18-тарау. Шыбындармен күресу іс-шараларына қойылатын талаптар
191. Құрылыстарда синантропты шыбындардың болуы халықтың эпидемиологиялық және санитариялық-гигиеналық салауатсыздығының көрсеткіші болып табылады.
192. Шыбындармен күресу шаралары кешенінде санитариялық-профилактикалық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) тұрғын үйлер, өндірістік және қоғамдық ғимараттардың үй-жайлары мен аумақтарын абаттандыру және таза ұстау;
2) қоқыс үйінділерінің және жуынды-шайындылардың пайда болуына жол бермеу;
3) шыбындар көбейетін жерлерді өңдеу.
193. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызмет көрсетілетін аумақта:
1) қызмет көрсетілетін объектілердің және көп қабатты үйлердің, адамдар демалатын орындардың, тамақ кәсіпорындарының санитариялық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
2) шыбындардың көбеюіне жол бермеу мақсатында санитариялық-аулалық қондырғылардың және көп қабатты үйлердегі қоқыс салғыштардың санитариялық-техникалық жағдайын және оларды зарарсыздандыру бойынша іс-шараларды бақылайды;
3) халыққа коммуналдық қызмет көрсету саласындағы меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші ұйымдар, тамақ өнеркәсібі, тамақтану, сауда кәсіпорындарының әкімшіліктері мен меншік иелері, медициналық ұйымдар жүргізетін аумақты әртүрлі жуынды-шайындылардан санитариялық тазарту жұмысын бақылайды;
4) коммуналдық шаруашылық ұйымдары және басқа да ведомстволар жүзеге асыратын елді мекеннің аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды және сұйық жуынды-шайындыларды, тамақ қалдықтарын жүйелі түрде шығаруды бақылайды;
5) мүдделі ведомстволармен бірлесіп шыбындармен күресу жөніндегі кешенді жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
6) барлық санаттағы объектілерде шыбындарға қарсы дезинсекциялық іс-шаралар жүргізуге арналған шарттармен қамтылуын бақылауды жүзеге асырады.
194. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарының энтомологы:
1) шыбындар санын есепке алуға іріктеп бақылау жүргізеді;
2) шыбындардың экзофильдік түрлерінің түрлік құрамын және динамикасын зерттейді;
3) синантропты шыбындармен күресу жөніндегі іс-шараларға ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты және жою іс-шараларының тиімділігін бақылауды қамтамасыз етеді;
4) шыбындарға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады және бақылайды.
195. Шыбындарға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) объектіні жәндіктердің қоныстануына энтомологиялық тексеру жүргізгеннен кейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандарының белгілеген мерзімдерде және тәсілдермен дезинсекциялық іс-шараларды жүргізуі;
2) көктемде алғашқы жазғы генерациясының I және II сатылардағы дернәсілдердің пайда болуы кезінде іс-шаралар жүргізу және оларды жаз мезгілі бойы жалғастыру;
3) қоқыстағы, қидағы және топырақтағы шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін субстраттың тереңдігіне ену үшін ерітінділер, эмульсиялар түріндегі инсектицидтерді қолдану;
4) шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы дәретхана шұңқырларына, қоқыс жинағыштарға және олардың айналасындағытопыраққа кемінде 30 см арақашықтықта өңдеу жүргізу;
5) объектілердегі дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылау 24 –48 сағаттан кейін қанаттанған шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Елді мекендегі қызмет ететін объектілердің кемінде 5%-ы есепке алынуға жатады.
196. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігін бағалау критерийлері:
1) тиімділігі жақсы – дернәсілдердің және қуыршақтардың болмауы,
2) қанағаттанарлық – қалдықтарда бірлі-жарым (5-ке дейін) дернәсілдердің болуы және қалдықтар мен топырақта қуыршақтардың болмауы;
3) қанағаттанарлықсыз - қалдықтарда және олардың айналасындағы топырақта қуыршақтардың болуы.
197. Шыбындардың бөлмедегі және экзофильдік түрлері санының маусымдық көрсеткіші шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін сипаттайды:
1) қалалық жерлерде 1 жабысқақ стандарт парақта бір данадан аспауы (тәулігіне) немесе торлы бір шыбын ұстағышта 2 данадан болуы болып табылады;
2) кәріз жүргізілмеген, жеке құрылыстар басым болған жағдайда, ауылдық жерлерде бір шыбын ұстағышта 3 – 5 данадан аспауы бөлмедегі шыбындар санының қанағаттанарлық маусымдық көрсеткіші болып табылады.
198. Тұрғын үйлерде қоқыс салғыштарды тазартуды коммуналдық шаруашылық қызметі жоспарлы-тұрақты тәртіпте жүргізеді.
199. Контейнер алаңдары мен қоқыс контейнерлері орнатылған жерлер бетондалады және таза ұсталады. Олардың айналасында (10 метрден кем болмайтын радиуста) қоқыстардың, ну-қопалардың (бұталар, қурай) болуына жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |