Мамандыѓы – ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау



жүктеу 1,14 Mb.
бет4/6
Дата23.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#16506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Cитуациялық тапсырмалар:

1. Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?



Жауап: оң қарынша

2. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?



Жауап: сол қарынша

3. Ауруға III сол қабырға шеміршегінің төске байланатын жерінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?



Жауап: truncus pulmonalis (өкпе сабауы)

4. Ауруда III қабырға аралығында төстің сол жиегінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?



Жауап: aorta (қолқа)

Кредит №2

Сабақ №1
1. Тақырыбы: Адам денесіндегі артериялық және веналық қантамырлар. Аорта: өрлемелі аорта, аорта доғасы, төмендемелі аорта. Кеуде және құрсақ аортасының тармақтары. Қол мен аяқтың артериялары.
2. Мақсаты: Қолқа тармақтарының, қол және аяқ артерияларының құрылысын оқыту.
3. Оқыту мақсаты: Тұлғаның, мойынның, бастың, қол және аяқтың ірі магистралды артерияларының тамырларын көрсетіп, тауып айта білу.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

1. Аорта және оның бөліктері.

2. Өрлемелі аорта, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

3. Аорта доғасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

4. Төмендемелі аорта, топографиясы және оның бөліктері.

5. Кеуде аортасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

6. Құрсақ аортасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

7. Қолтықасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

8. Иық артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

9. Кәріжілік артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

10. Шынтақ артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

11. Қол ұшы артериялары, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

12. Сан артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

13. Тақымасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

14. Сирақ артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.

15. Аяқ ұшы артериялары, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:
1. Ішкі ұйқы артериясы өтетін самайлық сүйектің өзегі:

  1. ұйқы өзегі+

  2. бұлшықеттүкті өзегі

  3. бет өзегі

  4. ұлу өзегі

  5. дабыл өзекшесі

2. Қолқа доғасынан ... артериясы шығады.

  1. сол жақ жалпы ұйқы+

  2. оң жақ жалпы ұйқы

  3. қолтық

  4. омыртқа

  5. иық

3. Қолқа доғасынан шығатын ірі тамырлар:

  1. иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары+

  2. иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары

  3. иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары

  4. иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары

  5. иық-бас сабауы, омыртқа және қолтық артериялары

4. Микроциркуляторлық ағын дегеніміз:

  1. тіндердегі жергілікті қан айналымның тамырлық торы+

  2. көз алмасының түбіндегі лимфокапиллярлар торы

  3. бүйрек денешігіндегі гемокапиллярлар

  4. иреленген шәует өзекшелерінің торы

  5. бүйректің тік өзекшелерінің торы

5. Іш қолқасының жұп тармағына ... артериясы жатады.

  1. бүйрек+

  2. кәрі жілік

  3. бауыр

  4. жоғарғы шажырқайлық

  5. төменгі шажырқайлық

6. Иық-бас сабауының тармағы:

  1. оң бұғанаасты артериясы+

  2. сол жалпы ұйқы артериясы

  3. сол бұғанаасты артериясы

  4. сол ішкі ұйқы артериясы

  5. сол сыртқы ұйқы артериясы

7. Жүректің тәждік артериялары … шығады.

  1. қолқа буылтығынан+

  2. қолқа доғасынан

  3. өкпе сабауынан

  4. сол қарыншадан

  5. оң қарыншадан

8. Қолқаның кеуделік бөлігінен … артерия шығады.

  1. артқы қабырғааралық+

  2. алдыңғы қабырғааралықлық

  3. шүйделік

  4. төменгі көкеттік

  5. көмейлік

9. Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармағы:

  1. бет артериясы+

  2. көкбауыр артериясы

  3. құлақ артериясы

  4. емізіктік артерия

  5. кеуде артериясы

10. Миды … артериясы қанмен қамтамасыз етеді.

  1. ішкі ұйқы+

  2. мойындырық

  3. қалқанша

  4. беттік

  5. тіл

11. Миды қанмен қамтамасыз етуге … артериясы қатысады.

  1. омыртқа+

  2. жалпы ұйқы

  3. қалқанша

  4. көзұяасты

  5. көзұяүсті

12. Бұғанаасты артериясының тармағы …

  1. омыртқа артериясы+

  2. торлық артерия

  3. таңдай артериясы

  4. көз артериясы

  5. тіл артериясы

13. Ішкі ұйқы артериясының тармағы …

  1. көз артериясы+

  2. тіл артериясы

  3. омыртқа артериясы

  4. құлақ артериясы

  5. біз-емізік артериясы

14. Жоғарылаған қолқаның тармағы:

  1. оң және сол тәждік артериялар+

  2. иық-бас сабауы

  3. сол жалпы ұйқы артериясы

  4. оң жалпы ұйқы артериясы

  5. торлық артерия

15. Алдыңғы дәнекер артерия … байланыстырады.

  1. оң және сол алдыңғы ми артерияларын+

  2. алдыңғы және ортаңғы ми артерияларын

  3. ортаңғы және артқы ми артерияларын

  4. оң және сол ішкі ұйқы артерияларын

  5. алдыңғы және артқы ми артерияларын

16. Омыртқа артериясының бассүйек ішіндегі тармағы:

  1. алдыңғы жұлын артериясы+

  2. бұғанаасты артериясы

  3. алдыңғы

  4. жоғарғы ми артериясы

  5. артқы дәнекер артерия

17. Дельтатәрізді бұлшықетті ... артериясы қанмен қамтамасыз етеді.

  1. кеуде-акромион+

  2. жауырынасты

  3. латералді кеуде

  4. мойынның көлденең

  5. жоғарғы кеуде

18. Қолтық артериясының тармағы:

  1. латериалды кеуде артериясы+

  2. иық

  3. иықтың терең артериясы

  4. мойынның терең артериясы

  5. шынтақ жілік артериясы мойынның беткей артериясы

19. Иықтың терең артериясының тармағы:

  1. ортаңғы жанама артерия+

  2. кәрі жіліктік қайтарма артерия

  3. иық артериясы

  4. шынтақ жіліктік төменгі жанама артерия

  5. жоғарғы жанама артерия

20. Кәрі жілік артериясының тармағы:

  1. кәрі жіліктік қайтарма артерия+

  2. кәрі жіліктік жанама артерия

  3. ортаңғы жанама артерия

  4. жалпы сүйекаралық артерия

  5. иықтың терең артериясы

21. Іш қолқасының тармағы:

  1. жалпы мықын артериясы+

  2. төменгі құрсақүсті артериясы

  3. төменгі бүйрекүсті артериясы

  4. жоғарғы көкет артериясы

  5. бел артериясы

22. Іш қолқасының висцералды тақ тармағы:

  1. құрсақ сабауы+

  2. жоғарғы бүйрекүсті артериясы

  3. бел артериясы

  4. жоғарғы қуық артериясы

  5. жоғарғы құрсақүстілік артерия

23. Құрсақ сабауынан ... артериясы шығады.

  1. сол асқазан+

  2. оң асқазан

  3. жоғарғы шажырқай

  4. төменгі шажырқай

  5. меншікті бауыр

24. Іш қолқасының тақ висцералды тармағы:

  1. жоғарғы шажырқай артериясы+

  2. оң асқазан-шарбылық артерия

  3. сол асқазан-шарбылық артерия

  4. көкбауыр артериясы

  5. сол асқазан артериясы

25. Іш қолқасының тақ висцералды тармағы:

  1. төменгі шажырқай артериясы+

  2. асқазан-он екі елі ішектік артерия

  3. жалпы бауыр артериясы

  4. меншікті бауыр артериясының сол тармағы

  5. меншікті бауыр артериясының оң тармағы

26. Жоғарғы шажырқай артериясы ... қанмен қамтамасыз етеді.

  1. аш ішекті және тоқ ішектің бастапқы бөлімін+

  2. бауырды

  3. бүйректерді

  4. тік ішекті

  5. сигматәрізді ішекті

27. Төменгі шажырқай артериясы ... қанмен қамтамасыз етеді.

  1. ортаңғы және тоқ ішектің соңғы бөлімін+

  2. соқыр ішекті

  3. жоғарылаған жиек ішекті

  4. мықын ішекті

  5. жіңішке ішекті

28. Іш қолқасының париеталды тармағы:

  1. төменгі көкет артериялары+

  2. құрсақ сабауы

  3. бүйрек артериясы

  4. көкбауырлық артерия

  5. жоғарғы көкет артериялары

29. Іш қолқасының жұп висцералды тармағы:

  1. ортаңғы бүйрекүстілік артерия+

  2. жалпы бауыр артериясы

  3. көкбауырлық артерия

  4. жоғарғы тік ішектік артерия

  5. жиектік артерия

30. Іш қолқасының жұп висцералды тармағы:

  1. бүйрек артериясы+

  2. ортаңғы жиектік артерия

  3. оң жиектік артерия

  4. құрсақ сабауы

  5. төменгі көкеттік артерия

31. Іш қолқасының жұп висцералды тармағы:

  1. атабез (анабез) артериясы+

  2. жоғарғы тік ішек артериясы

  3. жоғарғы шажырқай артериясы

  4. төменгі шажырқай артериясы

  5. сыртқы мықын артериясы

32. Қолқа доғасынан шығатын ірі тамырлар:

  1. иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаастыартериялары+

  2. иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары

  3. иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары

  4. иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары

  5. иық-бас сабауы, омыртқа және қолтық артериялары

Cитуациялық тапсырмалар:

1. Жүрекке операция жасағанда перикардтың қандануын күшейту керек. Бұғана асты артериясының қай тармағын байлау керек екенін көрсет



Жауап: Хирург ішкі кеуде артериясын, перикардио – диафрагмальды артерия шыққаннан кейін байлау керек, сонда қан перикардқа қарай жүреді, жүректің қандануы жақсарады.

2. Жұлынның қандануы бұғана асты артериясынан шыққан жұлын артерияларынан болады. Жұлынның қандануын күшейту үшін тағы қандай тармақтар баратынын көрсет.



Жауап: Жұлынның қандануы артқы қабырға аралық артериялардан, бел және сегізкөз артерияларының тармақтары алады.

3. Ауруханаға басынан жарақат алған жігіт түсті. Қарау кезінде оның мұрнынан көп қан ақты. Ішкі ұйқы артериясының қай тармағынан қан аққанын көрсет.



Жауап: Көздік артериясының алдыңғы мұрындық артериясы болуы мүмкін.

4. Тілге операция жасағанда, тіл артериясын байлау керек. Хирург қай жерден байлайды, және неге?



Жауап: Хирург маңайындағы Пирогов ұшбұрышында байлайды, бұл тіл асты – тіл бұлшық етінің ішкі бетінде. Артерия тіл түбіріне кіргенде көптеген тармақтарға бөлініп кетеді сондықтан оларды байлау қиынға түседі.

5. Бетінен жарақат алған адамда көп қан ағуы басталды. Жедел жәрдем келгенше қан ағуын қалай тоқтатуға болады?



Жауап: Қан ағуын бет артериясының астыңғы жақтың сыртқы бетіне жиегінің тұсында саусақпен басқанда тоқтайды.

6. Емханаға самай бөлігі жарақаттанған жас жігіт түсті. Ауруды қарағанда одан субдуральды гематома байқалады. Сыртқы ұйқы артериясының қай тармағы жарақаттанғанын айт және неге?



Жауап: Жарақаттанғанда ортаңғы менингиальды артериядан қан ақты, ол ми қатты қабатына самай маңынан өтеді.

7. Эндоартеритпен науқас адамның аяқ ұшын қандануын тексеру керек. Қай жерде пульсацияны және артерияны тексеру керек.



Жауап: Аяқ ұшының табандық бөлімінде артерияның пульсациясын және артерияны тексеру керек. Табанның қандануын артқы асық жілік артериясының медиалды асық жілікті өзекте пульсін тексеруге болады.

8. Науқаста қолтық асты артериының аневризмасы байқалады, ота жасау керек. Лигатураны қай орынға істеу керек, жоғарғы қол сүйектернің қандануы бұзбас үшін және неге?



Жауап: Жауырынасты артерияның шығыуына бекіту керек лигатураны, себебі мықты жауырын анастомоз бұғанаасты артериясының және қолтық асты артериясының жүйелері арасында байқалады.

9. Операция кезінде хирург асқазан шарбымай артериясымен бірге бір артериялық бағананы кесіп жіберді, осының салдарынан ауруда айналма ішектің көлденең бөлігінде және төмен түскен бөлігінде қан келуі бұзылды. Қай артерияны кесіп жіберді, неге?



Жауап: хирург ортаңғы айналма артерияны кесті, өйткені ол көлденең ішектің шажырқайынан артерияны ажыратпаған.

10. Сан жарығына операция кезінде, жарық қапшығын бөліп шығару кезінде хирург артериальды анастомозды кесіп жіберді, ол ауруда жақсы дамыған болатын, қорытындысында күшті қан ағуы болды, оны тоқтату қиын болды. Қандай анастомоз кесілді, ол қай артериялардың арасында және неге күшті қан ағуы болды?



Жауап: Мүмкін «Corona mortis анастомозы кесілген болуы керек, ол төменгі құрсақ үсті артериясымен жапқыш артериясының арасында болады, қанның күшті ағуы ірі артериялардың бағаналардың жақын жатқандығынан болды, сонымен бірге оған лигатура жасау қиынға түседі, өйткені анастомоздар тармақтары ажырап кеткендіктен.
Кредит №2

Сабақ №2
1. Тақырыбы: Жоғарғы және төменгі қуыс венасы жүйесі, оның түзілуі. Бастың, мойынның, қол-аяқтың веналық қан ағыстарының ерекшеліктері. Қақпа венасы: оның түбірі. Лимфа жүйесі. Лимфа ағыстары. Лимфа түйіні-ағза ретінде.
2. Мақсаты: Веналық қан ағымының ерекшеліктерін, бас, мойын, тұлға, қол және аяқ лимфа ағыстарын оқып білу.
3. Оқыту мақсаты: Жоғарғы, төменгі қуыс веналарының, қақпа венасының түзілуін, лимфа ағыстарын студенттерге үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Жоғарғы қуыс венасы, құрылысы, топографиясы, құятындары.

  2. Тақ және жартылай тақ веналар, топографиясы, құятындары.

  3. Омыртқа бағанасының веноздық торлары.

  4. Иық бас венасы, құрылуы, құятындары.

  5. Алдыңғы мойындырық венасы.

  6. Сыртқы мойындырық венасы.

  7. Iшкi мойындырық венасына бастың iшiнен келiп құятын веналар.

  8. Iшкi мойынтырық венасына бастың сыртынан келiп құятын веналар.

  9. Кава-кавальдi, порто-кавальдi анастомоздар.

  10. Төменгi қуыс вена, құрылысы, топографиясы.

  11. Төменгi қуыс венаның париетальдi келiп қүятын веналар.

  12. Төменгi қуыс венаның висцеральдi келiп құятын веналар.

  13. Кақпа венасы,құрылысы,топографиясы.

  14. Лимфа жүргізетін жолдар.

  15. Лимфа капилярлары.

  16. Лимфа тамырлары.

  17. Лимфа түйіндері.

  18. Кеуде лимфалық өзегі.

  19. Оң лимфалық өзегі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007



Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:
1.Іш қуысының тақ ағзаларынан ... венасы қан жинайды.

  1. қақпа+

  2. ішкі мықын

  3. көкеттік төменгі

  4. төменгі қуыс

  5. жоғарғы қуыс

2. Қақпа венасы ... кіреді.

  1. бауырға+

  2. көкбауырға

  3. асқазанға

  4. ұйқы безіне

  5. бүйрекке

3 ... венасы бас пен мойын ағзаларынан қан жинайды.

  1. Ішкі мойындырық+

  2. Бұғанаасты

  3. Қолтық

  4. Төменгі қуысты

  5. Қақпа

4.Төменгі қуысты вена ... қосылуынан түзіледі.

  1. жалпы мықын веналарының+

  2. қақпа веналарының

  3. сан веналарының

  4. ішкі және сыртқы мойындырық веналарының

  5. шажырқайлық және көкбауыр веналарының

5. Оң жүрекшеге ... кіреді.

  1. жоғарғы қуыс венасы+

  2. өкпе венасы

  3. қақпа венасы

  4. жүрекқап венасы

  5. жоғарғы көкеттік вена

6. Қолтық венасына ... құяды.

  1. латералды кеуде венасы+

  2. ішкі кеуде венасы

  3. артқы төменгі жақсүйек венасы

  4. иықтың терең венасы

  5. мойынның көлденең венасы

7. Кеуденің ішкі венасына ... құяды.

  1. алдыңғы қабырғааралық веналар+

  2. қосымша сыңар вена

  3. жартылай сыңар вена

  4. төменгі көкеттік вена

  5. латералды кеуде венасы

8. Көз веналары .... құяды.

  1. ішкі мойындырық венаға+

  2. беткей самай венасына

  3. үңгірлі қойнауға

  4. сигматәрізді қойнауға

  5. сыртқы мойындырық венасына

9. Жоғарғы құрсақүсті венасы .... құяды.

  1. ішкі кеуде венасына+

  2. сыртқы мықын венасына

  3. сан венасына

  4. қолтық венасына

  5. бұғанаасты венасына

10. Қолдың латералды теріасты венасы .... құяды.

  1. қолтық венасына+

  2. сыртқы мойындырық венасына

  3. иық венасына

  4. иық-бас венасына

  5. ішкі мойындырық венасына

11. Қолдың медиалды теріасты венасы .... құяды.

  1. иық венасына+

  2. қолтық венасына

  3. бұғанаасты венасына

  4. сыртқы мойындырық венасына

  5. алдыңғы мойындырық венасына

12. Қолдың терең венасы:

  1. иық венасы+

  2. латералды теріасты венасы

  3. медиалды теріасты венасы

  4. шынтақтың аралық венасы

  5. иық-бас венасы

13. Төменгі қуыс венаға ... құяды.

  1. бел веналары+

  2. төменгі шажырқай венасы

  3. жоғарғы шажырқай венасы

  4. көкбауыр венасы

  5. құрсақ сабауы

14. Төменгі қуыс венаға келіп құйылатын висцералды вена:

  1. бүйрек венасы+

  2. төменгі көкет веналары

  3. төменгі шажырқай венасы

  4. жоғарғы шажырқай венасы

  5. бел венасы

15. Төменгі қуыс венаға келіп құйылатын висцералды вена:

  1. бауыр веналары+

  2. төменгі көкеттік вена

  3. жоғарғы шажырқай венасы

  4. төменгі шажырқай венасы

  5. бел венасы

16. Төменгі қуыс венаға келіп құйылатын висцералды вена:

  1. оң атабез (анабез) венасы+

  2. төменгі көкеттік вена

  3. жоғарғы шажырқай венасы

  4. төменгі шажырқай венасы

  5. бел венасы

17. Қақпа венасына ... келіп құяды.

  1. жоғарғы шажырқай венасы+

  2. бүйрек венасы

  3. бауыр венасы

  4. атабез (анабез) венасы

  5. төменгі көкеттік вена

18. Организмдегі ірі лимфа тамыры:

  1. кеуде түтігі және оқу жақтағы лимфа түтігі+

  2. кеуде түтігі және сол жақтағы лимфа түтігі

  3. кеуде және іш түтігі

  4. іш және жамбас түтігі

  5. кеуде және мықын түтігі

19.Лимфа түйіні – ...

  1. қыртыстық және милық заттектен түзілген құрылым+

  2. лимфоциттердің пішінсіз жиынтығы

  3. жекеленген лимфа түйіншелерінен түзілген құрылым

  4. лимфа тәждерінен тұратын құрылым

  5. ретикулярлық талшықтардың үш бағыттағы торынан түзілген құрылым

20. Кеуде қуысының париеталды лимфа түйіндеріне ... жатады.

  1. қабырғааралық түйіндер+

  2. алдыңғы көкірекаралық түйіндері

  3. артқы көкірекаралық түйіндері

  4. кеңірдек-бронх түйіндері

  5. өкпелік түйіндер

21. Мойынның алдыңғы терең лимфа түйіндеріне ... жатады.

  1. көмейалды лимфа түйіндері+

  2. жақасты лимфа түйіндері

  3. төменгі жақсүйектік лимфа түйіндері

  4. иекастылық лимфа түйіндері

  5. ұрт лимфа түйіндері

22. Сүт безінің лимфа тамырлары ... лимфа түйіндеріне бағытталады

  1. қолтық+

  2. трахеобронхиалдық

  3. қабырғааралық

  4. көкірекаралық

  5. өкпелік


Cитуациялық тапсырмалар:

1. Хирург бас сүйегіне трепанация жасағанда сүйектердің жиегін қан ақпау үшін замазкалайды. Қанның қайдан шығатынын көрсет.



Жауап: Қан ағу диплоэтикалық веналардан шығады. Ол бас сүйектердің

кемікті затында болады.

2. Хирург трахеостома жасаған кезде көп қан ағуына әкеледі ол қандай анастомозды кесті.

Жауап: Мүмкін хирург мойындырық вена доғасына кесті, ол төс үстінде

апоневротикалық қуыста орналасқан

3. Варикоцеллемен ауыратын адамда сол аралық бездің тесігі оңнан үлкен болады?

Жауап: Сол аталық без венасы сол бүйрек венасына құяды, ал оң аталық без төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан бұнда қан ағымы жеңіл болады

4. Дәрігер аурудың құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан веноздық торды көрді. Веналары жоғарыдан төмен қарай, кіндіктен төмен қарай түскен. Бұл симптом қалай аталады және қандай потологияны ойлау керек. Қандай анастомоздар қатысқан?



Жауап: Клиникада бұл симптом «Медуза Горгонаның басы» деп аталады, бұл бауыр циррозының белгісі. Бұл жоғары, төменгі қуыс веналар және қақпа венасының арасындағы анастомоздар.

5. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер не ойлау керек?



Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек

6. Эндоартеритпен науқас адамның аяқ ұшын қандануын тексеру керек. Қай жерде пульсацияны және артерияны тексеру керек.



Жауап: Аяқ ұшының табандық бөлімінде артерияның пульсациясын және артерияны тексеру керек. Табанның қандануын артқы асық жілік артериясының медиалды асық жілікті өзекте пульсін тексеруге болады.

7. Науқаста қолтық асты артериының аневризмасы байқалады, ота жасау керек. Лигатураны қай орынға істеу керек, жоғарғы қол сүйектернің қандануы бұзбас үшін және неге?



Жауап: Жауырынасты артерияның шығыуына бекіту керек лигатураны, себебі мықты жауырын анастомоз бұғанаасты артериясының және қолтық асты артериясының жүйелері арасында байқалады.

8. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер ойлау керек.



Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек.

9. Науқаста үлкен саусақтың қабынуы байқалады. Науқаста қандай лимфа түйіндерінің үлкейгені байқалады?



Жауап: Қолтықасты лимфа түйіндерінің қабынуы болады, мүмкін шынтақ лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалмайды.
Кредит №2

Сабақ №3
1. Тақырыбы: Бүйректің, несепағардың, қуықтың және зәр шығаратын өзектің құрылысы мен топографиясы. Ер адам мен әйел адамның ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысы мен топографиясы. Жаңа туылған нәресте мен балалардағы ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Несеп жыныс жүйе ағзаларының құрылысын, топопграфиясын және қызметін оқу. Несеп-жыныс жүйе ағзаларының жастық ерекшеліктерін оқу.

