Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясатану кафедрасы
Саясаттану пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
барлық мамандықтарына арналған
сырттай оқу нысаны
Кафедра отырысында ұсынылған «26» қазан 2010 ж.
Хаттама № 3
ӘжС кафедрасының меңгерушісі _____________ Ғ.Н.Иренов
Дәріскер _____________ Г.М.Каппасова
Павлодар
Дәріскер: Каппасова Гүлсара Маданиқызы
«Саясаттану» пәні бойынша дәрістерге дайындалу тапсырмалары
Ақпараттық дәріс материалын қабылдауға дайындық. Аталмыш студенттердің дайындығы өзіне қандай?
Біріншіден, осы жұмысқа психологиялық күйге келу: қажеттілік пен орындау жүйелілігі. Екіншіден, саналы танымдық-тәжірибелік бағыт-бағдар, соның ішінде:
1. Бағдарлама мен оқулық бойынша алдағы дәрістің материалдарымен танысу. Белгілі болғандай, оқулық жылына бір рет шығарылады, және кейбір сұрақтар онда енбеуі мүмкін. Осы жайтты ескере отырып, студенттер жоқ сұрақтардың жауабын дәрістен іздейді.
2. Дәріс барысында кейбір жұмыс түрлерін орындау, оның бәрі дайындыққа қажет.
3. Жұмыс бағдарламасына енген өздік жұмыстарымен танысу. Тапсырмаларды орындау үшін арналған әдебиеттерді таңдау.
Алдағы дәріске дайындалу, студентті шығармашылық жұмысқа баулға үйретеді.
Дәріс сабақтарының мазмұны
(сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған)
Тақырып 1. Саясаттану ғылым ретінде.
Саясаттанудың объектісі және пәні. Саясаттанудың заңдары және санаттары (категориялары), әдістерімен қызметтері. Саясат: ұғымы, мазмұны, және оның термин ретінде тарихи қалыптасуі. Саясаттың элементері: билік, субъектер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде саясаттанудың орны. Саяси ғылымның құрылымы және оның парадигмалары. Саяси ғылым және іс-тәжірибенің байланысы.
Тақырып 2. Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары.
Ежегі Шығыс саяси ілімдер (буддизм, конфуциандық, даосизм, легизм). Ежелгі Грек және Ежелгі Римнің саяси ілімі (Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон). Ортағасырлық Шығыс саяси ілім (Әл-Фараби, Низами, Әлишер Навои). Ортағасыр және Ренессанс және Ағартушылық кезенінде саяси интерпретациялар. Қазақстан саяси ілімі қалыптасуы және дамуы. Жүсіп Баласағұн, Қорқыт-ата, Қожа Ахмет Яссауидің ойлары. Фольклор - қазақ елінің саяси ойдың көз қайнары. Тауке хан заңдары. «Жеты Жарғы» - маңызды саяси-құқық құжат. XIX XX ғасырлар әлеуметтік-саяси идеялар және ағымы: либерализм, консерватизм, марксизм. XX ғасыр шетелдік саяси ілім (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже). XIX ғасыр қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсары, А. Құнанбаев). XX ғасырдағы Қазақстан саяси ілімі. А.Бүкейханов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров и т.б. саяси идеялары.
Тақырып 3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
Саясаттың әр түрлігі: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б. Саясаттың қызметтері: басқару және реттеу, қоғамның тұрақтылық және құндылықтармен қамтамасыз ету. Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Құқық, мораль (ақылақ) және саясаттың өзара қатынасы. Саясат әлуметтік күш және мүдделердің бақталастығы. Сыртқы және ішкі саясат.
Тақырып 4. Билік саяси феномен ретінде.
Саяси биліктің ұғымы және мәні және оның ерекшеліктері. Биліктің құрылымы: тұп негізі, дереккөздері, қызметтері, қорлары (ресурсы). Билікті ұйымдастыру және қызметтілік (ұстанымдары) принциптері. Заңды деп тану (легитимность) тұрпаттары (типтері): дәстүрлі, харизматикалық және рациональды-ресмилендіру, патриархалдық т.б. Билік тұжырымдамалар (концепциялары). Қоғамдағы саяси басекелестік және оппозицияның қажеттілігі. Қазақстан республикасында билікпен оппозиция және олардың өзара әрекеттері.
Тақырып 5. Ұлттық саясат және әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар.
Этнос және ұлт: ұғымы мен мәні. Ұлттық-мемлекеттік құрылғы нысандары (формалары): унитаризм, федерация, конфедерация. «Ұлт» категория түсінудің екі тұрғысы: этнолингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық көзқарастар. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Ұлттық мәселер және оның құрылымы. Ұлттық мәселерді шешім принциптері. Халықаралық қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік және халықаралық келісімді нығайту ролі. Ұлттық саясат мемлекеттік сасясаттың ең маңызды құрылымды бөлшегі. Қазақстан елдерінінң Ассамлеблеясы қоғамдық-саяси жүйе институты. Қазақстан көпдінді (поликонфессионалды) қоғам ретінде. Конфессия диалогтары және конфессияаралық келісім ретінде қазақстаңдық тәжірибесі.
Тақырып 6. Қоғамның саяси жүйесі.
Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері. Саяси жүйенің қызметтері: әлеуметтену, бейімделу (адаптация), реттеу (регуляция), сезіну (реагирование) және қатынас (коммуникации). Саяси жүйенің классификациялық өлшемдер (критерилер) және теориялар. Д.Истоннің, Г. Алмондтың және К.Дойчтың саяси жүйенің өлшем классификациясы мен теориялары. Дәстүрлік және казіргі саяси жүйелер (өкілдік, модернистік және постмодернистік). Саяси жүйенің институттары: мемлект, саяси партиялар, мемлекеттсіздік емес ұйымдар және топ мүдделері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің реформалық мәселелері және даму үрдістері (тенденциялары). Қазақстан Республикасының саяси-партиялық және сайлаушылық жүйенінің даму проблемалары.
Тақырып 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
Мемлекет: пайда болуы, мәні, нышаны, қызметі, мақсаты. Азаматтық қоғамның ұғымы. Азаматтық қоғамның генезисі және эволюция идеялары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйесінің типологиясы. Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің ядросы. Құқықтық мемлекеттің ұғымы және және оның ерекше нышандары. Азаматтық қоғамның құрылымы. Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы. Әлеуметтік мемлекеттің қызметі және демократиялық жана концепциялар. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасу проблемалары.
Тақырып 8. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.
Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Партия типологиясы. Партиялардың типологизациялық өлшемдері. Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы. Қазақстан Республикасында саяси партиялар және олардың заңдылық реттеуі. Саяси партиялардың қалыптасуы және мәні. Партиялық жүйелер: негізгі классификациясы. Қазақстандық партиялық жүйелерің моделі: тарих және қазіргі заман. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар: ұғымы және мәні. Қазақстан қоғамының саяси өмірініңдегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі. Қоғамдық қозғалыстар және саяси партилардың арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары.
Тақырып 9. Саяси режимдер.
Саяси режимнің ұғымы мен элементтері. Саяси режимнің типтері. Қазақстанның саяси режимі. Тоталитаризм және оның әр түрлігі. Авторитаризм: типологиялық формалары. Демократия және оның әр түрлігі. Демократияның қазіргі заман формалары (неодемократиялар). Демократияның ұғымы және мәні. Демократизация қазіргі этапта саяси ғылымның және тәжірибенің басты проблемалары болып табылады.
Тақырып 10. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғырту (модернизация).
Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі заман. Демократияның жалпы принциптері және мен институттары. Саяси модернизация: ұғымы, жүзеге асыру себептері, негізгі даму жолдары. Саяси өзгерістер саяси теорияның объектісі ретінде. Модернизация модельдері: саяси тәжірибе. Саяси дамудың дағдарыстары (мысалы ретінде - Қазақстан). Саяси жүйенің модернизация процессінің мәні сияқты демократиялық саяси жүйенің қалыптасуы. Қазақстан қоғамының саяси модернизация проблемалары.
Тақырып 11. Саяси процесс.
Саяси процесс ұғымы, мәні және негізгі мінездемесі. Саяси процесстің құрылымы. Саяси процесстің міндетті іс режимдері. Саяси процесстің сатылары (фазалары). Саяси процесстің мазмұны және типологиясы. Сыртқы саяси және ішкі саяси процесстер. Ашық және елеусіз саяси процесстер. Саяси әрекеттердің мінездемесі. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси мінез-құлық және оның формалары. Саяси шешім: дайындау, әзірлеу және жүзеге асыру.
Тақырып 12. Саяси сана және саяси мәдениет.
Саяси сана: мәні және құрылымы. Саяси мәдениеттің қалыптасуың қоғамдық пікір және оның ролі. Саяси мәдениет: қызметтері, концепциялар, құрылым элементтері. Саяси мәдениеттің қалыптасу субъектілері және факторлары. Саяси мәдениеттің қалыптасуындағы дәстүр және оның ролі. Қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті. Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық түрлері. Саяси әлеуметтенудің ұғымы. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы.
Тақырып 13. Саяси элита және саяси көсемдік.
Саяси элита, оның қызметтері және саяси элитаның қызмет ету факторлары, элита классификациясы. Классикалық және қазіргі заманның элита арналған теориялар. Бюрократизм саяси феномен ретінде. Саясаттың субъетісі ретінде элита мен көсемдер. Саяси элитаға рекруттық әдістерді жасау. Көсемдіктің мәні және табиғаты. Қазіргі Қазақстандағы саяси көсемдік институты және саяси элита. Тарихи қажеттілік нысан ретіндегі мемлекеттік басқару ҚР президенттік институты.Қазіргі Қазақстандағы саяси қөсемдік. Саясат субъектісі редіндегі элита және көсемдер.
Тақырып 14. Саяси технологиялар.
Саяси технологиялардың ұғымы. Саяси технологияның мәні және ерекше айырмашылықтары. Саяси технологияның құрылымы. Саяси процесстің анализі (талдауы): мәні, ерекшелігі, әдісі және саяси талдаудың негізгі этаптары. Саяси кеңес беру: ұғымы және мәні. Саяси кеңес берудің сатылары мен тәсілдері. Саяси шешімдерді қабыл алу. Мемлекеттік саясатың қалыптастыратың технологиялар. Дағдарыс технологиялар. Саяси жанжалды (конфликтер) реттеу технологиялар. Информациалық технологияларды қалыптастыратың факторлар. Сайлаушылық жүйелер: ұғымы және мәні. Мажоритарлық сайлаушылық жүйе. Аралас сайлаушылық жүйе. Сайлау кампаниясының стратегиясы.
Тақырып 15. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Дүниежүзілік саясаттың ұғымы. Халықаралық қатынастардың типтері және түрлері. Геосаясат: ұғымы және мәні. Халықаралық қатынастардың субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық саяси институттар, түрлері, мақсаттары және олардың ерекше қызмет етулері. Халықаралық дағдарыстардың себептері, түрлері, зардаптары, ескерту және шешу тәсілдері. ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағытты мінездемесі.
«Саясаттану» пәнінің семинарлық сабақтарға дайындалған кезде студент өте ұқыпты болу керек, берілген сұрақтарға жазбаша түрінде дәптерге жауап жазу қажет. Жауабы толық және нақты болу крек және сол жазылған конспект бойынша тәжірибелік сабақта студент ауызша жауап береді, бұл жауапқа студенттер жеке арналған балл ала алады. Ұсынған әдебиеттерді зейін салып қолданыныздар. Семинарлық сабақ – бұл оқу үрдісінің басты құрамдас бөлігі. Оқытушының және студенттердің оқу қызметі тәжірибелік сабақтарға шоғырланған. Сондықтан да қандай да, бір оқу пәні бойынша студентті дайындаудың сапасы тәжірибелік сабақтарды жүргізудің деңгейімен, оның мазмұны мен әдістемелігімен айқындалады. Бұл деңгей жоғары болу үшін, оқытушы тәжірибелік сабақтарды дайындау барысында кез келген өнер шығармасы сияқты өзінің ерекшелігі бар педагогикалық шығармадай жасау керек. Әдістемелік жұмыс әр оқытушының дағдысын жоғарлатуды қамтамасыз етуімен, оқу үрдісін қалыпты құру қабілетімен айқындалатын оның кәсіби құзерттілігімен байланысты.
Саясаттану пәні бойынша семинарлық сабақтардың мазмұны және дайындалу тапсырмалары (сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған)
Тәжірибелік сабақ №1 Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
Саясаттың әр түрлігі: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б.
Саясаттың қызметтері: басқару және реттеу, қоғамның тұрақтылықпен және құндылықтармен қамтамасыз ету.
Тәжірибелік сабақ № 2 Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялардың қалыптасуы және мәні
Партиялық жүйелер: негізгі классификациясы.
Қазақстандық партиялық жүйелерің моделі: тарих және қазіргі заман.
Тәжірибелік сабақ № 3 Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғырту (модернизация)
Саяси өзгерістер саяси теорияның объектісі ретінде.
Модернизация модельдері: саяси тәжірибе.
Саяси дамудың дағдарыстары (мысалы ретінде - Қазақстан).
Тәжірибелік сабақ № 4 Қоғамның саяси жүйесі
1. Дәстүрлік және казіргі саяси жүйелер (өкілдік, модернистік және постмодернистік).
Саяси жүйенің институттары: мемлект, саяси партиялар, мемлекеттсіздік емес ұйымдар және топ мүдделері.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
Тәжірибелік сабақ № 5 Саяси сана және саяси мәдениет
Саяси мәдениеттің қалыптасу субъектілері және факторлары.
Саяси мәдениеттің қалыптасуындағы дәстүр және оның ролі.
Қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті.
Тәжірибелік сабақ № 6 Саяси элита және саяси көсемдік
Саясаттың субъетісі ретінде элита және көсемдер.
Саяси элитаға рекруттық әдістерді жасау.
Көсемдіктің мәні және табиғаты
Қазақстандағы саяси қөсемдік.
Өзіндік зерделеуге арналған тақырыптарға әдістемелік нұсқаулар
(Құрметті студенттер! Осы тақырыптар бойынша жазбаша түрінде конспекттер жазып әкелініздер. Өзіндік жұмыс бөлек, жұқа дәптерде орындалады)
Өзіндік жұмыс №1 Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары
Саяси ғылымның қалыптасу тарихы. Саяси ғылымның қалыптасуындағы классикалық кезең.
Қазіргі кезең және саяси ғылымның дамуы: мектептер және негізгі бағыттар.
ХХ ғасырдағы шетелдегі саяси ой (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже).
ХІХ ғ. қазақ қоғам қайраткерлерінің саяси көзқарастары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).
ХХ ғ. Қазақстанның саяси ойлары. А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, С.Торайғыровтың және т.б.саяси идеялары.
Өзіндік жұмыс № 2 Әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар және ұлттық саясат
«Ұлт» категория түсінудің екі тұрғысы: этнолингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық көзқарастар.
Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.
Ұлттық мәселер және оның құрылымы. Ұлттық мәселерді шешім принциптері.
Халықаралық қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен халықаралық келісімді нығайту ролі.
Өзіндік жұмыс № 3 Саяси технологиялар
Саяси кеңес беру: ұғымы және мәні. Саяси кеңес берудің сатылары және тәсілдері.
Саяси шешімдерді қабыл алу.
Мемлекеттік саясатың қалыптастыратың технологиялар. Дағдарыс технологиялар.
Саяси жанжалды (конфликтер) реттеу технологиялар.
Өзіндік зерделеуге арналған тақырыптар
«Саясаттану» пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарды жазудағы мақсаты кез келген жағдайлардан логикалық негіздер бойынша шыға алу, оларға талдау жасай білу қажеттілігі. Студенттердің өзіндік жұмысын жазу барысында аталған тақырыпты толықтай ашып оның маңызын көрсете білу керек. Сонымен қатар берілген тақырыптар бойынша нормативті актілер мен әдебиеттерді тақырыптың мәні мен мазмұнына қарай қолдана білу.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының мақсаты: студенттердің теориялық білімін тәжірибелік білімге ұштастыратын бастама болды.
Тақырыпты таңдап алғаннан кейін студент оның сұрақтарының құрамын толық талдау және оған көп көңіл бөлу керек.
Студенттің өзіндік жұмыстарды жазу барысында барлық құжаттарды ғылыми-зерттей білу, оларға талдау жасау, өз пікірлерін білдіру арқылы байланыстыру керек.
Тәжірибелік сабаққа дайындалуға 1 сағат беріледі. Тақырыпты қорғау барысында студенттер осы тақырыпқп байланысты сұрақтар қойылып оның тақырып бойынша дайындық деңгейі анықталады.
Бақылаудың нысаны мынадай болуы мүмкін:
жеке қабылдау;
мәнжазба түрінде жазбаша оны қорғау;
оқу материалын дәптерге жазу;
кесте немесе сызба түрінде;
тапсырмалар шешу;
тәжірибелік сабаққа дайындаплу;
тәжірибелік сабаққа мәнжазба дайындау.
Жұмыстың орындалу деңгейіне байланысты студенттердің жұмысы келтірілген негіздер бойынша және қойылған сұрақтарға негіздер келтіре отырып дәлелді түрде берген жауаптарын басшылыққа ала отырып, студенттердің білімділік деңгейлері «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен бағаланады.
Әдебитеттер тізімі
Негізгі
1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005. – 280б
2 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б
3 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б
Қосымша
4 Айталы А. Байсалды ел байқаусыз қате жібермес Алматы: Таймас, 2008-328 б.
5 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
6 Әлемдік саясаттану антологиясы (10 томдық) 7 т. Алматы: Қазақстан (мәдени мұра) , 2007 – 544б
Достарыңызбен бөлісу: |