229
УДК 82-2:950
Е.М. Солтанаева
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Алматы, Қазақстан
esoltanaeava@mail.ru
ШӘКӘРІМНІҢ «ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ МӘТІНДЕРІНЕ
ТЕКСТОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Мақалада Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының әр жылдары жарияланған
мәтіндері салыстыра қарастырылған. Текстологиялық талдау барысында авторлық
дискурс, мәнмәтін, типологиялық үндестік мәселелері сараланады. Саяси дискурсқа сай
алынып тасталған мәтін бөліктері анықталады. Ол бөліктердің атқарып тұрған
көркемдік қызметі айқындалады. Сондай-ақ Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасын
назира тәсілі арқылы жырлауындағы диалогтік стратегия анықталады.
Тірек сөздер: авторлық дискурс, мәнмәтін, типологиялық үндестік, диалогтік
стратегия
Ш. Құдайбердиевтің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы 1907 жылы жазылған. Бірінші рет 1922-
1923 жылдары «Шолпан» журналының 2-3 (82-105б.), 4-5 (102-120б.), 6-7-8 (144-162б.)
сандарында жарық көрген. Шығарманың бұл журналда жариялануына себепкер болған
Мұхтар Әуезов. Ол қолжазбаны редакцияға тапсырып, жарық көруіне көмектескен.
Поэманы екінші рет 1935 жылы Сәкен Сейфуллин «Қазақстан көркем әдебиет
баспасынан» жеке кітап етіп шығарған.
Үшінші рет Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде «Ақын Шәкәрімнің
творчестволық мұрасы жөнінде» мәселе қаралғаннан кейін, 1988 жылы «Жазушы»
баспасынан Ш.Құдайбердиевтің «Шығармалары» атты кітабында жарық көрді.
1924 жылы 31 қаңтарда «Қазақ» газеті Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ тілі басқармасына
ашық хатын» жариялайды. Онда Шәкәрім былай деген екен: «Төмендегі сөзіме гәзетіңізден
орын берсеңіз екен. Баяғыда түріктің атақты ақыны Физули өлеңінің басында айтқан: «А,
құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден
сақта, себебі ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп байыбына бара алмайды.
Екінші, күңшілден сақта, оның себебі жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың
жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі менің «көз» деп
жазғанымды «көр» деп жазып, көзімді соқыр етеді», - деген.
Сол айтқандайын Ташкенттегі «Шолпан» журналы өлең қылған «Ләйлі-Мәжнүн»
әңгімесін сонша көп қате қылып басыпты. Оны түзеу қайтадан бір кітап жазғаннан қиын.
Кей өлең мүлде жоқ, кейбіреуінің жартысы жоқ, әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр,
ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің кемшілігім емесін
білер» - деген хабарламаны жариялайды [ 1, 46 б.].
Шәкәрім айтқандай, 1922-1923 жылғы «Шолпан» журналында және 1935 жылығы
Қазақстан көркем әдебиет баспасынан шыққан «Ләйлі-Мәжнүн» нұсқасынан 1988 жылы
«Жазушы» баспасынан жарық көрген «Ләйлі-Мәжнүн» мәтінінің едәуір айырмашылығы бар.
Үшінші басылымын құрастырып, баспаға әзірлеген М.Жармұхамедов, С.Дәуітовтер
[А.Құдайбердиев] «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының мәтінін өзге жарық көрген нұсқаларымен
салыстырылып, қолжазба нұсқасын берген.
Үш мәтінді салыстырып көретін болсақ, автордың соншалықты налуының себептерін
де көруге болады.
Атап айтар болсақ, бастапқы екі мәтінде көптеген әріп қателер бар. Мысалы:
1-нұсқада: Ес қылып, ат мінгізіп, шапан жапты [ 2, 129 б.].
2-нұсқада: Іс қылып, ат мінгізіп, шапан жапты [3, 353б. ].
230
3-нұсқада: Сый қылып, ат мінгізіп, шапан жапты –делінген. [4, 350 б.].
1-нұсқада: Су бүркіп, күлмен желпіп ата-анасы [2, 138 б.].
2-нұсқада: Су бүркіп, күлмен желпіп ата-анасы [3, 362 б.].
3-нұсқада: Су бүркіп, гүлмен желпіп ата-анасы [ 4, 359 б.]
1-нұсқада: Баласы безіп болды «жіберме» деп [2, 138 б.].
2-нұсқада: Баласы безіп болды «жіберме» деп [3, 362 б.].
3-нұсқада: Баласы безек болды «жіберме» деп [4, 360 б.].
1-нұсқада: Көңілінен шығар дейді ғашық зары [2, 139 б.].
2-нұсқада: Көңілінен шығар дейді ғашық зары [3, 364 б.].
3-нұсқада: Көңілінен шығар дейді ғашық жары [4, 361 б. ].
Жалпы Шәкәрім шығармашылығы ақылмен емес, жанмен сезінуді алғашқы орынға
қоятын, «іштегі халді» сипаттайтын сопылық поэзияның образдарыға толы. «Нұр», «хақ»,
«хақиқат», «әлем», «дүние», «жалған» секілді сопылық поэзияда терең мағынаға ие тұрақты
қолданыстармен берілген. Мысалы:
1-нұсқада: Жанғанда жануменен өткізе көр [2, 140 б.].
2-нұсқада: Жанғанда жатуменен өткізе көр [3, 365 б.].
3-нұсқада: Жалғанда жануменен өткізе көр [4, 363 б.].
1-нұсқада: Арбап тұр нұрлы жүзі жүрегіңді [2, 129 б.].
2-нұсқада: Арбап тұр түрлі жүзі жүрегіңді [3, 353 б.].
3-нұсқада: Арбап тұр нұрлы жүзі жүрегіңді [4, 350 б.].
1-нұсқада: Алланың бір қияметі болса керек, [2, 132 б.].
2-нұсқада: Алланың бір қияметі болса керек, [3, 356 б.].
3-нұсқада: Алланың бір хикметі болса керек, [4, 354 б.].
Сондықтан да, жоғарыдағы мысалдарда үшінші нұсқадағы мағыналық түзетулер
орынды.
1-нұсқада: Қайғыдан қашып өлген ерлігімдей [2, 370 б.].
2-нұсқада: Қайғыдан қашып өлген ерлігімдей [3, 385 б.].
3-нұсқада: Қайғыдан қашып өлген ерлік емес [4, 384 б.].
Жалғанның рахатынан безіп, бұл дерттің жазылмауын тілеген Мәжнүн үшін, әрине,
қайғыдан қашып өлген ерлік емес, сондықтан да 3-нұсқасы дұрыс.
1-нұсқада:
Мұнымды шариғатқа сыйғызамын,
Жетелеп елден қайыр жиғызамын.
Өлтірсем, қинасам да өз қолымда
Көнбесе ауыз мойнын қиғызамын [2, 239 б.].
2-нұсқада:
Мойнымды шариғатқа сыйғызамын,
Жетелеп елден қайыр жиғызамын.
Өлтірсем, қинасам да өз қолымда
Көнбесе ауыз мойнын қиғызамын [3, 379 б.].
3-нұсқада:
Мұнымды шариғатқа сыйғызамын,
Жетелеп елден қайыр жиғызамын.
Өлтірсем, қинасам да ерік өзімде
Көнбесе қазір мойнын қиғызамын [4, 378 б.].
Бұл жерде де үшінші нұсқасы қисынды.
Кісі аттарын беруде де бірізділік жоқ.
1-нұсқада: Наупіл, Тәзит, Ибн Салам
2-нұсқада: Наупіл, Тәзит, Ибн Ислам
3-нұсқада: Науфал, Зәйіт, Ебнсалам
Достарыңызбен бөлісу: |