3. Оқыту мақсаты: Несеп шығару жүйе ағзаларының және жыныс ағзаларының құрылысын, топографиясын және қызметін студенттерге оқытып үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Бүйректiң макроскопиялық құрылысы.

  2. Бүйректiң скелетопиясы, синтопиясы, голотопиясы.

  3. Бүйрек қабаттары.

  4. Бүйрек фиксациясы.

  5. Нефрон, құрамдық бөлiктерi.

  6. Бүйректiң форникальдi аппараты.

  7. Несепағар, бөлiктерi, қысыңқылары.

  8. Қуық, құрылысы, функциональдi маңызы.

  9. Несепшығаратын өзек.

  10. Аталық без, құрылысы, функциясы, қабаттары.

  11. Тұқым жүргiзетiн жол.

  12. Аталық без қосымшасы.

  13. Тұқым шылбыры, бөлiктерi.

  14. Қуық асты безi, жасқа байланысты ерекшiлiктерi.

  15. Купер безi, функциональдық маңызы.

  16. Еркек жыныс мүшесi. Еркектiң несеп шығаратын каналы, бөлiктерi, тарылған, кеңiген жерлерi.

  17. Аналық без, құрылысы, топографиясы, жасқа байланысты ерекшiлiктерi.

  18. Жатыр түтiгi бөлiктерi, топографиясы.

  19. Жатыр, орналасуы, фиксациясы, қабырғасының құрылысы.

  20. Қынап, құрылысы, қынап күмбезi.

  21. Сыртқы жыныс ағзалары.

  22. Ата бездердің ұмаға түсуі.

  23. Несеп-жыныс жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007



Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:
1. Бүйректің екі полюсі дегеніміз:

  1. жоғарғы және төменгі шеттері+

  2. вентралдық және каудалдық шеттері

  3. жоғаpғы және медиалдық шеттері

  4. медиалдық және артқы шеттері

  5. төменгі және вентралдық шеттері

2. Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі:

  1. нефрон+

  2. ацинус

  3. бүйрек бүртігі

  4. бүйрек денешігі

  5. кіші тостаған

3.Несеп ағардың ұзындығы:

  1. 25-30 см+

  2. 5-7 см

  3. 10-15 см

  4. 10-20 см

  5. 8-10 см

4. Несеп қуық ... орналасқан.

  1. қасаға симфизінің артында+

  2. қасаға симфизінің алдында

  3. сегізкөздің алдында

  4. сегізкөз-мықын буынының артында

  5. ұршық буынының жанында

5. Несеп қуық ... қабырғасынан түзілген.

  1. шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті, дәнекер тінді (адвентициялық) қабықтардан+

  2. шырышты қабықтан, шырышасты негізінен

  3. шырышасты негізінен, бұлшықетті қабықтан

  4. бұлшықетті, дәнкер тінді қабықтардан

  5. эпителийлі, сірлі, бұлшықетті қабықтардан

6. Несеп қуықтың шырышасты негізі ... болмайды.

  1. несеп қуық үшбұрышында+

  2. алдыңғы қабырғасында

  3. ұшында

  4. артқы қабырғасында

  5. бүйір қабырғасында

7. Несепағардың бөліктері:

  1. іштік, жамбас астаулық+

  2. кеуделік және іштік

  3. іштік және сегізкөздік

  4. жамбас астаулық және құйымшақтық

  5. кеуделік және құйымшақтық

8. ... несеп өндіретін ағза болып саналады.

  1. Бүйрек+

  2. Бауыр

  3. Көкбауыр

  4. Жатыр

  5. Несепқуық

9. Бүйректің милы заты ... құралған.

  1. пирамидалардан+

  2. бағаналардан

  3. кіші тостағаншалардан

  4. үлкен тостағаншалардан

  5. түбектен

10. Бүйрек ішастармен ... жабылған.

  1. экстраперитонеалды+

  2. интраперитонеалды

  3. мезоперитонеалды

  4. ретроперитонеалды

  5. интра-, мезо- және экстраперитонеалды

11. Тамырлы шумақ .... орналасқан.

  1. Шумлянский-Боумен қапшығында (капсуласында)+

  2. ілмекте

  3. проксималды иреленген өзекшеде

  4. дисталды иреленген өзекшеде

  5. ендірме бөлігінде

12. Бүйрек түбегін ... несепқуықпен байланыстырады.

  1. несепағар+

  2. шәует шылбыры

  3. несеп шығаратын өзек

  4. шәует шығаратын өзек

  5. жатыр түтігі

13. Қасаға қосылысының артында ... орналасқан.

  1. несепқуық+

  2. үлкен шарбы

  3. тік ішек

  4. жатыр

  5. жіңішке ішек

14. Несепқуық ... қызметін атқарады.

  1. резервуарлық+

  2. несеп жасау

  3. қорғаныш

  4. фагоцитарлық

  5. секреторлық

15. Несепқуықтың ішкі қысқышы ... орналасқан.

  1. несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында+

  2. ұшында

  3. денесінде

  4. несепағардың кіретін жерінде

  5. несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында

16. Әйелдердің несеп шығаратын өзегі ... ашылады.

  1. қынап тесігінен жоғары және алдында+

  2. қынап тесігінің артында

  3. деліткінің алдында

  4. қынаптың бүйір жағында

  5. деліткінің оң жағында

17. .. овуляция нәтижесінде анабезде пайда болатын құрылым.

  1. Сары дене+

  2. Қоңыр дене

  3. Ақшыл дене

  4. Сүйелді дене

  5. Емізіктәрізді дене

18.Жатырдың бөліктері:

  1. түбі, денесі және мойыны+

  2. түбі, денесі және құйрығы

  3. денесі, мойны және басы

  4. басы, денесі және түбі

  5. басы, денесі және құйрығы

19.Жатырдың қабықтары:

  1. эндометрий, миометрий және периметрий+

  2. эндометрий, параметрий және сірлі

  3. эндометрий, миометрий және сірлі

  4. эндометрий, эндоневрий және эндомизий

  5. эндометрий, периметрий және эпимизий

20.Еркектің сыртқы жыныс ағзасы:

  1. ұма+

  2. қуықасты безі

  3. шәует шығаратын түтік

  4. бульбоуретралдық бездер

  5. шәует қуықшалары

21. Әйелдің сыртқы жыныс ағзасы:

  1. деліткі+

  2. анабез

  3. жатыр

  4. жатыр түтігі

  5. қынап

22. Еркектің жыныс жасушалары... дамып жетіледі.

  1. иреленген шәует өзекшелерінде+

  2. атабез қосалқысында

  3. қуықасты безінде

  4. шәует қуықшасында

  5. буылтық-несеп шығаратын өзек бульбоуретралдық безінде

23. Анабездің шеттері ... .

  1. түтікті және жатырлық+

  2. жатырлық және қуықтық

  3. жатырлық және бүйректік

  4. түтікті және жамбасты

  5. түтікті және іштік

24. Атабездің ... сперматозоидтар түзеді.

  1. иреленген шәует өзекшелері+

  2. шығаратын өзекшелер

  3. тік шәует өзекшелері

  4. атабез торының өзекшелері

  5. атабез қосалқысының өзекшелері

25. Атабездің ... ішастардың туындысы болып табылады

  1. қынаптық қабығы+

  2. ішкі шәует шандыры

  3. сыртқы шәует шандыры

  4. көтеретін бұлшықеттің шандыры

  5. атабезді көтеретін бұлшықет

26. Әйелдер несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі ... орналасқан.

  1. қынап тесігінің, жоғарыда+

  2. деліткінің алдында

  3. қынап тесігінің артында

  4. деліткіден артында

  5. қынап тесігінен алдында

27. Шәует шылбырының құрамына ... түтік жатады.

  1. шәует шығаратын+

  2. экскреторлық

  3. шәует лақтыратын

  4. қосалқы

  5. шығарушы

28. Қуықасты безінің қызметі:

  1. секреторлық+

  2. трофикалық

  3. қорғаныш

  4. резервуарлық

  5. фагоцитарлық

29. Аналық клетка ... жасалады.

  1. анабезде+

  2. атабезде

  3. жатырда

  4. жатыр түтігінде

  5. қынапта

30. Жаңа туылған нәрестенің бүйрегінің салмағы.

а) 12 г.+

б) 120 г.

в) 37 г.


г) 160 г.

д) 300 г.

31. Жаңа туылған нәрестенің ата безінің ұзындығы.

а) 10 мм.+

б) 5 мм.

в) 20 мм.

г) 30 мм.

д) 40 мм.

32. Жаңа туылған нәрестенің жатыр түтігінің ұзындығы.

а) 3,5 см.+

б) 4,5 см.

в) 2,5 см.

г) 11 см.

д) 20 см.



Cитуациялық тапсырмалар:

1. Дәрігер-рентгенолог бүйрек рентгенограммасын қарағанда оның түбекшесі қап тәрізді, кіші табақшалар бірден түбекшеге құятыны (үлкен табақшалар жоқ) көрінді. Даму варианттарын ескере отырып дәрігер бүйректің экскреторлық жолдарының қай пішініні көрді?



Жауап эталоны: Дәрігер рентгенолог бүйрек экскреторлық ағашының эмбриональдық пішінін тапты.

2. Ауруда несеп-тас ауруы. Несеп ағардың қай жерлерінде тас тұрып қалып тесікті жабуы мүмкін.



Жауап эталоны: Түбекшеден шыққан жерінде, кіші жамбасқа өткен жерінде, қуыққа кірген жерінде.

3. Шат сүйектерінің жарақатынан кейін, симфиз маңында жылжу байқалды. Қай ағзаның қызметі бұзылуы мүмкін?



Жауап эталоны: Бұндай жарақатта қуық бұзылады.

4. Несеп шығаратын өзектің өткізбейтіндігінен, несепті қуықты тесіпшығару керек. Бұл манипуляцияны іш пердесін жарақаттамай жасауға бола ма?



Жауап эталоны: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады.

5. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді.



Жауап эталоны: Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады.

6. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады?



Жауап эталоны: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.

7. Қынап арқылы жатыр мойнын қарағанда гинеколог онда көлденең саңлауды көрді. Әйел бұрын босанған ба?



Жауап эталоны: Гинекология келген әйел бұрын бала тауып босанған.

8. Жатыр түтігін алу үшін гинеколог жатырың кең жалғамасының қай жерін хирург кесуі керек?



Жауап эталоны: Хирург жатыр түтігін алу үшін түтіктің шажырқайын кеседі.

9.Босанудан кейін несеп-жыныс диагфрагмасы жарақаттанды, оның кесірінен несепті ұстау қабілеті бұзылды. Бұл жағдайда қай бұлшық ет жарақаттанды.



Жауап эталоны: Шат аралығы жарақатынан кейін несеп шығару өзегінің сфинктері бұзылды.

10. Баланы қарағанда дәрігер оның сол аталық безі құрсақ қуысының ішінде екенін байқайды. Бұндай орналасуы аномалия ма немесе даму вариантты ма?



Жауап эталоны: Аталық бездің шат каналының тереңгі сақинасында орналасуы аномалия деп саналады.

11. Қуық асты безі секрет шығарып қана қоймайды. Сонымен бірге несеп шығаратын өзектің сфинктірі қызметін атқарады. Адам өмірінің қай периодында тек несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады?



Жауап эталоны: Жыныстық қабілетке жеткенше несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады.

12. Ауру еркектің қуық асты түбірің маңайында ісік пайда болды. Қуықтың синтопиясын ескергенде ісік қай ағзаға көшуі мүмкін?



Жауап эталоны: Ісік қуық асты безіне ауысуы мүмкін. Өйткені ол қуықтың түбінде орналасқан.

13. Жатырында ісік бар деген күдікпен 7 жасар қызды гинекологқа алып келді. Кіші жамбас синтопиясын есере отырып, бұл қызда жатыр пальпациясының қай әдісін қолдануға болады?



Жауап эталоны: Балалық шақ кезеңінде жатырдың пальпациясы тік ішек арқылы жасалынады.
Кредит №2

Сабақ №4
1. Тақырыбы: Миға жалпы шолу. Ми бөліктері. Сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы ми: құрылысы, топографиясы, функциясы. Ми қарыншалары. Ми қабықшалары. Шеткі нерв жүйесі.
2. Мақсаты: Мидың, жұлынның және оның қабықтарының құрылысын, топографиясын, қызметін оқу.
3. Оқыту мақсаты: Жұлынның құрылысын, топографиясын, жұлын нервтерiнiң құрылуы, сонымен бiрге жұлын қабықтарын бiлу, студенттерге үйрету. Мидың басты бөлiктерiн, ми нервтерiнiң мидан бас сүйегiнен шығатын жерлерiн бiлу, студенттерге үйрету . Ми қабықтарын зерттеу.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Жұлынның жалпы құрылысы.

  2. Жұлынның сұр заты.

  3. Жұлынның бүйiр жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар.

  4. Жұлынның артқы жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар

  5. Жұлынның алдыңғы жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар

  6. Жұлын қабықтары

  7. Мидың жалпы құрылысы, оның бөлiктерге бөлiнуi.

  8. Сопақша мидың құрылысы.

  9. Артқы мидың құрылысы.

  10. Ортаңғы мидың құрылысы.

  11. Аралық мидың құрылысы.

  12. Соңғы мидың құрылысы.

  13. Мидың қабықтары.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1. Орталық нерв жүйесі ... түзілген.



  1. ми мен жұлыннан+

  2. жұлын мен сезім ағзаларынан

  3. жұлын мен мидың сабаулық бөлігінен

  4. ми мен түйіндерден

  5. тек қана мидан

2. ... мидың сыртқы пішіні жұлынға ұқсайды.

  1. жүктеу 1,14 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау