223
Ілиястың “Дала” поэмасын аудару мен үшін қазақ әдебиеті мектебінен өтумен бірдей
болды, өйткені Ілияс аудармашыдан дәлдікті ғана талап етіп қоймайтын, ол ерінбей,
жалықпай қолма – қол көмектесіп, түсіндіріп, әр сөзінді сын елегінен өткізіп, үнемі ақыл
беріп отыратын” [2, 11]. Әсіресе, көркем аудармада шығарманың көркемдік, тілдік нақтылы
ерекшеліктерін зерттегенде, ұсақ, көзге түсе бермейтін сипат белгілерге зер салғанда ғана,
көркем шығарманың бойындағы, құрылыс-бітіміндегі зор мәні бар қасиеттерін айқынырақ
бағдарлауға ұмтылу қажеттілігі белгілі болды. Сонда ғана аударма адамзаттың рухани
дамуының күшті құралына айналмақ. Бұдан шығар қорытынды, І. Жансүгіров аудармашы
тек тілді біліп қана емес, сол халықтың тарихы мен мәдениетін, өмірге деген көзқарасын,
эстетикалық талғамын терең түсініп, жүрегімен сезінуі қажет екендігін сол кезде-ақ ұғынып,
ерекше мән берген. Ақынның осы тектес ой тұжырымдары бүгінгі таңда аудармамен
айналысушылардың ұстанатын басты қағидасы, әдебиет алдындағы қасиетті парызы болып
табылмақ.
Суреткердің басқа туындыларының аударылу деңгейі туралы кеңінен сөз қозғау
болашақтың ісі. Көрнекті жазушының барлық шығармаларын өз үнімен, өз бояуымен, өзіне
тән көрік-келбетімен жеткізе білу – көркем аударманың алдында тұрған үлкен мәселе.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Бельгер Г. Аударма жауапкершілігі. Қазақ әдебиеті, 1967 жыл, 14 сәуір
2 Джансугуров И. Стихи и поэмы. Пер.с каз.
–
Алматы, 2001.
В настоящей статье рассматриваются вопросы перевода стихотворений известного
казахского поэта Ильяса Жансугурова на русский язык. Анализированы переводы
стихотворений "Гималай", "Мой Аксу" на русском языке. На примере оригинала и
переводного текста дается сравнительный анализ и оценка качества перевода. Также
сделан обзор истории перевода произведении И.Жансугурова, названы имена переводчиков.
Приведены мнения известных переводчиков о переводческом и поэтическом таланте самого
автора. Таким образом, авторы анализируют принципы поэта относительно
художественного перевода.
The issues of translation of poems of Ilyas Zhansugurov, known Kazakh poet, into Russian, are
considered in this article. Translations of poems - Himalayas ("Гималай"), My Aksu ("Мой Аксу")
in Russian are analyzed. Comparative analysis and assessment of quality of the translation is
provided based on original and translated text. In addition, a review of the history of translation of
I.Zhansugurov's work is carried out, translator's names are mentioned. Opinions of famous
translators on translation and poetic talent of the author are specified. Thus, the authors analyze
poet's principles regarding the literary translation.
ӘОЖ812.512.122.09
Г.Т. Оспанова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Maryama70@mail.ru
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ АУДАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақалада Ыбырай Алтынсариннің аудармашылық қызметі сарапталады.Автор қоғам
үшін білім беру саласының маңыздылығын білдіреді. Мақалада білім беру сапасы мен қоғам
мәдениетінің тығыз байланысы көрсетіледі. Сонымен бірге салыстырмалы аспектіде
И.А.Крылов пен Ы.Алтынсариннің әңгімелері қарастырылған.
224
Тірек сөздер: педагог, аудармашы қызметі, тіл, білім, мәдениет
Қазақ әдеби аудармасының бастау көзін Ыбырай Алтынсарин ашты. Оның 1879 жылы
шыққан «Қырғыз хрестоматиясында» орыс әдебиетінен аударылған бірнеше шығармаларға,
атап айтқанда, Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың, К.Д.Ушинскидің, И.М.Паульсонның
ағартушылық
бағыттағы
туындыларына
орын
берілді.
Педагог
Ыбырай
Орыс
жазушыларының шығармаларының ішінен тек тәрбиелік маңызы барларын ғана аударған.
Неге олай істеді? Сол кездегі қазақ қоғамының алға дамып, өсіп-өркендеуі үшін білім-
ғылымның аса қажет екендігін түсінген қазақ зиялылары ағартушылық жолға бастады.
Халқының мүшкіл халін бар жан-тәнімен сезінген Ыбырай елдің көзін ашу мақсатымен
алғаш рет қазақ даласында мектеп ашып, білімнің дәнін шашты «адамдықтың диқаншысы»
болды. Алғашқы қазақ тіліндегі оқулыққа орыс жазушыларының білім алуға адамгершілікке
үндейтін, яғни «педагогтық», тәрбиелік сыпаттағы шығармаларының іріктеліп алынуының
өзі де осы себептерден туған заңдылық еді.
Ы.Алтынсариннің орыс әдебиетінен жасаған аудармаларының көпшілігі тым еркін. Кей
аудармаларының еркіндігі соншалық – оның қай бір шығармаларының қайсысы төл туынды,
қайсысы тәржіма екендігін айырудың өзі қиынға түседі. Демек, Ы.Алтынсарин орыс
әдебиетінен шығармалар аударды десек, онда оның барынша еркін жасалғандығын баса
айтамыз. Ал шындығына келгенде, Ыбырай аудармаларының тақырыбын орыс
жазушыларынан алды демесек, іс жүзінде түпнұсқаға сәйкес келмейтін, тәржімаға
қойылатын талаптарға жауап бере бермейтін, мүлдем жаңадан, қайта жазылған көркем
шығарманы көреміз.
Академик Қ.Жұмалиев «Ол әңгімелерді аударғанда Алтынсарин барлық жерде
түпнұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды принцп етіп қоймаған. Кейде тақырыбын, кейде
сюжетін кейде баяндау әдісін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ
балаларына түсінікті баяндауды негізгі нысанасы еткен» [1,53] – деп көрсетеді. Ыбырай
аудармаларының осындай басты ерекшелігін қазақ аудармасының тарихын зерттеуші
С.Талжанов та атап өткен болатын: «Ол кезеңде қазақ азаматы Алтынсарин орысшадан
аударғанда, қазақ оқырмандарына бейімдеді, жеке сөзін қуаламай, ойын беруге тырысты, өз
халқының ұғымына сай етіп аударды.» [2,194]. Бұл жайында Ә.Сатыбалдиев «Ол
түпнұсқаның шеңберінде қысылып қалмайды, оның идеясын, сюжетін алады да, өз
оқушыларының жағдайына қарай, тартымды да көркем әңгіме құрады. Мұның бәрінде, ең
алдымен, оның ағартушылық мүддесі бой көрсетіп отырады. Және ол өзінің шәкірттері мен
оқушыларының жағдайын ешуақытта естен шығармайды, жазғандарының қалай да соларға
түсінікті болу жағын көздейді. [3,17] – деп жазады.
Осы жерде тағы бір ескеретін жәйт: Ы.Алтынсаринның заманында балалар әдебиеті
болмады. Рас, ауыз әдебиетінің балаларға арналған жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақ, өтірік
өлең, ертегі сияқты түрлері ғасырлар бойы қазақ балаларының сана-сезімінің қалыптасып,
тәрбиелі болып өсуіне қызмет етіп келді. Енді жазба әдебиетінің дамуына, білім беретін
мектептердің ашыла бастауына байланысты жаңа үлгідегі жазба түрдегі балалар әдебиетін
жасау міндеті алға қойылды. Осы мәселені шешуге алғаш кіріскен Ы.Алтынсарин осы салада
біршама жетістіктері бар орыс әдебиетіне көз салды. Ыбырай орыс әдебиетінен алғанда да
балаларға арналған оқу құралдарынан, жинақтардан керегін тапты. Атап айтқанда,
Ы.Алтынсарин К.Д.Ушинскидің «Детски мир и хрестоматия», «Родной язык», Л.Толстойдың
«Первая русская книга для чтения», «Вторая книга для чтения», «Четвертая книга для
чтения», «Новая азбука», И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений
в руском языке» оқу кітаптарына педагог ретінде көбірек назар салған. Ә.Дербісалиннің
анықтауынша,
Ыбырай
аудармаларының
жалпы
саны
–
35.
Олардың
ішінде
И.И.Паульсоннан – 20, Толстойдан – 6, К.Д.Ушинскиден – 3, қалғандары И.Крыловтан,
Шмиттен, В.Дальдан 3-4 шығармадан аударған.
Достарыңызбен бөлісу: |