Қр білім және ғылым министірлігі



жүктеу 1,88 Mb.
бет1/3
Дата18.03.2023
өлшемі1,88 Mb.
#41826
  1   2   3
Зертханалық жұмыс №6

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«Г.Даукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ақпараттық технологиялар институты
«Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасы


Пән атауы: IT-жобалар менеджменті


Зертханалық жұмыс №6
(5-зертханалық жұмыстың жалғасы)


Тақырыбы:«Ресурстарды жоспарлау және құру, MS Project бағдарламасындағы тапсырмалар»
Орындаған: Жанбабаев Е.А., МИСнк-22-1 тобы.
Тексерген: АЭжБУ доценті , PhD, Бидахмет Ж.
Алматы, 2023
Жұмыстың мақсаты: қызметкерлер мен материалдық ресурстарды тағайындауларды жоспарлау ерекшеліктерін, сондай-ақ принциптерін зерттеу, тапсырманы орындау кезінде ресурс жүктемесін бөлу.


Анотация:
Жобаларды жасау, талдау және жүзеге асыру өндірісте, ғылымда,білім аясында, денсаулық сақтаут.с.с. салаларда жүзеге асырылатын іс-қимылдың тізбегі. Жобаның барынша тиімді әрі нақты болуы алдын ала есептеуді және виртуалды түрде елестетуді қажет етеді. Аталмыш жұмыс жобаларды басқару үрдісінің маңызды бөлігі. Қазіргі жағдайда жобаны басқару үшін заманауи технологиялар кеңінен қолданылуда. Солардың бірі болып MS Project бағдарламасы табылады.. Project Service сізге жобаны жоспарлауды, соның ішінде бағалауды орындауды жеңілдетеді. Соңғы ұсыныс жіберілген кезде құн, әрекет және сатылым мәндерінің анық болуы үшін жұмысты анықтауға болады. Енді Microsoft Project бағдарламасына арналған Dynamics 365 Project Service Automation қондырмасын орнатуға және Microsoft Project бағдарламасының таныс ортасында жоспарлау жұмыстарын орындауға болады.


Түсіндірме бөлімі
Жоба- ол бұрын болмаған өнімді шығару немесе қызмет көрсету үшін атқарылатын ісқимылдың жиыны. Кез келген жоба уақытқа тәуелді болады, яғни оның басталу және аяқталу уақыты болуға тиісті. Жобаны басқару деп оның жоспарын құрып, жүзеге асырылу үрдісінжәне қойылған мақсатқа қол жеткізілуін қадағалануын айтады. Жоба кез келген салада, өндірісте, ғылым және білім аясында, денсаулық сақтау т.с.с. бағыттарда атқарылады [1].
Осы орайда заманауи технологиялардың мүмкіндіктері жобаны басқаруда өте маңызды роль атқарады. Жобаны нақты түрде жүзеге асырмас бұрын алдымен оны виртуальды түрде модельдеп алса, оның қойылған мақсаттарға қол жеткізілу ықтималдығы барынша арта түседі.
Бүгінде жобаларды басқару үшін қолданылатын бағдарламаларға MS Project, Project Expert жүйелері жатады.Project Expert жүйелерінің жұмыс жасау принциптері авторлардың бірігіп жазған бұл жұмыстасында жарияланды [2]. MS Project бағдарламасы жалпы жобаларды жүзеге асыруда, ал Project Expert бизнес жоспарды модельдеуге пайдаланылады [3,4].
Microsoft Project бағдарлама кешені шағын және орта жобаларды жүзеге асыруда менеджерлердің кең қолданатын құралы болып табылады. Себебі біріншіден оның қарапайымдылығы, екіншіден біраз мүмкіншілігінің бар екендігі, үшіншіден қолданушыға таныс интерфейстің болуы. Microsoft Project жобаларды әртүрлі кезеңде тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бағдарлама жобаларды кезеңкезеңге бөліп құрылымын және төте жолдағы міндеттерді анықтауға жағдай жасайды, жобаны жүзеге асыру графигін кескіндейді, атқарылуға тиісті жұмыстарға ресурстарды тағайындайды.
Сонымен бірге айта кететін жайт, кез келген қолданушы офистік WORD, EXCEL тәріздес бағдарламада белгілі бір деңгейде жұмыс жасау білсе,MS Project бағдарламасында жұмыс жасау үшін жобаның жасалу теориясын белгілі бір деңгейде білуі тиіс. Сонда ғана бағдарламаның тиімділігі мен ерекшеліктері айқындала түседі. Тағы бір айтатын нәрсе MS Project бағдарламасының 2002,2007 және 2010 жылғы нұсқалары бар. Қолданушы бір нұсқасын игерсе,басқа нұсқаларда жұмыс жасау ешқандай қиындық туғызбайды. Бұл жұмыста 2010 жылғы нұсқасы қарастырылған. Бағдарламаның бастапқы көрінісі 1- суретте бейнеленген:

1сурет. MS Project бағдарламасының көрінісі

1 суреттен кескіннің екі бөлікке бөлінгенін көруге болады. Бірінші бөлікте жүзеге асырылуға тиісті міндеттердің жазбаша сипаттамалары беріледі, екінші бөлікте міндеттердің орындалуын білдіретін графикГант диаграммасы кескінделеді.





жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
Рабочая учебная
мектепке дейінгі