«izet» қоғамдық қоры Қызылорда облысы умбетаев Шыңғыс Амантайұлы – «izet» қоғамдық қорының директоры



жүктеу 202 Kb.
Дата01.01.2020
өлшемі202 Kb.
#25771


ЖОБА

«IZET» қоғамдық қоры

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ



Умбетаев Шыңғыс Амантайұлы – «IZET» қоғамдық қорының директоры

Ұйымның мақсаты және міндеті:

«IZET» қоғамдық қоры – әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды қолдау, кәсіпкерлік бағытында тренингтер ұйымдастыру, мүгедек жандар үшін қолжетімді жағдай жасау, жастар идеяларын қолдап жүзеге асыру.

Қор қызметінің бағыты: Әлеуметтік бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыру, жастар саясатын жүзеге асыру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, ауылшаруашылық саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру, мамандық таңдау бағытында семинар-тренингтер өткізу.

Қаржыландыру көздері: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының гранты

Қосымша: Өз қаражаты




Қызылорда облысы бойынша «Қолжетімді орта» (Доступная среда) әлеуметтік жобасының паспорты


Әлеуметтік жобаның авторы

Умбетаев Шыңғыс Амантайұлы – «IZET» қоғамдық қоры

Әлеуметтік жобаның атауы

«Қолжетімді орта» (Доступная среда) әлеуметтік жобасы

Жобаның бағыты

БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен бағдарламасы аясында БҰҰ "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" тақырыбына арналған гранттық жоба аясында «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Қолжетімді орта» (Доступная среда) әлеуметтік бағыттағы жобасы жүзеге асыру;

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



Ұсынылған жобаның әлеуметтік маңыздылығы, негізгі мақсаты мен міндеті (қысқаша аннотация)

Жобаның мақсаты және міндеті:

Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы «Әлеуметтік мекемелер үйі» ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға мекемеге кіріп-шығу үшін кедергісіз, қолжетімді, қолайлы жағдай жасау.

Жобаның міндеті:

Қызылорда облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтудыүйлестіру басқармасымен бірлесіп жұмыс жасау;

Қолжетімді орта қалыптастыруға арналған арнайы тактильді жолақтар, тактильді пиктограммалар, жуынатын бөлмелерге арналған ұстауыштар сатып алу және стандартқа сәйкес орнату;

Қоғам назарын мүмкіндігі шектеулі жандарға аударту, пилоттық жоба болғандықтан барлық мекемлерде қолжетімді орта қалыптастыру туралы ақпарат тарату;

Қысқаша аннотация:

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан барынша қамқорлық жасалуда. Бірақ, әлі көптеген мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге дайын емес. Осы себепті 2015 жылы «Қолжетімді орта» (Доступная среда) жобасын жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет алатын мекемелеріне жағдай жасауды, мүмкіндіктерді жүзеге асыруды қарастырды.

Қызылорда облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап бейімдеуге жататын 2326 мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік емес мекемелер бар. Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қызмет түрлерін ең көп көрсететін Қызылорда облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы орналасқан «Әлеуметтік мекемелер үйі» ғимаратында стандартқа сәйкес мүгедектің мекемеге еркін кіріп-шығуы үшін «қолжетімді орта» қалыптастырды. Яғни, ғимаратта, бағыттаушы тактильді жолақтар, кедергіні ескертетінтактильды плиткалар, брайль әріптері жүйесімен жазылған тактильды тақтайшалар, қызметкерлерді шақыратын арнайы қоңырау, жуынатын жер мен дәретханаларда ұстауыштар орнатылды. Мекеменің Брайль әріптерімен жазылған арнайы тактильды ақпараттық тақтасы орнатылды.

Жоба аясында Қолжетімді ортаны қалыптастыру бағытында әлеуметтік сала мен мемлекеттік мекеме басшыларына «Намыс» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Иманалиев семинар-тренинг өткізді.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мекемеден қызмет алуы жеңілдей бастады. Аталған жобаның қалай жүзеге асқанын көрген мемлекеттік мекеме басшылары қызығушылық білдіре бастады.

Қоғамдық қорға бірнеше хабарласып, өздерінің мекемелеріне қолжетімді ортаны стандартқа сәйкес қалай жасау керектігін сұрап бірнеше мекеме хабарласты. Осы себепті, жеке кәсіпкер «Қолжетімді орта» (Доступная среда) орталығын құрдық. Орталық бүгінгі таңда 500-ге жуық мекемеге қатысты ақпараттық кеңес беріп, 100-ге жуық мекемені қолжетімді ортаға сәйкес жабдықтады. «Қолжетімді орта» орталығы бүгінгі таңда 2 адамды жұмыспен қамтып, түрақты түрде жұмыс жасап келеді.



Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

«Қолжетімді орта» жобасының әлеуметтік маңыздылығы зор. Қоғам мүмкіндігі шектеулі жандарға тең дәрежеде назар аудара бастады. Олардың осы жоба басталғаннан бері, қажетті мекемелерден еш қысылмай өз қызметтерін алуға мүмкіндік туды. Осы жоба арқылы барлық мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандарға өз мекемелеріне еркін кіріп-шығу үшін, еркін қызмет алу үшін жағдай жасауды бастады.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 сәуіріне 26946 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2504, II топтағы - 11100, III топтағы - 9262, 18 жасқа дейінгі - 4080 мүгедек балалар тіркелген. 

Жобас аясында өткізілген тренингке 50 адам қатысты.

Жоба туралы 500-ге ақпарат таратылды.

Әлеуметтік мекемелер үйінде бірнеше мекеме орналасқандықтан, жоба аясында жоғарыда көрсетілген санның 50 пайызға жуық қамтамасыз етілді.



Қаржыландыру көздері

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы және ҚР Үкіметі бірлескен бағдарламасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" тақырыбына арналған гранттық жобасы.

Қосымша: Өз қаражаты



Жоба аяқталғандағы өзгерістер


Қол жеткізген нәтижелері:

Қызылорда облысындағы «Әлеуметтік мекемелер үйі» ғимаратында барлық стандарттарға сәйкес, қолжетімді орта қалыптасты.

Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге қолжетімді орта жобасы үлгі болды. Яғни, барлық мекемелер осы жоба негізінде қолжетімді орта жағдайын жасады.

Жоба туралы Бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттарылынды.

Жоба аясында көптеген мекемелер қолжетімді ортаға назар аудара бастағандықтан, қолжетімді ортаны қалыптастыру қызметі қажет болғандықтан, жеке кәсіпкер «Қолжетімді орта» (Доступная среда) орталығы құрылды. Яғни әлеуметтік кәсіпкерлік ашылды. Орталық міндеттері

Ғимараттарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп, қызметтерді толық пайдалануға мүмкіндіктер жасау;

Әлеуметтік нысандарды паспорттау;

ҚР заңнамасына сәйкес пандустар және перилалар орнату;

Кедергісіз орта бойынша семинар-тренингтер ұйымдастыру;

Тактильдік тақталар, тактильдік плиткалар, брайль әріптерімен жазылған жазбалар, мүгедектер арбасы көтеріліп- түсетін жолақтар, автотұрақтарда арнайы орындар, баспалдақпен шығатын жерлерде тұтқалар, мекеме қызметкерлерін шақыру тетіктерін орнату

Мекемелерге аталған мәселе бойынша ұсыныстар жеткізу және оны жүзеге асыру;

Орталық бүгінгі таңда 100-ге жуық мекемені қолжетімді ортаға бейімдеп, 500-ге жуық мекемеге қолжетімді орта қалыптастыру туралы ақпарат таратты.

Орталық бүгінгі таңда тұрақты түрде жұмыс жасап, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жоба аясында «Мекемелерде қолжетімді орта қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті «НАМЫС» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Иманалиев жүргізді.



жүктеу 202 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау