293
сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік тудырады. Топпен
жұмыс жасаудың бір ерекшелігі белсенділігі төмен студенттердің немесе мінезі тұйық,
ортаға
бейімделмеген
студенттердің
өз
ойын
бөлісу,
еркін
сөйлеу
дағдысын
қалыптастырады. Топпен жұмыс жасау топ белсенділерін өз ойымен көппен, яғни топпен
бөлісе білуге үйретеді.
Мерсер «құрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды роль
атқаратынын» көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар өзара іс -
әрекетте немесе оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Топпен жұмыс
жасау тиімділігіне сабақ өткізу барысында қол жеткіздік. Бірлескен топпен жұмыс жасау
барысында студенттер өз бетімен оқып, білімін толықтырды, ойын ашық, еркін жеткізуге,
өзін, өзгені де бағалап, кері байланыс орнату дағдысын қалыптастыра алатындығына көз
жеткіздік. Алған мақсат ретінде дәріс сабақтарында теориялық материалдарды бірлескен
топтық жұмыс арқылы ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл мақсатты дәріс материалын
алдын-ала АКТ-ге түсіру арқылы дайын мәліметтерді студенттерге бірлескен топпен талдау
арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Топтық жұмыс тақырыпты қорытындылау кезінде
сәтті де тиімді болады деп есептейміз, себебі топтық жұмыста барлық студент қамтылып,
өзіндік ой-пікірлерімен бөлісіп шығармашылық жұмыс жасай алады.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы
мұғалімнің студенттерге орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады: 1)
топтағы барлық студенттерге; 2) жеке топ студенттеріне; 3) әрбір студентке беріледі.
Мысалы, сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір студенттің жеке
ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық
танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және
оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс
табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың
пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады.
Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып
көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың
ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта
жылулық атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негізгі қалаушы ережелер жиынтығы
төмендегідей:
1. Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді әзірлеу. Төменде ұсынылған әр түрлі
негіз қалаушы ережелер оларды қабылдау немесе бейімдеу және басымдықтарды белгілеу
үшін әрбір топқа арналған бастапқы нүкте ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Топтың топты
құрайтын нақты адамдарға арналған ережелерді жасауға болады деп есептегені өте маңызды.
2. Адалдық мәдениетін күшейту. Топтың табысты жұмысы шындыққа негізделеді. Топ
мүшелері үшін өздері келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын қандай бір нәрсеге
шыдау, олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады.
Дегенмен бір-біріне адал болып, әдептілік сақтау қажеттігін ескерту керек.
3. Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес
екенін ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс
істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп
шешу керек.
4. Ұжымдық жауапкершілік белгілеу. Мәселелер көтерілген соң және де толық
талқыланғаннан кейін топ шешімі қабылданған соң, топтың алға қарай жылжуы үшін
ұжымдық жауапкершілік туралы уағдаластықты қолдану керек. Топ ережелерін қабылдаған
әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады.
5. Тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту маңызды екендігін атап көрсету. Адамдар
бастапқыдан-ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы.
6. Топтағы жұмысқа әрбір мүше атсалысуға тиісті. Топтағы жұмыс түрлі көзқарастарға
байланысты, сондықтын топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруіне
294
ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ мүшелеріне өзінің пікірімен қоса, әркімнің
пікірі құнды екенін көрсету керек.
7. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың
әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне
қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ бір–
бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға
дайын болуға тиіс.
8. Топ мүшелерінің мықты жақтарын пайдалану өте пайдалы болу мүмкін. Міндеттер
әрбір топ мүшесінің тәжірибесіне және біліміне сәйкес бөлінген жағдайда топ жұмысы өте
тиімді болады.
9. Алайда, топ тек мықты қатысушыларды ғана пайдаланбауға тиіс! Топтағы
тапсырмалар дамытушы сипатта болуы мүмкін, яғни міндеттерді бөлу топ мүшелеріне
өздерінің әлсіз жақтарына және жеткіліксіз тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік беретін
мақсатты жағдай болуы мүмкін.
10. Топ мүшелеріне жазбаларды сапалы жүргізу маңызды екендігін ұғуға көмектесіңіз.
Оларды бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігі болсын. Бұл жоспарлау бойынша жазбалар,
хаттамалар немесе топтық жұмыстың алға ілгерілеуін растаудың басқа да түрлері болуы
мүмкін. Міндеттерді орындау және жазбаларды жүргізу бойынша топ жұмысын
қорытындылауға жауапты адамдарды ауыстырып отырыңыз.
11.Топ міндеттерінің мерзімдерін өзгертуге болмайды. Топтың табысты жұмысының
«Сен қандай да бір нәрсені орындай алмауың мүмкін, бірақ топтың қандай да бір
тапсырманы орындамауына мүмкіндік берсең, бұл дұрыс емес» қағидатына негізделген.
12. Қайырымдылықты дамытыңыз. Топтық жұмыс кейде адамдардан топ мақсаттарына
өздерінің жеке қажеттіліктері мен тілектерін бағындыруды талап етеді. Мұны топтың өзге де
мүшелері мойындағаны маңызды.
13. Адамдарға шығармашылық пен стандартты емес идеяларды бағалауға көмектесіңіз.
Топ мүшелері тек қойылған міндеттер шеңберінде болуына жол бермеңіз және прогресс пен
шығармашылық арасында дәлелденген балансты белгілеу керек.
14. Топ жұмысында жүйелендіруші элементтерді пайдаланыңыз. Тұрақты кездесулерді
ұйымдастыру, есеп жүргізу және міндеттерді бөлу топтың тиімді және өнімді
жұмыстарының кепілі болмақ.
15. Күн тәртібінде топтық ережелер туралы тармақты тұрақты бақылауда ұстаңыз. Бұл
мезгіл-мезгіл негізгі ережелерді қарап және қайта қарап отыру үшін, кейде пайда болуы
мүмкін күтпеген оқиғаларды шешу үшін жаңасын жасау үшін өнімді болуы мүмкін.Алайда
практикада өзінің пайдалылығын дәлелдеген, бірақ саналы түрде қолданылмаған негізгі
ережелерді ұмытпай, олардан бас тартпаған маңызды.
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам
өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай
білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп
нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден - бір себебі - осы
сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада
қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор. Қорытындылай
келе, өзін-өзі реттей алатын, шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, креативті ойлай
алатын, метатанымы жетілген тұлғаны тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әдіс-
тәсілдерін пайдаланған тиімді. Заманауи білім беру үдерісі қажеттілігінен туындайтын жаңа
аспектідегі оқыту тәсілдері «ұстаным өзгермей, көзқарас өзгермейді» деген концепцияның
айқындығын дәлелдейді. Сол себепті де жаһандану кезеңінде тез бейімделгіш, білімді,
коммуникативті, адамдармен тез тіл табыса алатын ұрпақты тәрбиелеуде бірлескен топтық
жұмыстың маңызы зор деген ойдамыз. Топтық жұмысты өткізу әр студенттің өзіндік
ашылуына, өзін-өзі реттей алуына, шығармашылық тұрғыдан ойлай білуіне ықпал етеді.
Топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Бұл тәсіл студенттерге уақытты
Достарыңызбен бөлісу: |