|
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрлары арқылы цифрларының қосындысы тақ болатын қанша бес таңбалы сан жазуға болады?
|
бет | 5/6 | Дата | 29.05.2023 | өлшемі | 0,63 Mb. | | #42830 |
| 13 билетПериодтық жүйедегі топтар мен периодтар түзілуі.
Атом құрлысы туралы ілім химиялық элементтердің периодтық заңы мен жүйесін түсіндіруге мүмкіндік берді.
Атом ядро зарядының өсу реті бойынша химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі, ең аз энергия принципі бойынша атом орбитальдарының электрондарға біртіңдеп толып, сыртқы электрондық қабаты құрылымының периодты түрде қайталануына тәуелді болады.
Атомның электрондық құрылымына сәйкес сұрақтарды шешкенде электронның атомдағы күйі белгілі квант сандарының мәнімен анықталатынына сүйенеміз (n, l, m, s).
Квант сандарының (n, l, m, s) белгілі мәндеріне ие болатын электронның атомдағы күйі атомдық электрондық орбиталь деп аталады. Әрбір АО толқындық функцияның ψ белгілі мәніне ие болады. L мәндері 0, 1, 2, 3 болуына сәйкес атомдық орбитальдар s-, p-, d- және f- орбитальдар деп аталады. Электрондық құрылымының графикалық схемасында әрбір орбиталь белгісімен көрсетіледі.
Паули принципі бойынша барлық квант сандарының мәні бірдей екі электрон болуы мүмкін емес. Әрбір атомдық орбитальда спин саны қарама – қарсы екі электрон орналасады, оны былай белгілейміз:
Қозбаған көп электронды атомның атомдық орбиталында электрондар ең аз энергия принципімен орналасады. Сондықтан АО электрон Паули принципін бұзбай энергияның өсу реті бойынша орналасады. Электрондардың АО толуы Клечковский ережесіне сай жүреді.
Клечковскийдің бірінші ережесі:
АО – электрон толуы (n+L) бас және қосымша квант санының қосындысының өсу реті бойынша жүреді.
Клечковскийдің екінші ережесі:
Егер (n+L) мәні бірдей болғанда электрон бас квант саны қайсысында аз болса сол орбитальға орналасады. Мысалы: 4р деңгейшеден кейін атомда қай деңгейше электронға тола бастайды. Шешуі:
4р деңгейшеге n+L қосындысы 4+1 = 5 тең. Осындай сан мәні 3d, 4sдеңгейлерге де тән. 3d (3+2=5) және 4s (5+0=5).
Бірақ бас квант санының мәні 3d деңгейшеде ең аз. Сондықтан алдымен 3d, одан кейін 4р ең ақырында 5s деңгейшелер электронға толады.
Электрондардың АО толуы Хунд ережесімен анықталады. Электронның белгілі деңгейше АО таралуы сәйкес келеді, ал электрондардың басқаша орналасуы атомның қозған күйімен сипатталады. Мысалы, кремний атомнының электрондық формуласын және валенттік электрондардың қалыпты және қозған күйдегі графикалық схемасын сызып көрсет.
Шешуі: Si электрондық формуласын 1s22s25p63s23p2. Валенттік орбиталі 3s-, 3p және электроны 3d деңгейшелер. Электрондардың орбитальдарға толу схемасы:
3d
3p
3s
Электронның 3р деңгейшеде орналасуы Хунд ережесіне сай жүреді, яғни спин сандарының максимальды қосындысы 1-ге тең.
3р деңгейшеде электрондардың басқаша таралу мүмкіндігі, мысалы:
Мұндағы спин сандарының қосындысы 0-ге тең.
Ендеше 3р деңгейшеде электрондар төмендегідей болып орналасқанда ғана дұрыс
Яғни, спин сандарының қосындысы максималь 1-ге тең болады.
Бірінші және екінші периодтағы элементтер саны (2 және 8) бірінші және екінші энергетикалық деңгейлердің сыйымдылығына сәйкес s2 және s2p6 болады. Әрбір келесі периодтар үшін, ол сан аз мәнді иеленеді. Мысалы 3 периодта 8 элемент орналасқан, ол периодтың сыйымдылығы 18 электронға тең (s2p6d10). Бұдан біз, сыртқы электрондық қабат үшін 8 электрондық конфигурациясы шектеу болатынын көреміз. Ол инертті газдарда толған соң жаңа период басталады. Нәтижесінде 3-ші энергетикалық деңгейдің 8 электронға дейін толуы 3 периодта жүрсе, ал 18 электронға дейін толуы 4 период элемент атомдарында аяқталады. Осыдан үлкен периодтарда s және p элементтері арасында 10-d элементтері қатарының түзілуін көреміз. Ал 6 және 7 – периодтарда осындай себеп салдарынан f элементтер қатары түзіледі. f – элементтерінде (n-2)f деңгейшесінің электронға толуын байқаймыз. (лантаноидтар мен антиноидтар)
Периодтық жүйедегі топ саны, сыртқы электрондардың қабаттағы электрон санымен анықталады. Оның мәні 8-ге тең. Әрбір топ екі топшада тұрады: негізгі топша (s және р элементтері) және қосымша топша (d және f элементтері). 8-ші топтың қосымша топшасында, әрбір жұп қатарында бірдей емес үштен элементтер орналасқан. Ол элементтердің қасиеті бір-біріне ұқсас болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|