Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы жоғары оқу орындарында заңгер мамандығының магистранттары игеретін фундаменталды пәндердің бірі болып табылады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылатын бұл курстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы қылмыстық құқықтық күрестің проблемаларын терең әрі жан-жақты зерттеу. Курстың қысқаша мазмұны: Қазақстанның 2050-жылға дейінгі даму стартегиясында жеті негізгі қағидаттың бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аталған. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық қылмыстардан қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құққыбұзушылықтарды анықтау, алдын алу арқылы мемлекеттік органдардың, ондағы лауазымды адамдардың табысты қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық заңнама мемлекетті басқарудағы демократиялық бастамаларды нығайтуға, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына сенімін арттыруға бағытталған.
Құзіреттілік: кәіби және тәжірибелік
Білімдер: жемқор қылмыстарының тұсінігі, белгілері, және олардың криминологиялық сипаттамасы, жемқор қылмыскерінің тұлғасы.
Іскерліктер: қолданылытың қылмыстық заңнаманы білу;жемкор қылмыстармен күрестің жағдайы түралы статистикалық мәліметке талдау беру, жоғары денгейдегі дайындығы болу, терен білімді игеру, келешек мамандык іс-әрәкетке кажетті; кажетті заң тусініктерің дүрыс пайдалану, зандық және ерекше терминологияны еркін қолдану,жемкор қылмыстылықпен күрес жұргізүге байланысты.
Дағдылар: жемкор қылмыстардың саралау тәжірибесіне талдау жүргізу; жемкор қылмыстардын профилактикасының мазмұның және мағынасың түсіну; қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану түралы өз пікірін қалыптастыру және оны маман ретінде басқаларға жеткізу.
Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР қылмыстық құқығы Жалпы бөлімі, ҚР қылмыстық құқығы Ерекше бөлімі, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы, Криминология, Құқықтық статистика негіздері, Жаза тағайындау теориясы мен тәжірибесі.
Постреквизиттер: Өндірістік іс-тәжірибе, диплом алды іс-тәжірибе, мемлекеттік емтихандар, магистрлік жұмысты қорғау.
ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Заманауи құқықтық мәселелермен таныстыру, қазіргі заң ғылымында талқыланып жатқан көкейтесті мәселелермен ақпараттандыру және сол арқылы саяси, құқықтық және адамгершілік сананы, кәсіби мәдениетті жоғарылату. Құқықтың дамуының тысқары заңдылықтары, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту туралы білімдерді тереңдету. Мемлекеттік органдар қызметі үшін жалпы теориялық білімдердің қажеттілігін мойындату, сонымен қатар, құқық қолдану қызметінің тәжірибелік сұрақтарын шешуде құқық теориясының тұғырлы ережелерін қолдану машығы мен қабілетін дамыту. Тәлімгерлердің білімдерін мемлекеттік-құқықтық тірліктің заманауи ой елегінен өткізілуі, мемлекеттік басқару қызметін жетілдіруі нәтижесінде қалыптасқан жаңа пікірлермен байыту. Отансүйгіштік пен ұлтаралық келісімге негізделген өмір мен тәжірибе ісінде құндылық бағдарларды қалыптастыру, магистранттардың теориялық білімдер негізінде заңгерлік дайындығын күшейтіп, оларды көзқарасқа және жүріс-тұрыстың қозғалтқыш күшіне айналдыру.
Курстың қысқаша мазмұны: «Ұлттық заңнамадағы құқық қағидаларының көрінісі» пәні заң факультеті магистратурасында оқытылады. Бұл курстың пәні ретінде құқық құқықтану деп аталатын заң ғылымдарының бүтіндей бір кешенімен зерттеледі. Құқық теориясы құқықтануда ерекше орынға ие. Бұл ғылым теориялық, тұжырымдамалық ғылым. Ол құқықтың мазмұны мен мәнін, оның құрылымын, құрылымдық элементтерін, әрекет тетіктерін, яғни, тұтастай құқықтанудың жалпы мәселелерін зерттейді. Құқық теориясы негізінде және оның қорытындыларына сүйене отырып, салалық заң ғылымдары заңнаманың дербес салалалрын зерттейді: азаматтық, қылмыстық, еңбектік, процестік және т.б. Сонымен бірге құқық теориясы салалық пәндердің тұғырнамаларына сүйене отырып, жоғары теориялық деңгейде олардың ережелерін ортақ түйінге келтіреді. Құқық – күрделі құбылыс. Ол үш қабатты, үш элементті қамтиды: 1) құқықтық ойлар, құқықтық сана; 2) құқықтық нормалар; 3) қоғамдық қатынастар. Құқық теориясы құқықтық материяның бұл қабаттарын, элементтерін түгел зерттейді: 1) Құқық туралы адамдардың пікірі аумағы ретіндегі құқықтық ойлар мен құқықтық сананы; 2) Құқықтық нормаларды, олардың мазмұнын, нысаны мен мәтінін, түрлері мен қабылдану және қолдану тәртібін; 3) Құқық реттейтін құқықтық қатынастар аумағын, яғни, әрекеттегі құқық нормаларының аумағын. Құқықтану аумағындағы теориялық зерттеулер ғылыми мақсаттарда ғана емес (жаңа құбылыстар мен заңдылықтарды ашу), құқықтың дамуы мен жетілдірілуінің нақты жолдарын негіздеуге қатысты таза тәжірибелік сұрақтарды шешу үшін де жүргізіледі.
Құзіреттілік:
Пәндік құзіреттілік – курсты оқи отырып, магистрант негізгі құқықтық категориялардың мазмұны мен тағайындалуын білуі, оларды барлық іс-әрекетінде ұтымды қолдана алуы, құқықтанудың теориялық-әдістемелік құралдарын пайдалана білуді үйренуі, оның құрамдас бөліктерін және нышандарын магистрлік диссертация мен өзге де ғылыми еңбектер жазу кезінде қолдана алуы, ғылыми пікірсайыстарға қатысып, даулы мәселелерді талдай алу қабілетін ширықтырып, тиісті деңгейде дәйектер мен деректер келтіре отырып, өз пікірін қоя алатындай болуы тиіс. Сонымен қатар, заң ғылымы жүйесіндегі құқық теориясының орны, субординациясы, иерархия және өзара қарым-қатынасы туралы өз көзқарасын кеңейтуі тиіс.
Пәннен тыс құзіреттілік – Магистранттарды қоғам өмірінде ұдайы күшейіп отыратын құқық ролі туралы және өз қызмет атқарулары кезінде осыған барынша ат салысуға тырысулары керектігі туралы түсінікке бағыттау. Сосын:
- қандай да бір кезеңдегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, дамуы және қалыптасуы туралы ғылыми-теориялық және тарихи негіздерін білуі;
- қоғамның дамуының маңызды сатыларын жалпы тарихи үрдістер заңдылығы негізінде уақыт тәртібінде анықтай білуі;
- мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды талдау машығына ие болуы;
- Қазақстанның мемлекет пен құқық тарихы сұрақтарында білікті болуы керек.
Пререквизиттері: Курсты оқыту негізі Мемлекет және құқық теориясы, тарихи-құқықтық пәндер, Қазақстан тарихы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасы және шет елдердің Конституциялық құқығы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы болып табылады.
Постреквизиттер: Құқық философиясы, Құқық антропологиясы, Салыстырмалы құқықтану, Заманауи құқықтың қайнар көздері, Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың теориялық-тарихи аспектілері, Азаматтық қоғам дамуының теориялық-тарихи мәселелері.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мамандығы: 6М030100 – Заңтану
Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Жаңа құқықтану концепциясына сәйкес ғылыми тану курсының мақсаты реттеу, негіздеу және жаіа құқықтық конституциялық құқық ғылымының құқықытық аппаратының мәнін дайындайды. Сонымен қатар, заң ғылымы жаңа құқықтық құрал көмегімен объективті шындықты қарастыру керек.
Курстың қысқаша мазмұны: ҚР конституциялық құқық ғылымын жалпы әлемдік құқықтық ойларды қалыптастыру кезеңінде, қазіргі кезде заң ғылымының алдында тұрған объективті ғылыми сараптама аясында позитивті үрдісті реттеу әр бағыттағы мәселелер. Қазақстанның конституциялық құқық ғылымы мемлекет және қоғамның ары қарайғы демократизациялау, өзінің жалпы құқық идеясын гуманизациялау бағытында, құндылығы мен бағытын таңдайды.
Құзырет: Алған білімдері мен тәжірибелерін олардың болашақ кәсіби қызметінде заң шығарушы, атқарушы және сот билік тармағында, құқыққорғаушы және мамандандырылған мемлекеттік органдарда, мемлекеттік және жеке секторлық заң қызметінде, ҚР халықаралық қызмет аясында қолдануларына мүмкіндік береді.
Білім: Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар пән аясында негізгі заңдық түсініктерді, арнайы заңдық терминдер.
Істей білу: Магистрант осы пәнді оқу үрдісінде өз ойын сауатты, нақты жеткізе білуге, қаржы құқық мәселелері және конституциялық сұрақтар бойынша салыстырмалы сараптама жасауға, конституциялық және қаржы құқықтық актілерді қолданып, түсіндіре білу керек.
Тәжірибе: Курсты оқу нәтижесінде магистранттар теориялық білімін тәжірибелік қызметте нормативті құқықтық актілерді саралауда қолдануға, заңдық маңызды жағдайларды сауатты бағалап, заңдық фактілерді бағалайды, кәсіби қызметте жүзеге асыруда алған білімдерін қолданады.
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы,Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы, Халықаралық құқық,Әкімшілік құқық,ҚР қылмыстық құқығы,ҚР азаматтық құқығы, Философия, Саясаттану, Әлеуметтану.
Постреквизиттер: ҚР-дағы және шетел мемлекеттеріндегі конституциялық бақылау институтының өзекті мәселелері, салыстырмалы конституциялық құқық, Конституционализмнің доктринасы.
ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕТІКПЕН КҮРЕСУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: пәннің мақсаты – магистранттардың жосықсыз бәсекемен күрес туралы, бәсекелестік заңнамасы, бәсекелестікті қорғау бойынша қызметтің барлық қырлары туралы, құқық жүйесіндегі бәсекелестік (монополияға қарсы) құқығының орны туралы, бәсекелестік туралы заңнаманы бұзудың негізгі түрлері туралы, бәсекелестікті адвокаттандыру мәселесі және бәсекелестік заңнамасын бұзған үшін санкциялар туралы білім алуы болып табылады. Пәннің негізгі міндеттері жосықсыз бәсекемен күресудің құқықтық мәселелерімен, сәйкес заңнаманың даму тарихымен, бәсекелестікті қорғау бойынша әрекеттер туралы мәліметтермен таныстыру болып табылады. Күтілетін нәтижелер магистранттарда келесі құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады: жосықсыз бәсекелестікпен күресу саласында кәсіби дағдыларды және әрекет етуші заңнаманы және құқық қолдану тәжірибедегі білімдері мен оларды дұрыс қолдана алулары арқылы жосықсыз бәсекені анықтаумен, болдырмаумен және алдын алумен байланысты, кәсіби мәселелерді ұтымды шешуге мүмкіндік беретін, оқу үрдісінен тыс, тәжірибеде қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |