Құрамы № р/р Т. А.Ә қызметі 1



жүктеу 102,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі102,5 Kb.
#21830
түріҚұрамы


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 23 ақпандағы

163 бұйрығына



1-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым,

 балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің

 құрамы

 


р/р

Т.А.Ә

 

қызметі

1

Ірсалиев

Серік Азтайұлы



-

төраға

2

Мамытов

Нұрғалй Киябайұлы



-

мемлекеттік құпияларды қорғау басқарма басшысы

3

Сағадиев

Ерлан Кенжеғалыұлы



-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

4

Өрсариев

Арын Амангелдіұлы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы

5

Әбдікәрім Мәншүк

Сәметқызы

 

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

6

Байжанов

 Нұрсейт Абсаттарұлы



-

Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы

7

Шамшиева

Нұргүл Ақылбекқызы



-

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Президенті

8

Өтешова

Анар Әбитайқызы



-

«Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының директоры

9

Алауханов

Есберген Оразұлы



-

ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі Комиссиясының сараптама кеңесінің төрағасының орынбасары

10

Бөрібеков

Қадырбек Қазыбайұлы



-

«Холдинг «Кәсіпқор» АҚ коммерциялық емес кеңесінің Төрағасының орынбасары

11

Беженаров

Виктор Федорович



-

«Қазақстандық білім және ғылым саласындағы қызметкерлердің кәсіби одағы» ҚҰ төрағасының орынбасары

12

Гамарник

Геннадий Николаевич



-

«Холдинг» «Кәсіпқор» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі

13

Дмитриенко

Елена Александровна



-

«Жулдыз» «Балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы» республикалық қоғамдық ұйымының президенті

14

Каликова

Сауле Аманжолқызы



-

«Сорос-Қазақстан Қорының білім беру жөніндегі кеңесшісі

15

Курішбаев

Ақылбек Қажығұлұлы



-

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры

16

Омаров

Манен Ембергенұлы



-

«Қазақстан Республикасының колледжінің ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі

17

Рыль

Ольга Владимировна



-

«Право» қоғамдық қорының Торағасы

18

Сейдахметова

Римма Ганиқызы



-

Коммерциялық емес мекеме «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» төрағасы

19

Төлебаев

Нұрбол Насырбекович



-

«KATEV» ХҚҚ Тәрбие және ұйымдастырушылық жұмыстар жөніндегі Вице-президенті

20

Туркестанова

Ляззат Мақсұтқызы



-

«Білімді ел образованная страна» Республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

21

Увалиева

Зауре Тимурқызы



-

Евразия халықаралық орталығы ЖШС, Құрылтайшысы Директор

22

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

23

Платонов Артур Станиславович

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

 

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 23 ақпандағы

163 бұйрығына



2-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым,

 балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы



ереже

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құратын консультативтік-кеңесші, қадағалау органы болып табылады.



2. Қоғамдық кеңес халыққа есеп беру жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының қоғамымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.

3. Қоғамдық кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және тағы да басқа Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы Ереже құрайды.

 

 

2. Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері



 

4. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

5. Қоғамдық кеңестің міндеттері:



1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) Министрліктің азаматтық қоғаммен өзара байланысын дамыту;

3) Министрліктің қызметінің ашықтығын және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

 

 



3. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары

 

6. Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:



1) қоғамдық негіздегі қызметі;

2) автономдық;

3) дербестік;

4) жариялылық;

5) кеңес мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

 

 



4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

 

7. Қоғамдық кеңестің өкілеттігіне мыналар кіреді:



1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоба жоспарларын немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес Министрлікке ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді. 5) тармақшасы бойынша Қоғамдық кеңес НҚА жобаларына негізделген ұсыныстар береді.

 

 



5. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің
құқықтары мен міндеттері

 

8. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:



1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен Министрліктің ведомствалық ұйымдарына, құрылым бөлімшелеріне кіруге;

2) Министрліктің тиісті лауазымды тұлғаларының келісімімен Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;

3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша Министрлікке жүгінуге құқығы бар.

9. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:



1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;

4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

 

 



6. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

 

10. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан құрылады.



Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

11. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.

12. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

13. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібінің өзге де мәселелері мемлекеттік органның басшысы бекітетін Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.

 

 

7. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын Талаптар



 

14. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат болып жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

15. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:



1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

16. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

17. Белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

 

8. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның


төралқасының өкілеттіктері және Қоғамдық кеңес төрағасы мен
хатшысының өкілеттіктері

 

18. Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып - Қоғамдық кеңес табылады.

19. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің торағасы мен хатшысы, Министр, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді. Төралқа құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне өз үлесін қоса алады.

20. Қоғамдық кеңестің төралқасы:



1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау қызметін қамтамасыз етеді.

21. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) Министрліктің отырысында кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

22. Қоғамдық кеңеске кіретін комиссиялар:



1) Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және Министрлігінің ашық жұмысын ұйымдастыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар және басқа бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың, ұйымдастыру құжаттардың жобаларын қарау комиссиясы;

2) Білім және ғылым жүйесін жаңғырту байланысты комиссия;

3) Білім және ғылым саласындағы кадрлармен жұмыс істеу, өтініштерін қарау, жемқорлықпен сыбайлас күрес, қызмет этикасы нормаларын сақтау жұмыстарымен айналысатын комиссия;

4) Нормативтік құқықтық актілерін қарау комиссиясы;

5) Білім және ғылым саласындағы кәсіпкерлікті дамыту сұрақтарымен айналысатын комиссия.

 

 



9. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмысының жариялылығы

 

23. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады. Қоғамдық кеңес төрағасы кеңес мүшелері арасынан мемлекеттік қызметпен айналыспайтын белгілі қоғам қайраткерлері арасынан сайланады. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшы, төралқа құрамы сайланған соң, жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттілігі тоқтатылады.

24. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

25. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, Қоғамдық кеңесті өз қатысуымен құрған Министрлік қамтамасыз етеді.

26. Қоғамдық кеңес отырысының орны, күні, күн тәртібі жөнінде және онда қарастырылатын сұрақтар жөнінде Қоғамдық кеңестің мүшелеріне хатшы сол отырысқа кем дегенде бес жұмыс күні қалғанға дейін ескертуі тиіс.

27. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы. Қоғамдық кеңес халықты ақпараттандырады:



1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзара байланыс нәтижелері туралы;

2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау туралы;

3) отырыстардың күн тәртібі туралы;

4) қабылданған шешімдер туралы;

5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

2. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.

 

 

10. Қоғамдық Кеңес жанында комиссия қызметін ұйымдастыру



 

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және Министрліктің ашық жұмысын ұйымдастыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар және басқа бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың, ұйымдастыру құжаттардың жобаларын қарау комиссиясы

Комиссия стратегиялық бағыттағы бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін, басқару жүйесін оңтайландыру үшін және Министрліктің қызметінің ашықтығын ұйымдастыруын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

 

Білім және ғылым жүйесін жаңғыртуға байланысты комиссия



Комиссия қоғамдық маңызы бар шешімдердің қоғам мүддесіне сай келу сұрақтарын қарау үшін құрылады.

 

Білім және ғылым саласындағы кадрлармен жұмыс істеу, өтініштерін қарау, жемқорлықпен сыбайлас күрес, қызмет этикасы нормаларын сақтау жөніндегі комиссия



Комиссия кадрлармен жұмыс істеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жәрдем көрсету үшін құрылады.

Нормативтік құқықтық актілерін қарау комиссиясы

Министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін дұрыстығын мен заңдылығын жөніндегі зерттеу мақсатында құрылады.

Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша комиссия ұсынымдар түріндегі қорытынды шығарады, ол алынып отырған НҚА жобасымен бірге тиісті уәкілетті мемлекеттік органға бағытталады.

 

Білім және ғылым саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға байланысты комиссия



Комиссияның жұмысы білім және ғылым саласындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін бағытталған. Көбінесе бұл сұрақтар білім және ғылым саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу, бақылаушылық, рұқсат етуші шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сонымен қоса, кәсіпкерлікке қатысты басқа да функцияларды енгізу.

Комитеттердің шешімдері ұсынымдық сипатта ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде қабылданады. Комиссияның шешімі хаттамамен бекітіледі.

 

 



11. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

 

28. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

29. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

30. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


жүктеу 102,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау