Ж:Ең ықтимал диагноз: Вирусты гепатит В, жедел формасы
Мұрыннан қан ағуы- бауыр жетіспеушілігінің әсерінен
11 .Ер адам, 40 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген.
ИФА нәтижесі: HBsAg+, anti HDV+, anti HB corе total+
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |