"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 260.75 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі260.75 Kb.

 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 1110 бұйрығына қосымша


"Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
      1. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).


Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берілген күннен бастап кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

      2) қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18:30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) Мемлекеттік корпорациия – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы "броньдауға" болады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді алуға қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Өтініштің қабылдағанын растау өтінішті қабылдау күні, қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні және әкесінің аты (ол болған жағдайда), көрсетілген талонды беру болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және
(немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымда мыналар көрсетіледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошта мекенжайы (заңды тұлға үшін).

      Шағымның шығыс нөмірі және күніне көрсетілген қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның филиалы, бөлімі басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымда немесе шағымның ілеспе хатында қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жөнелткен кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.


Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік
корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz

      13. Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Министрліктің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 27 90, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.



      15. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
Каталог: sites -> default -> files -> Zhupar -> documents -> gos uslugi -> Standart -> Kasipkerlik
Standart -> «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
Standart -> Эқабж мо 1. нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
Standart -> "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Standart -> "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Standart -> «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»
Standart -> «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Standart -> «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Standart -> «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,

жүктеу 260.75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша