Ж:Менингококкцемия
16 .Жас жігіт, 16 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ауруы 7 сағат бұрын басталған: қалтырау, бас ауыруы, құсу пайда болған, дене қызуы 39 0С-қа дейін жоғарылаған. 4 сағаттан кейін көптеген геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде: дене қызуы 36,50С. Ентігу, цианоз, қозу байқалады. Пульсі жиілеген, жіп тәрізді. ҚҚ 60/40 мм с. б.
Менингококкты инфекцияның қандай асқынуы дамыған?
Ж:Менингококцемия
17 .Әйел адам, 30 жаста. Шағымдары: субфебрильді қызба, әлсіздік, тамағының қышуы және ауыруы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты, бөртпе жоқ. Мұрнынан аздаған серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Аңқасында: шырышты қабаты гиперемияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасының фолликулдары үлкейген. Менингеальді симптомдар (шүйде бұлшық еттерінің кернеуі, Керниг симптомы) теріс. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Пульс – 88 рет/мин. ҚҚ – 120/70 мм с. б. Нәжісі қалыпты.
Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 18,7 х 10*9/л.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |