[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет141/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   164

281 
 
тәжірибе  жинақталды.  Осы  кезеңде  студенттерден  сауалнама,  сұқбат  және  олардың  білім, 
білік,  дағды  деңгейін  анықтайтын  лексика-грамматикалық  тест  алынды.  Онда  қандай 
жатығулар керек, олардың түрі, олармен жұмыс жүргізу, тілдік ақпарат қалай меңгертіледі, 
сөйлеу дағдылары қалай дамытылады деген мәселелерге жауап алынды.  
2. Анықтаушы кезең. 
Анықтаушы кезеңнің мақсаты – қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаттығу түрлерінің 
оқулықтарда  кеңінен  көрініс  таппауларын  ғылыми  теориялық  тұрғыдан  сараптау,  тиімді 
түрлерін белгілеу, оны орындаудың әдіс-тәсілдерін анықтау, қазіргі заманауи педагогикалық 
технологиялар  арқылы  жаттығулар  жүйесін  құрастыру.  Мақсатты  іске  асыру  барысында 
студенттердің  жаттығулармен  белгілі  бір  жүйеде,  сабақтастықта,  бірізділіктегі  жұмысы 
арқасында  сөйлеу  тілдерінің  дамып,  тілді  қарым-қатынас  құралы  ретінде  қолдана 
алатындары  және  қарапайым  тұрмыстық  деңгейді  меңгеруде  жаттығулардың  қажеттілігі 
дәлелденді. 
Бұл  кезеңде  жаттығулар  туралы  оқытушылардың  көзқарасы  мен  оларды  оқыту 
тәжірибелерінде  қолдану  деңгейі,  студенттердің  жаттығулар  арқылы  лингвистикалық 
материалдарды  игеруі  мен  коммуникативтік  дағды  деңгейлерін  анықтау  көзделді. 
Студенттердің қазақ тілін игеру деңгейін тексеру мақсатында жаттығу түрлерін басшылыққа 
алып,  жаңа  заманауи  педагогикалық  технологияларға  негізделген  жаттығулар  жүйесі 
құрастырылды.  
Студенттердің  сөйлеу  тілін  қалыптастыратын  бұл  жаттығулар  қазақ  тілін  оқытуда 
жаттығу  жұмысының  мәні  зор  екендігін  танытты.  Тәжірибе  нәтижесінде  оқытушылардың 
оқу  тәжірибелерінде  негізінен,  тілдік  және  сөйлеу  жаттығуларын  қолданатыны  анықталды. 
Студенттердің  игерген  теориялық  білімдерін,  әрі  жаттығуларды  қаншалықты  дәрежеде 
орындайтындарын  тексеру  мақсатында  тапсырмалар  жүйесі  іріктелді,  оны    орындау 
барысында  олардың  өздеріне  қажетті  ақпараттарды  дұрыс  қабылдап,  талдап,  қажеттілігіне 
қарай  жұмсай  алатындарын  байқадық.  Сол  арқылы  үйренген,  білгендерін  тәжірибеде 
қолдана  білу  қабілеттерін  анықтадық.  Анықтаушы  кезеңнің  мәліметтерін  іріктеп,  саралап 
талдау  жүргізілді.  Онда  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым  әрекеттері  бойынша 
жұмыстар жасалды. Білім деңгейін тексеру үшін тестік жүйе бойынша сынақ алынды.  
3. Қалыптастырушы кезең. 
Осы  кезеңде  қазақ  тілін  оқытуда  қолданылатын  жаттығулардың  түрлері  жүйеленді. 
Қазақ  тілін  оқытуда  қолданылатын  жаттығулардың  ұстанымдары  нақтыланды.  Қазақ  тілін 
оқытудың  бағдарламасы  жасалды.  Оқыту  бағдарламасы  бойынша  тәжірибелік  сабақтар 
жүргізілді.  Ол  сабақтар  қазіргі  заманауи  педагогикалық  технологияларға  негізделді. 
Нәтижесінде  студенттердің  қазақ  тілін  жаттығу  түрлері  мен  жаттығулар  жүйесі  арқылы 
теориялық  білімдерін  коммуникативтік  мақсаттарда  пайдалана  білуге  арналған  оқу 
қызметінің  өсу  динамикасы  мен  машық  дағдыларының  қалыптасу  динамикасына  сандық 
және сапалық талдау жасалды.  
Бұл  кезеңде  диагностикалық  міндеттердің  шешімін  іздеу  әдістері;  студенттердің 
эмпирикалық және теориялық әдістермен жұмыс жасаудағы оқу танымдық қызмет барысын 
тану  әдістері;  жаттығуларды  орындау  әдістері;  әңгімелесу,    паралельді  ойлау  әдістері; 
теориялық  әдістерді  қолдана  отырып,  өткізген  сабақтарға  талдау  жүргізу  әдістері 
қолданылды.  Нәтижесінде  қазақ  тілін  оқытуда  жаттығулар  жүйесін  енгізу  жолдары 
қалыптастырылды. Жаттығулар жүйесін ғылыми және тәжірибе тұрғысынан негіздеп, оқыту 
үрдісіне енгізу ұсынылды. Нәтижесі кесінді жаттығулар арқылы тексерілді.  
Жүргізілген  іс-тәжірибелердің  нәтижесінде  алынған  қорытындыларға  сүйене  отырып, 
төмендегідей ұсыныстар жасаймыз: 
1.  Жаттығуларды жүйелі негізде оқу үдерісінде кеңінен пайдаланса;  
2.  Жаттығулар  жүйесін  жаңа  педагогикалық  технологиялар  тұрғысынан  түрлендіре 
пайдаланса;  
3.  Жаттығу 
түрлерін 
(электронды 
тасымалдағыштағы) 
интерактивті 
тақта 
қызметтерімен бірлікте пайдаланса.  


282 
 
Аталған ұсыныстар іске асырылса, біз мемлекеттік тілді тез әрі жылдам үйрене аламыз. 
Күнделікті қарапайым тілдесуден бастап, тілдің қарым-қатынас құралы қызметін игереміз. 
Сондай-ақ,  студенттерге  қазақ  тілін  оқытуда  қолданылатын  жаттығуларды  жаңа 
заманауи педагогикалық технологиялар тұрғысынан,  яғни, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, 
интерактивті оқыту технологиялары негізінде меңгерту арқылы, біріншіден, білім сапасының 
көтерілуіне  жол  ашамыз,  екіншіден,  студенттің  жеке  тұлғалық  қабілеттерін  заманауи 
талаптарға  сай  дамытуға  кепілдік  береміз;    үшіншіден,  оқу  үдерісінің  студент  үшін  мәнін 
танытып,  олардың  оқу  мотивацияларын  дамытамыз;  төртіншіден,  оқыту  үдерісінің  үш 
мақсатын  –  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  Smart  мақсатпен    қатар  ұстанамыз; 
бесіншіден,  қоғам  талабы  мен  студент  мүддесінің  толық  үйлесімде  дамуына  жағдай 
жасаймыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1  Щерба  Л.В.  Языковая  система  и  речевая  деятельность.  Изд.  2-е,  стереотипное.  –  Москва: 
Едиториал УРСС, 2004. – 432 с. 
2  Оразбаева  Ф.Ш.  Тілдік  қатынас:  теориясы  мен  әдістемесі  (оқу  құралы).  –  Алматы: 
РБК, 2000. -178 б. 
3  Педагогикалық энциклопедия. 3-том. – Москва: Просвещение, 1966. –  55 б. 
4  Бап-Баба  С.Б.  Жалпы  психология  (жантану  негіздері).  Жоғары  оқу  орындары 
студенттеріне  арналған  дәрісбаяндар  жинағы.  Құдиярова  А.М.  басшылығымен.  –  Алматы: 
Заң әдебиеті, 2005. – 268 б.  
5  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /ред. А. Ы. Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1974. –  696 
б. 
 
Одним  из  основных  приоритетных  направлений  в  государственной  политике 
Республики Казахстан является освоение государственного языка. Учебный материал, т.е. 
упражнения являются основной опорой развития коммуникативно-речевого навыка. Данная 
статья  посвещена  педагогика-психологической  основе  упражнении  в  изучении  казахского 
языка и современных взглядов на эту проблему, и в связи с тем, что данная проблема ранее 
системно  никогда  не  рассматривалась,  хоть  и  были  работы  ученых,  направленные  на 
изучение  упражнений,  методологическая  сторона  упражнений  в  отечественной  науке  не 
раскрыта в полной мере.   
 
One of the main priorities in the state policy of the Republic of Kazakhstan is the development 
of  the  state  language.  Training  material,  is  exercises  are  the  mainstay  of  the  development  of 
communicative language skills. This article is dedicated to pedagogy and psychological basis of the 
exercise, the study of the Kazakh language and modern views on this issue, and due to the fact that 
this issue prior systemic never seen, though they were the work of scientists, aimed at studying the 
exercises methodological side exercises in domestic science not disclosed in full.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау