279
С.Бабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Ә.Алдамұратов, Ж.Әбиев, С.Бабаев,
А.Құдиярова, әдіскерлер – Г.Палмер, И.Грузинская, В.Чистяков, М.Ильин, Б.Лапидус,
Е.Пассов,
В.Цетлин,
И.Рахманов,
И.Гез,
Г.Битехтина,
В.Скалкин,
Г.Рубинштейн,
А.Миролюбов, О.Сухих, қазақ әдіскерлері К.Кемеңгерұлы, Н.Оралбаева, К.Жақсылықова,
Н.Құрманова, Б.Жахина, З.Күзекова, Қ.Қадашева, А.Күзембаева, А.Әбілқаев, З.Күзекова,
Ф.Абдразахова, Ж.Ноғайбаева, А.Жапбаров сынды ғалымдардың еңбектері басшылыққа
алынды. Олардың жаттығу ұғымы жайлы айтылған ойлары жүйеленіп, сарапталды.
Біріншіден, студенттердің белгілі бір мөлшердегі лексикалық минимумды игеруіне
негіз болатын жаттығулар педагогикалық, психологиялық, лингводидактикалық, әдістемелік
тұрғыдан қарастырылды. Бұл ретте, жаттығу терминінің үш түрлі ғылым саласында беретін
мәні ашылды. Педагогикада жаттығу әдіс 3,55, психологияда жаттықтыру 4,75, яғни
дағдыға айналатын іс-әрекет, ал әдістемеде игерген теорияны практикада қолданудағы
жұмыс түрі ретінде қолданылды 5,91.
Сондықтан қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаттығулардың педагогикалық,
психологиялық және лингводидактикалық негізін анықтай келе, жаттығу – қазақ тіліндегі
заңдылықтар мен ережелер негізінде тіл үйренушіден ой мен іскерлік әрекетті талап ететін
және лингвистикалық білімді меңгеруге, оны іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыруға,
ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жұмыс түрі саналады. Жаттығуды пайдаланбай,
студенттерге бағдарлама материалын айқын әрі тиянақты игерту, оларды жан-жақты дамыту
мен тәрбиелеу, еңбекке тарту мүмкін емес.
Екіншіден, студенттердің лексикалық минимумды игеру барысында жүргізілетін
жаттығу түрлері мен жаттығулар жүйесі белгіленді әрі оны орындау барысында білім, білік,
дағдыны қалыптастырудың жолдары айқындалды. Тілден алған білім абстракциялы
ережелер мен тілдік заңдарға негізделді. Мәселелердің көлемі, студенттерге берілетін білім
мөлшері олардың танымымен, қабылдай білу қабілеттілігімен тығыз байланысты. Осы
тұрғыда, қазақ тілі пәнін оқытуда грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл
дамыту материалдары бойынша білім, білік, дағдыларын игерту жұмыстары жүргізілді.
Демек, қазақ тілін оқытудың мақсаты – тек студенттің сауатын ашу, қазақ тілі пәнінің
ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды игі қасиеттерге тәрбиелей отырып, тілді
қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге дағдыландыру.
Білім беру тиісті ережелерден басталмайды, студентті сол ереже, түсініктерге қарай
жетектейтін тілдік материалдардан басталады. Сондықтан тілден өтілетін материалдарды
толық меңгерту, тиянақты игерту жолында көбірек қолданып жүрген өнімді жұмыстардың
бірі – жаттығу болып табылады. Жаттығу нәтижесінде студенттер алған теориялық
білімдерін тәжірибеде тез әрі дұрыс қолдана алу дағдысына ие болды. Бұл ретте, студент
білімін нақтылайды, әрі нығайтады. Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттығады, ойлау
қабілетін арттырады. Тіл үйренушінің білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығулар:
белгілі бір жаттығуларды орындау үшін студенттердің сол жаттығуларды орындай
алатындай білімі болуы;
жаттығу студенттің тілге қызығушылығын, ынтасын арттыруы;
жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен ұсынылуы;.
өздігінен жұмыс істеуге дағылануын қалыптастыруы;
шығармашылыққа негізделген жаттығулардың болуына жауап беруі тиіс.
Жоғарыдағы мәселелерді тұжырымдай келе, жаттығулар жүйесі төмендегідей
мақсаттарды көздейді:
1) жаттығулар жаңа тілдік құбылыстарды танып, іріктеуге үйретеді;
2) оларды сөйлеуде пайдалануға жаттықтырады;
3) меңгерілген материалды өз ойын жеткізуде қолдануға үйретеді. Міне, жаттығуларды
топтастыруда әр түрлі пікір, ғылыми дәлелдемелер мен тұжырымдар баршылық. Аталған
жаттығу түрлерінің әрқайсысы тіл үйретудің әр сатысында қолданылады, өйткені оқытуда
жаттығулардың белгілі бір жүйемен берілуі маңызды.
280
Үшіншіден, студенттердің таным қабілетін ашу, іздендіру, пәнге қызығушылығын
арттыру, білімін тереңдету, тілін дамыту мақсатында қазіргі заманауи педагогикалық
технологияларға негізделген жаттығулар жүйесін құрастырылды, әрі олардың тәжірибеде
жүзеге асырылуының тиімді жолдарын белгілеп, эксперименттен өткізілді. Қазақ тілін
оқытуда қолданылатын жаттығулардың педагогикалық-психологиялық, лингводидактикалық
негіздерін басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысымыздың проблемасын анықтау, мақсаты
мен пәніне сәйкес тәжірибе арқылы мына міндеттерді шешу көзделді:
- қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаттығулар туралы оқытушылардың көзқарасы
мен оларды оқыту тәжірибелерінде қолдану деңгейін анықтау;
- қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаттығулардың түрлерін, мазмұнын, берілу
формасын белгілеп, жаттығулардың студенттердің белсенді сөйлеу қызметіне енгізудің
қолжетімді және тиімді жаттығулар жүйесін жасау, жаттығулар арқылы студенттің қазақ
тілін өзінің қарым-қатынас тілі ретінде қолдану дағдыларын қалыптастырушы әдіс, тәсілдер
жүйесін белгілеу;
- қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаттығулардың тиімділігі мен сөйлеу қызметін
қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтау және тәжірибелік
түрде негіздемелеу.
Педагогикалық тәжірибе анықтау кезеңінен басталды. Соған сәйкес қазақ тілі пәні
бойынша қандай жаттығулар керек? олардың қандай түрлері бар? студент қандай
жаттығулармен жұмыс жүргізе алады? қандай тілдік ақпаратты меңгеруі керек? жаттығулар
арқылы сөйлеу дағдыларын қалай тиімді үйретуге болады? деген мәселелер тәжірибені
жүзеге асырмас бұрын анықтап алынды. Яғни, анықтау барысында студенттердің
жаттығуларды игеру сапасын және білім деңгейі анықталды. Студенттердің қатысымдық-
сөйлеу дағдыларын дамытудағы негізгі тірек ететін оқу материалы – жаттығулар. Осыған
орай, студенттермен әр түрлі жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, тест сұрақтары
таратылды. Онда, студенттердің білімін, деңгейін анықтайтын сұрақтар қамтылды. Білім
деңгейін тексеру үшін тестік жүйе бойынша сынақ алынды. Сынақ нәтижесінде
студенттердің білім көрсеткіші 68% болғаны анықталды. Яғни, жүргізілген жұмыстардың
нәтижесінде студенттердің білім деңгейінің 26%-ға өскенін аңғардық. 3-кезеңде жаңа
педагогикалық технологияға негізделген жаттығулармен жұмыс жүргізілді. Нәтижесі кесінді
жаттығулар арқылы тексерілді. Онда студенттердің білім деңгейі 97%-ды құрады. Яғни 23%
өсті.
Зерттеу жұмысында екі мәселе қамтылды: бірі – жаттығу түрлері мен жаттығулар
жүйесі, екіншісі – тілді оқытудағы қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар негізінде,
соның ішінде сын тұрғысынан ойлауға үйрету тенхологиясы стратегиялары арқылы
жаттығуды түрлендіру. Педагогикалық тәжірибенің кезеңдері анықталып, әрқайсысының
шешілуге тиіс міндеттері нақтыланды. Тәжірибе бағдарламасына әдістемелік сценарий
жасалынды. Оқытушылардың жаттығу туралы көзкарастарын анықтайтын сауалнама
құрастырылды. Студенттердің білім, білік, дағдыларын анықтайтын тест тапсырмалары
әзірленді. Қазіргі заманауи педагогикалық технологияға сүйенген жаттығулар жүйесі
жасалды. Осындай даярлықтан кейін оқытушы мен студентке қажетті нұсқаулар мен
ұсыныстар берілді.
Педагогикалық тәжірибе үш кезеңге бөлінді.
1. Ізденімдік кезең.
Бұл кезенде педагогикалық тәжірибе өзектілігін анықтау және оның өткізілу жолдары
мен міндеттерін белгілеу жоспарланды. Онда тілді оқыту барысында қолданылатын
жаттығулардың педагогикалық - психологиялық, лингводидактикалық негіздерін анықтау
және жаттығу түрлері мен оларды топтастыруға арналған теориялық мәліметтерді талдау,
зерттеу, тұжырымдау әдістері басшылыққа алынды. Нәтижесінде қазақ тілін оқытуда
қолданылатын
жаттығулардың
педагогикалық-психологиялық,
лингводидактикалық
негіздері айқындалып, жаттығу түрлері мен оны топтастырудың алғы шарттары, жаттығулар
жүйесі жасалды. Жаттығу түрлерімен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері анықталып, жеке
Достарыңызбен бөлісу: |