[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет113/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   164

225 
 
Біз  жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  Ы.Алтынсариннің  қай  шығарма  өзінікі,  қайсысы 
аударма  екенін  ажыратудың  өзі  қиынға  соғады.  Академик  Қ.Жұмалиев  Ыбырайдың  «Бай 
баласы  мен  жарлы  баласы»  (Асан  мен  Үсен)  мен  Салтыков-Щедриннің  «Бір  шаруа  екі 
генералды  қалай  асырады?»  арасындағы  идеялық,  сюжеттік  құрылысы  жағынан 
ұқсастықтарға  назар  аударады.  (Қ.Жұмалиев.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және 
Абай поэзиясының тілі. 2 том, А.,1960, 55-бет). «Бай баласы мен жарлы баласы» аударма ма, 
жоқ  әлде  Ыбырайдың  өз  шығармасы  ма?  Ойланарлық-ақ  мәселе.  Төл  туынды  дейін  десек, 
Салтыков-Щедриннің  әңгімесіне  негізінен  тақырыбы,  оқиғасы,  идеясы  жағынан  ұқсап  тұр. 
Ал  аударма  дейін  десек,  оған  қойылатын  талаптарға  мүлдем  келмейді:  шығарманың  тілдік, 
стильдік  жағынан  түпнұсқаға  сәйкес  келу  керектігін  айтпағанның  өзінде  кісі  аттарынан 
бастап,  оқиға  желісіне  дейін  өзгеше.  Қазақ  әңгімесін  зерттеушілер  бұл  әңгімені 
Ы.Алтынсариннің  төл  туындысы  деп  қарастырып  жүр.  Олай  болса  «Абайдың  Евгени 
Онегині»  неге  аударма  делінеді?  Қазақ  тіліндегі  Абайдың  «Евгени  Онегині»  орыс  тіліндегі 
түпнұсқадан  оқиға  желісі,  сожеті,  композициялық  құрылымы  жағынан  мүлдем  басқаша. 
Демек бұл жерде де ойланарлық мәселе бар екен. 
Ы.Алтынсарин  көркем  шығарманы  дәл  аударуды  мақсат  етпейді.  Ыбырай  орыс 
тіліндегі туындыға ол қазақ оқырманына, онда да жастарға, мектеп оқушыларына тәрбиелік, 
дүнитанымдық  жағынан  қажет  пе,  түсінікті  ме  деген  сауалдар  тұрғысынан  келіп,  оның 
ағартушылық, педагогтық жақтарына үлкен мән беріп отырған. Ол түпнұсқаның шеңберінде 
қысылып  қалып  қоймай,  қажетті  жерінде  одан  шығып,  еркін  кетеді.  Шығарманың оқушыға 
тәрбиелік,  дүнитанымдық  жағынан  пайдалы  болу  керектігін  басты  мақсат  етіп  алға  қойған 
Ыбырай  кей  жағдайда  түпнұсқаның  жалпы  нобайын  сақтап  отырса,  көп  реттерде  оның  тек 
идеясын ғана алып, сюжетін де, оқиғасын да кісі аттарын да өзгертіп жібереді; кей жерлерде 
түпнұсқаның  бір  ғана  оқиғасын,  немесе  деталін  ғана  алып,  содан  бас-аяғы  бөтен  туынды 
жазып  шығады.  Ыбырайдың  мұндай  шығармаларын  аударма  деуден  гөрі  белгілі  бір 
жазушының сарынымен жазылған өз туындысы деп қарастырған жөн.  
Қаламгердің орыс әдебиетінен алғандарынаң дені прозалық шығармалар. Әрі прозашы, 
әрі  ақын  Ы.Алтынсарин  орыс  поэзиясынан  И.А.Крыловтың  бірнеше  мысалын  аударған. 
Олардың кейбіреулерінің  кімдіке екендігі даулы. «Егіннің бастары»...Даусызы – «Қарға мен 
түлкі» Ы.Алтынсаринның шығармашылығын зертеушілердің барлығы дерлік бұл мысалдың 
Ыбырайдікі  екендігіне  күмән  келтірмейді.  «Қарға  мен  түлкі»  қазақ  әдебиетіндегі  әдеби 
аударманың  алғашқы  адымы  болуымен  бірге  «мысал  жанрының  да  алғашқы  жыл  құсы» 
болды. [3,26]  Енді осындай екі жақты маңызы бар туындының түпнұсқамен арақатынасына, 
яғни қаншалықты сәйкес келетіндігіне, аударма талаптарының қаншалықты орындалғанына 
назар аударайық. 
Ең  алдымен  «Ворона  и  лисица»,  «Қарға  мен  түлкі»  болып  дәл  аударылған.  Мысалы 
орысшасында 26 жол болса, қазақшасында 28 жол. И.А.Крылов мысалы 
«Уж сколько раз твердили миру, 
 Что лесть гнусна, вредна; но только все не впрок, 
 И  в  сердце  льстец  всегда  отыщет  уголок»  [4,13]    –  деген  негізгі  идеяны  аңғартар 
кіріспемен басталса, қазақшасында бұл жолдар түсіп қалған. Ыбырай мысалдың өн бойында 
айтылатын мақтаншақтықтан сақ болыңдар деген ойды айтып жатуды артық көрген. Жалпы  
көркем  әдебиетке  қойылар  негізгі  талаптың  бірі  онда  айтылар  ой,  идея  жалаң  берілмеуі 
керек; табиғи түрде көркем бейнеленіп, оқушысын ойландырып барып, көзін жеткізуі керек. 
Осы тұрғыдан келгенде, аударманың кіріспесіз бірден басталуы ұтып тұр.  
И.А.Крылов мысалы: 
Вороне где-то бог послал кусочек сыру; 
На ель Ворона взгромоздясь, 
Позавтракать было совсем уж собралась, 
Да позадумалась, а сыр во рту держала. 
На ту беду, Лиса близехонько бежала; 
Вдруг сырный дух Лису остановил: 


226 
 
Лисица видит сыр, - 
Лисицу сыр пленил, 
Плутовка к дереву на цыпочках подходит; 
Вертит хвостом, с Вороны глаз не сводит 
И говорит так сладко, чуть дыша:» - 
деген жолдармен бастаса, Ы.Алтынсарин осы жолдарды  
«Ашығып түлкі жүрді жапандарда,  
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... 
Ешнәрсені көре алмай келе жатса, 
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға. 
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді, 
Қарға ағаштың басында мұны көрді. 
Тістегені аузында тәтті ірімшік, 
Оны көріп, түлкі екең сөйлей берді» - түрінде береді [5,39].  Түпнұсқа мен аударманы 
салыстыра  қарағанда,  ең  алдымен,  орысшасында  қарға  мен  түлкі  атауларының  кісі  есімі 
сияқты  бас  әріптермен  жазылуы  көзге  түседі.  Крыловта  бірден  құдай  бере  салған  ірімшікті 
таңғы  ас  ретінде  жеуге  қам  жасап,  шырша  басында  маңғазданып  отырған  қарғаны  оның 
сорына жуық маңда жортып бара жатқан түлкінің оны байқап қалып, аузындағы  ірімшігіне 
қызығып,  арам  ойын  жүзеге  асыру  мақсатымен,  аяғының  ұшымен  жақын  келіп,  қарғаны 
мақтай бастағанын көрсек, Ыбырайда сәл басқашалау.  
Крылов  қарғадан  бастаса,  қазақшасында  тамақ  іздеп,  жортып  келе  жатқан  түлкіні 
көреміз.  Түпнұсқада  ірімшік  іздеген  қарғаның  көрінісі  бір  шумақта  суреттелсе, 
қазақшасында  «тістегені  аузында  тәтті  ірімшік»  деген  бір  ғана  жолмен  берілген.  Демек, 
Ыбырайды  қарғаның  аузындағы  ірімшік  емес,  «қай  жерден  тамақ  кездеседі»  деп,  жортып 
жүрген  түлкінің  бейнесі  қызықтырады;  оқырман  назарын  түлкіге  қарай  бұрады.  Қазақ 
ұғымында  түлкі  –  қулықтың  символы.  Крыловтың  діттегені  мақтаншақтықтың  опа 
әпермейтінін ұғындыру болса, Ыбырай оны сәл бұрып, қулықтың құрығына түсіп қалмаңдар 
дегенді мегзеп тұр.  
И.А.Крылов  шығармасында  оқиға  желісі  мұнан  ары  түлкінің  қарғаны  төмендегіше 
мақтауына ұласады; 
"Голубушка, как хороша! 
Ну что за шейка, что за глазки! 
Рассказывать, так, право, сказки! 
Какие перышки! какой носок! 
И, верно, ангельский быть должен голосок! 
Спой, светик, не стыдись! 
Что ежели, сестрица, 
При красоте такой и петь ты мастерица, 
Ведь ты б у нас была царь-птица!" 
Ал Ыбырайдың түлкісі қарғаға:  
« - Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын, 
Сырттан тілеу тілейді барша халық. 
Қарға-екеңдей дүниеде әуез жоқ деп, 
Осылайша шығады сыртқа даңқың. 
Сандуғаш, бұлбұлдарды көріп едім, 
Жүзіңді бір көруге келіп едім. 
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын, 
Сырттан асық болғаннан өліп едім.» 
«Қарға  тақсыр  көзім  жасын  көріңіз»  -  деп,  жылмыңдап,  жыламсырайды.  Мұнда  да 
айырмашылықтар  байқалып  тұр.  Түпнұсқадағы  түлкі  қарғаны  «қарғашым»  деп,  оның 
мойнының,  көзінің,  қанатының,  мұрнының  «әдемілігінің»  аузының  суы  құрып  айтып,  «құс 
патшасы  сенің  даусың  періштенің  даусындай  шығар,  көрейікші  бір  шырқап  жіберші»  деп, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау