олардың нақты рейтингісін анықтауға, оқушылардың оқуда жақсы нәтижеге жетсем деген қызығушылығын туғызады.
Тестік тапсырмалар арқылы жеке оқушыда қалыптасқан және жалпы білім ұйымының берген білім сапасы тексеріледі.
Қазіргі уақытта қойылатын талаптардың бірі. Тестілеу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану арқылы нақты, үнемді, әрі шапшаң, әрі объективті түрде жүргізілуін технологиялығы деп айтады.Сыналушыға тапсырманың түсінікті тілде жазылуы, компьютерге енгізу мүмкін болуы — технологиялық түрі деп аталады
Достарыңызбен бөлісу: |