Кафедра меңгерушісіне арналған қызметтік нұСҚаулық



жүктеу 101,83 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі101,83 Kb.
#10238

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



А.С.Иманғалиев

03.09.2011 ж.




КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ

Орал, 2012


Бет: 7-нің 2-сі

Ақпараттық мәліметтер:


  1. Дайындалды: 01.09.2011 ж. Юров О.В.

2. 03.09.2009 ж. құжаттың орнына енгізілді

  1. Енгізілген уақыты: 09.09.2011 ж.

  2. Қайта қаралды: 09.09.2014

5. Өзгертулер:




Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5









Бет: 7-нің 3-сі




Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі


  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

Бет: 7-нің 4-сі


1 Мақсаты
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, кафедра меңгерушісі бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатындағы қызметшілердің қызметтерінің Біліктілік анықтамалығына сәйкес дайындалған.
2 Қолданылу саласы

2.1 Осы нұсқаулық БҚМУ-дың кафедра меңгерушісі үшін жарамды.


3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған терминдер мен анықтамалар ҚР СТ 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік, ҚР СТ ИСО 14001 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық, ҚР СТ ГОСТ Р ИСО 14050 Қоршаған ортаны басқару. Сөздік стандарттарына сәйкес келеді.

3.2. Қолданылған қысқартулар БҚМУ сапа бойынша Нұсқаулыққа, Экологиялық менеджмент бойынша нұсқаулыққа және СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына, сәйкес келеді.


4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі
4.1 Кафедра меңгерушісі мыналар үшін жауап береді:

4.1.1 а) Мамандықтарды дайындауға бағытталған кафедраның даму стратегиясын әзірлеуге. Кафедра дайындайтын мамандықтарға бағытталған еңбек нарығы мен нарықтық білім беру жағдайына үйретуге;

4.1.1 б) Кафедрадағы мамандықтар бойынша оқу, тәрбиелік және ғылыми жұмыстарды тікелей басшылыққа алуға және қамтамасыз етуге;

4.1.2 Мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарларын, семестрлік жұмыс жоспарлары мен пәндердің берілуінің кестелерін құруға;

4.1.3 Кафедра жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға;

4.1.4 ПОҚ-ның жалпы жүктемелерін жоспарлауға және есептеуге;

4.1.5 Кафедра филиалдарының жұмыстарын ұйымдастыруға, кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысуға. Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға қатысу және студенттердің сапалы жаңа контингентін жинақтауға;

4.1.6 ПОҚ-ң жеке педагогикалық жүктемелерін анықтауға. Оқытушылар мен студенттердің оқу жоспарларының орындалуын бақылауға;

4.1.7 Сараман мен жұмысқа орналастыру бағытында кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етуге;

4.1.8 Кафедра оқытушыларының типтік оқу жоспарлары мен МББС сәйкес оқу сабақтарын, СӨЖ мен ОБСӨЖ, емтихандар, сынақтар, танысу, оқу-өндірістік және студенттердің педагогикалық сарамандарын, курстық, дипломдық жұмыстарын өткізу үшін бақылауды жүзеге асыруға;

4.1.9 МАК жұмысын ұйымдастыруға;

4.1.10 Кафедраның мамандықтары мен пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенін, оқу жұмыс бағдарламасын, элективті пәндер катологын, емтихан материалдарын және т.б. басқаруға және дайындауға;

4.1.11 Кафедра пәндері бойынша оқу және әдістемелік құралдарды дайындау үшін жағдайлар жасауға;

Бет: 7-нің 5-сі


4.1.12 Кафедра ішінде мамандарды сапа жүйесіне дайындап шығару. БҚМУ сапа саласындағы саясаты мен экологиялық саясатты, сонымен бірге сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелер саласындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға;

4.1.13 Өзінің өкілеттілігі шегіндегі кафедрада менеджмент жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету. Кафедраның барлық түрдегі құжаттары мен есептерін құрастыруға және сақтауға;

4.1.14 Кафедра қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге;

4.1.15 Кафедра оқытушыларының оқу-тәрбиелік жұмыстарын сапалы жүргізуіне. Оқу үрдісінде жоғарғы сапаны бүтіндей қамтамасыз етуге оқытудың педагогикалық әдістері мен тәсілдерін анықтауға;

4.1.16 Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарының жұмысына;

4.1.17 Кафедра ұжымының моральдық-психологиялық климатын тиісті деңгейде орнықтыруға және оны ұстауға;

4.1.18 Өндірістік қажеттіліктерге байланысты барлық жұмыстардың түрін орындауға. Институт (факультет) мамандықтары бойынша оқу үрдісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін іске асыруға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға (АСУ «Платон» және т.б.);

4.1.19 Мамандарды даярлауда сапасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға;

4.1.20 Мамандықтар бойынша академиялық топтардың жетекшілерін тағайындауға, студенттердің үлгерімдері мен сабаққа қатысулары бойынша (тьютор журналын, топтардың үлгерім журналын, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау бойынша аналитикалық есеп беру) талдап есеп беруді жүзеге асыруға және бақылауға. Дирекциямен (деканатпен), оқытушылармен, эдвайзерлермен біріге отырып студенттердің оқу құжаттарын (сынақ кітапшаларын) дайындауды қамтамасыз етуге;

4.1.21 Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;

4.1.22 кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибелерін таратуға, жинақтауға және үйретуге. Кафедрға жаңадан қосылған оқытушыларға оқу және әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлатуға дайындықты ұйымдастыруға;

4.1.23 СМЖ және ЭМЖ қызмет етуіне

4.2. Кафедра меңгерушісі құқылы:

4.2.1 Кафедраның мүделлерін барлық деңгейде көрсетуге;

4.2.2 Кәсіби қызмет үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге;

4.2.3 Университеттің барлық бөлімшелеріндегі кафедра қызметінің мәселелері талқыланатын және шешілетін жұмыстарға қатысуға;

4.2.4 Белгіленген тәртіпте өзінің біліктілігін арттыруға;

4.2.5 Қажетті жағдайларда ПОҚ-ның жеке жұмыс жоспарларына өзгертулер енгізуге;

4.2.6 Кафедраны ұйымдастыру, басқару бойынша ұсыныстарды итститут, ЖОО кеңесіне беруге;

4.2.7 Кафедраны кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қабылдауға, оның сапалы құрамы бойынша ұсыныстар енгізуге;

4.2.8 Университеттің Ғылыми Кеңесіне оқытушының өз кафедрасына атқарып отырған лауазымының сәйкес келмейтіні туралы ұсыныстарды енгізуге;

4.2.9 СМЖ және ЭМЖ түзетуші және сақтандырушы шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға


Бет: 7-нің 6-сі



5.Сипатталуы
5.1 Бағыныстылығы

5.1.1 Кафедра меңгерушісін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 Кафедра меңгерушісі тікелей институт директорына (факультет деканына) бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
5.2 Кафедра меңгерушісі болмаған кезінде оның орнын кафедраның аса тәжірибелі оқытушысы жүзеге асырады.
5.3 Кафедра меңгерушісі білуі тиіс:

5.3.1 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін;

5.3.2 Елдің жоғары білімін дамыту перспективаларын, университеттегі сырттай оқытуды дамытудың басымдық бағыттарын және оларды жүзеге асырудың негізгі шараларын;

5.3.3 Ұйымдастыру-тарату құжаттарын және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік материалдарын;

5.3.4 Университеттің қызметін, профилін және мамандандыру бағытын;

5.3.5 Университеттің мамандықтары бойынша ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттарын;

5.3.6 Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын, оқытудың интерактивтік және ақпараттық технологиялардың формалары мен әдістерін;

5.3.7 Сапалы білім беру қызметінің ішкі және сыртқы мониторингісінің ережесі мен іс-шараларына қатысты негізгі талаптарын;

5.3.8 Университеттің ішкі тәртібінің Ережесін, Жарғысын және орындалатын жұмыс мәселесі бойынша ішкі нормативтік құжаттарды;

5.3.9 Сапа саласындағы Саясатын және өзінің өкілеттілігі шегіндегі сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын;

5.3.10 Экологиялық саясатты, экологиялық менеджмент саласындағы мақсаттар мен міндеттерді және өзінің өкілеттілігі шегіндегі экологиялық менеджмент жүйесінің құжаттарын;

5.3.11 Осы нұсқаулықты;

5.3.12 Еңбек заңнамасының негіздерін;

5.3.13 Еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын.


5.4. Біліктілік талаптары:

5.4.1. Кафедра меңгерушісінің ғылым докторы немесе ғылым профессорының, ғылым кандидаты немесе доценттің ғылыми атағы мен жоғары білім саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдай болу керек және басқа жағдайларда аға оқытушының қызметін атқаруы тиіс.


5.5. Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.

5.5.1. ЖОО -ның профессорлық оқытушылық құрамының байқау ережелеріне сәйкес конкурс өтеді.


Бет: 7-нің 7-сі

6. Жазбалар



-


7. Дәйектемелер
7.1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.

7.2. БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері.

7.3. Жұмыстар мен жұмысшы мамандықтардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

7.4. Қызметшілер лауазымының Біліктілік анықтамалығы.

7.5. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-і қызметкерлерінің тәртіп кодексі.

КЕЛІСІЛДІ

Басшылықтың сапа және экология

жөніндегі өкілі



___________ Ә.С.Тасмағамбетов

02.09.2011 ж.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 101,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып