Сабақтың мақсаты: Оқушыларды



жүктеу 57.13 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі57.13 Kb.
түріСабақ

Сыныбы:













Күні












Тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру үшін жағдай жасау, оның құрамдас бөліктерін анықтау.

Оқушылар білуі тиіс: «Компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтауды, компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, дыбыстық, желілік және видеокарта , пернетақтадағы басқару пернелерінің қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс: Адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін; оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернатақтаны қолдануды, компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, олардың қызметіне сипаттама беруді, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа қатысты жасалған презентация

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білім меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІҮ. Бекіту.

Ү. Үй тапсырмасы.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланады: Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы - ол

компьютер. Бүгінгі сабақта сіздер : компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысының не үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыздар.
ІІІ. Тақырыпқа қатысты жасалған презентация арқылы Компьютер- әмбебап есептеуіш машина тақырыбы түсіндіріледі.

Компьютер - күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасауы үшін программалық жабдықтамалар қажет. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.

Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео мен фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі. Компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады.

Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.

Алғашқы компьютерлер тек есептеулер үшінжасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.

Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Мұндай ақпаратты арнайы дерек қорларында орналастырады.

Компьютерді қолданудың келесі қадамы – әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.

Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізуге болмайтын салаларда модельдер құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді (процестерді) зерттеуде. Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады. Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.

Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.

Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалан алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.

Дербес компьютер - ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.

Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.

Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі ең кішісі алақан (қалта) компьютері.

Тақырыпқа қатысты жасалған презентация арқылы және істен шыққан жүйелік блокты бөлшектеу арқылы компьютердің құрылымы тақырыбы түсіндіріледі.

Компьютердің негізгі құрылғылары: монитор, пернетақта, жүйелік блок. Компьютердің қосымша құрылғылары: тышқан, ойын джойстигі. Жүйелік блоктың құрамы: аналық тақша, жедел жады, қатты диск, процессор, дисковод, видеокарта, дыбыс картасы және т.б. Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді. Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақтайтын жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Қатты дискі – ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы. Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет. Желілік карта -компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосулы үшін қажет.

Пернетақта – компьютерге ақапарат енгізу құрылғысы. Пернетақта бөліктері: Алфавиттік-цифрлық пернелер, курсорды басқару пернелері, функционалдық пернелер, қосымша цифрлық пернетақта, басқару пернелері.



Басқару пернелерінің пернелерімен сұрақ-жауап арқылы таныстырылады.
ІҮ. Түсіндірілген тақырыпқа қатысты оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пернетақта тақырыбын бекіту үшін, оқулықтың 44-46 б.б. тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындату.

Ү. № 5-6 параграфтың мазмұндарын оқу, 37бет, 13 тапсырма, 48бет, 7 тапсырмалардың жауабын дәптерлеріне жазып келу. 48 беттегі 8 тапсырманы өз қалаулары бойынша орындау. Тақырып соңындағы бақылау сұрақтарына жауап беруге дайындалу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Оқушылардың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру «Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға»
doc -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмыты дамыту жолдары
doc -> Шалдай жалпы білім беру орта мектебінің Ағылшын тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің
doc -> №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 2015– 2016 оқу жылында дарынды оқушылардың жетістіктері
doc -> Физика-математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолы
doc -> «Ғылыми зерттеу мәдениеті» Бастауыш сынып мұғалімі А. Е. Султанова 2015-2016 оқу жылы Түсінік хат
doc -> Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не? Сабақтың мақсаты: Ғарыш туралы білу
doc -> Логика әлемі
doc -> Қолдаудың рөлі Дайындаған: Жақсы №1 орта мектебінің
doc -> Жобаның өзектілігі

жүктеу 57.13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша